1 Академиялық жазылымның ерекшеліктерін сипаттаңыз


Эссені сәтті жазудың бірден-бір жолы қандай?



бет6/19
Дата19.12.2023
өлшемі3,61 Mb.
#140928
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Академ жазу 1-18 сессия

2 Эссені сәтті жазудың бірден-бір жолы қандай?
Көңілдегі көркем ойды қағаз бетіне сол қалпында түсіру кез келген адамның қолынан келе бермейді. Ол шығармашылықты талап ететін қиын жұмыс. Оқытушы ретінде алдыма қойған мақсатым: «Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында студенттердің шығармашылық қабілетін дамыта отырып, жазу мәдениетін қалыптастыру» болатын. Сол мақсатыма жетудің бірден бір жолын СТО бағдарламасымен танысқаннан кейін белсенді жүрді деп айтуға болады. Бүгінгі күні эссе жазу арқылы студенттерімнің шығармашылық қабілетін дамыту арқылы жазу мәдениетін де қалыптастырып жатырмын деп айтуға болады . Қазіргі уақытта Эссе публицистикалық жанр ретінде қоғамдық және әдеби өмірде кең тараған құбылыс сипатында нығайып келеді.Сондай-ақ, мұғалімдердің әртүрлі шығармашылық байқауларында да эссе жазу тапсырылады. Ойыңды қағаз бетінде жазбаша жеткізу шығармашылықты қажет ететін қиын жұмыс. Мұнда әрбір сөзің айқын түсінікпен сәйкес келіп, ойыңды, сезіміңді, идеяңды дәл бейнелеп беруі тиіс.

3 Зерттеудің теориялық маңыздылығын қандай өлшемдер арқылы анықтайды? Жауабыңызды негіздеңіз.
зерттеудің әдіснамалық негізін анықтау үшін әдіснамалық негіздеме жасау қажет. Оның мазмұнына: ізденушінің тұжырымдамасының философиялық негіздері, педагогикалық мәселелерге сын көзқарас, зерттеу тұжырымдамасының ғылыми негіздері (мәселені тарихи-логикалық талдау, зерттеу пәнін диалектикалық жүйелі-құрылымдық талдау, оның сипаттамасын тұтастық тұғырдан қарастыру, зерттелетін педагогикалық құбылыстың дамуының негізі болатын жетекші қайшылықтарды анықтау, осы үрдіске тән заңды байланыстарды ашу әдіснамасына сипаттама), осы педагогикалық тұжырымдама негізіндегі түрлі ғылыми қағидаларды талдау енеді. Осыдан біз педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздемесінің келесі логикалық тізбесін-алгоритмін қарастырамыз:
· педагогикалық дәйектерді, құбылыстарды және үдерістерді зерттеуге қажет нақты әдіснамалық тұғырларды анықтау;
· әдіснамалық ұстанымдарды нақтылау;
· зерттеу мәселелеріне тарихи-логикалық талдау жасау;
· зерттеу пәнін сипаттауға тұтастық тұғырды пайдалану.

6-билет



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет