1. Адам қатынастары мектептерінің дамуына баға беріңіз


Темпераменттің адамның жоғары жүйке жүйесіне әсерін дәлелдеңіз



бет51/59
Дата22.05.2023
өлшемі142,81 Kb.
#95862
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   59
Темпераменттің адамның жоғары жүйке жүйесіне әсерін дәлелдеңіз.
Барлық адамдарда психикалық үдерістер біріне-бірі ұқсас болғанымен, өр адам қоршаған ортаны өзінше қабылдайды. Адамдар бірінен-бірі кабілеті, қызығушылығы, бейімділігі, көңіл күйі арқылы ерекшеленеді. Адам биологиялық түр ретінде (саналы адам) анатомиялық және физиологиялық тұрғыдан біріне-бірі өте ұқсас. Мысалы, тік жүруі, қолдың еңбек қүралдарын жасауға, пайдалануга икемділігі, ми қыртысының күрделі дамуы және т. б. Әрбір адамның өзіне төн мінез-қүлық ерекшеліктері, өмірге бейімділігі, шығармашылык кабілеті бірінен-бірі едәуір айырмашылығы болады. Сондыктан да әрбір жеке адам өзінше дара тұлға. Гиппократ адам денесі негізгі төрт «сөлдің» құрамды бөліктерінен тұрады деп есептеді. Осы «сүйықтықтың» өсерінен адамның мінез-құлық темпераменті байкалады деген. Ол адам денесіндегі бұл «сұйықтықтарды» ағзада кездесетін сұйықтықтармен байланыстырып, оларды латын, грек гоздерімен атады: қан (лат. «sangius»), өт (гр. «сһоде»), қара өт (гр. «melanos сһоlе») және шырын (гр. «phlegma»). Гиппократтың пікірі бойынша адам ағзасында осы төрт сұйыктықтың қайсысы көп болса, мінез-құлығы да соған байланысты деп түсіндірді. Осыған байланысты адамның мінез-құлығы сангвиникхолерикмеланхолик және флегматик деп бөлінеді. Бұл атаулар ғылымда осы күнге дейін пайдаланылып келеді. И.П. Павлов жүйке үдерістерінің қасиеттеріне сүйене отырып, жоғары жүйке қызметін 4 топқа (типке) бөлді. 1. Ширақ топ. Мұндай жүйке жүйесі бар адамдарда қозу мен тежелудің күші шамалас. Қозу мен тежелудің біріне-бірінің алмасуы тез жүреді. Оларды сангвиниктер (пысық, еті тірі, жарқын жүзді) деп атайды. Оларға тән қасиеттер - салмақты, сенгіш, сезімтал, өзін бірқалыпты ұстай біледі. Жұмыс істеуге кабілетті, жігерлі, елгезек, ашуы тез тарқайды. Ұстамдылығы басым. Қиындыққа төзімді әрі оны жеңе біледі. Көңіл күйі өте өсершіл. 2. Салмақты, байсалды топ. Мұндай жүйке жүйесі бар адамдарда қозудың күші айқын басымдылык көрсетеді. Тежелу үдерісі де айқын әрі күшті жүреді. Оларды флегматиктер (салбыр мінезді) деп атайды. Олар сылбыр, көңіл күйі айқын байқалмайды, бірақ жұмысқа қабілетті, шыдамды, ұстамды, көбінесе тұйық болады. Өзіне сенеді, ісі тындырымды. Бос сөзді ұнатпайды. 3. Ұстамсыздау топ. Оларда қозу үдерісі өте күшті жүреді, қозу ми қыртысына кеңінен таралады. Тежелу үдерісі баяу жүреді, яғни қозу тежелуден басым болады. Мұндай жүйке жүйесінің тобына жататын адамдарды холериктер (қызу қанды) деп атайды. Олар өте ширақ, бірақ салмақты емес, ұшқалақ, көбіне ызақор, кекшіл, айтқанынан кетпейтін бірбеткей болады. Бірақ адамдармен тез тіл табады. 4. Әлсіз (сылбыр) топ - қозудың күші әлсіз, ми қыртысының қызметі төмен деңгейде жүреді. Әлсіз тітіркендіргіштің әсерінен-ақ тежелу байқалады. Осындай жүйке жүйесі бар адамдарды меланхоликтер (уайымшыл, мұңды) деп атайды. Олардың психикалық белсенділігі айқын байқалмайды, баяу қозғалады. Өте сезімтал, тез ренжиді, өзіне өзі сенбейді, әрі тұйық, көңіл күйі бірқалыпты болғанымен, сырттай көрінісі көзге байқалмайды. Олар сылбыр, сөзге, сараң, жасқаншақ, ұялшақ, кекшіл, уайымшыл. Бірақ бастаған ісін аяғына жеткізуге тырысады. Өзін көпшіліктен аулақ ұстауға тырысады. Жүйке жүйесінің типтері және темперамент Жүйке жүйесі типтерінің, үш түрлі процеске байланысты екендігі жоғарыда айтылып өтті. Енді осы типтердің әрқайсысына қысқаша сипаттама берейік. Жүйке жүйесінің күші дегеніміз – оның клеткаларындағы физиологиялық заттардың қоры. Клеткада қор мол болса, қозу мен тежелу процестері де күшті, ал қор тапшы болса, әлсіз болады. Процестері теңдес болса, қозу мен тежелу де тепе-тең, ал шамалас болмай, екеуі екі дәрежеде болса, онда бірінен-бірі алшақ, тең емес болады. Ми қабығыныі бір бөлігіндегі қозуды сол бөліктегі тежелу, керісінше, тежелуді қозу оңай ауыстырып отырса, онда жүйке жүйесі қозғалғыш, ал оңай ауыстырмай,керенаулап қалса, онда жүйке жүйесі енжар болады. Демек, жүйке жүйесіндегі қозу мен тежелу процесі тең емес, бірінен-бірі алшақ қозғалғыш болса, оны шыдамсыз тип, ал күшті, теңдес болса, оны сергек тип дейміз. Күшті, тендес, енжар болса – тыныш тип, егер жүйкесі шыдамсыз, күшсіз болса, әлсіз тип делінеді. Темперамент – адамның жалпы мінездемесі. Анық мінездеме жеке адамның барлық іс-әрекетінен көрініп тұрады. Жүйке жүйесі типтерінің сыр-сипаты темперамент типтерімен бірдей. Мұның екеуі де дара адамның бойындағы өзгешеліктердін сипаттайды. Жүйке жүйесінің типі шыдамсыз болса – холерик, сергек болса – сангвиник, тыныш болса – флегматик, әлсіз болса – меланхолик болады. Жүйке жүйесінің типтері мен темперамент түрлері салыстырмалы түрде



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет