Ол қалай жүргізіледі? – деген сұрақтарға жауап іздесек, білімгердің оқу процесін және оқу материалын игеруін бақылау формасының бір түрі – мониторинг екенін айтуға болады.
Мониторинг дегеніміз – «оқытушы – білімгер» жүйесінде білімгерлердің дамуы, оқыту мен тәрбиелеуде сапалы нәтижелерін жүйелі, үздіксіз бақылау.
Педагогикалық мониторинг жалпыға белгілі бақылаудан айырмашылығы – білімгердің білімділік деңгейі мен оқыту жағдайын үздіксіз қадағалауға мүмкіндік беретін ақпаратты жинақтау, сақтау, өңдеу, таратудың ұйымдастыру түрі.
Педагогикалық ұжымның оқу-тәрбие мүмкіндігін, білімгердің жеке тұлғасын, педагогикалық процестің компоненттерінің жағдайын зерттеу педагогикалық мониторингтің мазмұнын құрайды. Педагогикалық мониторинг арқылы бірыңғай педагогикалық талаптардың орындалуы, оқытушының іс-әрекеті зерттелінеді.
Сондай-ақ педагогикалық мониторинг оқу және оқыту, білімді игеру дәрежесін анықтау мүмкіндігін береді. Алайда білім беру процесінде оқытушы мен білімгердің қанағаттану дәрежесі мен білімгерлердің эмоциялық жағдайы, колледжішілік қарым – қатынас сипатын анықтауда педагогикалық мониторингтің маңызды екендігіне қарамастан бұл мәселелерді айқындауда мониторинг аз жүргізіледі. Білім мекемелерінің метериалдық-техникалық базасы дидактикалық құралдар қоры, оның білімгер мен педагогтардың денсаулық жағдайына әсері, оқытушылардың педагогикалық мәдениеті, шеберлігі, әкімшілік-басқару әрекеті педагогикалық мониторинг арқылы дәл анықталады десек те, бұл салада қазақ тілінде жарық көрген еңбек жоқтың қасы.
Білім беру процесін құруда педагогикалық мониторинг ақпараттық , қозғаушы және ынталандырушы, қалыптастырушы, түзетушілік қызметтер атқарады. Енді осы қызметтердің әрқайсысына тоқталайық.
Педагогикалық процестің нәтижесін айқындай отырып, обьектінің жағдайы жөнінде мәлімет алу, кері байланысты қамтамасыз ете отырып, нағыз білім беру процесін, оның қиындығын, бұрмалануын анықтау педагогикалық мониторингтің ақпараттық қызметі болып есептеледі. Жинақталатын ақпарат толық, нақты, әділ, дәл мерзімді болу керек.
Мониторингтің қозғаушы, ынталандырушы қызметі оқытушылардың білімгерлерді оқытуға, тәрбиелеуге қызығушылығын дамытады, балаларды жан-жақты тануға түрткі болады, әрі өзінің педагогикалық еңбегіне өзіндік талдау жасауға машықтандырады және оқытушы әрекетінің зерттеушілік бағытын күшейтеді.
Мониторингтің қалыптастырушы қызметі нәтижесінде білімгердің «дамуының жақын аймағына» ықпал ете отырып, білімгер тұлғасының әлсіз және күшті жақтарын анықтайды. Әрбір жеке білімгерге қозғау салу әрекетінің әдістері мен тәсілдерін таңдауға, білімгердің педагог назарынан шығып қалмауына ықпал етеді.
Оқу процесінде болжанбаған, кездейсоқ нәтижелерді табу және белгілеу, білімгерлердің жат әрекеттеріне әсерді күшейту жөнінде шара қабылдау мониторингтің түзетушілік қызметі арқылы жүзеге асады.
Мониторингтің барлық қызметтері оқыту мен тәрбиелеу әрекетін басқаруды ғылыми тәсілмен қамтамасыз етуге негізделген. Мониторинг бес кезеңмен жүргізіледі. (кесте)
Білім беру мекемелері жұмысына педагогикалық мониторинг жүргізудің алғашқы кезеңі мониторингтің мақсаты мен міндеттерін анықтаудан басталады. Мақсат өзекті, нақты, іске асатындай болуы керек екендігі ескеріледі. Бұл кезеңде негізгі көрсеткіштер мен критеррийлер анықталып, диагностикалау әдістері таңдалады. Диагностикалау әдістерін формальді әдістері (тесттілер, анкеталар, сұрақтар, бақылау жұмысы, диктант деп бөлуге болады.
Мониторинг процесінің барлық қызметі мен кезеңдері, яғни оның барлық құрылымдық және қызмет элементтері бір-бірімен байланысты және педагогикалық мониторингтің тұтас циклін құрайды. Осы компоненттердің кез-келген педагогтардың әрекет жүйесінде болуы педагогикалық мониторингтің толық жүйесін жүзеге асырылуы «оқытушы - білімгер» жүйесіндегі педагогикалық процестің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.