1. Адамның сезім және эмоционалдық көңіл-күйлерінің сипаттамасы. Сезім мен эмоцияның түрлері. Жоғары дәрежедегі сезімдер



бет2/4
Дата04.04.2023
өлшемі329,9 Kb.
#79396
1   2   3   4
Байланысты:
Эмоция және эмоционалдық интеллект

2. Сезім мен эмоцияның түрлері .
Адам сезiмiнiң көрiнiстерi əрқилы: қарқынды да ұзаққа созылған, созылыңқы, бiрақ əлсiз (қайғы); күштi, бiрақ қысқа мерзiмдi (қуаныш) - болуы мүмкiн. Сонымен бiрге, сезiмдер тереңдiгi, саналылығы, тектiлiгi, пайда болу жəне сөну шарттары, денеге əсерi, даму желiсi, бағыты, көрiну тəсiлi т.б. жағынан əрқилы сипатты келедi. Сезiмнiң iшкi жайылу аймағы мен сыртқы əрекетi де бiрдей емес. Субъектив толғаныстарға байланысты сезiмдер екi топқа бөлiнедi: тiршiлiк қажеттiлiктердi қанағаттандырып, рахатқа бөлеушi ұнамды сезiмдер; тiршiлiк қажеттiлiктердiң орындалмауынан қанағаттанбау кейпiне түсiретiн жағымсыз сезiмдер.
Орындалып жатқан адам қажеттiлiктерiнiң деңгейiне орай сезiмдер қарапайым жəне күрделi келедi. Қарапайымдары - ашу, қорқыныш, уайым, қызғаныш, күндеушiлiк т.б.; күрделiлерi - моральдық, эстетикалық жəне отан сүйгiштiк. Көрiну əлпетiне орай барша эмоционалдық қалыптар келесiдей түрлерге жiктеледi: көңiл-күй, кейiп, эмоция, аффект, стресс, фрустрация, құмарлық, жоғары сезiмдер.
Кейiп - бiраз уақыт бойы адамның көңiлiн билеп, мiнез-құлыққа əсер ететiн жалпы эмоциялық күй. Өмiр тiршiлiгiнде адамның сезiмi бiр объектiге бағытталып, оған қуанады не күйзеледi, бiреудi сүйедi, бiр нəрседен шошиды. Адам кейпiнiң көрiнiсi белгiлi сезiмге, себептерге байланысты. Мысалы, ұнамсыз хабар естiген адамның көңiлi түсiңкi болып, оның бойын қобалжу, уайым билейдi. Адамның кейпiне табиғат көрiнiсi, жыл маусымдары, ауа райы сияқты құбылыстар да айтарлықтай əсер етедi. Рухани байлығы мол, мақсат-мiндетi айқын адам ауыр жағ-дайларға да мойын ұсынбай, өмiр сүрiп, жұмыс iстей алады, өз кейпiн меңгерiп, оған иелiк етедi
(Ə. Алдамұратов).
Эмоция (сезiм шарпуы) - сезiмнiң тiкелей қатынастағы уақытша көрiнiсi.
Адамның көңiл-күйiнiң кейпiн бiлдiретiн жəйттiң бiрi психологияда фрустрация (көңiлдiң бұзылуы, межелi iстiң жүзеге аспай қалуы) деп аталады. Жоспарланған iсi мен мүдделi мақсаты түрлi себептер мен кедергiлерге ұшырып, адам оған ренжидi, көңiлi құлазып, қайғырып, күйзеледi, ашуға булығады. Қанағаттанбаушылық сезiмiнен жан дүниесi қиналады. Адамның сезiмi мен эмоциясы жағымсыз күйге ұшырайды. Фрустрациялық жағдайда көңiл өшпендiлiк, кейiс пен қаһар тудыруға бейiм келедi.
Эмпатия - қайғы-қасiреттi жағдайлар мен қиыншы-лықтарға ұшыраған өзгелерге жанашырлық бiлдiрiп, солар-дың ауыр халi өз басыңа түскендей сезiну. Құмарлық көрiнiсi анық, ұзақ уақытқа созылады. Ол əрқашан белгiлi бiр затқа бағытталады. Құмарлық - адамның белсендi iс-əрекетiн оятатын күштi сезiм. Оның ұнамды жəне ұнамсыз жақтары бар. Мысалы, оқуға деген құмарлық адам қабiлетiн тəрбиелейдi, мəдениетiн дамытып, өмiрдегi мақсат-мүддесiне жеткiзедi. Ал ұнамсыз құмарлық адамның еркiн нашарлатады, жан дүниесiн аздырып, бей-берекетсiздiкке ұшыратады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет