7. Су-тұз балансының бұзылуы: дишидрия түрлері, даму себептері, патогенезі. Ересек адамның организмінде дене салмағының –60%, жаңа туылғандардың – 80% судан тұрады.
Организмде судың бөлінуі:
Жасуша ішінде 70%
Жасуша сыртында 30% (тамырішілік су, жасушааралық су, организм қуыстарындағы су).
Су тепе-теңдігі – организмге түскен су мен шыққан су арасындағы тепе-теңдік. Су тепе-теңдігінің шамасы тәулігіне 2,5 л.
Су тепе-теңдігінің бұзылу түрлері (С.Т.) Оң С.Т. – түскен судың шыққан судан басым болуы (ісінулер, сулану, сумен улану)
Теріс С.Т. – түскен судан шыққан судың басым болуы (сусыздану= гипогидратация = дегидратация)
Сусызданудың себертері
Сусызданудың патогенезіне қарай түрлері (жасуша сыртындағы осмостық қысымның өзгеруіне сәйкес)
Изоосмолялды (изотониялық) – су мен электролиттерді бірдей деңгейде жоғалты
Гиперосмолялды (гипертониялық) – суды артық шығару немесе оның аз түсуі
Гипоосмолялды ( гипотониялық) - электролиттерді артық жоғалту (диарея, қайталанған құсу, қатты терлеу)
Сусызданудың патогенезі: Айналымдағы қан көлемінің азаюы
Гипоксия
Аутоуыттану
Жасушаішілік және жасуша сыртында осмостық қысымның өзгеруі