1. Адам қатынастары мектептерінің дамуына баға беріңіз


Демократиялық және авторитарлы стилдердің басқарудағы ерекшелігін талқылаңыз



бет18/59
Дата22.05.2023
өлшемі142,81 Kb.
#95862
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   59
Байланысты:
баскару ответы (копия)

21. Демократиялық және авторитарлы стилдердің басқарудағы ерекшелігін талқылаңыз.

Стиль дегеніміз әлеуметтгк құбылыс, өйткені, бipiншіден, онда басшының көзқарасы мен ceнiмi бейнеленеді, екіншіден ол түптеп келгенде жүйенің қалыпты жұмыс істеушінің ақырғы нәтижесін ойластырады. Басшы ұстанған стиль оның қарамағындарылардың, ұдайы назарында болып, олар мұны өзіне бағалап, өзінше қабылдайды. Әдетте, басшы стилі бүкіл жүйеге таралады, өйткені жұртшылық, оның жүріс-тұрысына,ісіне зер салады, соған еліктейді, содан үлгі-өнеге алуға, үйренуге талаптанады. Басшыға ұжымның барлық мүшелерін қанағаттандыратын жұмыс стилін қалыптастыру oңайға түспейді. Бағыныштыларына ықпал етудің кейбір амалдары алуан түрлі бағалануы мүмкін. Егер 6ip басшы оларға сенім көрсету арқылы ықпал ететін болса, екіншісі «тиістісің», «міндеттісің» секілді кағиданы басшылыққа алады. Кейбір басшылар бағыныштыларына қатаң тәртіп орнатып, оларды eсiнeн «аулақ ұстайды» да, ұсак-түйек мәселеге дейін өзі шешеді. Енді бiр басшылардың eciгi әрқашанда ашық, оған кез келген мәселе туралы пікірлесуге, ұсыныс айтуға болады. Бip директор күн сайын бригадаларды аралап отырады, ал екіншісі біpeyi мұны қажет санамайды. Авторитарлық стиль – басшы барлық мәселелерді өздері шешеді, қызметкерлермен талқыламай немесе олардың пікірін аз мөлшерде басқарады. Демократиялық стиль – басшы қызметкерлермен мәселелерді талқылайды және өз пікірлерін ескереді. Шындығында, шешім бірлесіп әзірленеді, көшбасшы бірлескен талқылау барысын басқарады. Ел басқаруда болсын, отбасы деген шағын мемлекетті басқаруда болсын, үлкен компанияны басқаруда болсын, кез келген бастық басқарудың үш стилінің бірін таңдайды. Біз атаған үш түрінен басқа түрлері болуы да мүмкін, ол туралы кейінірек айтамыз. Демократия немесе алқалы басқару стилі ұжыммен тығыз қарым-қатынас орнатумен байланысты. "Демос" деген сөздің мәні халық билігі екенін мектеп кезінен білеміз. Демократия режимінде әлеуметтік топтағы әр адам өз ісіне жауапты және маңызды шешімдерге тең дәрежеде үн қоса алады. Бастықтың орынбасары мен жоғары лауазымды қызметкерлер ғана емес, бір ортада қызмет ететін тұлғаның барлығы бірдей басқару үдерісіне қатысуға құқылы. Барлығының пікірі маңызды. Компания үшін маңызды шешім қабылдау керек болса, алдын ала барлығын құлағдар қылып, ақылдасып отырып, бірлесе үкім шығарады. Бұл қатардағы қызметкерлерді де жігерлендіре түседі. Ұжымда жағымды атмосфера орнайды. Әр қызметкер өзін үлкен механизмнің маңызды бөлшегі санайды, яғни әрқайсысының өзіндік орны бар, бірі болмаса, басқа жұмыс тоқтап қалады. Демократия ұйымның қиын жағдайдан да оңай шығып, тез алға басуына мүмкіндік туғызады. Бұл стильдің бір ғана кемшілігі – бастық әр қызметкерінің тілін табуы үшін, оларды зерттеуге ұзақ уақытын жұмсайды. Тоталитар, өктем не бағдарлы стиль. Аты айтып тұрғандай бар билік тұтастай тек бастықтың қолында болады. Басқару ісіне қызметкерлер еш араласа алмайды. Бұл стиль арқылы қатаң тәртіп орнатуға болады. Еңбек шартын бұзған қызметкерді қатаң жаза күтеді. Қателігі үшін бастық оған сөгіс жариялайды не айыптайды. Бұл жерде ешқандай қызметкердің пікірі маңызды емес. Барлық жұмыс процесі нұсқаулықтармен бекітіледі. Қызметкерлер басшылықты әр басқан қадамынан хабардар етіп отыруы тиіс. Бұл стильдің кемшіл тұсы – егер бастықтың қабылдаған шешімі қызметкерлеріне ұнамай қалса, бірнеше жақсы маманынан айырылып қалу қаупі туады, яғни бір мезгілде бірнеше адам өз еркімен жұмыстан шығып кетуі мүмкін. Сол себептен қатып қалған нұсқаулықпен ғана жүрмей, қабылданған шешім қандай нәтиже берерін зерттеп алған жөн.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет