1 Қабыну этиология және патогенезі, КӨріну механихмдері


Перифериялық қан айналымы мен микроциркуляцияның бұзылуы. Даму себептері, түрлері, патогенезі



бет14/24
Дата18.10.2023
өлшемі92,5 Kb.
#118650
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24
6. Перифериялық қан айналымы мен микроциркуляцияның бұзылуы. Даму себептері, түрлері, патогенезі.

Организмдегі жалпы қан айналым:


жүйелік (орталық) және шеткері (ағзалық, тіндік) болып бөлінеді.
Жүйелік қанайналым деп жүрек пен ірі қан тамырларындагы қанайналымын айтады. Шеткері қанайналым деп ағзалар мен тіндердегі ұсақ тамырлардағы қанның айналымын және олардағы микроциркуляцияны айтады. Микроциркуляцияның нәтижесінде қан мен тіндердің арасында сумен, электролиттермен, қоректік заттармен, оттегімен, көмір қышқылы газымен және зат алмасу өнімдерімен алмасу болады. Сонымен бірге теріде шеткері қан айналым дене қызымын реттеуге қатысады. Шеткері қан айналымның реттелуі жүйкелік-сұйықтық жолдармен болады. Қан тамырларын тарылтатын немесе кеңейтейтін жүйкелер бар. Тарылтатын жүйкелерді вазоконстрикторлар, кеңітетін жүйкелерді вазодилятаторлар деп атайды. Қан тамырларына сұйықтық (гуморалдық) жолмен көптеген биологиялық белсенді заттар, бейорганикалық иондар (Н+, К+ т. с. с), зат алмасу өнімдері, гормондар т. б. әсер етеді. Майда тамырларға бұл заттардың есерлері жүйкелік ықпалдардан басымырақ болады.
Жергілікті қан айналым өзгерістері артериялық, веналық қан кернеулері (гиперемиялар), ишемия, реперфузия, стаз, тромбоз, эмболия турлерінде байқалады.


Артериялық гиперемия – деп ағзалар мен тіндерге артерия тамырларымен қанның көп келуінен дамитын қан кернеуін айтады. Оның сыртқы көріністеріне мыналар:
• ұсақ артериялар мен артериолалардың кеңуі;
• қызмет атқаратын қылтамырлардың көбеюі;
• ағза мен тіннің қызаруы;
• ағза мен тіннің көлемі және серпімділігі ұлғаюы;
• жергілкті жерде темперадураның көтерілуі жатады.
Артериялық қан кернеуіне тқмендеп көптеген себепкер ықпалдар әкеледі: биологиялық ықпалдар (микробтар, қарапайым жәндіктер, вирустар т.б.); физикалық ықпалдар (ыстық, суық температура, физиотерапиялық емдеу шаралары, инфрақызыл, ультракүлгін т.б. сәулелер т. с. с); механикалық ықпалдар (жарақат, ысқымақ (массаж); химиялық ықпалдар (әртүрлі қыздырғыш заттар, экзо- және эндоуыттар, зат алмасу өнімдері, скипидар, спирт, қыша қағаз т.с.с).
Сонымен бірге, ағзаның атқаратын қызметінің көтерілуі (қол жұмысын атқарғанда бұлшықеттерде, тамақ ішкеннен кейін асқорыту жолдарында т.сс), адамда жан-дүниелік әсерлерде (ызалану, ұялу, қобалжу сезімдері) артериялық гиперемия дамуына әкеледі.
Артериялық гиперемия физиологиялық және патологиялық болады. Физиологиялық артериялық гиперемия ағзалардың қызметтері көтерілгенде, қыздыру, уқалау, көңіл-күйдің толқулары кездерінде байқалады. Патологиялық артериялық гиперемия әртүрлі аурулар кездерінде (қабыну, аллергия, күю, қызба, жарақат, невралгия т.б.) дамиды. Артериялық гиперемия нейрогендік және метаболизмдік (гуморалдық) жолдармен дамуы мүмкін. Бұлай бөлінуі шартты түрде ғана дұрыс. Олар өзара тығыз байланысты. Жүйкелік реттелулер гуморалдық медиаторлардың қатысуымен болады. Артериялардың жүйкелік жолдармен кеңуі экстеро-, интеро-, проприорецепторлардан дамитын рефлекстер арқылы дамиды. Сонымен бірге, қан тамырларын кеңітетін жүйкелер мен орталықтар қоздырылғанда артериялар кеңиді. Оларды кеңіл-күйдің қобалжулары, физикалық, механикалық, химиялық ықпалдар коздырады. Парасимпатикалық жүйке жүйесі қозғанда ацетилхолин артық, өндіріліп, қан тамырлары кеңиді. Осындай қан кернеуін нейротониялық артериялық гиперемия дейді. Симпатикалық жүйке жүйесі негізінен артериялардың жиырылуын туындатады. Бұл жүйкелердің қан тамырларына әсерлері норадреналиннің қатысуымен болады. Тәжірибелік жануарларда симпатикалық жүйкені кескенде қан тамырларының кенуі байқалады. Бұндай қан кернеуін жүйкесалданулық (нейропаралитикалық) артериялық гиперемня деп атайды. Ол қабыну кезінде, адреналиннің тежегіштерін енгізгенде т.с.с. жағдайларда дамиды.
Артериялық гиперемия кезінде жергілікті микроциркуляцияның өзгерістері болады. Бұл езгерістерге: майда артериялар мен артериолалар кеңуі; қызмет атқаратын қылтамырлар мен майда көктамырлардың саны көбеюі; оларда қан қысымы көтерілуі; майда тамырларда қан ағу жылдамдығы ұлғаюы жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет