1. Алаш әскерінің құрылуы, қызметі және Азамат соғысы кезіндегі іс-қимылдары


Есімі ел тәуелсіздігі жылдары қайта жаңғырған тұлғалар



бет44/45
Дата08.06.2023
өлшемі0,68 Mb.
#99741
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
1. Алаш скеріні рылуы, ызметі ж не Азамат со ысы кезіндегі

102.Есімі ел тәуелсіздігі жылдары қайта жаңғырған тұлғалар
Кешегі қылышынан қан тамған кеңестік озбыр саясат халық жадынан өткен тарихымыз бен сол тарихты жасаған қайраткерлерімізді танытуға жол ашпады. Есімін айтуға да мүмкіндік бермеді. Алаш зиялысы Ахмет Байтұрсынұлы «Біздің заманымыз – өткен дәуірдің перзенті, келер заманның атасы», деген екен. Қазақ тәуелсіздігі жолында күресіп өткен тарихи тұлғаларымыз біздің ұлы бабаларымыз. Қазақ нағыз жуынгер, ержүрек, данышпан халық дейтін болсақ. Осы игі қасиеттердің бүгінгі ұрпағына айтылуы өткен тарихында із қалдырған тұлғаларына қатысты болар еді. Ешбір халық өткен тарихы мен бүгінінен сабақ алмай келешегін кемелдей алмас.Тәуелсіздік - халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашып, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді. Сол тәуелсіздікдіктің жаңа лебімен қазақ тарихындағы ұлы тұлғалар мен ұлт интелегенцияларының есімі де жаңғырды. Егемендіктің туы желбіреп, тәуелсіздік алған тұста ұлттық баспасөз ұлттық тарихты танытуға, елдіктің берік іргесін нығайтуға үлкен еңбек атқарды. Қазақ баспасөзі мен ұлттық тарих мәселесі де қатар оянып, кешегі кеңестік саясаттың кесірінен ұмыт болған тарихи тұлғаларымыз танылды. Бұл жолда ең бірінші үлес қосқан қазақ публицистері болатын. Тәуелсіздік дәуірінің публицистикасында ұлттық тарих, мемлекеттік тіл, оралмандар мәселесі, демография, ұлттық рух мәселелері айрықша орын алды. Мәселен, арғы тарихымыздан Күлтегін, Тоныкөк, Шыңғысхан, Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, қазақ хандығы дәуіріндегі Керей мен Жәнібек, Қасым хан, Хақназар хан, Тәуке хан, Абылай хан, Кенесары хан есімдері жаңғырды. Бұлардың қатарында батырларымыз Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Райымбек, Ер Жәнібек, Махамбет Өтемісұлы, Сырым Датұлы тағы басқа біртуар халық жадынан өшіп бара жатқан тұлғалар туралы тарихи-танымдық очерктер жарияланды. Тәуелсіздік алған жылдары ұлттық баспасөз көтерген тарихи кезеңдер арасында XX ғасырдың зұлматты кезеңі толықтай айтылып жазыла бастады. Қазақ тарихындағы Алаш қозғалысы, ашаршылық және репрессия зобалаңы, Голощекиннің «Кіші қазан» саясаты, тың игерукезеңдері. Алаш тақырыбы ұлттық баспасөздің жүгін арқалап, ұлт тарихындағы алаш зиялыларының еңбегін ақтап алуда, есімін халыққа танытуда ерекше қызмет атқарды. Мәселен, Мұхтар Құл-Мұхамедтің «Жақып Ақбаев – Алаштың бас прокуроры», «Профессор Ермеков – Алашорданың вице-премьері», Мәмбет Қойгелдиевтің «Алаш Орда», тағы басқа көлемді тарихи-танымдық мақалалары соның дәлелі. Осы жылдарда Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Смағұл Садуақасов, Халел Досмұхамедұлы, Мұстафа Шоқай, Қошмұхамед Кемеңгеров, Шаймерден Қосшығұлов, Науан Хазірет тағы басқа алаш ардақтыларының есімі ұлықталды. XX ғасыр басындағы Алаш қозғалысының оның зиялыларының идеялық қуатты, ойлы, ұлттық тәуелсіздікке бағышталған шығармалары баспасөз бетінде қайта көшіріліп басыла бастады. Сөйтіп ұлттық рух жаңғырды, ұлттық сана оянды. Қазақ публицистикасының даму жолында тәуелсіздік талаптарынан туған ұлттық саяси бағыт бірінші кезекке шықты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет