1. Абай өлеңдері мен қарасөздерінң тақырыптық ерекшелігі, жалпы мазмұны Абай өлең жазуды 10 жасында «Кім екен деп келіп ем түйе қуған »



бет4/8
Дата07.11.2022
өлшемі43,18 Kb.
#48158
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1 межелік бақылау бойынша жауаптар

4.Абайтану тарихы
Абайтану тарихы ойшыл мұрасының зерттелу, танылу, насихатталу, бағалану жағдайларын анықтайды. Бұл тарих абайтану саласының өткен соқтықпалы соқпақсыз жолындағы кемшіліктерді анықтап, бүгінгі күнде олардан арылуға ұмтылып, келешекте қайталамаудың қамын ойлауға мүмкіндік береді. Абайтану тарихы түрлі кезеңдерден өтті. Ол кезеңдер халқымыздың басынан өткен саяси өзгерістерге байланысты болды. Тоталитарлық жүйе қыспағындағы елдің басқаша халде болуы мүмкін емес те еді. Абайтану тарихы ел тарихымен бірге өрбіді. Абайтану тарихын зерттеп, ойшыл мұрасын әрi қарай жалғастырушылар тобы Абай мектебiн құрайды. Абайтану ғылымының іргетасын қалап, қабырғасын көтерген ұлы жазушы М.Әуезов екені аян. Абайтану тарихы мол зерттелген саланың бірі. Сондықтан бiз бұл мәселеге арнайы тоқталмастан, абайтану тарихын данышпан мұрасына жаңаша көзқарас тұрғысынан ғана қарастырамыз.Абайтану тарихын түрлі кезеңдерге бөліп қарастыруға болады. Кейбір ғалымдар абайтану тарихын абайтанудың негізін салған ұлы ғалым М.Әуезовтің шығармашылық өмірімен байланыстырады. Мұндай жағдайда абайтану тарихы бір адамның ғана тағдырымен анықталмақ. Бірақ, Абайтану тарихы халқымыздың тағдырымен тығыз байланысты. Саяси ахуалдың құбылуына байланысты болған жақсы-жаман барлық құбылыстар халқымыздың тарихына да, абайтану тарихына да ортақ болды. Сондықтан, абайтану тарихы – халқымыздың тағдырының айнасы десек те болады. Бұл айнадан халық тағдырын көре аламыз. Осы себептен де, біз абайтану тарихын бір адаммен емес, бүкіл ел тарихымен байланыстырып қарастырғанды жөн деп білдік. Абайтану тарихы – елдегі тарихи және саяси-әлеуметтік жағдайларға байланысты ойшыл мұрасын зерттеу, тану, бағалау, насихаттау тарихы. Сол себептен де, біз оны бір адамның өмірі емес, бүкіл халықтың өмірімен байланыстырамыз. Бұл абайтану тарихындағы, оны тудырған халық тағдырындағы құбылыстарды түсініп, олардың байланысын сезе отырып, келешекте кемшіліктердің болдырмауына мүмкіндік береді. Абай мұрасын танып зерттеу қарқыны өткен ғасырдың басында қауырт дамып өте көп жетістіктерге жетті. Амал не, аз уақыттан соң ол қарқын саяси жартасқа соғылды, мерт бола жаздады. Ендi соның байыбына барып, құлдырау себептері мен оның салдарына көз жеткізу үшін абайтану саласының өткен қилы-қилы белестерiне көз жiберiп көрелiк. Абайтану тарихы халық тағдырының саяси ахуалының құбылуына байланысты төрт кезеңнен өтті. Бiрiншiқарқынды зерттеу кезеңі, егер абайтану тарихын Абайдың өзi қайтыс болған уақытынан бастап қарастыратын болсақ, бірінші кезең жиырма шақты жылға созылды деуге болады. Бұл кезең – данышпанның қалдырған даналығын халық зор ынта-жiгермен танып-бiлуге, насихаттауға ұмтылған ең айшықты кезең едi. Абай қайтыс болысымен-ақ халқымыздың iрi тұлғаларының бiрi Әлихан Бөкейханов тарихта тұңғыш рет ұлы ойшылдың өмiрбаяны мен дүниеге көзқарасының қалыптасуы туралы шығармашылық мұрасынан бiршама толық мағлұмат келтiре отырып, Абай дүниетанымын орыс тiлiнде шығатын «Семипалатинский листок» газетi арқылы жалғыз Семей өңiрi, жалғыз қазақ даласы емес, бүкiл Ресей көлемiндегi қалың жұртшылыққа жеткiздi. Сөйтiп Ә.Бөкейханов ұлы ойшылдың алғашқы шежiрешiсi және зерделi зерттеушiсi болды. Сонан кейiн қазақ зиялыларының бiрi Ахмет Байтұрсынов «Қазақ» газетiнiң үш санына «Қазақтың бас ақыны» деген тақырыппен көлемдi мақала жариялап, Абайдың ұлы көсемдiгi туралы өзiнiң байсалды пiкiрiн былай деп бiлдiрдi: «Сөз жазатын адам әрi жазушы, әрi сыншы боларға керек. Сөздiң шырайлы, ажарлы болуына ойдың шеберлiгi керек. Ұнамды, орынды, дәмдi болуына сыншылдық керек. Мағыналы, маңызды болуына бiлiм керек. Абайда осы үшеуi де болған. Бұлардың үстiне Абай – көсем, үлгi шығарып, өнеге жайғыш болған... Абайды қазақ баласы тегiс танып, тегiс бiлу керек». Ал халық саңлақтарының бiрi Мiржақып Дулатов Абай ұлылығын тереңінен түсініп, былай деп насихаттап жоғары баға береді: «Бәлки, мұнан кейiн Абайдан үздiк артық ақындар, жазушылар шығар, бiрақ ең жоғарғы, ардақты орын Абайдiкi, қазақ халқына сәуле берiп, алғашқы атқан жарық жұлдыз – Абай». Мағжан Жұмабаевтың рухани биiк деңгейi Абай болмысын дәл танып, оған әдiл баға беруiне мүмкiндiк бердi. Ол бiрiншi болып Абайдың хакiмдiгiн анықтап, 1912 жылы «Алтын хакiм Абайғаң» атты өлеңiнде былай дедi: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет