1. Адамның сезім және эмоционалдық көңіл-күйлерінің сипаттамасы. Сезім мен эмоцияның түрлері. Жоғары дәрежедегі сезімдер


Субъекті қажеттiлiгі жəне сол қажеттiлiктi қанағаттандыруға бағытталған ерекше қызметiне орай сезiмдер екi iрi топқа бөлiнедi



бет4/4
Дата04.04.2023
өлшемі329,9 Kb.
#79396
1   2   3   4
Субъекті қажеттiлiгі жəне сол қажеттiлiктi қанағаттандыруға бағытталған ерекше қызметiне орай сезiмдер екi iрi топқа бөлiнедi.
Бiрiншiсi - қажет заттардың объектив мазмұнына жаңа, айрықша мəн қосып, оларды қанағаттандыру əрекетiнiң себеп-түрткiсiне айналдырушы сезiмдер. Мұндай толғаныстардың пайда болуы үшiн аса қажетсiну жəне оған сай заттар қолда болуы керек. Көңiл-күй серпiнiсi қажеттiлiкпен үйлесе келе, iс-əрекеттiң бастауын бередi, оған ынталандырады жəне бағыт-бағдарлы жетекшiсiне айналады. Осылайша, мұндай сезiмдер iс-əрекетпен сəйкестiкке түседi.
Екiншi эмоциялық құбылыстар тобына - жетекшi ниет, яғни басталған iшкi не сыртқы iс-əрекет iзiмен туындайтын сезiмдер кiредi. Бұлар сол əрекеттердiң орындалуына тиiмдi не кедергi болған жағдайларға (үмiт, ыза), жетiскен нəтижелерге (қуаныш, өкiнiш) немесе қалыптасқан не мүмкiн болар ситуацияларға (қатерлену, сенiмдi болу) субъектiнiң қатынасын сипаттайды.
Сонымен, сезiм екi себептен пайда болады, бiрiншiсi - адамның объектiге қатынасын айқындайтын қажеттiлiктер; екiншiсi - адамның осы нысанның тиiстi қасиеттерiн түсiнiп, оны санада бейнелеу қабiлетi. Объектив жəне субъектив жағдайлардың өзара байланысынан адамның қоршаған дүниеге саналы баға беруiмен қатар жеке эмоционалды көзқарасының себептерi ашылады.
Сезiмнiң коммуникативтiк (ақпарат алмасу) қызметi де адам өмiрiнде үлкен маңызға ие. Ым-ишара, дене қозғалыс-тары сезiмдiк белгi ретiнде адамның өз толғаныстарын, қоршаған орта заттары мен құбылыстары жөнiндегi өз қатынас-талғамын басқаларға жеткiзуге жəрдемiн тигiзетiнi белгiлi. Ым-ишара, қас-қабақ қимылдары, дене қалпы, үн ырғағы - бəрi де сезiм "тiлi" болуымен, адам ойынан гөрi, оның көңiл-күй кейпiн айқындауды танытады.
Зерттеулер дəлелденгендей, сезiмдердiң бəрi бiрдей анық таныла бермейдi. Мысалы, өте айқын бiлiнетiн - үрей (сыналғандардың - 57%), одан кейiн -жеркенiш (48%), содан кейiн - таңдану (34%). Коммуникативтiк қызмет аймағында сезiм арқылы адам өзiн қоршаған сыртқы ортаға не iшкi жан дүниесiне ықпал жасау қабiлетiне ие. Мысалы, əлi есейе қоймаған сəби шалқаяқтап жылауымен ата-анасын өз дегенiне көндiретiнiн сезе қояды да, бұдан былай осы əдiстi жиi қолданып, мүддесiне жетудi əдетке айналдырады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет