1. Абай өлеңдері мен қарасөздерінң тақырыптық ерекшелігі, жалпы мазмұны Абай өлең жазуды 10 жасында «Кім екен деп келіп ем түйе қуған »



бет7/8
Дата07.11.2022
өлшемі43,18 Kb.
#48158
1   2   3   4   5   6   7   8
жаңа кезең. Бұл кезең елiмiздiң егемендiк алған уақытынан, яғни 1991 жылдан басталып, бүгiнгi күндерге дейiн созылып келедi. Бұл кезең – коммунистiк бiржақты саясат жойылғаннан кейiнгі, Абайдың хакiмдiк мұрасына жаңаша көзқарас кезеңі. Мұның өзi Абайдың ойшылдық әлемін шын мәнiндегi рухани тұрғыдан зерттеу кезеңi ендi ғана басталды дегендi бiлдiредi. Абай мұрасы басқа жағынан қанша көп зерттелсе де, философия ғылымы үшiн әлi игерiлмеген тыңмен бiрдей. Бүгiнгi таңда оның дүниетанымына жаңа көзқараспен қарап, ақиқат мәнiн танып, насихаттау арқылы нәрлi рухани бұлағынан халықтың сусынын мейлінше қандыруға мүмкiндiк туды. Ал Абайға жаңа көзқарас дегенiмiз бұған дейiн аса көңiл бөлiнбей келген оның хакiмдiгiн тану, яғни ойшыл мұрасының негiзгi құндылығы оның «Алланың өзi де рас, сөзi де рас» деген сөзiне негiзделетiнiн мойындау. Сонымен бiрге Абай дүниетанымы бүгiнгi қалыптасқан дiндарлық шеңберден әлдеқайда кең жатқанын ескеру. Оның бiзге қалдырған дүниесi дiни көзқарас қана емес, сонымен бiрге, жалпы әлемдiк заңдылықтарды қамтитын руханилық деңгейде жатыр. Бұл бағытта академик Ғ.Есiмнің «Абай дүниетанымын тану – қазақ философиясын танудың кiлтi» деген ойды дәлелдейтiн бiрсыпыра шығармаларының маңызы зор. Бұлар Абайдың хакiмдiгiн тануға бетбұрыс жасап, абайтану саласын жаңа арнаға салуға арналған еңбектер болып табылады. 
Сонымен, жаңа кезеңдегі Абайға көзқарастың басты ерекшелігі – кемеңгер ақынның ойшылдығына көңіл бөлу. Яғни Абай тұлғасынан ұлы ақынды ғана емес, енді ұлы ойшылды да көруіміз керек. Өкінішке қарай бұл көзқарас ғалымдардың арасында да, көпшілік арасында да әлі толық қалыптаса қойған жоқ. Бұған жақсы дәлелдің бірі – ескі көзқарас пен жаңа көзқарастың арасындағы даудың ашық күреске айналуы. Бүгінгі күндері Абайды ұлы гуманист, ағартушы деп қана қабылдамай, оны ұлы ойшыл ретінде қабылдап, рухани деңгейін ашып көрсету мәселесі тұр. Сонда ғана ұлы мұраның бүкіладамзаттық құндылығын көріп, оны өз дәрежесінде қабылдай аламыз. Әсіресе бүгінгі күндердегі рухани жаңғыру барысында Абай ілімін қолдану жолдары кеңінен зерттелуі керек. Сонымен бірге, ойшыл мұрасының түпкі мәнін, кемел адам, хал ілімі, имани гүл, толық адам ілімі деген кейбір ғалымдарға әлі де болса бұлыңғыр болып жүрген танымдар жүйесін зерттеп ашуымыз керек. Ал бұлардың барлығы да философиялық танымдар, сондықтан, сөз жоқ, оларды зерттеу филологтардың ғана емес, философтар мен теологтардың ісі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет