Мониторинг – мектепті көп деңгейлі басқарудағы маңызды жүйелердің бірі. Ол диагностика жүргізілуін және болжамдалған нәтижелерге сәйкес мектептердің оңтайлы қызмет етуін қамтамасыз етеді. Мониторингтегі жүйе құрайтын құрылым білім беру мекемелерін қолданатын бақылау түрлерін түгел өзара іс-әрекеттегі элементтердің бірыңғай құрылымына біріктіруге мүмкіндік береді. Мақсаттары да, қаржылары да ортақ бұл элементтер мынадай принциптер негізінде қызмет етеді: жүйелік, циклдік, кезеңділік, оқиғаларды тікелей бақылау нәтижелері бойынша бағалау.
Мониторинг қарастыратын негізгі мәселелер:
мектеп білім беру жүйелерінің мақсаты;
Хал-ахуалы және оның функциялық негізгі көрсеткіштері туралы ақпараттар;
Квалиметрия (латынша qualitas – «қандай», «сапасы қандай», metreo – «өлшеу») – өнімнің адам қызметі процестерінің сапасын, өнім сапасын басқару мен стандарттауда, қабылданатын шешімдерді негіздеу үшін қолданылатын, сандық бағалау әдістерін біріктіретін ғылым саласы. Квалиметрияның міндеті – сапаны бағалаудың барлық әдістерін әзірлеу және дамыту. Квалиметрия мақсаттары: сапа көрсеткіштері номенклатурасын негіздеу, оларды анықтау мен ықшамдау әдістерін жасау, бұйымдардың типтік өлшемдері мен параметриялық қатарларын ықшамдау, сапа басқаруда қолдану шарттарын негіздеу.