1 Қабір өмірі Жан алынғаннан кейін рухтың көкке көтерілуі


«Аллаһтан  қабір  азабынан  пана  сұраңдар!»



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата27.01.2017
өлшемі420,18 Kb.
#2848
1   2   3

«Аллаһтан  қабір  азабынан  пана  сұраңдар!»

  -  деп 

насихат айтқанда, олар: «Аллаһтан қабір азабынан пана сұраймыз!» - 

депті (Имам Муслим риуаят еткен). 

Абдуллаһ  ибн  Аббастан  (Аллаһ  екеуіне  разы  болсын)  риуаят 

етіледі;  Пайғамбар  (оған  Аллаһтың  салауаты  мен  сәлемі  болсын) 

оларға  (сахабаларға)  осы  дұғаны  Құраннан  бір  сүрені  үйретіп 

жатқандай үйрететін. Және өзі де (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі 

болсын) әрбір намазында ташаһһудтан кейін: 

«Аллаһым, біз Өзіңнен 

жаһаннамның  азабынан  пана  сұраймыз,  және  Өзіңнен  қабір 

азабынан  пана  сұраймын,  және  Өзіңнен  масих-Дажжалдың 

бүлігінен  пана  сұраймын,  және  Өзіңнен  тіршілік  пен  өлімнің 

бүлігінен пана сұраймын!»

 - деп дұға қылатын (Имам Муслим риуаят 

еткен). 

Қорыта айтқанда, жалғыз Аллаһқа ғана сеніп, туралықта жүру 

қабір азабынан құтылудың басты себептерінің бірі. Аллаһ Тағала: 

«Расында,  «Раббымыз  –Аллаһ»,  -  деп,  сосын  туралықта 

болғандар, оларға қорқыныш жоқ және олар қайғырмайды да»

, - 


деген (Ахқаф сүресі, 13 аят). 

 

Өлімнен және қабірден қорқудың пайдалары 

Өлімді, қабірді еске алу, ол жайлы әңгіме қозғау қашанда адам 

баласы үшін ауыр. Өйткені олар өмір сүруді, үмітте болуды қалайды. 

Аллаһ  Тағала  бізге  Құрандағы  көптеген  аяттарда  өлімді,  үміттің 

келтелігін, үмітті ұзаққа жіберіп оған байланып қалмауды ескерткен. 

Өйткені үміт ұзақтығы пендені Ақыретке дайындалудан тосады. Аллаһ 

Тағала:  



«Әркім өлімді татады. Шын мәнінде Қиямет күні ақыларың 

толық беріледі. Сонда кім оттан құтқарылып жұмаққа кіргізілсе, 

рас  құтылған  болады.  Негізінде  дүние  тіршілігі  алданыштың 

нәрсесі ғана»

, - деген (Әлі Имран сүресі, 185 аят). 



 

 

Қабір өмірі 



20 

Өлімді  және  қабірдегі  өмірді  ойлау  қай-қайсымызға  да 

қорқынышты екені даусыз. Бір күні Хасан Басриға бір кісі келіп: «Бір 

адамдар бізді қорқытады, тіпті  (олардың айтқандарынан) жүректеріміз 

ұшып кете  жаздайды»,  - деп  шағым  айтады.  Сонда  Хасан Басри ол 

кісіге: «Саған қорқыныш-үрейге түспеуің үшін тыныштандырғаннан, 

(Ақыретті) амандыққа жетуің үшін қорқытқан жақсырақ», - деп жауап 

берген екен. 

Сол айтқандай біздің қорқыныш-үрей шақыратын бұл әңгімеміз 

Ақыретте  өзіміздің  және  бауырларымыздың  пайдасына  жүріп, 

амандыққа  жетейік  деген  игі  мақсаттан  туған.  Ал  енді  бұл  өмірде 

дүниенің  уақытша  ғана  алдамшы  тіршілігімен  алданып,  Ақыретті 

ойлауға талпынбай, күнделікті күйбең-қарекетіне «шексіз разы» болып 

жүрген  пенделер  сөзсіз  шектен  шығу  мен  күнәларға  бой  ұрары 

күмәнсіз.  

Имам  әл-Ғазали  (Аллаһ  рахмет  етсін):  «Қиямет  күні  дүниеде 

(қорқыныштарды) көп ойлағандардан өзгелер қорқыныш пен үрейден 

сау қалмайды. Расында Аллаһ бір пенденің бойына екі қорқынышты 

жинамайды», - деген. 

Бұл  дүниеде  бейғам  болып,  Ақыретте  сасқалақтағаннан,  бұл 

дүниеде  сақ  болып,  Ақыретте  аман  болғанымыз  қайырлы  емес  пе? 

Біздің  бұл  әңгімеміз  де  осы  дүниеде  қорқып,  сақтанып,    Ақыретте 

амандыққа, саулыққа жетейік деген ниеттен туған. 

Имам Ғазали сөзін жалғап: «Бұл жерде қорқыныштан мақсат: 

(оның әсерінен) көзден жас ағып, біраз уақыт қана жүрек үрейленіп, 

сосын  қайтадан  бәз-баяғы  ойын-күлкіге  оралып  отыратын  жүрекке 

түсетін әйелдердің нәзіктігі сияқты нәзіктік емес. Бұдан да сорақысы 

егер біреуге Ақырет жағдайлары немесе Қиямет күнінің ахуалдары не 

болмаса  өлілердің  және  қабір  азабының  жағдайлары  айтыла  қалса, 

оның: «Аллаһ сақтасын!» - деп іс-әрекетсіз қол қусырып отыра беруі.  

Мұндай адам бейне бір соңына жыртқыш аң түскен шөлдегі кісінің 

кейпін келтіреді. Ізіне жыртқыш түскен бұл адам бір қамалға жетіп, 

қақпаның  алдында  тұрып  алып:  «Мен  мына  қамалға,  оның  берік 

қорғаны мен биік ғимаратына кіріп мына жыртқыштан паналаймын», - 

дейді де еш әрекетсіз, қозғалмай сол орнында отыра береді. Оның бұл 

айтқаны оған пайда бере ме? Бұл Ақыреттің ахуалдарын және өлім мен 



 

 

Қабір өмірі 



21 

қабірдің  жағдайларын  естіп,  Аллаһтан  ғана  сұрайтын,  содан  соң 

қайтадан  өзінің  адасуына,  жаңылуына,  теріс  жолына,  нәпсі 

қалауларына, күнәларына қайта оралған кісінің жағдайы», - дейді. 

Қорыққан адамбасын шайқап, көзін жасқа бұлап, жүрегі езіліп 

отыра бермей іс-әрекет жасап Ақыретін  қамдау керек. Әрине, мұндай 

жүрек  нәзіктігінен  туындайтын  сезімдер  пайдасыз  емес.  Бірақ  ең 

абзалы – Аллаһтан пана сұрап қарап отыра бермей, қолдан келгенше 

себебін жасап Аллаһқа қадам бастау.  Ағын судай зымыраған бұл өмір 

тым қысқа. Аллаһ Тағала:  



«(Аллаһ  оларға):  «Сендер  жер  жүзінде  қанша  жыл 

тұрдыңдар?»  -  дейді.  Олар:  «Бір  күн  немесе  күннің  бір  бөлігі 

тұрдық.  Санаушылардан  сұра»,  -  дейді.  (Аллаһ  тағала):  «Егер 

білген болсаңдар аз ғана тұрдыңдар. Шынында Біз сендерді босқа 

жаратты және өздеріңді Бізге қайтарылмаймыз деп ойладыңдар 

ма?» - дейді. Хақ патша Аллаһ өте Жоғары. Одан басқа тәңір жоқ. 

Ол ардақты аршының Раббысы»

, - деген (Муминун сүресі, 112-116 

аяттар). 

Сондай-ақ Аллаһ Тағала құлдарын әрекетке шақырған басқа бір 

аятта: 

«Иман  келтіргендердің  жүректері  Аллаһтың  зікіріне 

(Құранға) жұмсап және түскен ақиқатқа жібімей ме? Ал енді бұрын 

өздеріне Кітап беріліп, сосын ұзақ мерзім өткендіктен жүректері 

қатайғандар сияқты болмаңдар. Олардың көбі бұзақылар»

, - деген 

(Хадид сүресі, 16 аят). 

Усман  ибн  Аффанның  (оған  Аллаһ  разы  болсын)  қызметкері 

Ханик: «Усман (оған Аллаһ разы болсын) бір қабірге тоқтаса, сақалы 

жасқа  малынғанша  жылайтын.  Оған:  «Жәннатты,  тозақты  айтасың 

жыламайсың,  ал  қабірді  айтсаң  неге  жылайсың?»  -  делінгенде,  ол: 

«Мен Аллаһ елшісінің 



 

(оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын): 



«Қабір  –  Ақыреттің  алғашқы  сатыларының  бірі.  Кім  одан 

құтылса, одан кейінгісі оған жеңіл. Ал кім одан құтыла алмаса, 

одан кейінгісі оған қиын», - деп айтып жатқанын есіттім. Және 

Аллаһ елшісінің  (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын): 

«Қабірден қорқынышты нәрсе көрген емеспін», - дегенін естідім»

, - 


 

 

Қабір өмірі 



22 

дейтін»,  -  деген  (Имам  әт-Тирмизи,  ибн  Мәжәһ  және  Имам  Ахмад 

риуаят еткен). 

Абдуллаһ ибн Умар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): 



«Аллаһ 

елшісі (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) иығымнан 

ұстады  да:  «Дүниеде  бөтен  немесе  жолаушы  сияқты  бол»,  -  деп 

айтты»

, - деген.  

Жарық дүниеге келген әрбір адам баласы өзін бұл жерде жолай 

жүрген пенде сияқты сезініп, «мен бұл өмірдің тұрақты тұрғынымын» 

деген ойдан арылуы жөн.  

Ибн Умар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) пайғамбарымыздың 

(оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) осы хадисін есіне алса: 

«Егер  кеш  батырсаң  таңды  күтпе,  егер  таң  атырсаң  кешті  күтпе. 

Саулығыңнан науқасыңа ал (денсаулығыңды пайдалан) және өміріңнен 

өліміңе (ал)», - дейтін (Имам әл-Бұхари риуаят еткен). 

 

Бұрыңғы өткен ізгілердің өлім және қабір жайлы 

айтқан ғибрат алар сөздері 

Сіздерге бұрыңғы өткен ізгілердің өлім және қабір жайлы айтқан 

ғибрат алар сөздерін келтірер болсақ, Әли ибн Әбу Талиб (Аллаһ оған 

разы болсын): «Дүние арттан, Ақырет алдан мінді. Олардың әрбірінің 

балалары  бар.  Дүниенің  балаларынан  болмаңдар,  Ақыреттің 

балаларынан болыңдар. Расында бүгін – амал бар, есеп жоқ, ал ертең – 

есеп бар, амал жоқ», - деген (Имам әл-Бұхари риуаят етті). 

Қуртубидің жазған естеліктерінде: «Ей, алданған, өлім мен оның 

арпалысы жайлы, оның кесесінің қиындығы мен ащылығын ойла! О, 

өлім! Қандай ақиқат уәде, әділ төреші еді. Өліммен жүректер үрейге 

толады,  көзден  жас  сорғалайды,  жамағаттар  тарайды,  ләзаттар 

бұзылады, үміттер үзіледі! 

Ей,  адам  баласы!  Бір  күн  болса  да  өлер  күніңді,  орныңнан 

көшетініңді ойладың ба? Егер кеңшіліктен таршылыққа ауыстырылсаң, 

саған  достар  мен  жора-жолдастар  қиянат  қылса,  дос-жаран  мен 

бауырларың  тастаса,  көрпе-төсегіңде  қатерге  алынсаң,  жылы-

жұмсақтан кейін сені топырақ-лаймен ораса... 


 

 

Қабір өмірі 



23 

Ей,  адам  баласы!  Мал-дүние  жинаушы!  Ғимараттар  салушы! 

Аллаһпен ант етейін! Саған мал-дүниеңнен кебін ғана бұйырады. Ол 

(дүниең) құриды,  жоғалады,  ал денең  топыраққа  қайтады. Жинаған 

мал-дүниең  қайда?  Сені  қорқыныштардан  құтқарды  ма?  Жоқ! 

Керісінше  сен  оларды  өзіңді  мақтамайтындарға  тастадың  да,  сені 

кешірмейтінге күнәларыңмен келдің!» - делінген.  

Ұлы сахабалардың бірі Әбу Дарда  (Аллаһ оған разы болсын): 

«Мені үш нәрсе күлдіріп, үш нәрсе жылатты: мені күлдірген – дүниеге 

үміт артушы (адам), ал өлім оны талап етуде. Және мені күлдірген – 

ғафыл (бейғам адам), ал ол (адам) ұмыт қалдырылмайды. Және мені 

күлдірген  –  езуі  жайылып  күлген  (адам),  (бірақ)  ол  (мұнысымен) 

Аллаһты  разы  қылды  ма  әлде  ашуландырды  ма  белгісіз.  Ал  мені 

жылатқан – Мұхаммед (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) 

пен оның жамағатының сүйіктілерінен айырылу, және мені жылатқан – 

өлім  арпалысы  кезіндегі  бой  көрсететін  қорқыныш  және  (мені 

жылатқан) – құпиялар мен жариялар ашылар күні Рахманның алдында 

тұру,  (пенде  ол  күні)  жәннатқа  әлде  тозаққа  баратынынан  мүлде 

бейхабар», - деген.  

Мүміндердің әділетті әміршілерінің бірі – Омар ибн Абдулазиз 

бір жаназадан қайтқанда біраз қашықтап барып отырған, онымен бірге 

адамдар да отырады. Содан соң ол адамдарға уағыз айтып: «Қабір мені 

артымнан шақырды да: «Ей, Омар ибн Абдулазиз! Менен сүйіктілерге 

не  істегенімді  сұрамайсың  ба?»  -  деді.  Мен:  «Әрине!»  -  дедім.  Ол: 

«Кебіндерді  паршаладым,  денелерді  айырдым,  қан  сордым,  еттерді 

жедім»,  -  деді.  Содан  соң  қабір  менен  қайтадан:  «Менен  жіліктер 

жайлы сұрамайсың ба?» - деді. Мен: «Әрине!» - дедім. Ол: «Екі иықты 

екі білектен жұлдым. Ал екі білекті екі қардан жұлдым. Ал екі қарды 

екі иықтан жұлдым. Және екі жамбасты екі саннан жұлдым. Ал екі 

санды  екі  тізеден  жұлдым.  Екі  тізені  екі  сирақтан  жұлдым.  Ал  екі 

сирақты екі табаннан жұлдым», - деді», - деген.  

Осыны айтып, Омар ибн Абдулазиз жылап: «Расында дүниеде 

қалу бір тұтам (уақыт) емес пе? Оның (дүниенің) ардақтысы қор, байы 

кедей, жастары қария, тірісі өледі. Оның ықпалы сендерді алдамасын! 

Сендер  оның  өте  тез  теріс  айналып  кететінін  білесіңдер.  Нағыз 

алданушы  –  дүниемен  алданған  адам.  Оның  қалаларын  құрып, 

өзендерінен су алып ішкен, ағаштарын отырғызған тұрғындары қайда? 


 

 

Қабір өмірі 



24 

Олар  дүниеде  болмашы  ғана  күндер  тұрақтамады  ма?  Дүние 

адамдарды  саулықтарымен  алдаса,  ал  олар  әрекетшілдіктерімен 

алданды. Солай күнәлар істеді. Аллаһпен ант етейін! Олар дүниеде 

(мал-дүниеден)  тосылудың  көп  болғандығынан,  байлықтарымен 

шаттанды.  Топырақ  олардың  денелеріне,  құм  тәндеріне,  құрттар 

сүйектері мен жіліктеріне не істеді? Олар дүниеде жайлы сәкілер мен 

жұмсақ төсектерде, өздеріне құрақ ұшқан қызметкерлердің  ортасында, 

құрмет тұтқан отбасының, ізет көрсеткен көршілердің арасында болды.  

Егер олардың (қабірлерінің) жандарынан өтсе, оларға дауыста, 

саптарынан жүр, мекендерінің  бір-біріне жақындығына назар таста.  

Сөйтіп  оларға  сұрақ  қой.  Олардың  дәулеттісінен  байлығынан  не 

қалғандығын, жарлысынан кедейлігінен не қалғандығын сұра. Олардың 

сөйлеген  тілдері,  қараған  көздері  жайлы  сұра.  Нәзік  терілері  мен 

ажарлы келбеттері, жұмсақ денелеріне құрттардың не істегендігін сұра. 

(Қабір)  сұлулықты  жойды,  омыртқаларды  сындырды,  ішектерді 

ақтарды,  еттерді  жыртты.  Ал  оның  күзетшілері  мен  жәрдемшілері 

қайда?  Қызметшілері  мен  құлдары  қайда?  Жамағаты  мен  тобыры 

қайда? Аллаһпен ант етейін! Олар оған төсеніш те салмады, онда тіреу 

жасамады, ағаш отырғызбады. Олар оңаша мекендерде емес пе? Оларға 

күн  мен  түннің  айырмасы  бірдей  емес  пе?  Олар  өздері  мен 

амалдарының арасын айырған, сүйіктілерді ажыратқан қараңғылықта 

емес пе? Игілікте күн кешкен қаншама еркек пен әйелдің беттері іріді, 

тәндері мойынан үзілді, жіліктері бөлшектеніп, көздері самай бойлап 

ақты,  ауыздары  қан  мен  іріңге  толды.  Жер  жәндіктері  тәндерінде 

жорғалап,  дене  мүшелерін  ажыратты.  Аллаһпен  ант  етейін!  Содан 

азғана уақыт өтпей-ақ, олардың сүйектері шіріген күлге айналды. Олар 

бау-бақшалардан  айырылды,  кеңшіліктен  таршылыққа  тап  болды. 

Мұрагерлер оның үйін және артында қалғанын бөліске салды. Бірақ 

Аллаһпен ант етейін, олардың арасында қабірі кеңейтілгендері бар. Ол 

онда  жас,  нұрланған,  ләзаттарымен  рахаттанған  күйде.  Ей,  ертең 

қабірге түсуші! Сені дүниеде не алдады? Өзіңнің қалар-қалмасыңды 

білесің бе? Зәулім үйің, дайын жемістерің, мақпал киімдерің қайда? 

Хош иісің мен аңқыған жұпарың қайда? Қысқы және жазғы киімдерің 

қайда? Көрмейсің бе?... Күдіксіз, сенен алдыңғыға да ақиқат әмір келді! 

Ал ол өз-өзін қорғай алмады. Білмейсің бе, оның өлім арпалысында 

дөңбекшіп, таңдайы кеуіп су терге түскенін... Оған көктен әмір келді, 

тағдыр келді, қаза келді. Қайтарылмайтын ажал әмірі келді! Қайдан!... 



 

 

Қабір өмірі 



25 

Ей, әке көзін жабушы! Ей, бауырыңның я балаңның көзін жапқан 

(жан)! Ей, мәйітті жуып, кебіндеген! Ей, оны көтерген, оңаша қабіріне 

тастап, артқа қайтқан! Жердің қаттылығында қалай болғаныңды, қай 

жағыңнан  сынаққа  алынатыныңды,  қай  көзіңнің  бірінші  ағатынын 

білсем ғой... 

Ей, апаттарға жақындаушы! Өлілердің мекеніне таядың. Өлім 

періштесі  маған  немен  жолығатынын  білсем  еді!..  Ертең  дүниеден 

шығарымда  және  ол  Раббымның  тапсырмасынан  нені  әкелетінін 

білгенімде  ғой!...»  -  деп  еңіреп  жылады.  Және  сол  аптаның  ішінде 

Омар ибн Абдулазиз дүние салды. 

Алаңсыз ойнап-күлетіндей біздің ешқайсымыздың ертеңге дейін 

өмір сүрерімізге кепілдігіміз жоқ. Біз ертеңгі күніміздің өзін көрер-

көрмесімізді білмейміз. Сондықтан әрбір адам әрдайым өлімге дайын 

жүрсін! Өйткені оның бұйрық келген күні Раббысына жолығары хақ.       

 

  



 

  

  



 

 

 



 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет