1. Абай өлеңдері мен қарасөздерінң тақырыптық ерекшелігі, жалпы мазмұны Абай өлең жазуды 10 жасында «Кім екен деп келіп ем түйе қуған »



бет5/8
Дата07.11.2022
өлшемі43,18 Kb.
#48158
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1 межелік бақылау бойынша жауаптар

Шын хакiм, сөзiң асыл баға жетпес
Бiр сөзiң мың жыл жүрсе дәмi кетпес. 
Бұл алдыңғы толқын ағалардың жоралғысын Жүсiпбек Аймауытов пен Мұхтар Әуезов жалғастырды. Солардың ұйтқысымен Семейде 1918 жылы «Абай» журналы шығарылды. Журнал бiр жыл ғана өмiр сүрiп, 12 нөмiр шығарылғанына қарамастан, Абай мұрасын жинастыру, оны зерттеп, халыққа насихаттау iсiнде елеулi iстер атқарып үлгердi. Профессор А.Сағдидің «Абай» атты зерттеу жұмысы да осы кезеңнің елеулі жетістігі еді. Осы қысқа шолудың өзiнен-ақ ХХ ғасырдың басында абайтану саласы шын мәнiнде өрiс алғанын көремiз. Халықтың зиялы қауымы рухани көсемiн үлкен ынта, таза жүрекпен қабылдап, терең тануға ұмтылуының нәтижесiнде ойшылдың рухани дүниесi кеңiнен зерттеліп ашыла бастады. Халық оның хакiмдiгiн таныды. Абайтану ғылымы үшiн бұл қарқынды зерттелген «алтын» кезең болды, бiрақ қоғамдағы саяси-әлеуметтiк жағдай оны күрт өзгертiп жiбердi. Екiншiқұлдырау кезеңі. Бұл кезең жиырмасыншы жылдардың орта тұсынан отызыншы жылдардың аяғына дейiн созылады. Абай мұрасының тағдырын түнек жолға бұрған өтпелі, ең ауыр да шешушi осы кезең болды. Себебi абайтану тағдырының күрт өзгеруi дәл осы уақытта шешiлдi. Бұған елдегi саяси ахуал себеп болды. Халықты «мәңгiлiк бақытқа», яғни коммунизмге рухани болмысты мойындамай-ақ, тек қана тұрпайы материалдық әлемнiң заңдылығы бойынша жеткiзуге болады деген жаңсақ қағиданы идеологиялық құрал етiп алған атеистiк көзқарастағы тоталитарлық үкiмет болмыстың шынайы рухани қажеттiлiктерiн түгелдей жоюға кiрiстi. Себебi, ақиқатқа сәйкес келмейтiн сыңаржақты, қыңыр идеяны тек тоталитарлық әдiспен ғана жүйеге асыруға болатын едi. Сондықтан Кеңес үкiметi азамат соғысы бiте салысымен, елдiң есiн жидырмастан, халықты идеологиялық сараптан өткiзуге кiрiстi. Тоталитарлық жүйе өзiнiң қалыбына келмейтiн идеологиялық ағымдар өкiлдерiн түгелдей құртуға бет алды. Ол үшін революцияның ішкі жаулары мен саботажға қарсы күрес үшін құрылған бір кездегі ЧК енді ОГПУ болып жаңаша құрылды. Сөйтіп, ол Кеңес үкіметінің саясатына тура келмейтін идеялық ағымдармен күресетін қаһарлы ұйымға айналды. Өздерiнiң түпкi мақсаттарын Кеңес үкiметiнiң саясатымен үндестiрiп, адал қызмет етуге кiрiскен Алаштықтарға «ұлтшылдар» деген таңба басылып, олар саяси қуғынға ұшырады. Абайды солардың саяси көсемi ретiнде танығандықтан, оның мұрасына үлкен қатер төндi. Себебi бүкiл болмыс заңдылығын толық қамтитын Абай мұрасы терең рухани мәнде болғандықтан, ол прагматикалық, дөрекi атеистiк идеяға кереғар едi. Сондықтан репрессия құралы ұлы мұраға тура бағытталып, Абайға «ұлтшылдардың атасы», «бай ақыны» деген жала жауып, оның қалдырған рухани мұрасын Алаш қайраткерлерiмен қатар жоюға кiрiстi. Қысқасы, заман ағымы күрт өзгерiп, абайтану саласының тарихи барысы бөтен арнаға бұрылды. Сол кезеңдегi Абай мұрасын бағалау деңгейі қандайлығына көз жеткiзу үшiн бiрнеше мысалдар келтiрейiк. 1928 жылы 2 шiлдеде «Советская степь» газетінде жоғары лауазым иесi болып жүрген философ Iлияс Қабыловтың «Философия казахского поэта Абая и ее критика» дейтiн мақаласы жарияланды. Абайдың дүниетанымын сол кездегі философиялық тұрғыдан бұрмалауды осы жұмыстан көруге болады. Автор Абайды қазақ еліндегі ескi патриархалдық-рулық тәртiптің жоқшысы және жаңа туындап келе жатқан ұлттық буржуазияның жаршысы етiп көрсетедi де, ойшылдың мұрасын бүгiнгi қоғам өмiрiне жарамсыз, тiптi зиянды деп бағалап, оның атына тiл тигiзiп, неше түрлi саяси жүгенсiз сөздермен балағаттайды. Ол мақаласын былай деп аяқтайды: «Қазақстан партия органдарының идеологиялық майдандағы ең маңызды мiндетi абаизмдi кәдiмгi буржуазиялық қоқсық ретiнде құрту болып табылады. Сондықтан қысқа мерзiмде Қазақстанның партиялық-кеңес ұйымдарының барлық мәдени күшiн Абай iлiмiне және оның жақтастарына қарсы ұйымдастыру керек». Абайдың ойшылдығын зерттеушiлер ғана емес, оның ақындығын зерттеп жүрген филолог-әдебиетшiлердiң көзқарасы да осы пікірден алыс кеткен жоқ. Оған белгiлi журналист, бiлгiр әдебиетшi, белсендi сыншы атанған Ғаббас Тоғжановтың 1935 жылы Алматы мен Қазанда латын әрпiмен басылып шыққан «Abaj» атты әдеби-сын кiтабi дәлел бола алады. Бiрақ қазақ мәдениетiнде Абайдың орнын ештеңемен толтыруға болмайтын едi. Бұны сол кездегi идеологияны басқарушылар да, зиялы қауым да жақсы түсiндi. Сондықтан Абай мұрасының тағдыры жөнiнде ғылым, мәдениет, өнер саласында жүрген қайраткерлер арасында айтыс басталды. Мұның бәрi, белгiлi дәрежеде, орталықтан шыққан, коммунистiк партияның пролетарлық емес мұраға шабуыл бастаған саясатының ықпалымен болды. Әрбiр қоғамдық формацияда өмiр сүрген адамдар сол дәуiрдiң идеологтары (феодалдық дәуiр ақыны, буржуазия ақыны, пролетариат ақыны, т.с.с.) саналды. Жергiлiктi қоғамның даму барысы ескерiлмей, оған қатысты құбылыстарға орталықтағы бағалар көшiрiлiп жапсырылды. Сол сияқты идеологиялық саясаттың әсерiмен Абай философиясы сыртқа тебілді. Мәселен, Абайдың хакiмдiгi ұмытылып, оның рухани дүниесіне терең енуге мүмкiндiк болмады. Себебi данышпанның «Алланың өзi де рас, сөзi де рас» дейтiн ойлары, дүние сырларын түгел қамтитын хакiмдiк тұжырымдары коммунистiк идеологияға кереғар едi. Сондықтан, Абай мұрасын жаңа ағымға бейімдеп, саясат мүддесінде пайдалану үшін енді оның ақындығына ғана көңiл бөлініп, өзін ағартушы, асса ұлы гуманист ретінде ғана танып насихаттайтын болды. Сөйтiп, келешекте Абай мұрасы тек осы деңгейде ғана зерттеліп бағаланды. Әрине, бұндай көзқарас ұзақ уақыт оның рухани биiк тұлғасын, шынайы ұлылығын көлегейлеген қара бұлт iспеттi едi. Осылай Абай ілімі коммунистік саясаттың құралына айналды. Үшiншi, 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет