1 «Академиялық жазылым» терминіне анықтама беріңіз. Арнайы мамандықтарға байланысты студенттердің оқуға міндетті немесе таңдап алған пәндері бойынша белгілі бір тақырып төңірегінде түсініктер мен пікірталастар баяндалған әдебиеттерді оқып, оған талдау жасауы және оларды қолдану арқылы жазбаша түрде өз пікірін білдіруі. Бұл жазба жұмысы студенттерді өз бетінше зерттеу жұмыстарын жүргізуге, жобалық жазба жұмыстарын жазуға машықтандырады.
зерттеушінің ғылыми мәтіндерді оқуына, түсінуіне және жазуына мүмкіндік беретін тілдік құзіреттілігі.
эссе, курстық жұмыс, диплом жұмысы, магистрлік және докторлық диссертациялар, ғылыми мақалалар мен монографиялар сияқты ғылыми мәтін жазудың әдіснамасы.
жеке ойлары мен идеяларын білдірудің және оны негіздей білудің әрі оларды мақсатты аудиторияға жеткізе білу дағдысы.
ғылыми мәтіндер жазу, олардың жазу тілі мен стилін таңдап, қолдана білу дағдысы.
2 Келісу және келіспеу эссесінің жазылу мақсатын сипаттаңыз
3 Төл сөздерді қалай қолдануға болатындыңын түсіндіріңіз Төл сөзді қолдану – мәтіннен керекті деген ақпаратты өзгертпей сол күйінде тырнақшаға алып, дәйексөз ретінде қолдану. Кейде бұл тура сілтеме жасау деп те аталады. Төл сөздерді қолдану кез келген ғылыми еңбекті жазу барысында қолданылатын әдістердің қатарына жатады. Оларды дұрыс қолдану зерттеу жұмысын жазып отырған тілді білу деңгейіне тікелей байланысты. Сондай-ақ төл сөздерді қолдану барысында мыналарды меңгеру қажет:
- төл сөз еш өзгеріске түспей қолданылуы қажет;
- төл сөз тырнақшаға алынуы шарт;
- төл сөздерді жиі қолданбау қажет;
- төл сөз негізгі ойды қолдау үшін ғана беріліп, негізгі ойды бермеуі керек;
- төл сөздің тілі анық және мазмұны нақты, шағын болуы тиіс;
- төл сөздің авторы осы саланың беделді ғалымы болуы тиіс;
- төл сөздің грамматикалық құрылымы автор тілінің грамматикалық құрылымымен сай болуы тиіс.
8-билет
1 Ғылыми жарияланым бойынша реферат жазудың басты ережелерін атаңыз "Реферат" сөзі латын тілінен шыққан және оны сөзбе-сөз аударатын болсақ, ол "баяндау, хабарлау" деген мағына береді. Іс жүзінде барлық сөздіктер бұл сөдің мағынасын бірдей ашады. Реферат - жазбаша түрдегі кітаптың мазмұнының, ғылыми мәселелердің, жаттығулардың, ғылыми зерттеу нәтижелернің қысқаша мазмұндалуы, белгілі тақырыпқа баяндама, әдебиет тізімі мен басқа да көздерге шолу жасайтын белгілі бір тақырыптағы баяндама. Рефератпен жұмыс істеудің негізгі кезеңдері
- тақырыпты таңдап онымен танысу;
- реферат тақырыбы бойынша ақпарат көздерін табу
- әдебиттерді зерттеу
- жиналған материалдың жүйелілігі
- рефератты жазу