16. Басшының жас ерекшелігі мен ұйымдастыра алу қабілеттілігіне баға беріп, талдау жасаңыз.
Басшының жас ерекшелігі мен ұйымдастыра алу қабілеті
Ұйымдастыра алу қабілеті басшының орындайтын маңызды функцияларының бірі болып табылады. Егер басшы төменде көрсетілген үш функцияны орындап жүрсе, онда оны көшбасшы деп толығымен атауға болады: ● Бағыттаушы; ● Ұйымдастырушы; ● Ынталандырушы. Көшбасшы қойылған мақсатқа жету үшін топты біріктіріп, топтық жұмысты жақсы бақылай алу керек. Бұл Ұйымдастырушы рөлінің негізі. Ынталандыру рөлі ретінде қойылған тапсырмалардың маңыздылығын түсінуін, өзінің ісін сыртқы дүниемен қатынас кезінде қорғауы қарастырылады. Егер көшбасшы өзінің рөлін сәтті атқарғысы келсе, бұл үш рөлді бір-біріне ажыратып қолдана алмайды.
Биологиялық қартаюмен қоса ағзаның толық жұмыс істеуі бәсеңдеп, адамның жұмысқа қабілеттілігі төмендеп, келесі жұмыс күніне күшін толықтыруға шамасы келмей қалады. Осы мәселенің шешімін табыңыз. Кең тәжірибе жинаған жұмысша қартаю қасиетіне ие. Басшыларда жасара алмайды. Жаңа келген жұмысшылардың да жасы келген болса не істеу қажет? Бәрінен бұрын биологиялық және күнтізбелік қартаюдң не екенін біліп алу қажет. Адамның жұмысқа қабілеттілігіне биологиялық қартаю әсер етеді. Өмір сүру барысында адам ағзасы өзгерістерге ұшырап, биологиялық құрылымдары және жұмыс істеу үрдісі өзгереді. Осы өзгеріс жеке дас топтарына әртүрлі әсер етеді, жас ұлғайған сайын биологиялық және күнтізбелік қартаю арасындағы айырма үлкеюі мүмкін. Биологиялық қартаюмен қоса ағзаның толық жұмыс істеуі бәсеңдеп, адамның жұмысқа қабілеттілігі төмендеп, келесі жұмыс күніне күшін толықтыруға шамасы келмей қалады. Осыны болғызбау үшін басшы қарт адамдардың жұмыс тәртібін өзгертуі қажет: 1. Қарт адамдарды кенеттен қиын дұмысқа жүктемеу қажет. Асығыстық,аса жауапкершілік, қатаң жұмыс тәртібіндегі шиеленіс, демалудың болмауц жүрек ауруларына шалдықтырады. Қарт адамдарға біркелкі қиын жұмыстардан босату қажет. 2. Әрдайым медициналық профилактикалық тексерулер жүргізіп отыру қажет. Бұл кәсіптік аурулардың алдын алуға көмектеседі. 3. Қызметкерді басқа орынға ауыстыру кезінде қартадамдардың өзін керексіз сезінуіне жол бермеу. 4. Қарт адамдарды тыныш, бірқалыпты жұмыс ырғағы қалыптасқан, жағдай жасалған орындарға отырғызу. 5. Қартаю кезеңінде зейін қою төмендегенмен, жұмыс тиімділігі төмендемейді. 6. Қарт адамдарда қалыптаса бастаған есте сақтау мен қабылдау үрдісінің төмндеуін санатқа алу. Бұл талаптар жаңа қондырғыны қарт адамдарға түсіндіргенде туындауы мүмкін. 7. Алпыс жастан асқан соң адасдар жаңа жұмыс орнына үйрнуі мен ұжымға сіңісуі қиын өтеді. 8. Басшыға қарт адамдарға ерекше көңіл бөліп қажеті жоқ. Бұл табиғи үрдіс. 9. Әр түрлі жастағы адамдар еңбек ететін ұжымға ерекше көңіл бөлінуі қажет. Бұрынғы жұмысшымен жаңа жұмысшы арасында шиеленіс тумауы керек. 10. Қарт жұмысшылардың орынын басатын жұмысшыларды дайындап, үйрету қажет. 11. Еңбек демалысына жеткен жұмысшы жұмысын жалғастырғысы келсе оған толық емес жұмыс күнін белгілеу қажет, толық жұмыс күні оның денсаулығына зиянды әсер етуі мүмкін. 12. Еңбек демалысына шыққан адамға алда айналысатын ісіне таңдауда көмектесу қажет. Оған өндірістегі қоғамдық жұмыстармен айналысуға немесе өндіріс ардагерлері қатарына қосылуына ұсыныс жасау қажет.
17. Биологиялық қартаюмен қоса ағзаның толық жұмыс істеуі бәсеңдеп, адамның жұмысқа қабілеттілігі төмендеп, келесі жұмыс күніне күшін толықтыруға шамасы келмей қалады. Осы мәселенің шешімін тауып, талдау жасаңыз
Еңбек іс әрекетінің тиімділігі ең алдымен жүктеме мен жұмысқа қабілеттілікке тәуелді болады. Жалпы жүктеме келесі компоненттердің өзара әрекеттесуінен қалыптасады. Олар еңбек заты мен құралы, жұмыс орынының ұйымдастырылуы, өндірістік ортаның гигиеналық факторлары, техникалықұйымдастыру шаралары. Аталған факторлар мен адамның мүмкіндіктерінің үйлесу тиімділігі көбінесе белгілі бір жұмысқа қабілеттіліктің болуына тәуелді. Кез келген еңбек түрінің тиімділігі жүктеме Жұмысқа қабілеттілік — максимальды қарқынды ширығу кезінде белгілі бір уақыт аралығында орындалатын жұмыстың саны мен сапасын сипаттайтын ағзаның функционалдық мүмкіншіліктерінің шамасы. Адамның еңбекке қабілеттілік деңгейі қалай жеке болса, дәл солай еңбек жағдайын анықтайтын көптеген факторларға байланысты болады. Жұмысқа қабілеттілік жағдайына берілген нақты іс әрекетті қамтамасыз ететін орталық жүйке жүйесінің, жүйкелікбұлшықет аппаратының, жүрек-тамыр, тыныс алу және басқа да жүйелердің функционалдық физиологиялық көрсеткіштерімен бағаланады.
Еңбек пен демалыстың тәуліктік тәртіптері адамның жоғары еңбекке қабілеттілігі мен ағзаның тіршілік қарекетін қаматамасыз ететін жұмыс, демалыс және адамның ұйықтау кезеңдерін ұтымды кезектестіру. Адамның физиологиялық қызметтері тәулік бойына өзгеріп тұрады. Тәулік бойына организм физикалық және жүйке-психикалық жүктемелерге әртүрлі жауап береді. Ең жоғары еңбекке қабілеттілік күннің бірінші жартысында сағат 8-ден 12-ге дейін және екінші жартысында сағат 14 пен 17 аралығында байқалады. Кешкі уақыттарда, еңбекке қабілеттілік төмендейді, түнде ең төмен деңгейге түседі.