1 Академиялық жазылымның ерекшеліктерін сипаттаңыз


Плагиатпен күресудің жолдарын айқындаңыз



бет4/19
Дата19.12.2023
өлшемі3,61 Mb.
#140928
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Академ жазу 1-18 сессия

2 Плагиатпен күресудің жолдарын айқындаңыз

Жалпы плагиат жасамау жазып отырған тақырыпты толық түсінуге, ойды қорытындылауға, жүйелеуге, тақырыпты талдауға ықпал етеді. Осы орайда «Плагиаттан қалай сақтануға болады?» деген сұрақ туындайды. Ол үшін өзге еңбектерден алынған басқа авторлардың пікірлеріне, дәйексөздерге, оларға жасалған қорытындыға және парафразға әрқашан сілтеме берілуі қажет. Плагиат жасамау үшін мына амалдарды орындаған абзал: Сілтеме жасау – басқа бір автордың пікірін қолдану үшін үнемі сол авторға сілтеме жасауды ұмытпау керек. Сілтеме дегеніміз – өзге автордың ойын немесе сөзін алған әдебиетті, яғни материалды көрсету. Төл сөзді қолдану – мәтіннен керекті деген ақпаратты өзгертпей сол күйінде тырнақшаға алып, дәйексөз ретінде қолдану. Кейде бұл тура сілтеме жасау деп те аталады. Төл сөздерді қолдану кез келген ғылыми еңбекті жазу барысында қолданылатын әдістердің қатарына жатады. Оларды дұрыс қолдану зерттеу жұмысын жазып отырған тілді білу деңгейіне тікелей байланысты. Қорытынды мен парафраз жасаудың өзара ұқсастықтары бар. Екеуінде де автор өзгенің сөзін өз сөзімен береді, бірақ парафраз бір сөйлемді немесе параграфты (абзацты) төлеу сөзге айналдыруға негізделсе, қорытынды тек тұтас бір мәтіннің немесе тұтас бір беттегі негізгі ойды ғана беруге бағытталады. Кейде бірнеше материалдағы пікірлерді жинақтау, яғни синтез жасау арқылы берілуі де мүмкін. Бұл кезде дереккөздердің барлығына да сілтеме жасалынады. Қорытындыға сілтеме жасалғанда, ақпарат алынған бет көрсетілмейді, тек дереккөзге сілтеме жасалады.



3 Зерттеу жұмыстарының құрылымдық элементтері жайлы айтыңыз

4-билет
1 Академиялық жазылым барысындағы талдау, бағалау және пікір білдіру дегендерді қалай түсінесіз?


Талдау (анализ) - көркем шығарманы тексергенде қолданылатын тәсіл. Шығарманы әр қырынан алып карастырып, оның қасиет ерекшелігін, жеке бөлек-бөлшектеріне тән өзгеше сипат белгілерді арнайы зерттеп, танып-білу. Айталық, шығарманы идеялық мазмұн, тақырыпты баяндау ерекшеліктері тұрғысынан, немесе, сюжеттік, композициялық құрылысы, жанрлық сипаты жағынан талдауға болады. Сондай-ақ, кейіпкерлердін характерін бейнелеу принциптері тұрғысынан, сөздік, тілдік кұралдарды пайдалануы, егер поэзиялық шығарма болса ырғактык интонациялык өзгешеліктері, әр түрлі шумақ, тармақ, ұйкастарды қолдану жағынан талдауға болады.
Бағалау — оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл, оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін фактор. Бағалау, көбінесе, баға қоюдың синтездік түрі (1-ден 5-ке дейінгі ранг) арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ, мектеп тәжірибесіндегі бағалау баға қоюмен ғана шектелетін тәсіл емес, ол материалды меңгеру, меңгермеу фактісімен қатар оның себептерін анықтауға мүмкіндік беретін оқытудың маңызды құрамды бөлігі болып табылады.
Қоршаған ортаны танып, біле келе, нәрселерді және олардың белгілерін бөліп аламыз. Мысалы, металдан жасалған бір затты зерттесек, ол туралы мынадай ой айтамыз: "Бұл нәрсенің жылтырайтын, майысатын, балкығыштық, қызу өткізгіштік, электр тоғын өткізгіштік қасиеттері бар". Бұл сөйлемде біз бір нәрсе жөнінде пайымдаймыз. Ол пікір сол зат пен оның белгілері туралы ойды керсетеді. Ал ол нәрседе (затта) бірлі-жарым белгілердің болмауы да мүмкін. Онда біз ол зат туралы "мына зат ақ емес", "мына кітап қызықты емес" дейміз. Затта әр белгінін; бар болуы немесе жоқ болуы біздің ойлауымызда не қостау, не терістеу формасында пайымдалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет