3.Жоғары дәрежедегі сезімдер. Жоғары деңгейдегi сезiмдердiң ақыл-ой, эстетикалық жəне моральдық-адамгершiлiк түрлерi бар. Ақыл-ой сезiмi адамның таным əрекетiмен байланысты. Сезiмнiң бұл түрi -балалардың оқып бiлiм алуға, ересектердiң өз қызметiне, шығармашылық пен өнерге деген көңiл-күй қатынасы. Адамның шындықты тануға деген ақыл-ой сезiмi ең алдымен таңданудан басталады. Таңдану кiсiнi əрбiр нəрсенiң, құбылыстың, оқиғаның мəн-жайын жан-жақты танып, оларды тереңiрек түсiнуге жетелейдi, оның iзденiмпаздық əрекетiн тудырады. Iздену барысында адам түрлi жорамалдардан бастап, теориялық тұжырымдар жасайды. Эстетикалық сезiм - объектив шындықты бейнелеп, оның əсемдiгi мен сұлулығын, жарасымдылығы мен сенiм-дiлiгiн қабылдап, оған əсерленудегi көңiл-күй. Əсемдiктi қабылдап, оған сүйсiну, лəззаттанып, рухани күшiн арттыру сезiмi - адамның өмiр тiршiлiгiнде бiртiндеп қалыптасатын жағдай. Əсемдiктi қабылдау туа пайда болмайды. Əсемдiк əлемi адамға өзiнiң сұлулығымен, табиғи жарасымдылығымен жəне шынайы көркемдiлiгiмен əсер етiп, адамның мақсат-мүддесiне, рухани қажеттiгiне лайықты дамиды. Адамгершiлiк-моральдық сезiмдер қоғам талабына орай адамның өз мiнезiнiң лайық не лайық еместiгiн сезiнген көңiл-күйiн бiлдiредi. Адамгершiлiк сезiмi моральдық сезiм деп те айтылады. "Мораль" - "морале" деген француз сөзi. Мағынасы -адамгершiлiк. Адамгершiлiк сезiм қоғамның тарихи дамуына байланысты. Қоғамдағы адамгершiлiк сезiмдер - борыш сезiмi, əркiмнiң өз халқы алдындағы азаматтық қасиеттерiн құрмет тұтуы, əрбiр адам-ның жеке-даралық қасиеттерiн сыйлау, үлкенге құрмет, кiшiге қамқорлық, отбасындағы өзара сыйластық жəне əр түрлi ұлттар мен ұлыстардың, этностардың өкiлдерiне деген жалпы гуманистiк қарым-қатынас. Екiншiден, ол отбасындағы тағылым-тəрбиеге, мектеп пен қоғамдық ұйымдардың қамқорлығына орай өрiстейдi. 4.Сезім мен эмоцияның функциясы. Адам сезiмi дара тұлғалық қасиет. Осыған орай əр адам нақты жағдайда бiр зат не құбылысқа өзiнше баға берiп, белгiлi бiр, екiншi адамдағыға ұқсамайтын көңiл кейпiне берiледi. Сезiмдер адамның қасиеттерiмен тығыз баланысты.