1. Алаш әскерінің құрылуы, қызметі және Азамат соғысы кезіндегі іс-қимылдары


ж. жазының соңы мен күзінің бас кезінде бүкіл Ресейдің жер-жерінде бұқараның Уақытша үкіметке деген қарсылығы өсе түсті



бет5/45
Дата08.06.2023
өлшемі0,68 Mb.
#99741
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
1917 ж. жазының соңы мен күзінің бас кезінде бүкіл Ресейдің жер-жерінде бұқараның Уақытша үкіметке деген қарсылығы өсе түсті.
Уақытша үкіметтің халық күткен аграрлық мәселені шеше алмауы, езілген халықтарға өзін-өзі билеуі немесе автономия алу мәселесін күн тәртібіне қоюға тырыспауы, жұмысшыларға 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу сияқты көкейкесті мәселелерді шешпеуі халық наразылығын одан әрі күшейтті. 1917 ж. жазының соңы мен күзінің бас кезінде бүкіл Ресейдің жер-жерінде бұқараның Уақытша үкіметке деген қарсылығы өсе түсті. Бұл Кеңестердегі большевиктердің ықпалының артуына жағдай жасады. Ал Корнилов бүлігінің талқандалуы большевиктер беделін біржола көтерді. Осындай жағдайда большевиктер партиясы 1917 жылғы шілде оқиғасынан кейін алынып тасталған “Барлық билік Кеңестерге берілсін” деген ұранды қайта көтерді. Енді бұл ұран қарулы көтеріліске, Уақытша үкіметті құлатуға, пролетариат диктатурасын орнатуға бағытталды.
1917 ж. 24 қазанда (6 қарашада) Петроградта қарулы көтеріліс басталды. Келесі күні көтерілісшілер қаланың ең маңызды объектілерін басып алды. 1917 ж. 25 қазанда (7 қарашада) Әскери-революциялық комитет Уақытша үкіметтің билігінің жойылғандығын жариялады. Осылайша Қазан төңкерісі жеңіске жетті.
28. Жаңа Экономикалық Саясат жылдарындағы Қазақстан. (С.Меңдешев, Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов көзқарастары).
1918-1920 жылдардағы азамат соғысы Қазақстан өлкесінің экономикалық жағдайын көптеген жылдарға кері шегерді.
1918-1920 жылдардағы азамат соғысы Қазақстан өлкесінің экономикалық жағдайын көптеген жылдарға кері шегерді. Өндіріс орындары жұмыс істемеді. 1913 жылмен салыстырғанда Қазақстанда мұнай өндіру 4 есеге, көмір өндіру 5 есеге кеміді, ал мыс рудасын өндіру мүлде тоқтады. Халық шаруашылығының жалпы өнім өндіруіндегі өнеркәсіптің үлесі 1920 жылы бар болғаны 6,3 процент болды. 
Ауыл шаруашылығы да өте күшті дағдарысқа ұшырады. Орал губерниясында егістік жерлер 2 есеге, ал Жетісу аймағында 3 есеге кеміді. Ең бірінші кезекте ұлттық байлықтың негізгі көзі болып саналатын мал шаруашылығы құлдырады. Соғыс жылдарында мал саны 10,8 млн. басқа кеміді, оның 2 млн-ы жылқы, 6,5 млн-ы ұсақ мал болды.
Сонымен қатар 1921 жылы ҚазАКСР-ң жеті губерниясының бесеуі құрғақшылыққа душар болды. Осыған байланысты 1921 ж. бұл аймақтарда астықтың жалпы түсімі 5 млн. пұт деңгейде ғана болды. Ал жергілікті халықтың бір жылғы астық пен астық тұқымдығына мұқтаждығы 22 млн. пұт көлемін қамтиды, яғни залал 17 млн. пұтты көрсетті. Ауа райының қолайсыздығы мал шаруашылығын бұдан да қиын жағдайға душар етті. 1920–1921 жылдар аралығындағы жұттан кейін мал басы 1917 жылмен салыстырғанда 75% кеміді.
29.Соғыстан кейін жылдары халықтың әлеуметтік жағдайы үшін аса ірі ауыр кез болды. 1947 жылы елімізде бұрыннан қолданылып келген, халықты азық-түлікпен мөлшерлі қамтамасыз ететін карточкалық жүйе жойылды.
Халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуда біраз шаралар қолданылды. Бірақ бұл мәселе онымен шешілмеді. Соғыстан кейін қираған экономиканы, халық шаруашылығын қалпына келтіру басты міндет болды. Бұл бағытта ең алдымен жұмыс күшінің жетіспеуі кедергі жасады. Себебі КСРО соғыста 27 млн. адамнан айырылды. Осыған байланысты Қызыл Армия қатарында демобилизация (әскерден босату) басталды. 1945–1948 жылдары Қызыл Армия қатарынан 8 млн. 500 мың адам босатылды.Қазақстан экономикасын бейбіт жағдайға бейімдеу көп қиыншылықтар тудырды. Соғыс жылдары Қазақстанға көшіріліп әкелінген кәсіпорындар азат етілген аудандарға қайта көшірілді. Сонымен бірге білікті мамандар да қайтты. Соғыста жарты миллионнан астам адам қаза тапты, көбі мүгедек болып оралды. Мұның бәрі шаруашылқты қалпына келтіруді кешеуілдетті. Қазақстан соғыстан зардап шеккен өңірлерге барынша көмек көрсетті. Сталинград, Ленинград, Киев қалаларын, көптеген қираған кәсіпорындарды қалпына келтіру барысында қазақстандықтар көп үлес қосты.1946 жылғы наурызда КСРО Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясы 1946–1950 жылдар аралығын қамтитын халық шаруашылғын қалпына келтіру мен дамытуға арналған бесжылдық туралы Заң қабылдады. Бұл жоспарда қазақстанның халық шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға үлкен мән берілді. Ауыр өнеркәсіптің дамуына, жаңа темір жол желісін салуға, ауылшаруашылық дақылдарының өнімін арттыруға қаржы бөлінді.
Еңбекшілер қауымының қажырлы қайрат көрсетуінің нәтижесінде 1946–1951 жылдары республикада болат прокатын, қара және түсті металлургия, тау-кен және көмір өнеркәсібі үшін қолдан жасалған талшық өндіру жүзеге асырылды. 

30. Темірбек Жүргенов –тарихи тұлға, қоғам қайраткері.


Жүргенов Темірбек Қараұлы (1898-1938) - Қазақстандағы мәдениет, әдебиет, өнер саласының талантты ұйымдастырушыларының бірі, республиканың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері. Темірбек Қараұлы Жүргенов есімі тек қана қазаққа ғана емес, иісі түркі жұртына мәлім, Орта Азия мен Қазақстанға ортақ тұлға, аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, қаламы қарымды сыншы-көсемсөз иесі саналады.Т.Жүргенов - ұлттық мәдениет пен өнер саласы мамандарын даярлауға көп көңіл бөліп, қазақ жастарының КСРО-ның орталық қалаларындағы оқу орындарында білім алуына көмек көрсетіп отырды. М.Әуезов, Ж.Шанин, Ә.Қастеев, т.б. қайраткерлердің шығармашылық жұмыспен айналысуына жағдай жасады. Т.Жүргенов Қазақстанда алғашқы музыка театрын (қазіргі Қазақ опера және балет театры) ұйымдастыруға үлкен үлес қосты. Қазақ әндері туралы А.В.Затаевичке көптеген мәліметтер берді. 1937 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. Т.Жүргенов 30-жылдардың басында әдеби сын мақалалар жазуға, соның ішінде театр сынына көбірек көңіл бөлген. Бұл өреде Б.Майлиннің «Шұға» пьесасының алғашқы қойылымына арналған «Ушуга» рецензиясын (Казахстанская правда, 1934, 21 маусым) атап айту жөн. Автордың пайымдауынша, ендігі жерде әдебиетке Меруерт тәрізді шарасыз бейнелер емес, Шұға сынды сындарлы, рухты, кесек образдар қажет. Халық Ағарту комиссары екі тілде бірдей жазған алғашқы қайраткер-қаламгерлеріміздің бірі болды
31.Кеңестік дәуірде республика өңіріндегі ядролық сынақтардың зардаптары.
Семей ядролық сынақ полигонында 40 жыл бойы жүргізілген ядролық қаруды сынау адамдардың денсаулығына және айналадағы табиғи ортаға орны толмас зиян келтірді, халықтың жалпы аурулары мен өлімін көбейтті. Бүкіл Семей аумағы мен Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының полигонға жақын жатқан аудандары экологиялық апат аймағы деп танылды.Полигондардың ішінде Семей өңірі ең көп зардап шеккен аймақ. Мұнда атом қаруын сынаудың ғылыми орталығы орналасқан. Ол - Курчатов қаласы. Бұрынғы Семей облысының Абай, Бесқарағай, Жаңасемей, Абыралы аудандарының аумақтары атом сынақтарының ордасы аталып, ең көп зардап шеккен экологиялық апатты аймаққа айналды.
Полигондарға пайдаланылған жерлердің ауа, су, топырақ, тіпті өсімдіктер жабыны радионуклеидтермен ластанып, ауа және жер асты сулары арқылы мыңдаған километр жерге тарайтыны белгілі. Қазірдің өзінде Қазақстанда 2,6 млн адам мутагенез ауруымен есепте тұр. Қатерлі ісік, қан аурулары, сәулелік ауру, жүйке ауруларымен ауырғандар санының көрсеткіші бұл аймақта республика бойынша ең жоғары.
32. Кеңес Одағы тұсында Қытайдағы қазақ диаспорасының елге оралуы және 1969жылғы Жалаңашкөл оқиғасы
1949 жылы жаңа социалистік мемлекет болып кұрылған Қытай мен КСРО арасындағы қарым—қатынастардың алғашқы кезде достық негізде бірқалыпты жақсы дамығаны тарихтан белгілі. ҚКП жүргізген «Үлкен секіру» сынды солақай саясаттың салдарынан 1960 жылы Қытайда ашаршылық орын алды. Осы жылдың 16 шілдесінде Кеңес үкіметі бір жақтылы мәлімдеме жариялап, ҚХР үкіметімен қол қойған бірнеше жүздеген экономикалық келісім—шарттарын тоқтатып, бip ай ішінде Қытайда жұмыс icтеп жатқан 1390 маманын қайтарып алатындығын мәлімдеді. Сондай—ақ Қытайға берген несие қарыздарын қайтаруға қысым жасады. Бұл оқиға Қытайдың ішкі—сыртқы жағдайын қиындатып жіберді. Ежелден «Жерұйық» атанып келген Іле мен Тарбағатай аймақтарындағы тұрғындар тамақтан тарығып, аштыққа ұшырады. Осы орайда Кеңес Одағының Құлжа, Шәуешек және Үрімжідегі Консулдық басқармалары Шынжаңдағы қазақтар мен ұйғырларды Кеңес Одағының азаматы болып, Қазақстанға кетуге насихаттап, жасырын түрде келем деушілерге паспорт таратты. Осындай дайындықтан кейін Кеңес Одағы 1962 жылы мамырдың соңында Іле мен Тарбағатай шекарасын ашып тастап, ол жақтан үдіре қозғалған елді шекарадан бірнеше күн бойы еркін өткізді. Ақыры шекараны қытайлар өздері жауып, ол жақта дүрліккен елді тоқтатты. Miнe, бұл аталмыш «29 мамыр Іле, Тарбағатай шекара оқиғасы». Осы оқиғадан кейін Қытай мен Кеңес Одағы шекарасын тарс жапты. Осы арада айта кетуіміз керек, Кеңес Одағының шекараны ашып тастап Шыңжаңдағы қазақтарды Қазақстанға өткізу мақсаты, қазақтардың басын тарихи отанында қосу емес, сол кезден орын алып отырған еңбек күш жетіспеу проблемасын шешу үшін жасалған әрекет еді.
Бүгінде «Шекара оқиғасында» Қытайдан Қазақстанға қанша адамның өткені жөнінде нақты сандық мәлімет жарияланған жоқ. Бірақ кейбір демократиялық деректер оны анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, 1953 жылы Қытайдағы қазақтардың саны 509,4 мың болса, 1964 жылы ол сан 491,9 мыңға кеміген. Miнe, осы мәліметтен, сол жылдары Қытайда" 110 мыңнан аса қазақтын тарихи отанына оралғандығын байқауға болады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет