1. Алаш әскерінің құрылуы, қызметі және Азамат соғысы кезіндегі іс-қимылдары


ХХ ғ. 30-40 жылдарындағы Қазақ АКСР-ң Одақтас республикаға айналу тарихын баяндаңыз



бет4/45
Дата08.06.2023
өлшемі0,68 Mb.
#99741
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
4. ХХ ғ. 30-40 жылдарындағы Қазақ АКСР-ң Одақтас республикаға айналу тарихын баяндаңыз.
Қазақ АКСР-нің одақтас республикаға айналуы.
Кеңес Одағының даму процесі қайшылықты болды. Ұлы нәубеттермен қоса жетістіктерге де қол жеткізілді. 1936 жылы 5 желтоқсанда КСРО Кеңестерінің Төтенше VIII съезі Кеңес мемлекетінің жаңа Негізгі Заңын – КСРО Конституциясын қабылдады. Бұл Кеңес мемлекетінің де, оның құрамындағы Қазақстанның да саяси дамуындағы елеулі оқиға болды. Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) деп аталатын федерациялық құрылымға енген, одақтас республика мәртебесін алған республикалардың саны 11-ге жетті. Олардың арасында Қазақ елі де бар еді. Осы жаңа Конституцияға сәйкес, бұған дейін Ресей Федерациясының құрамында автономия болып келген Қазақ АКСР-і енді одақтас республика болып қайта құрылып, Қазақ Кеңес Социалистік Республикасы (Қазақ КСР-і) деп аталатын болды.
5.ХХғ 50-60 жж Қазақстанның саяси әлеуметтік-экономикалық жағдайы
Қазақстанның мәдени дамуындағы өзгерiстер.Сталин қайтыс болғаннан кейін 50-ші жылдардың орта шенінен бастап жеке адамға табынушылықтың зардаптарын жойып, социалистік заңдылықтарды калпына келтіруге бағытталған бірсыпыра шаралар iске асырылды. 1956 жылы ақпан айында еткен партияның ХХ съезі Сталиннің жеке басына табынушылықты айыптап, оның зардаптарын жою, партия тұрмысынын формаларын қалпына келтіру, iшкi партиялык демократняны орiстету бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарды құптады. "Жылымық жылдары" деген атпен тарихқа епгсп 50-шi жылдардың екінші жартысынан былайғы кезенде коптеген игі істер атқарылды. Басшылықтың ұжымдык принципі енгiзiлiп, әкiмшiл әмiршiл басқару жүйесі босанси бастады. Қағазбастылыкпен, жиналыс, мәжiлiс өткізумен әуестенушiлiкпен күрес күшейді. Ұлт мәселесіндегі бұрмалаушылыктар түзетіле бастады. Ұлттык республикалардын кұкығы кеңейтілді. Қоғамдағы Кеңес ұйымдарынын ролі есті. Кеңес коғамының тарихын шыншылдық тұрғысынан баяндау, оның жүрiп еткен жолына сын козбен қарау мумкіндігі туды. 50-ші жылдардың екiпшi жартысынан бастап букіл елiмiзде, соның iшiнде Қазақстанда іске асырылған экономикалык, әлеуметтік және идеологиялық шаралар нәтижесінде дамудың көптеген көкжиектері ашыла бастадыСонымен, ХХ-шы ғасырдың 50-60 жылдары республикада интернационализм түсінігі шектен тыс үстем идеологияға айналды. Бірақ, ұлттық мәселелердің барлығы тек интернационалдық жолмен шешіледі дегенмен, ол түсініктің негізінде шын мәнінде ұлы державалық шовинизм жатты. Бұның бәрі, негізінен «жылымық» жылдарында жүргізілген Н.С. Хрущев реформаларының жартыкештік сипатына байланысты еді.Бiрак ол мумкiндiктер толығынан пайдаланылмай калды. Оған кiнәлi Н. С. Хрущев бастаған басшылықтың қызметіндегі субьективтік әдістер еді. Экономиканы басқару ісі ойдан шығарылған әрекеттердің ырқына түсіп кетті. Сол кездегі басшылықтың волюптаристік идеялары мен әрекеттерi қоғамның берекесiн кетiре бастады. Өркокіректік, жалған уәделер мен негiзсiз болжамдар сез бен iсiн арасын алшақтата түсті.Жергiлiктi партия ұйымдары мен кеңестердiң құқықтарын шектеудің салдарынан, сопдай-ак олардың құрылымы жүйесiн негiзсiз жиi өзгертудің кесiрiнеи кеңестердің ролi темендетiлдi. Олардың қызметiнде, әсіресе,жылтырактык, көзбояушылық, даурықпалык сияқты ұнамсыз жайлар бой кетердi. Территориялык-өнеркәсiптiк, ауыл шаруашылық басқармаларын, ауыл шаруашылығы женiнде партия комитеттерiн құру негiзсiз болып шықты. Әр алуан түрлі штаттан тыс көптеген партия комиссияларын құрумен әуестену кең еріс алып, мұның езі қызметкерлер мен еңбек адамдарып өндiрiстегi тiкелей жұмысынан кол узiп, бекер әуре-сарсанга тусуге ұрындырды. Республика партия комитеттерiнде коғамдык негiзде жұмыс iстейтiн бiрнеше комиссиялар құрылды.
Бірақ олар өз жұмысында ешкандай онды нәтижелер көрсете алмады. Көпшiлiгi ұйымдардың штаттағы белiмдерiнiң жұмысын кайталады. Жылдардың басында партия идеологиялык жұмыс Жөнiнде бiрқатар қаулылар қабылдап, тарих, әдебиет пен өнер мәселелері бойынша пікірталастар ді. Осыған орай біраз адамдар баспасөз бетiнде өз пiкiрiн ортаға салып , партия бағытын қолдауға талаптанды. Бұның барысында ғылым, әдебиет, кайраткерлеріне әдiлетсiз, орынсыз сындар айтылып, сыңаржак баға беру фактiлерi орын алды. Мұның өзі мәдениеттің дамуына керi әсерiн тигiздi. Шығармашылық ұйымдарда іскерлік әңгіменің орнына жекелеген ғалымдарға, театр, кино және музыка қызметкерлерiне жеккорiнiштi атақтар тағыла бастады. Мұндай жағдайлар Қазақстанда да орын алды.Мәселен, 1950 жылы 26 желтоқсанда "Правда" газетінде жарияланған "Қазақстан тарихының мәселелері маркстік-лениндік тұрғыдан баяндалсын" деген мақаланы талкылауға байланысты бүкiл Одакка, тiптi дүние жүзіне танымал тұлғалы қайраткерлер М. О. Әуезов пен Қ.И. Сәтбаев, сондай-ақ, республиканың басқа көрнекті жазушылары мен ғалымдары орынсыз жазгырылып, датталды. Ол жылдардағы рухани мәдениеттегі субъективизм мен тұрпайы социализм элементтері бірқатар қиындықтарға әкелді.
6.ҚР-ның Ұлттық теңгесінің айналымға ену тарихы
16 ғасырдың соңы – 17 ғасырдың басында Қазақ хандарының атымен өндірілген мыс ақшалар болды. Бұл ақшалардың дизайндық шеберлігі жоғары дәрежеде болмағанымен Қазақ хандығында сауда ісін бір жолға қоюда, халықтың басын біріктіруде үлкен міндет атқарды.
Ресей патшалығының әкімшілік жүйесі қазақ жеріне байланысты теңге саясаты да өзгерді. Ішкі және сыртқы сауда айналымына ендігі кезекте біздің халық Ресейлік монеталарды қолдана бастады. Қазақтар қағаз ақшаны аққұйрық деп атап, ал металл ақшаны бақыр, қара бақыр, күреш, қара күреш, шақа, соқыр, жармақ, тиын деп әр түрлі атаған. Алтын мен күмісті салмағы мен көлеміне қарай тайтұяқ, атантұяқ, қойтұяқ, ботакөз деп атаған. 
КСРО ыдырағаннан соң, әр мемлекет өзінің дербес саяси, әлеуметтік, экономикалық жағдайын түзеуге бетбұрыс жасай бастады. 1991 жылы 16- желтоқсанда Қазақстан ғасырлар бойы аңсап жеткен Тәуелсіздікке қол жеткізді. Біз Ресейдің бодандық қамытын кигелі бері жылдар бойы шикізат рөлін атқарып келе жатқан Қазақстан үшін, дербес ел атанып «етек-жең жиғанша» есеңгіреп қалғанымыз рас әрине. Ресей Федерациясымен шаруашылық байланысымыздың үзiліп осының салдары ретiнде төлем төленбеу дағдарысы “рубль аймағынан” шығуымыз оның айқын дәлелі. «Мемлекеттер өз валюталарын енгізгенше рубль аймағын сақтай тұру туралы ТМД шеңберінде қол қойылған келісім-шарттың болуына қарамастан, ең басынан-ақ Ресей бұрынғы КСРО Республикаларын рубль аймағынан итеріп шығаруға тырысты» - деп сол кезеңдерді Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы» еңбегінде 300 жыл «қорғанымыз» болып келген Ресейдің әділетсіз қадам жасағанын еске алады[5, 150].
Сөйтіп, 1993 жылдың 15 қарашасында ұлттық валюта – теңгені енгізу Қазақстан Респуб­ликасы экономикалық тәуелсіздігінің айқын көрінісі болып табылады. 1993 жылы өз валютасын енгізуді Украина мен Белоруссия, Қырғызстан мен Балтық жағалауы елдері қолға алды. Қазақстандық валютаны енгізу жоспары сол 1991 жылы жасалғандығы кейін анықталып жатыр. Алдымен қазақстандық дизайнерлер тобы құрылған. Топтың құрамына Меңдібай Әлин, Тимур Сүлейменов, Ағымсалы Дүзелханов, Хайролла Ғабжәлелов сынды шеберлер кірген. Қазақстан тарихы мен мәдениетін зерттеген шеберлер алдымен валютамызға атау іздеген. Әуелде “ақша”, “алтын” сияқты атаулар да ойда болса керек. Бірақ көпшілігі түркі сөзі “теңгеге” ықылас білдіре бастаған. Ал қағаз ақшаға халқымызға белгілі ақын-жазушы, ғалым, ойшылдардың бейнелерін салу ұйғарылды. Суретшілердің айтуынша, бәрінен де әл-Фараби бейнесі бар банкноттар қатарын ашатын бір теңгелік купюра қиынға түскен. Оның портреті бұрынырақта Кеңес Одағының Ғылым академиясымен канонизацияланған (әулиелер санатына қосылған) еді. Бірақ оны ғалымдардың мұрағаттарда сақталған еңбектерінен табу да қиынға соқты. Бір теңгелік номинал бар қатарға идея берген негізгі купюра болды. Онда әл-Фарабидің ислам әлеміндегі барлық мешіттердің күмбездері есептелген схемалары, формулалары бейнеленген еді. Басқа купюралармен де қиындықтар болған. Олардың ішіндегі ең негізгісі – біздің кітапханаларымызда банкноттарда бейнелегісі келген тарихи тұлғалардың тура бейнелерінің болмауы[6, 69].   1992 жылы тамыздың 27-сі Ұлттық банкте теңге купюрасының үлгілерін бекіткен дизайнерлер тобы Англияға аттанды. Елімізде ақшаны бастыратын фабрика жоқ болатын. Тіпті құнды қағаз бастыратын қаржы да тапшы болатын. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ол кезеңді “Президенттің үлкен ойыны” фильмінде “Шетелдерге бару үшін ұшаққа жанармай, аэропортты жалға алу үшін қаржы жоқ еді” деп еске алады. Осындай кезеңде елімізде қаржылық реформа жүргізіліп, ұлттық валютаның қажетті қаражаттық инфрақұрылымын жасау қолға алынды. Теңге Ұлыбританиядағы “Харрисон және оның ұлдары” деп аталатын банкнот фабрикасында басылатын болды.Бұдан кейінгі жағдайды Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сөзімен айтқанда: «Жеті миллион доллар тауып, ақшамыздың қалған бөлігін шығаруға қажетті шығынды төледік. «Ил-76» төрт ұшағын жалдап алып, ақшамыздың 60 пайызын тасып әкелдік. Бұл өте құпия операция еді. Құжаттарға: «Мемлекет басшысының салынып жатқан резиденциясына керекті мүлік» деп жазылды. Оған дейін облыстарда жерасты қойма жасатып қойдық. Төрт ұшақ аптасына Лондон-Орал, одан облыстарға дейін әрлі-берлі он сегіз рейс жасап тұрды. 12 қарашаны мен ақшаны енгізу күні деп жарияладым. Жиырма күнге жетер жетпес уақыт қалды. ҰҚК басшыларының бәрін операцияны өткізуге жұмылдырдым. Ең қиыны – ақшаны барлық аудандарға, барлық банкілерге жеткізу. Ол сегіз күннің ішінде атқарылып шықты. Бәлкім дүние жүзінде жаңа ақшаны енгізу тап осындай тез әрі табысты жүзеге асырылған жоқ шығар» деп сонау 1993 жылдарды еске алады Елбасы Н.Ә. Назарбаев.[7, 90 б]
1993 жылы 1-і қарашада Ұлттық банктің облыстардағы филиалдарына “Х” күні ашылады деген құпия конверттер жетті. Ал араға үш күн салып Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен ұлттық валюта – теңгені енгізу бойынша мемлекеттік комиссия құрылды. 1993 жылы 3 қарашада Президенттің Жарлығымен құрылған Ұлттық валютаны енгізу жөніндегі мемлекеттік комиссия ұлттық валютаны енгізудің тұжырымдамасын дайындады. Бұл құжатта жаңа валютаның енгізілу мерзімі, тәсілі, жаңа валютаны айырбастау пункттеріне жеткізу мәселелері, қолма-қол ақшаны айырбастау коэффициенті мен лимиттері, валюта бағамын қалыптастыру және басқа маңызды мәселелер айқындалды. 1993 жылы 12 қарашада  «Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығы шықты. Онда Қазақстан Республикасы Конституциясының (1993 ж.) 78 бабына және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 29 қазанындағы қаулысына сәйкес: «Қазақстан Республикасы аумағында 1993 жылы 15 қарашада сағат 08.00-ден Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы-теңге айналымға енгізілсін; 1993жылғы 18 қарашада сағат 08.00-ден бастап теңге Қазақстан Республикасының заңды төлем құралына айналады. Теңге 100 тиыннан тұрады. Қазақстан Республикасындағы қолдағы ақша банкноттар мен монеталар түрінде айналыста болады»- деп көрсетілген [8, 32].
Қарашаның 13-і барлық газеттер жаңа валютаның суреттерін берді. Ақша купюрасы теңге мен қағаз тиындар, ауыстыру тәртібі туралы республикалық, облыстық баспасөз хабарлап жатты. Ал қарашаның 15-інен 20-сына дейінгі уақыт сомды теңгеге ауыстыру үшін берілді. Тура алты күнде халық қолдағы ақшасын тәуелсіз елдің валютасына айырбастауы керек еді. Халық бес жүз сомы бір теңге алып жатты. Қағаз ақшасын қапшықтап жинаған ағайын енді теңгенің кезегіне тұрды. Бұл күндер әр тұрғынның есінде. Қобыраған “шөп ақшаны” жинап, сақтағанды шығарып, қолға жаңа купюраны көргендер төл теңгені бірнеше күн қызықтаған. Ағартушы Әл-Фараби, күйші Сүйінбай, ғалым Шоқан Уәлиханов, ақын Абай, Әбілқайыр хан бейнеленген теңге халықтың арасына ене берді. Ұлттық банктің облыстық басқармасы, екінші деңгейлі он екі банктің филиалдары, есеп айырысу кассалары тәулігіне 19 сағатқа дейін тұрғындар қаржысын ауыстырып жатты. Ескі ақша түні бойы есептеліп, сұрыпталып, жөнелтуге даярланды. Жұмыстың ең ауыры облыс орталығындағы есеп-касса орталықтарына түсті. Бұл ұжым алты күннің ішінде 8 миллиард рубль ескі ақша қабылдапты. Осы күндері ақша тапсыруға 362 мың тұрғын келген. Тұрғындар 19,6 миллиард ескі рубль жинаған. 770 қапқа салынған 20 тонна рубль отқа жағылған.
1993 жылдың қарашасында теңгенің айналысқа шығарылуы біздің жас тәуелсіз республикамыздың жылнамасындағы ең маңызды оқиғалардың бірі болып табылады. Ол еліміздің тәуелсіздігін нығайту жолындағы түбегейлі әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізу үшін қажетті тарихи қадам болды. Ал осы жылы қарашаның 22-сінде зейнетақы мен еңбекақы теңгемен беріле бастады. Елімізде валюта айырбастау пункттері ашылып жатты. Кейін Алматы қаласында Ұлттық банктің Банкнот фабрикасы, Өскеменде Монета сарайы ашылды. Уақыт талабына сай теңгенің дизайны өзгерді. Бүгінде купюраларымыздың қорғаныштық қасиеті дамыған елдер валютасымен бәсекелесе алады.
Республикада ақша айналысындағы монетамен қатар мерейтойлық және ескерткіш монеталар да қолданылады . Мерейтойлық және ескерткіш монеталар оларда белгіленген құнға сәйкес төлем қабілетіне ие, бірақ олар негізінен мәдени — ағарту мақсатында шығарылған . Әдеттегідей , олар қатаң шектеулі таралыммен шығарылады және Қазақстан Республикасының аумағында және шет елдерде коллекциялық құнымен сатуға арналған.
2006 жылғы үлгідегі банкноталар бірыңғай стильде орындалған, суреттер бет жағында негізінен тігінен, сырт жағында көлденеңінен орналасқан. Тұтастай алғанда, дизайн Қазақстанның қазіргі бейнесін көрсетеді, барлық мемлекеттік нышандар, сәулет объектілерінің және елдің табиғат ландшафтарының бейнелері кіреді.
7.Отандық тарихнамадағы Дулатов,Жамбылов,Байтұрсынов,Тынышбаев сынды қайраткерлердің еңбектері
Кең даласында алаңсыз өмір сүріп, мал бағып жатқан бейқам халқын: «Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты» деп жырымен жұлқылап оятып, оларды білімге, ел үшін пайдалы іс әрекетке шақырады. Бүкіл халықтың еркіндікке жетуінің басты шарты түнек болып торлаған қараңғылық ұйқысынан ояну, дүр сілкініп, надандықтан арылу деп білген ол: «Оян, қазақ!» деп ұрандаудан танған жоқ. Сондықтан да оның үні қалың ұйқыдағы қазағын құлағының түбінен «маса» болып, маза бермей ызыңдап оятуды мұрат тұтқан өзінен он екі жас үлкен рухани ағасы Ахмет Байтұрсынұлының үнімен қатар естіліп, қазақ даласын қатар шарлады. Сол егіз үн тарих мінбесінен қатар көрінген екі алыптың қашан соңғы демдері таусылғанша, тағдыр талқысымен екеуі екі жақта жүрсе де, қуғынға түсіп, қамауға алынса да үзілмей, қатар естіліп тұрды. Ол екеуі екі атадан туса да, бір туған бауыр еді, екі баспен ойласа да, қорытар ойы бір еді, екі ауызбен сөйлесе де, шығар сөзі бір еді. Өйткені оларды туыстырған халқының мүддесі, ойландырған халқының қамы, сөйлеткен халқының мұң зары болатын. Сондықтан да халқы оларды жанашыр жақыным деп білді, олардың жұбын жазбай, «Ахаң, Жахаң» деп бірге атады. Пенделік бар қазақтан бас тартап, халқының бақыты үшін күрескен есіл ерлерді өз халқының жауы атандырып, кешегі күні Қызылдың қызылкөз жендеттері екеуін еріксіз айырып, екі жерде атып өлтіріп, атын өшіреміз дегенде де халқы олардың асыл есімдерін есінен шығарған жоқ, аялап жүрегінде сақтады, ардақ тұтты.
1906 жылы Петербургке барып қайтады. Бұл сапарынан ол саяси күрескер ғана емес, шабытты ақын болып оралады. 1907 жылы Петербургте шыққан "Серке" газетіне “Жастарға" деген өлеңін, бүркенпік атпен "Біздің мақсатымыз" деген мақала жариялайды. Мақалада Міржақып қазақ халқының басындағы қиын жағдайдың анық себептерін саралап, отарлық саясатты әшкерелейді. Патша өкіметі мақала авторын тұтқындамақ болғанмен, бүркеншік аттың иесін таба алмайды. 1909 жылы Петербургте М. Дулатұлының "Оян, қазақ!" атты өлеңдер жинағы жарық көреді. Бұл кітап та патша әкімшілігінің қуғындауына ұшырайды.
1913 жылы ол Ахмет Байтұрсынұлымен бipre "Қазақ" газетін шығарып, басылымның бұдан кейінгі жұмысына белсене араласады. 1920 жылы Ташкентке келіп, сондағы “Ақ жол" газетінде қызмет атқарады. 1922 жылы жазықсыз қамауға алынады. Түрмеден шыққан соң, 1922-1926 жылы Орынбордағы ағарту институтында оқытушы болады. 1928 жылдың аяғында бip топ қазақ зиялыларымен бipre қамауға алынады да, он жылға сотталып, 1935 жылы тұтқында қайтыс болады.
Ресей патшасының отарлау саясаты, қазақ жұртының хал-жағдайы, өнер-білімнің аздығы, басқа да түрлі қacipeттep осы төрт жолға сыйып тұрған секілді. Онын үстіне бұл жолдарды Міржақып шығармашылығының өне бойына тартылған темірқазық, идеяның басты бағдардың көрінісі деуге де болады. Ақын үшін халқының өмірін жырлаудан асқан мәртебелі тақырып жоқ. Көп өлеңдерінде ол қазақ елінің ауыртпалықтағы, отарлық езгідегі жағдайын баяндай келіп, елдің мүддесіне қызмет ету—әpбip азаматтың парызы деген тұжырым жасайды. Атап айтқанда, "Қазақ халқының бұрынғы һәм бүгінгі халі", "Таршылық халіміз хақында аз мінәжат", "Сайлаулар хақында", "Жастарға", “Қазақтың ру басшыларына", "Атқамінер сұмдарға", тәрізді өлеңдерінде қазақ қоғамының сипаты, ондағы адамдар психологиясы, соларды көрген ақынның өкінішті күйі анық бейнеленген. Ақынның сол тақырыптағы шығармаларының бipi — "Шағым" өлеңі.
…Бір қарағанда "Шағым" өлеңі ақынның аз ғана сәттік көңіл күйінен туған тәрізді. Әйтсе де мұнда жеке бастың мұңынан гөpi әлеуметтік ой басым жатыр. Ел ішіндегі білімсіздік, бойкүйездік, жалқаулық, енжарлық, алауыздық тәрізді тольш жатқан кеселдерді көре тұрып, ақын мұңаяды. Тығырыққа тірелгендей болады.
“Алаш” партиясының Ақмола облысының комитетінің мүшесі болды. “Үш жүз” партиясы өкілдерінің жалған айыптауымен бір айға жуық абақтыға отырып шықты. Екінші жалпықазақ съезіне делегат ретінде қатысып, онда оқу мәселесі бойынша құрылған комиссияға төрағалық етті.
1918 – 1919 жылдары Петропавл уездік земство басқармасында қызмет етті. 1919 – 1923 жылдары Ақмола губерниялық “Бостандық туы” газетінде, “Шолпан”, “Сана” журналдарында, “Ақжол” газетінде қызмет істеп жүріп, халық ағарту жұмысына белсене араласады. Сол кезеңде қалың қауымға таныс поэмасы “Батыр Баянды” жазып, жарыққа шығарады.
1923 – 1927 жылдары Мәскеуде Жоғары әдебиет-көркемөнер институтында оқиды. Онда орыс әдебиетін, Батыс Еуропа әдебиетін терең зерттеп, орыс мәдениет қайраткерлерімен жете танысып, көпшілігімен достық қарым-қатынаста болады. Мәскеуде оқып жүргенде оның шығармалары орынсыз сынға ұшырады.
1924 жылы 24 қарашада Мәскеу қаласындағы Шығыс еңбекшілері коммунистік университетінде қазақ жастарының жерлестік ұйымында жиналыс өтіп, олар Мағжанның 1922 жылы Қазанда, 1923 жылы Ташкентте басылып шыққан жыр жинақтарын талқыға салды.
Онда ақын шығармаларын теріске шығаратын қаулы қабылданды. Бұл қаулы “Еңбекші қазақ” газетінің 1925 жылы 14 ақпандағы санында басылды. Орынсыз сыннан көңілі жабыққан ақын “Сәлем хат” деген өлең жазды.
Ол “Тілші” газетінде жарияланды. “Еңбекші қазақ” газетінің 1924 жылы 19 желтоқсанындағы санында С.Мұқановтың “Сәлем хат жазған азамат Мағжан Жұмабаевқа” деген ескертпемен “Сәлемге сәлем” деген жауап өлеңі басылды.
Жаңа құрылысқа, жаңа тұрмысқа қатысты нақтылы өлең жазбаса да, “уралап айқайламадың” деген кінәмен, тап күресіне белсене араласып, кедей сөзін сөйлемедің деген айыппен М.Жұмабаев қатаң сынға алынды. Мағжан 1927 – 1929 жылы Бурабайда, одан соң Қызылжарда оқытушылық қызметтер атқарады.
1929 жылы М.Жұмабаев “Алқа” атты жасырын ұйым құрғаны үшін деген айыптаулармен Мәскеудегі Бутырка түрмесіне қамалып, 10 жыл айдауға кесіледі. 1936 жылы М.Горький мен Е.Пешкованың араласуымен бостандық алып, Қазақстанға қайтады.
Петропавл қаласында мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беретін мұғалім болып жұмыс істейді. Көп ұзамай қалалық оқу ісінің меңгерушісі оны саяси себептерге байланысты деген айыппен мұғалімдік қызметтен босатады. 1937 жылы наурызда М.Жұмабаев Алматыға келеді. Аударма ісімен айналысады. 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, 19 наурызда ату жазасына кесілді 
Ресей ІІМ-нің Ерекше Кеңесі 1910 жылы 19 ақпанда Байтұрсынұлын қазақ облыстарынан тыс жерге жер аудару жөнінде шешім қабылдады. Осы шешімге сәйкес Байтұрсынұлы Орынборға 1910 жылы 9 наурызда келіп, 1917 жылдың соңына дейін сонда тұрды. Байтұрсынұлы өмірінің Орынбор кезеңі оның қоғамдық-саяси қызметінің аса құнарлы шағы болды. Ол осы қалада 1913–1918 жылы өзінің ең жақын сенімді достары Ә.Бөкейхан, М.Дулатұлымен бірігіп, сондай-ақ қалың қазақ зиялыларының қолдауына сүйеніп, тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетін шығарып тұрды. Газет қазақ халқын өнер, білімді игеруге шақырды.
Байтұрсынұлының Орынбордағы өмірі мен қызметі Ресей үкіметінің қатаң жандармдық бақылауында болды. Ол «Қазаққа» жабылған негізсіз жала салдарынан абақтыға отырып шықты. Байтұрсынұлы 1917 жылы рев. өзгерістер арнасында өмірге келіп, қазақ тарихында терең із қалдырған Қазақ съездері мен Қазақ комитеттері сияқты тарихи құбылыстың қалың ортасында жүрді, оларға тікелей араласып, «Қазақ газеті» арқылы саяси теориялық бағыт-бағдар беріп отырды.
Байтұрсынұлы Алаш партиясы бағдарламасын даярлаған шағын топтың құрамында болды. Байтұрсынұлы пен Дулатұлы қазақ арасында бұрыннан келе жатқан ру – жүзаралық алауыздыққа байланысты Алаш Орда үкіметінің құрамына саналы түрде енбей қалды, бірақ олардың қазақ ұлттық мемлекеттік идеясын жасаушы топтың ішінде болғандығын замандастары жақсы біліп, мойындады.
Алаш Орда құрамын бекіткен 2-жалпықазақ съезі Оқу-ағарту комиссиясын құрып, оның төрағасы етіп Байтұрсынұлын бекітті. 1919 жылы наурызға дейін Алашорда үкіметінің Торғай облысы бөлімінің мүшесі болды. Байтұрсынұлы 1919 жылы наурызда Алашорда үкіметі атынан Мәскеуге Кеңес үкіметімен келіссөзге аттанды, осы жылғы шілдеде РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі мен Қазақ әскери-революциялық комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Байтұрсынұлының ықпалымен сәуірде Алашорда басшылары мен мүшелеріне Кеңес үкіметінің кешірімі жарияланды. Байтұрсынұлы бұл тарихи кезеңде «патшалардың төрінде отырғаннан, социалистердің босағасында өлгенім артық» деген пікірде болды (ҚР ҰҚК архиві, 78754-іс, 6-т., 44-п). 1920 жылы В.И.Ленинге үкіметінің Қазақстанды басқару ісіндегі алғашқы қадамын қатал сынға алған хатын жолдады. Қазревком мүшесі ретінде Қазақстанның Ресеймен шекарасының қалыптасу ісіне белсенді түрде араласты.
1933 жылы мамырда денсаулығы нашарлап кетуіне байланысты қалған мерзімді Батыс Сібірде айдауда жүрген отбасымен (әйелі мен қызы) бірге өткізуге рұқсат беріледі. 1934 жылы М.Горькийдің жұбайы Е.П.Пешкованың көмегімен Байтұрсынұлы отбасымен мерзімінен бұрын босатылып, Алматыға оралады. Бұл жерде тұрақты жұмысқа қабылданбай, түрлі мекемелерде қысқа мерзімдік қызметтер атқарады. 1937 жылы 8 тамызда тағы да қамауға алынып, екі айдан соң, яғни 8 желтоқсанда атылды. Тұтас буынның төл басы болған Байтұрсынұлының алғашқы кітабы – «Қырық мысал» 1909 жылы жарық көрді. Ол бұл еңбегінде Ресей отаршыларының зорлық-зомбылығын, елдің тұралаған халін жұмбақтап, тұспалдап жеткізді. Байтұрсынұлы мысал жанрының қызықты формасы, ұғымды идеясы, уытты тілі арқылы әлеум. сананың оянуына ықпал етті. Ақынның азаматтық арман-мақсаты, ой-толғамдары кестеленген өлеңдері «Маса» деген атпен жеке кітап болып жарық көрді (1911). «Масаның» негізгі идеялық қазығы – жұртшылықты оқуға, өнер-білімге шақыру, мәдениетті уағыздау, еңбек етуге үндеу болатын. Ақын халықты қараңғылық, енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерден арылтуға тырысты. Абайдың ағартушылық, сыншылдық дәстүрін жаңарта отырып, Байтұрсынұлы 20 ғ. басындағы қазақ әдебиетін төңкерісшіл-демократтық дәрежеге дейін көтерді. Сондай-ақ Байтұрсынұлы қазақ тіліне А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, Ф.Вольтер, С.Я.Надсон өлеңдерін аударды. Бұл аудармалар Байтұрсыновтың тақырыпты, идеялық-көркемдік деңгейі жоғары туындылар. Ел тағдырының келешегіне алаңдаулы ақын көп қырлы ісімен, даналық саясатымен қазақ жастарының рухани көсемі болды.
Елшіл Мұхамеджан XX ғасырдың 10 жылдары Орынборда шығып түрған «Қазақ» газеті төңірегіндегілермен де араласып-хабарласып тұрады. Аталған газетте публицистің «Соғысушы патшалар әскері», «Сүңгуір қайық», «Темір жол һәм Еуропа соғысы», «Соғыс кемелері һәм мина», «Барлыбек Сыртанов», «Садуақас Шалымбеков» т.б. мақалалары жарық көреді.
М.Тынышбаевтың саясат сахнасында аса күрескерлік танытқан уақыты - 1916-1917 жылдар. 1916 жыл оқиғасы тұсында ол «Қазақ» тобында болды. Сол себепті де Қытайға кетуге мәжбүр болған қандастарын елге қайтару жұмысының жуан ортасында жүрді. Мұхамеджан анықтаған мына дерек кісіні селт еткізбей қоймайды: Жетісуға қатысты 44 болыс елде 47 мың 759 түтін болған, соның 40 мың 250 түтіні қашып-босқан, ал өлген адамның саны 95200 . Бұл да алапат қырғын еді.
1917 жылы сәуірде Уақытша үкімет М.Тынышбаев пен О.А. Шкапскийді Жетісу облысындағы комиссарлар етіп тағайындайды. Түркістан автономиясы 1917 жылы қараша айының соңында Қоқан қаласында жарияланғанда, қайраткер осы автономия үкіметінің төрағасы (премьер-министр) болып сайланды. Алайда Қоқанда құрылған Түркістан автономиясы бірер ай ғана өмір сүріп, большевиктер тарапынан аяусыз жанышталды. Алаш партиясы құрылатын бірінші жалпықазақ сиезіне де, Алаш автономиясы жарияланатын екінші жалпықазақ сиезіне де Жетісу облысы атынан қатынасты. Соңғысында ол Ұлт кеңесі (Алаш Орда) құрамына кірді.
Күрделі кезеңде түрлі саяси-мемлекеттік жүйеде қилы жауапты іс жасаған қайраткердің ұлтқа болысқан еңбегі нәтижесіз емес еді. Мұхамеджанның орасан жұмысын былайша топтап-таразылауға болады:

  1. саяси қайраткер ретінде құқы аяққа тапталған ұлтының теңдігі жолында дәйекті іс атқарды;

  2. маман-теміржол инженері ретінде төңкеріске дейін де, одан кейін де шойын жолды салуда ұлт мүддесін бірінші кезекке қойды;

  3. публицист ретінде орыс тілінде шыққан мақалаларында Петербордың зиялы қауымына патша шенсуніктерінің әділетсіздігін жеткізсе, қазақ тіліндегі мақалаларында қандастарына теңдік алудың жөн-жобасын көрсетті;

  4. тарихшы ретінде қазақ елінің көне дәуірден бүгінге дейінгі шынайы тарихын жасаудың батыл бағыттарын іс жүзінде анықтап берді.

8.Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы халықтың ерен еңбегі


Ұлы Отан соғысы майдандарында Кеңес Қарулы Күштерінің жеңіске жетуіне елде қалған еңбекшілер жанқиярлық еңбегімен үлкен үлес қосты. Соғыстың алғашқы айларынан бастап, Қазақстандағы экономиканы соғыс мүддесіне бейімдеп қайта құру, материалдық және адам ресурстарын қайта бөлу шаралары жүргізілді.
Майдан шебінен көшіп келген кәсіпорындарды орналастыруға республикада 2300 мың шаршы метр өндіріс аудандары босатылды. Кәсіпорындармен бірге келген адамдарды Қазақстан еңбекшілері жақын бауырындай қабылдап, қамқорлық көрсетіп, тұрғын үймен, басқа да қажет нәрселермен қамтамасыз етті.
Республика өнеркәсібінде 1940 жылы 158 мың адам жұмыс істесе, 1945 жылы 255 мың жұмысшыға дейін жетті. Олар соғыс жылдарындағы қысылтаяң кездің қиындықтарын жеңе отырып, еңбекте жаппай ерлік көрсетті. Қазақстанды майданның сенімді тірегіне, елдің ең негізгі әскери-өнеркәсіп ошағына айналдырды. Мұның өзі жалпы одақтық экономиканың, өндірістің бар саласында да, сол сияқты жаңадан құрылған саласында да, оның үлесін арттыруды талап етті. Оған Батыс аудандардан көшіріліп келген 220-дан астам кәсіпорындарды қатарға қосудың үлкен маңызы болды. Қазақстанда 1943 жылы қорғаныстық маңызы бар ондаған кәсіпорындар іске қосылды, бұрыннан істеп тұрған кәсіпорындар өнім өндіруді арттырды. Мәселен, сол жылы республикадағы қара металлургия өндірісінің тұңғышы Ақтөбе ферросплав зауыты іске қосылып, өнім шығара бастады. Ақтөбе химия комбинаты бор, фосфор қышқылдарын, сода шығаруды жолға қойды. Шымкент дәрі-дәрмек жасау зауыты шөптен дәрі жасауды игерді. Теміртауда Қарағанды металлургия комбинатын салу қолға алынды. Машина жасау зауыттары Алматыда, Шымкентте, Қарағандыда іске қосылды. Жаңа рудниктер мен байыту фабрикалары салынып, мыс, қалайы, күміс, алтын шығару артты. Балқаш, Қарсақпай мыс қорыту зауыттары күшейді. Түсті металл шығару өсті. Тамақ өнеркәсібінің: Шымкентте жеміс-жидек консерві комбинаты, Алматы, Қарағандыда кондитер фабрикалары, Петропавлда темекі фабрикасы пайдалануға берілді.
1941 жылы темір жолда әскери жағдай енгізіліп, әскер тәртібіне көшу темір жол арқылы жүк, шикізат тасуды жақсартты. Ескі жолдарда поездардың өтуі жиіледі. Ақмола-Қарталы жол бөлігі іске қосылды. Темір жолдағы жұмыстың көбін әйелдер атқарды. Олар теміржолшылардың 35 пайызын қамтыды.
1944 жылы Текелідегі қорғасын-мыс комбинатының бірінші кезегі, Өскемен мыс зауыты іске қосылды. Республикада қара металлургия, мүнай өңдеу өнеркәсібі қалыптасты. Ертісте халықтық құрьілыс Өскемен ГЭС-І салынып бітті.
Бұл жылдарда Қарағанды көміршілері Сібір, Орал, Поволжье өнеркәсіп аудандарын жоғары сапалы кокстелген көмірмен жабдықтап тұрды. Жер астында жұмыс істеген лавалардың саны 1941-1945 жылдары 63-тен 158-ге дейін өсті. 19 жаңа шахта мен 3 көмір разрезі іске қосылды. Шын мәнінде тағы бір жер асты Қарағандысы пайда болды. Соғыс жылдары Қарағанды көмір алқабында 34 млн. тонна көмір шығарылды, бұл соғысқа дейінгі бассейнде шығарылған көмірден 3 млн. тонна артық деген сөз. Мұнай кәсіпшілігінің қуаты артты. Қошқар, Комсомольск, Жолдыбай мұнайшылығы іске қосылды. Соғыстың соңғы үш жылында Қазақстан 2472,2 мын тонна сапалы мұнай өндірді. 1941 жылғы қаңтардан 1945 жылға қаңтарға дейінгі аралықта Қазақстанның электр энергиясын өндірудегі Одақ бойынша үлес салмағы 1,31-ден 2,67 пайызға дейін өсті. Соғыс кезінде барлығы 460 зауыт, фабрика, кеніш, шахта және басқа өндірістер салынды. Өнеркәсіптің өсу қарқыны артуы нәтижесінде оның республикадағы халық шаруашылығындағы үлес салмағы 60 пайыздан 1945 жылы 66 пайызға дейін өсті. Темір жолдың ұзындығы 1940 жылғы 6581 шақырымнан 8400 шақырымға дейін жетті. Руда мен мұнай өнімдерін тасымалдау 4 есе, көмір мен қара металды тасымалдау екі есе артты. Қазақстан өнеркәсібінің соғыс жылдарындағы Жеңіске қосқан үлесі Кеңес халкының ауыр күндердегі сүйеніш, тірегі болғандығын қазақ халқы орынды мақтан етеді.
Қазақстанның колхозшы шаруалары соғыстың жеңіспен аяқталуына қомақты үлес қосты. Село еңбеккерлеріне көмекке қала тұрғындары келді. Республиканың колхоз- совхоздарында жыл сайын 300 мыңға жуық қала халқы еңбек етті. Жау басып алған аудандардан көшіп келген шаруалар еңбекте ерліктің үлгісін көрсетті. Солардың бірі - Батыс Қазақстан облысының Теректі МТС-інде істеген Украинаның атақты тракторшысы Паша Ангелинаның бригадасы. Оның берекелі бастамасы мен тәжірибесі жергілікті механизаторлар тарапынан қызу қолдау тапты. Украинаның даңқты қызылшасысы М. С. Демченко Жамбыл облысы Талас өңірінде қант қызылшасын өңдеу әдістерін өндіріске енгізуде шынайы шеберлік танытты.
Қазақстан еңбекшілері тары өсірудің шебері - Шығанақ Берсиевті, атақты күрішшілер - Ыбырай Жақаев пен Ким Ман Сам сияқты үздік шыққан жаңашылдар мен астықтан мол өнім алудың майталмандары Мұнира Сатыбалдинаны, Анна Дацкованы, Нүрке Алпысбаеваларды және т.б. орынды мақтан етті.
Мал шарушылығы өнімдерін өндіру мен қоғамдық мал басының өсу жоспарлары ойдағыдай орындалып отырды. Қоғамдық мал басы Республикада соғыс жылдарында 3 млн. басқа жуық өсті. Қазақстанның колхоздары мен совхоздары бұл тұста соғыстан бұрыңғы бес жылмен салыстырғанда астықты - 30,8 млн. пұт, етті - 15,8 млн. пұт, картоп пен жемісті - 14,4 млн. пұт, сүтті - 3194 мың центнер, жүнді - 17,7 мың центнер артық берді. 1944 жылы Бүкілодақтық еңбек жарысында мал шаруашылығын өркендетудегі орасан зор табыстары үшін Батыс Қазақстан облысының Жанақала, Гурьев облысының Қызылқоға аудандары КСРО Қорғаныс комитетінің ауыспалы Қызыл Туын жеңіп алды. Жалпы соғыс кезінде Қазақстанның ауыл-село еңбеккерлері өздерінің патриоттық және еңбек парыздарын айтарлықтай өтеді. 1941-1945 жж. олар майдан мен елге 5829 мың тонна астық, 734 мың тонна ет және басқа да азық-түлік, өнеркәсіп үшін шикізат берді.
Жауды женуге республиканың оқыған зиялылары да өздерінің үлкен үлесін қосты. Олардың қатары еліміздің батыс аудандарынан уақытша көшіп келіп паналаған ғалым, жазушы, әртіс, ұстаз, дәрігерлермен т. б. толықтырылды.
Еліміздің шығыс аудандары мен Қазақстанның халық шаруашылығының түбегейлі мәселелерін зерттеп, соның негізінде жасалынған ұсыныстарды іске асыруға академик В. Л. Комаров бастаған КСРО ғылым Академиясының Қазақ бөлімшесі Президумының төрағасы, көрнекті ғалым Қ. И. Сәтбаев басқарған республиканың жүзден аса ғалымдары қатысты. Олар қазба байлықтың көптеген жаңа орындарын ашты, олардың майдан мүддесі үшін тез игерілуіне үлес қосты.
Ғалымдар, жоғары оқу орыңдарының ұстаздары, мектеп мүғалімдері және тағы басқалары халық арасындағы идеялық-тәрбие беру саласында үлкен жұмыс жүргізді. Денсаулық сақтау қызметкерлері қажырлылықпен еңбек етті. Соның арқасында емханаларда емделуде болған жаралы жауынгерлердің жетпіс пайыздан астамы қайтадан қатарға қосылды. Соғыс кезінде 118 техникумнан 92-сі сақталды, онда оқитын оқушылар саны тек 389 адамға ғана қысқарды. 1941 ж. дейінгі 20 жоғары оқу орнына жаңадан төртеуі қосылды. Оларда оқитын студенттердің саны 10,4 мыңнан 15 мыңға дейін өсті.
Осындай қиын-қыстау күндерде қазақ совет әдебиетін дамытуға үлкен көңіл бөлінді. Соғыс кезінде А. Толстой айткандай, Кеңес поэзиясының алыбы Жамбылдың өлеңдері Отан қорғауға шақырған қаһарлы дабыл іспеттес болды. Оның "Ленинградтық өрендерім" атты өлеңінің өнегелік те, тәрбиелік те мәні зор еді. Майдангер ақын Қ. Аманжолов "Жеңістің, дауыл мен оттың жыршысымын" деп орынды айтты. Н, Тихонов айтқандай, оның "Абдолла" поэмасы қазақ поэзиясының інжу-маржанына айналды. Партизан шоғырының комиссары Ж. С. Саинның шығармаларын есімі естен кетпейтін Назым Хикмет "Кеңес Одағының барлық халықтарының мызғымас достығының белгісі" деп атады. М. Әуезовтің соғыс кезінде "Абай" эпопеясының бірінші кітабын жазуы қазақ әдебиетінің әлемдік аренаға шығуына жол салды. Қазақ әдебиетімен бірге қазақ өнері де дамыды. Соғыстың алғашқы үш жылы ішінде Қазақстан өнер шеберлері өздері қамқорлыққа алған ұжымдарда 20 мың спектакль мен концерттер көрсетті, олардың ішінде мыңнан астам концерт майдан шебінде берілді.
Республика еңбекшілері өздерінің жеке жинағынан майдан қорына 4,7 млрд. сом ақша берді. Сонымен қатар олар майдангерлерге 2 млн.-нан аса жылы киім, 1600 вагон сыйлық жөнелтті. Республика еңбекшілерінің өздерінің жеке қаражаттарына "Қазақстан комсомолы", "Түрксибші", "Қарағанды шахтері", "Қазақстан мұнайшысы", "Қазақстан металлургі", "Қазақстан пионері" атты авиаэскадриялар жасақталды. Ол үшін 480 млн. сом қаржы жиналды.
Республика еңбекшілері Ленинградты (қазіргі Санкт-Петербург) қорғаушыларға 400 вагон сыйлық жөнелтіп, жаудан тазартылған аудандардан көмегін аяған жоқ. Орел облысын қамқорлыққа алып, оларға 200 вагоннан аса жабдық, ауыл шаруашылығы машиналарын, азық-түлік, тұрмыстық заттар және 100 мың бас мал жөнелтті. Осындай көмек Украина мен Белоруссияға, Солтүстік Кавказға және Ленинград, Курск, Калинин облыстарына көрсетілді.
Мұның барлығы майдан мен тылдың бірлігін, халықтар достығын нығайтуға үлкен әсерін тигізді. Қазақстан еңбеккерлерінің майданға көмегі қызыл әскерлердің жағдайын жақсартып, олардың жауынгерлік рухын көтерді, Қызыл Армия бөлімдерінің жауды талқандау үшін мүмкін болған нәрсенің, бәрін істеуге жігерлендірді. Сөйтіп, Қазақстан соғыстың алғашқы күнінен бастап-ақ Кеңестер Одағы арсеналдарының біріне айналды, оның экономикалық тіректерінің бірі болды.
9. Ядролық қарусыз әлем және Қазақстан
Қазақстан өз таңдауы негізінде жаһанда алғашқы болып ядролық сынақтарға түбегейлі тыйым салу шарасын жүзеге асырғаннан кейін БҰҰ-ның шешімімен ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартқа қол қоюға жол ашылды. Оған Қазақстан алдыңғылар қатарында қол қойды. Келісімге қосылған 180-нен астам мемлекеттің 160-қа жуығы бұл құжатты ратификациялады. Бұл жағдаяттар Елбасы Жарлығының аса маңызды ықпалын айғақтай түседі.
2021 жылғы 29 тамызда бүкіл әлемдік қоғамдастықтың даму тарихындағы әрі жаһандық антиядролық қозғалыстағы маңызды оқиға – Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына 30 жыл толады.
Семей ядролық полигонында 456 ядролық сынақ жүргізілді, одан бір жарым миллионнан астам адам зардап шекті. 1991 жылғы 29 тамызда Қазақ КСР Президенті Н.Ә. Назарбаев «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлыққа қол қойды.
Қазақстанды ядролық полигонды жабу жөніндегі теңдессіз шешімі үшін әлем мойындады. Қазақстанның бітімгершілік үлгісі 2009 жылғы 2 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясын 29 тамызды «Халықаралық Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні» деп жариялауға септігін тигізді.
Қазақстанның ядролық держава мәртебесінен ерікті түрде бас тарту туралы шешімі мемлекетаралық қатынастарды құрудағы теңдессіз және мүлдем жаңа қадам болды. Қазақстан әлемдегі төртінші ядролық әлеуеттен өз еркімен бас тартып, өзінің аумағында ядролық полигондардың жабылуына қол жеткізген және оған барлық адамзатты шақырған әлемдегі алғашқы ел болды.
10. Алаш қозғалысы ұлттық мемлекеттілік үшін күресінің басталуы.
Алаш ұлт-азаттық қозғалысының Тәуелсіздік үшін күресі ең бірінші «ұлттық рухымыздың негізі – ұлттық тілдің» (М.Шоқай) бостандығынан басталған еді. Өйткені патшалық Ресей тарихы ғасырларға кететін, өзінің әдет-ғұрпы, салт-санасы жөнінен ешкімнен кем емес қазақты «бұратана» санап, оның тілін, ділі мен дінін жою үшін барын салды. Ана тіліміздің айдарынан кеңестік кезеңде де жел есе қойған жоқ. Сондықтан да егемендіктің елең-алаңында еліміздің шынайы ұлтшыл азаматтары ең бірінші тіліміз үшін күресті, 1989 жылғы Қазақ КСР Жоғары Кеңесінде оның мемлекеттік мәртебесі туралы сөз тасқа басылды. 1995 жылғы Ата Заңда да солай жазылды. 1997 жылғы «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заң қабылданды. Алайда қайта құрудан басталған тіл үшін күрес, ұлттық рух егемендікке жету мен тәуелсіздік алудан әрі аса алмады. Ең өкініштісі – патшалық Ресейдің отарлық, кеңес өкіметінің тоталитарлық саясаты кезінде мемлекетіміздің де, ұлтымыздың да толыққанды қалыптаса алмағандығынан сан жылдар тілдік кеңістікте қордаланған қиындықтар мен қайшылықтарды жою бағытында саяси-құқықтық қадам көп жасалмады.
Ұлттық ойлау жүйесін дұрыс қалып­тастырып, тілдің тұғыры болып саналатын ұлттық тілді жетік білгенде ғана адам баласы басқа тілдердің құнын толық түсіне алады. Мыңға тарта еңбегі он тілде жарық көрген, шетелде жүргеніне он бес жылдан асқанда, яғни 1936 жылы Түркістан жастарының алдында Мұстафа Шоқайдың радиодан сөйлеген сөзінің құдіретті күшіне таңғалмау мүмкін емес. Ол – ұлы тұлғаның кіндік қаны тамған жеріне, туған халқына деген махаббат жалыны болатын.
Ә.Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов жетекшілігімен ұлттық зиялылар ұлт азаттығы үшін саяси күрес жолдарын меңгере бастады. Олар түрлі қозғалыстарға қатысып, үгіт-насихат жұмыстары үшін газеттер, кітаптар шығаруды жолға қойды. 1911 жылдан «Айқап» журналы, 1913 жылдан «Қазақ», артынша «Бірлік туы», «Сарыарқа», «Ақжол» газеттері ұлт-азаттық күрес жолын айқындауға қызмет етті. Алаш қозғалысы- қазақ елінің өзін- өзі басқару және біртіндеп дербес мемлекет құру, қазақ жерлеріне қоныс аударуға шек қою, адам құқын қадір тұту, экономиканы дамыту, қазақ тілінің беделін арттыру жолындағы күресті басты мақсат етті. Алаш қозғалысы арқасында 1917 жылы қазақ комитеттері, Түркістан автономиясы және Алашорда үкіметі құрылды. 1917 жылыпайда болған бұл саяси құрылымдар большевиктер тарапынан күшпен таратылды. Алаш қозғалысының барлық жақтаушылары қуған-сүргінге ұшыратылып, өлім жазасына кесілді. Бірақ Алаш қозғалысынан басталған ұлт-азаттық қозғалыс күштері саяси күрес сахнасынан бірден кете қойған жоқ. Одан кейін ұлт-азаттық жаңа сипатта Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов, С.Спандияров, С.Қожанов, Ж.Мыңбаев сынды зиялылар қызметінде жалғасын тапты. Алайда тоталитарлық билік оларды Алаш қозғалысы ізбасарлары ретінде жаппай жазалады. Сөйтіп, Бірінші орыс төңкерісінен бастау алатын Алаш ұлт-азаттық қозғалысы 30-жылдарға дейін жалғасты.
11. 1924 жылы Ұлттық территориялық мәжелену саясаты және Қазақ жерінің жаңадан белгіленуі.
ХХ ғасырдың басында қазақ жеріндегі мемлекеттілік үшін күрес күрделі сипат алды. В.И.Лениннің идеясы бойынша басталған Орта Азиядағы ұлттық-мемлекеттік межелеуге қазақ саяси басшылығының көзқарастары үйлесе бермеді. Мәселен Мұстафа Шоқайдың «Тұтас Түркістан» идеясы Орта Азиядағы түркі мемлекеттерін біріктіруге арналған еді. Бірақ Кеңестік билік Мұстафаның бұл идеясынан өлердей қорықты. «Мұндағы саяси тіршілікке сын көзін қадап отырған М.Шоқайдың түрлі мысалмен дәлелдеп қорытқанындай большевизм « Түркістанда ұлттық тұтастық пен ұлттық мемлекеттің құрылуынан өлердей қорқады. Сондықтан қайткен күнде де мұндай тұтастықты болдырмауға тырысады». Тұтастықты бұзудың жалпытүркілік тұтастықты сезіну беретін қуатты әлсіреудің төте жолы — Орта Азиядан алдымен Қазақстанды оның Орта Азиялық бөлігімен қоса бір бөліп алу, сөйтіп бауырлас халықтардан қазақтарды ажыратып алшақтатып жіберу» /4/.
Тұрар Рысқұловтың да идеясы  осы сипатта еді. Ол Түркістан Республикасын құру үшін талмай күресті. Осыған байланысты Т.Рысқұловты 1924 жылдың аяғына таман Монғолияға елші етіп ауыстырды.  «Түркістан Республикасы Кеңестерінің ХІІ  съезі Орта Азияда ұлттық-мемлекеттік межелеу саясаты іс жүзіне асырыла бастаған кезде өтті. 1923 жылдың соңына таман бұл бағыттағы шаралар тұрақты  сипат ала  бастаған еді. РКП (б) Орталық Комитетінің алдында  Орта Азияның үш республикасының аумағын қайта межелеп, жеке-жеке ұлттық республикаға  жіктеу міндеті тұрды. Ал РКП (б) Орта Комитеті Т.Рысқұловты  бұл процеске қарсы  тұрған адам деп санады, сондықтан да оны межелеу саясаты  толық қарқынмен басталғанға  дейін республикадан тысқары алып кетуге тырысты. ХІІ  съезд аяқталысымен-ақ РКП (б) Орталық Комитеті  бұл іске  шұғыл кіріскені белгілі.  1924 жылы 24 және 31 қаңтар, 4-14 ақпан  күндері бұл мәселе РКП (б) Орталық Комитетінде  үсті-үстіне талқыланды. Талқылауға С.И.Гусев, М.И.Калинин, В.В.Куйбышев, И.М.Межлаук, Я.Э.Рудзутак, И.В.Сталин, Г.В.Чичерин және басқа да  көптеген  адамдар қатысты. Сондықтан да Т.Рысқұловтың Түркістан Республикасынан өтуі РКП (б) Орталық Комитетінің саясатының  нәтижесі деп түсіну қажет 
1924 жылғы ақпандағы мәлімет бойынша осы екі облыстың межелеу  кезінде Қазақстанға өтетін жер көлемі 602713 кв версті құрды. Бұл аумақ Орта Азиядағы жаңа республикалар  аумағынан әлдеқайда көп.
12. 1917 жылы Қазан төңкерілісі және оның Қазақстанның қоғамдық саяси өміріне әсері.
1917 ж. 24 қазанда (6 қарашада) Петроградта қарулы көтеріліс басталды. Келесі күні көтерілісшілер қаланың ең маңызды объектілерін басып алды. 1917 ж. 25 қазанда (7 қарашада) Әскери-революциялық комитет Уақытша үкіметтің билігінің жойылғандығын жариялады. Осылайша Қазан төңкерісі жеңіске жетті.
Қазан қарулы көтерілісінің Петроградта жеңіске жетуі, сондай-ақ Қазақстанмен іргелес Ташкент, Омбы,Орынбор, Астрахань тәрізді ірі қалаларда Кеңес өкіметінің орнауы Қазақстанда да биліктің  Кеңестердің қолына өтуіне ықпал етті. Алайда Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату төрт айға, 1917 ж. соңынан 1918 ж. наурызына дейін созылды. Бұл процесс аймақтың әлеуметтік–экономикалық және мәдени баяу дамуымен, ұлтаралық қатынастардың күрделілігімен, жұмысшылар мен большевиктік ұйымдардың аздығымен шиеленісе түсті. Кеңес өкіметінің Қазақстанда орнауына Ленин бастаған большевиктердің халыққа бейбітшілік, жұмысшыларға зауыт пен фабрика, шаруаларға жер, ұлттар мен ұлыстарға теңдік пен бостандық  беру жөніндегі уәдесі өз септігін тигізді. Кеңес үкіметін орнатуға Орал, Жетісу, Сібір, Орынбор казак әскерлері мен құлаған Уақытша үкіметтің жақтастарының табанды қарсылық көрсетуі жағдайды одан әрі шиеленістіре түсті.
Уақытша үкіметтің  халық күткен аграрлық мәселені шеше алмауы, езілген халықтарға өзін-өзі билеуі немесе автономия алу мәселесін күн тәртібіне қоюға тырыспауы, жұмысшыларға 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу сияқты көкейкесті мәселелерді шешпеуі халық наразылығын одан әрі күшейтті. 1917 ж. жазының соңы мен күзінің бас кезінде бүкіл Ресейдің жер-жерінде бұқараның Уақытша үкіметке деген қарсылығы өсе түсті. Бұл Кеңестердегі большевиктердің ықпалының артуына жағдай жасады. Ал Корнилов бүлігінің талқандалуы большевиктер беделін біржола көтерді. Осындай жағдайда большевиктер партиясы 1917 жылғы шілде оқиғасынан кейін алынып тасталған “Барлық билік Кеңестерге берілсін”  деген ұранды қайта көтерді. Енді бұл ұран қарулы көтеріліске, Уақытша үкіметті құлатуға, пролетариат диктатурасын орнатуға бағытталды.
1917 ж. 24 қазанда (6 қарашада) Петроградта қарулы көтеріліс басталды. Келесі күні көтерілісшілер қаланың ең маңызды объектілерін басып алды. 1917 ж. 25 қазанда (7 қарашада) Әскери-революциялық комитет Уақытша үкіметтің билігінің жойылғандығын жариялады. Осылайша Қазан төңкерісі жеңіске жетті.
Қазан қарулы көтерілісінің Петроградта жеңіске жетуі, сондай-ақ Қазақстанмен іргелес Ташкент, Омбы,Орынбор, Астрахань тәрізді ірі қалаларда Кеңес өкіметінің орнауы Қазақстанда да биліктің  Кеңестердің қолына өтуіне ықпал етті. Алайда Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату төрт айға, 1917 ж. соңынан 1918 ж. наурызына дейін созылды. Бұл процесс аймақтың әлеуметтік–экономикалық және мәдени баяу дамуымен, ұлтаралық қатынастардың күрделілігімен, жұмысшылар мен большевиктік ұйымдардың аздығымен шиеленісе түсті. Кеңес өкіметінің Қазақстанда орнауына Ленин бастаған большевиктердің халыққа бейбітшілік, жұмысшыларға зауыт пен фабрика, шаруаларға жер, ұлттар мен ұлыстарға теңдік пен бостандық  беру жөніндегі уәдесі өз септігін тигізді. Кеңес үкіметін орнатуға Орал, Жетісу, Сібір, Орынбор казак әскерлері мен құлаған Уақытша үкіметтің жақтастарының табанды қарсылық көрсетуі жағдайды одан әрі шиеленістіре түсті.
Кеңес өкіметі Уақытша үкіметтің жақтастары қарулы қарсылық көрсете алмаған Сырдария, Ақмола облыстары және Бөкей Ордасында бейбіт жолмен орнады. Ал, Торғай, Орал, Орынбор, Семей және Жетісу облыстарында Кеңес өкіметін орнату үшін қиян-кескі күрес болды. Облыстық орталықтар мен уездік қалаларда кеңес өкіметі қызыл гвардиялық отрядтардың және жергілікті горнизондар солдаттарының қарулы көтерілісі арқылы орнады. Перовск (Қызылорда) жұмысшылары мен солдаттары өкімет билігін 1917 ж. 30 қазанда (12 қараша) өз қолына алды. Ташкентте Кеңес үкіметі 1917 жылы 1 қарашада кескілескен ұрыс нәтижесінде орнады. Ал 1917 жылдың қараша айының орта кезінде Кеңес өкіметі Черняев (Шымкент) қаласында жеңді. Қараша-желтоқсан айларында Кеңес өкіметі Әулиетада, Түркістанда, Қазалыда, Арал поселкісінде және облыстың басқа да ірі елді мекендерінде бейбіт жолмен орнады. Көкшетау, Павлодар, Атбасар, Өскемен уездерінде казак-орыс әскерлерінің басым болуынан Кеңес өкіметі үшін күрес біраз қиындыққа кездесті. Кеңес өкіметі 1918 ж. наурыз айында Жаркентте, Сергиопольде (Аягөзде), Талдықорғанда, сәуірдің бас кезінде Лепсіде орнады.
1917 ж. соңы мен 1918 ж. наурызы аралығында Кеңес өкіметі Қазақстанда негізінен қалалар мен басқа да ірі халық тығыз орналасқан жерлерде орнады. Кеңес өкіметін орнатумен бірге өлкенің шаруашылығы мен мәдениетін қайта құру шаралары қатар жүргізілді. Өнеркәсіп орындарында, мәселен Спасск заводында, Қарағанды шахтасында, Успен кенішінде, Ембі мұнай кәсіпорындарында бақылау қойылып, сондай-ақ банктер мемлекет меншігіне көшірілді. Кеңестердің 2-ші Бүкілресейлік съезінде қабылданған Жер туралы декрет бойынша алғашқы шаралар жүргізіле бастады.
Қазан төңкерісінің алғашқы күндерінен бастап-ақ облыстық және уездік орталықтарда да жұмысшылар мен шаруалардың өкіметін нығайту ісі, ауылдық және селолық Кеңестерді құру ісімен бірге жүргізілді. Алайда ауылдың экономикалық және мәдени жағынан артта қалуынан туындаған қиыншылықтар, әлі де күшті рулық байланыстар қазақ ауылдары мен болыстарында Кеңес өкіметінің органдарын ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарын қиындатты. 1918 жылдың күзінен бастап басқарудағы ала-құлалық жойылып, билік Кеңес атқару комитеттері қолына алына бастады. Сонда да болса, ауыл-селоларда  әлі Кеңестер күш ала алмай жатты. Кеңес өкіметінің нұсқау, жарлықтарын іске асыруға қарсылық күшті болды. Халық азық-түлік тапшылығынан зардап шекті. Кеңес өкіметіне қарсы күштер бас көтерді. Кеңеске қарсы күштердің қарсылығын басу үшін, жергілікті жерлерде өкімет билігін нығайту қажет болды. Кеңес өкіметін нығайту жолындағы күресте облыстық және уездік кеңестер съездері көп роль атқарды. Облыстық, уездік, болыстық  кеңестерде  жер, азық-түлік,  шаруашылық, сот, бақылау, қаржы бөлімдерінің жұмысын жолға қоюға бағытталған шаралар іске асырылды. Кеңестердің жанынан еңбек, ағарту, денсаулық сақтау т.б. бөлімдері ашылды. Кеңес қызметкерлерін даярлайтын курстар жұмыс істей бастады. Осындай төңкерістік шараларды іске асыру барысында, асыра сілтеушілік, солақайлық, теріс әрекеттер орын алып, Кеңес өкіметіне деген сенімсіздік күшейді.
17.Желтоқсан көтерілісі – тәуелсіздікке ұмтылған қазақ жастарының күресі.

1986 жылдың желтоқсанында алаңға шығып, Кеңес билігіне наразылық көрсеткен жастарды да қаһарлы империядан сескендірмеген күш те осы Азаттыққа деген аңсау екені сөзсіз. Шынында да Желтоқсан көтерілісі азаттық таңы ататын күннің жақындап қалғанын сездірген оқиға еді. Желтоқсаннан кейін барып Кеңес елінің түпкір-түпкірінде сан түрлі толқулардың болғаны, ақыры араға 5 жыл салып Қызыл империяның күйрегені баршаға белгілі. Тарихи әділдік пе әлде, кездейсоқтық па?


Желтоқсан көтерілісіне КОКП ОК-нің қаулысымен “қазақ ұлтшылдығының көрінісі” деген баға беріліп, көтеріліске қатысқан азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады. КСРО-ның тоталитарлық, отаршыл саясатына қарсы қазақ жастарының азаттық күресі тарихи маңызы бар үлкен оқиға болғаны сөзсіз.
Желтоқсан көтерілісі ұлттық рухтың қуатын, елдік пен ерліктің мұратын танытқан көтеріліс болды. Желтоқсан оқиғасының шығу себебін еске түсіре кетсек артық болмас. 1986 жылы 16 желтоқсанда небәрі 18 минутта өткен Қазақстан Орталық Комитетінің бесінші Пленумы Діңмұхаммед Ахметұлы Қонаевты «өз еркімен» қызметінен босатып, Қазақстан КП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына республика халқына мүлде таныс емес, қазақ халқы туралы еш хабары жоқ В.Колбиннің «сайлануы» болды. Ертеңіне 17 желтоқсан күні орталық алаңға лек-легімен ағылған жастар тобы бейбіт шеру арқылы Орталықтың кадр саясатын дұрыс жүргізбей отырғандығына наразылық білдірді. «Қазақстанға қазақ басшы!», «Әр халыққа-өз көсемі!», «Ешбір халыққа артықшылық берілмесін!» деген ұранмен, «Менің Қазақстаным» әнін айтып алаңға шықты. Ұлт саясатын дұрыс жүргізуді, ұлттық тіл мәдениеттің дамуына қамқорлық жасауды, ұлттық саяси қайраткерлердің басшылық орындарында лайықты лауазымға ие болуына назар аударуды талап етті. Жастар өздерін толғандырып жүрген мәселелерді айтып қалуға тырысты.
Бірақ 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Брежнев алаңындағы қазақ жастарының бейбіт шеруінің қанды оқиғаға айналды. Оларға «Ұлтшыл, маскүнем» деген кінә тағылды. Алаңдағы жастарды тоқтату үшін Алматы қызметкерлеріне көмекке милиция қызметкерлері: Фрунзеден 100, Ташкенттен 300, Челябіден 203, Новосибирскіден 203, Свердловскіден 225, Тбилисиден 450 адам тартылған. Жастарға қарсы «Бұрқасын-86» жоспары бойынша іс-шаралар жасалынған. Жастарға өрт сөндіру машиналарымен суық сумен атқылаумен тоқталмай адамдарға қарсы арнайы дайындықтан өткен иттерді салып қойған. Жалпы шеруде 8500 адам ұсталған. Көбі студент жастар.
Манаш Қозыбаев 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісін сырлы құбылыс деп бағаласа, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Ғасырлар тоғысында» атты еңбегінде: «1986 жылғы желтоқсан оқиғалары қазақ жастарының сана-сезімінің қаншалықты өскендігін көрсетеді. Олар 100 жылға жуық уақыт бойы халықты казармалық тәртіпте ұстап келген тоталитарлық жүйенің алдында бірінші болып айылдарын жиған жоқ. Жастар бұдан әрі кез-келген ұлтқа тән ұлттық мақтаныш сезімін қорлауға жол бермейтінін өз халқының атынан ашық мәлімдеді» — деп бағалайды.
Қазақтың көрнекті жазушысы, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов «Желтоқсан эпопеясы» атты деректі романының бірінші кітабында 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне баға берді. Алматыда ұлтшыл элементтер араңдатып салған оқушылар жастар тобы көшелерге шығып, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің шешіміне наразылық білдіргенін айтады. «Желтоқсан оқиғаларындағы» маңызды мәселелерді есте сақтау қажет дейді. «Ол екі бірдей жергілікті элиталарға (қазақ пен орыс) қарсы тұңғыш жаппай наразылық еді. Демонстранттар жақсы ұйымдасқан еді және өз жетекшілері ұсталғаннан кейін де орындарында қала беруі бағаланды» — деп сипаттайды.
Желтоқсан құбылысын зерттеуге ат салысып келе жатқан көрнекті журналист Т.Данияров: «Желтоқсан феноменін Одақтың құлауына әкелген 1991 жылғы тамызбен үндеседі», — деп санайды. «Желтоқсан ызғары» атты еңбектің авторы жазушы Т.Бейісқұлов желтоқсан қозғалысын «Совет өкіметі тұсында бұрын-сонды кездеспеген құбылыс» деп таныды. 1986 жылдың 16 желтоқсаны қазақ халқы үшін қасіретті әрі қасиетті қос күні – Алматы және Қазақстанның басқа да қалаларында 17 мен 18 күндері болған бодандыққа қарсы жойқын бұлқыныс болып табылады. Өйткені, Қайта құрылу, әділеттілік пен теңдік сөз жүзінде жарияланғанмен, бұл кезде тоқыраудың тоңы құрсап, демократия әлі орыныға қойған жок деп есептейді.
Дегенмен, Желтоқсан көтерілісіне қатысты түйіні шешіле қоймаған әлі бірнеше мәселенің бар екенін атап өту керек. Биыл бұл «оқиғаға» бақандай отыз жыл толады. Әділет салтанат құруы үшін аз уақыт емес. Өкінішке орай, тарихшы ғалымдар тарапынан да, мемлекет тарапынан да әлі күнге өзіне лайықты бағасын алған жоқ. Желтоқсан шындығы әлі күнге «жабулы қазан» күйінде қалып отыр. Бұл не деген сөз? Яғни бұл мәселеде қандай да бір кедергілер бар деген сөз…
Біріншіден, 1986 жылдың жел­тоқ­санында Алматы қаласында болған оқиға әлі күнге толыққанды бағасын алған жоқ. Негізгі қалыптасып қалған ұғым, ол – Желтоқсан оқиғасы. Ал бұл атау сол жылдары ресми бекітілгенін де ұмытпаған жөн. «Желтоқсан оқи­ғасы» деген формулировка совет га­зеттері мен партия құжаттарында су­реттеледі. Кейінгі, ресми құжаттарда да осындай атау бекітілді. Мысалы, КСРО Ком­мунистік Партиясы Орталық ко­митетінің 1990 жылғы 18 мамырдағы қаулысына байланысты қалыптас­тырылғаны өздеріңізге мәлім. Кеңес билігі әу баста Алматыда болған оқиғаларды «қазақ ұлт­шылдығының көріністері» деп ба­ғалады. Орталық Комитеттің қаулысынан соң ғана Алматыда болған жай­ларды «Желтоқсан оқиғасы» деп аталып келеді. Ал шын мәнінде «оқиға» деген не? Негізі Желтоқсан көтерілісіне оқиға деп баға беру қазақтың азаттық жолындағы шешуші әрекеттерінің бірі және бірегейінің бағасын түсіретін сияқты. 2008 жылы жарық көрген Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «оқиғаға»: «Оқиға – болып өткен іс, елеулі құ­былыс» деп баға берілген.
Сол себепті, бі­реуіміз көтеріліс, біреуіміз оқиға деумен келеміз. Енді оқиғаға не себепті «кө­теріліс» деп баға берген дұрыс дегенге тоқталса. Сөз жоқ, бұл жерде ең алдымен бұл ұғымның мәнін ашып алу керек. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «көтеріліс», «ереуіл», «қозғалыс» ұғым­дары да түсіндіріледі.
«Көтеріліс – халық бұқарасының яки белгілі бір көпшілік топтың саяси, әлеуметтік мәні бар құралды күресі, қарулы ереуілі».«Ереуіл – жаппай дүрлігушілік, дүр­мек, екінші мағынасы – саяси, ұйым­дасқан түрде жұмысқа шықпай, бас кө­терген қозғалыс».«Қозғалыс – халықтың жаппай на­разылығы».Егер осы айтылғандардан өрбітсек, қозғалыс болу үшін халық жаппай на­разылық танытуы керек. Ереуіл де солай. Көтеріліс болу үшін қолда құрал, қару-жарақ болуы және ең бастысы, ұйымдастырушы мен басшы керек. Бұл жалпы қалыптасқан әдіс. Алайда, Альберт Эйнштейн институты «азаматтық көтеріліс» немесе «күш қолданбау кө­те­рілісі» деген ұғымдарды енгізді. Мұндай жағдайда көтеріліс жасаушылардың қол­ға қару алуының да қажеті жоқ. Демек, Желтоқсан көтерілісін «Аза­мат­­тық көтеріліс» немесе «Демок­ра­тия­лық қарсы шығу, толқу» деп те айтуға болады. Екіншіден, зерттеушілер мен оқу­лық авторлары да бірізділікке түсуі тиіс. Біз жас ұрпақты отансүйгіш етіп тәр­биелейміз десек, желтоқсан көтерілісіне қатысқан азаматтарды үлгі етеміз десек, алдымен көтеріліске дұрыс және ортақ баға берген абзал. Өкінішке орай, әзірге біз мұндай қадамға бара қойған жоқпыз.Бұдан басқа желтоқсан көтерілісі төңірегіне келгенде әлі де болса самарқаулық пен салғырттыққа жол беріп келе жатқанымыз өтірік емес. Бір оқиғаның баяны, атауы, саны, салмағы әртүрлі кітаптарда әрқилы жазылып келеді. Ол аздай, Желтоқсанның болғанын жоққа шығару, тарихи маңызын бұрмалап, әлсіретіп көрсету сияқты екі ұдай іс-әрекеттер көбейіп кетті. Осы орайда біздің айтарымыз, қазір қазақтың тарихы ұлттық көзқараста жаңаша жазылуы керек деген талап қойылып, ұлттық тұрғыдан бағалау қолға алынып жатқанда, Желтоқсан ұлт-азаттық көтерілісіне байланысты әділетсіз бұрмаланған фактілер мен оқиғаларды қайтадан зердеден өткізіп, жіберілген қателіктер мен кемшіліктерді қайта қарап, түзету енгізіп, сонан соң оның нақты саяси-құқықтық статусын анықтап, тарихи бағасын беру, желтоқсаншылардың мәртебесін анықтау секілді тағы басқа толып жатқан мәселелерде бір мәмілеге тоқталатын уақыт жетті. Олай болса, Желтоқсан-86-ның тарихын зерттеп, зерделеп қайта жазуда, ұлттық дүниетаным тұрғысынан жаңаша бағалауда бірінші кезекте мынадай мәселелер негізге алынып, ескерілуі тиіс.Желтоқсан көтерілісін қорытып, қайта бағалауда бізде туындап отырған негізгі қиыншылық — «Желтоқсан оқиғасының» іргелі ғылыми деңгейде зерттелмей отырғандығы. Әрине, өз беттерінше тиіп-қашып зерттеп, мақалалар жазып жүрген тарихшы-ғалымдар бар, бірақ іргелі монографиялық зерттеулер әлі дүниеге келген жоқ деуге болады. Соның кесірінен Желтоқсанның статусын анықтап, тарихи бағасын беру мәселесінде кешеуілдеп келеміз. Желтоқсан көтерілісінің тарихы іргелі ғылыми нысанға айналуы керек деп мәселе қойып отырғанымыздың себебі де сол. Бұл — кезек күттірмейтін негізгі мәселе.Ол үшін не істеу керек? Желтоқсан құбылысын зерттеп, ұлттық дүниетаным тұрғысынан жаңаша байлам жасап, бағалау үшін оған мемлекет өзі тапсырыс беруі керек. Басқаша түсіндіргенде, тарихшылар мемлекеттік тапсырыспен
Жұмыс істеуі тиіс. Әлемдік тәжірибеде мұның мысалдары жетіп артылады. Мысалы, Германияның, Францияның, Ресейдің тарихын қараңыз, бәрі академиялық тұрғыдан іргелі зерттелген, мемлекеттің тапсырысы негізде қорытылып жазылған. Яғни бұған қаржыны мемлекет бөлуі керек. Кез келген іргелі зерттеудің соңы қаржыға барып тіреледі. Қаржысыз үлкен, іргелі істер аяқталмай қалуы мүмкін. Тіпті, кеңестік кезеңде жазылған, мемлекеттік сыйлыққа ие болған 5 томдық тарихымыз да мемлекеттің қолдауымен дүниеге келген болатын. Бұл — бір.
Екіншіден, таяуда Алаш қозғалысының тарихына байланысты 5 томдық кітап жарық көрді. Авторлардың айтуынша, осы томдықтарды шығару оңай болмаған көрінеді. Кедергілер, қарсылықтар орын алыпты. Соның кесірінен оған көптеген тарихи маңызы бар құжаттар енбей қалса керек. Себебі оған кедергі келтіруші шолақ белсенділер көп болған. Сол сияқты Желтоқсан ақиқатын жазуға, құжаттарды жариялауға кедергі жасаушылардың да аз болмайтыны анық. Міне, осындай кедергілерге тойтарыс беру үшін мемлекеттің қолдауы керек-ақ. Егер бұл мәселеде мемлекет қолдау көрсетпесе, ақиқатты ашуға мүмкіндік жасамаса, зерттеушілерге мұрағатта жатқан құпия құжаттарға қол жеткізу де қиын. Ал, МҚК-нің мұрағатында Желтоқсан көтерілісіне қатысты көптің көзінен тасада жатқан құнды құжаттар мен қағаздар шаш етектен екендігінде күмән жоқ. Осы құпия материалдар зерттеушілердің қолына міндетті түрде түсуі керек. Содан кейін ғана «Желтоқсан оқиғасының» ісі егжей-тегжейлі зерттеледі, қорытылады, бағасы беріледі, ұлттық тарихымыздан өзінің тиісті орнын алады. Қысқасы, билік пен тарихшы ғалымдардың арасында өзара бірлестік, түсіністік, үйлесім болмай, іс оңға баспайды. Ендеше, ұлт тарихының бір іргелі бөлігі ретінде Желтоқсан ұлт-азаттық көтерілісін өз деңгейінде зерттеп, зерделеу үшін осындай мемлекеттік тапсырыс берілуі керек деп есептейміз.
Шын мәнінде, біздер кез келген мәселеге орыстардың көзімен қарап, бағалауға бейімделіп кеткен халықпыз. Бұл көзқарастың қалыптасып кеткені сондай, тіпті қазіргі сыртқы жағдайлар тұрмақ, ішкі мәселеміздің өзіне солтүстік көршіміздің көзімен үңіліп, талдау жасауға ыңғайланып тұрамыз. Неге? Себебі бізде ұлттық көз-қараспен қарап, талдау жасаудың методологиясы мен ғылыми негізі әлі қалыптаспаған. Бұл методология орыс тілінде жазылып, қазақ тілінде жазылмайтындығын білдіреді. Осылайша қазақ қоғамына деген көзқарас орыстілді ақпараттардың негізінде бағаланып, қалыптасады да, нәтижесінде қазақ қоғамына қатысты оңтайлы тұжырым жасалмай келеді. Қалай десек те, бұл мәжбүр сананы егіп, қалыптастырудағы орыс отаршыларының жемісті еңбегі екені даусыз. Қазір осынау құлдық санадан бірден бас тарту оңай болып отырған жоқ. Мысалы, орыс билігі 1986 жылғы Алматы желтоқсанында «ешқандай әскери күш, қару қолданылған жоқ, арандату, қорқыту, үркіту болған жоқ, адам құқы бұзылған жоқ, адам шығыны орын алған жоқ», тек «бұзақы тобырлар» мен «ұлтшыл элементтерді» «жуасыту» үшін талапқа сай амалдар қолданылды» деген сыңайда ойдан құрастырылған ақпараттар таратып, жалған тұжырымдар жасаған. Осындай тұжырым жасалған соң, әлем жұртшылығы арасында сондай кері тұжырым қалыптасты. Өкініштісі, Желтоқсан 86-ны көпшілік әлі күнге дейін осылай ұғынып, осылай бағалайды. Желтоқсан көтерілісі дегенде есте болатын бір нәрсе – әлемді ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстаған КСРО-ның ыдырауына тарихи тұрғыдан негізгі рөл атқарды. Яғни Желтоқсан көтерілісі Кеңес Одағы деп аталатын алып империяның ыдырауын жеделдеткен тарихи көтеріліс. Оны кейін 1991 жылы болған Ыстықкөл саммитінде М.С.Горбачевтің өзі мойындаған. Осы орайда, Желтоқсан құбылысын әлемдік деңгейге көтеріп, жұртшылықтың ниетін оған бұруда америкалық Хельсинки тобының еңбегі ерекше екенін айта кетуіміз керек. Бұл топ Алматы құбылысын «М.С.Горбачев билікке келгелі бері болған халық наразылығының ең бірінші және жойқын көрінісі», — деп, алғашқылардың бірі болып таныды. Сөйтіп, олар көтерілісті «тек Қазақстан ғана емес, бүкіл одақ көлеміндегі ірі тарихи құбылыс» деп атап көрсетіп, «бұл жаңа кезеңнің басталуы» деген баға беріп, мойындаған. Осылайша, Алматы желтоқсанының жаңғырығы Сумгайт, Баку, Тбилиси, Вильнюс құбылыстарына жалғанып, одақ желтоқсанына ұласты. Тіпті, республикалар ауқымынан шығып, еуразиялық сипат алды. Оның әсері әлемдік «Варшава блогына» кіретін социалистік елдердің бұдан былайғы жерде өздерінің саяси-экономикалық, әлеуметтік, ұлтаралық, сондай-ақ, шекаралық ахуалын қайта қарауына, бағалауына орасан ықпал жасады. Оның аяғы әлемдік социалистік формацияның түпкілікті күйреуіне алып келді. Бірақ, бір өкінішті жағдай, біздер Қазақстандағы Желтоқсан көтерілісінің байыбына бармай, ақиқатын ас беріп, шапан кигізу арқылы «шешіп» жүргенімізде, ЮНЕСКО 25 жылда бір шығаратын «Дүниежүзілік тарих» деп аталатын анықтамалықта: «КСРО-ның тоталитарлық жүйесіне тұңғыш рет қарсы шыққан демократиялық үрдістер Тбилиси мен Вильнюста бастау алған» деп жазып қойыпты. Бұған не деуге болады? Мұны қазақы жайбасарлық дейміз бе, әлде бейғамдық, немқұрайлық дейміз бе? Бәлкім, оның басқа сыры бар шығар? Қайткенде де ол жағы бізге беймәлім. Бізге мәлімі, шын мәнінде, КСРО-ның құлауына тұңғыш рет алғышарт жасаған Алматы желтоқсаны болатын. Мұны әлемдегі қоғамтанушы-ғалымдардың бәрі бірауыздан мойындайды. Ендеше, «Кеңестік әміршіл-әкімшіл жүйеге тұңғыш демократиялық қарсылық 1986 жылы желтоқсанда Қазақ елінде, Алматы қаласында басталды» деп түзетіп жазуға күш салуымыз керек. Жазғанда, «әміршіл-әкімшіл жүйеге қарсы шығу» деген сөзді «Ресей-КСРО отаршылдығына қарсы шығу» деп түзетіп жазуымыз керек деген ой бар.Тарих – халықтың зердесі. Зердені жалған деректермен, өтірік ақпаратпен бұрмалап, халықты адастыруға болмайды. Зерде бүлінеді, сана сүрінеді, жад былғанады. Жад былғанса, халық мәңгүрттенеді. Мәңгүрт халық – болашағы жоқ халық. Айтайын дегеніміз — Желтоқсан ақиқатын әртүрлі саяси амбицияның, жеке бас ойындарының «құралына» пайдаланып, бұрмалауға жол берілмеу керек. Ұлт тарихын ұлықтап, кешегіні бүгінгінің биігінен зерделеу кезінде ертең өкініш болмауы үшін біздің де әлемдік озық әдістемелік үлгілерге иек артқанымыз жөн. 1986 жылғы «Желтоқсан оқиғасы» СССР жетекшілігіне Михаил Горбачев тағайындалып, Мәскеу «қайта құру» мен «жариялылық» саясатын ұстана бастаған кезеңдегі одақ көлемінде болған алғашқы саяси демонстрациялардың бірі ретінде тарихта қалды.Біз қазір өз еркіміз өзіміздің қолдағы, ешкімнің алдында есеп бермейтін, әлем мойындаған тәуелсіз мемлекетпіз. Олай болса кез келген тарихи құбылысқа, соның ішінде Желтоқсан-86 көтерілісіне де тәуелсіз сана тұрғысынан қарап, ұлттық дүниетаным тұрғысынан таразылап, төл методологиялық көзқараста саралап, тарихи әділдік тұрғысынан бағалап, жазуды талап етеміз.Желтоқсан қозғалысы үш күнмен шектелмейді. Бұл бүкіл халықтың рухани өміріне әсер етті. Ұлттық сананы қалыптастырып, ұлттық рухты өсірді. Әлі де зерттеушілер қозғалыстың түпкі қайнарын, оның маңызын, әсерін, жалпыұлттық дәрежеде қарауы керек. Бұл мақсатта авторлардың қателесуге қақысы жоқ. Тарих қателікті кешірмейді.

18. 1917 жылғы саяси партиялар: Шуро-Ислам Одағы, Алаш партиясы, Үш жүз партиясы және т.б.



Большевиктер саяси ұйымы-1917 ж.ақпан төңкерісінен кейін құрылды.В.И.Ленин бастаған саяси қозғалыс пен ойдың ағымы.Құрамында солдаттар,жұмысшылар,шаруалар болды.Партия мақсаты капитализмге өтпей-ақ социализмді орнату.
Кадет партиясы-1917 жылы ақпан революциясына кейін құрылды.Құрамында буржуазия мен помещиктер.Семей қаласында “Свободная речь” газетін шығарды.Қазақстанның солтүстік облыстарында әрекет етті.Бөлінбес біртұтас Ресейді ,конституциялық монархияның қоныстардыру саясатын жақтаған партия.
Эссерлер партиясы-1917 ж.көктемінде құрылды.Құрамында социал-революционерлер болды.”Жер-бүкіл халықтың меншігі”,”жер өңдейтіндерге берілсін”- деген мақсатта құрылған.
Бұл партиялардың барлығы 1920 жылы большевиктер таратып жіберді.
«Алаш» партиясы -1917—1920 құрылды. Тұңғыш жалпықазақ съезін шақыру туралы шешім 1917 жылғы сәуір айында өткен Торғай облыстық қазақ съезінде қабылданып, съезд оны даярлауды Ә.Бөкейханов пен А.Байтұрсынов бастаған бір топ қазақ зиялыларынан құрылған айрықша бюроға тапсырды. XX ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыс тарихының өзекті мәселелерінің бірі – Алаш партиясының құрылуы, оның тарихи негіздері, саяси әлеуметтік сипаты және тарихта алатын орны. Қазақ зиялылары саяси партия құру әрекетін бірінші орыс революциясы жылдарында-ақ қолға алған болатын. Төрағасы — Әлихан Бөкейханов. Алаш партиясының басты мақсаты – қазақ еліне өзін-өзі басқару мүмкіндігін беретін мемлекеттік жүйе құру, яғни оның ұлттық мемлекеттікке құқы бар екендігін метрополияға мойындату, ал түбінде дербес мемлекеттікке қол жеткізу, қазақ жеріне ішкі Ресейден қоныс аударушылар толқынын тоқтату, әлемдік озық тәжірибеге сүйене отырып қазақ қоғамы жаңа өмір сұранысына сай өзгерту (модернизация), демократиялық принциптерді қадір тұтумен бір мезгілде, әсіресе, білім мен ұлттық мәдениеттің өркен жаюына жол ашу болды.
«Үш жүз» партиясы — Қазақстанда 1917 жылы қазан-қараша айларында дүниеге келген ұлттық-саяси ұйым. «Үш жүз» саяси ұйымындағы жетекшілік рольдерді бұрынғы қорғаушы адвокат, журналист және драматург Көлбай Төгісов, фельдшер және тілмаш Шаймерден Әлжанов, Әбілқайыр Досов, Ысқақ Көбеков, Мұқан Əйтпенов атқарды. ОК-тінің алғашқы төрағасы М.Әйтпенов, орынбасары К.Төгісов, хатшысы Ы.Көбеков болды. Орталық органы «Үш жүз» гәзеті, оған Төгісов редакторлық етті. Өзінің әлеуметтік тегі жағынан ұсақ буржуазияшыл демократтардың саяси ұйымы болды. Қазіргі уақытта көп тараған пікірге қарамастан, «Үш жүз» саяси ұйымы құрылған күнінен бастап социалисттік партия болған жоқ. 1917 жылы Мұқан Əйтпенов партия төрағасы болған кезде, партия өз гәзетінде русофобтық ойлар айтса, 1918 жылы Мұқан Əйтпенов қызметінен босатылып, орнына К.Төгісов тағайындалғаннан кеін Сталинмен тілдесудің нәтижесінде эсерлерді қолдап, олармен бірігуге ұмтылады.[1]Партияда әрдайым идеялық күрес жүрді. “Үш жүз” партиясы жарты жыл өмір сүрді. Ыдырау себептері: ұйымдастырушылықтың жоқтығы, партияның көптеген мүшелерінің идеялық тұрақсыздығы, тәртіптің нашарлығы, ішкі саяси күрес. Осылайша, партияның белгілі бір бөлігі Төгісовке қарсы партияның пайдасы үшін бай элементтерден салықтарды заңсыз жинауда көрініс тапқан, түрлі қызметтік теріс пайдаланушылықтарда айып тағылды. 1918 жылғы 11 мамырдағы кеңестердің Батыс-Сібір Комитеті президиумының мойындауынша, партия төрағасы Төгісовтің және оның жолдастарына “тергеу барысында айтарлықтай дәрежеде растау алған жоқ”. Бірақ екінші рет Батыс-Сібір кеңесі үкімін шығара алмады. Көп ұзамай билік контрреволюциямен басып алынды, олар 1919 ж.Наурызында оны және Омбы, Петропавл және Александр каторж түрмелеріндегі "Үш-Жуз" партиясының басқа да басшыларын жойды. Бірақ осы қиын жылдарда Қазақстандағы саяси күштердің орналасуы қандай болмаса да, олардың барлығы қазақ мемлекеттілігін құруға өз үлестерін қосты.
«Шура-и ислам», , Ислам кеңесі - 1917 жылғы мамырда Мәскеуде өткен бүкілресейлік мұсылман съезінің шешіміне сәйкес құрылған қоғамдық-саяси ұйым. Бұл ұйым Уақытша үкімет жағдайында, мұсылмандардың және олардың қоғамдық ұйымдарының Құрылтай жиналысына дейінгі іс-әрекеттерін қадағалап, үйлестіріп отырды. Құрамына Түркістаннан 7, Кавказдан 2, қазақ облыстарынан 5, Литва татарларынан 1, ішкі Ресей мұсылмандарынан 10 адам кірді. Шура-и исламның Петроград каласында орналасқан 12 адамнан тұратын атқару комитетінің төрағалығына Ж.Салихов, орынбасары болып Ж.Досмұхамедұлы сайланды. Атқару комитеті мүшелері қатарында алғашында У.Танашев, Жақып Ақбаев, Зәки Уалиди Тоған, Ғ.Ходжаев, Көлбай Төгісов, Ш.Мұхамедияров, И.Лиманов секілді қайраткерлер болды. Шура-и ислам Бүкілресейлік мұсылмандар съезінің шешімдерін басшылыққа алды. 1917 жылы шілдеде өткен Бірінші жалпықазақ съезі Шура-и исламға мүшелікке қазақ өкілдерін: Ақмоладан А.Тұрлыбаевты, Семейден Ә.Сәтбаевты, Торғайдан Ә.Байғуринді, Оралдан У.Танашевты, Жетісудан Б.Мәмбетовті, Сырдариядан М.Шоқайды, Ферғанадан Ғ.Оразаевты сайлады. Шура-и ислам 1917 жылы шілдеде Қазан қаласында Бүкілресейлік мұсылмандар сиезін өткізуді ұйымдастырды. Шура-и ислам Қазан төңкерісіне дейін жұмыс істеді.
“Шуро-и-Улема”, Ғұламалар қоғамы, Ғұламалар кеңесі – қоғамдық-саяси ұйым. 1917 жылы 10 шілдеде Ташкентте көрнекті қазақ қайраткері Серәлі Мұңайтпасұлы Лапиннің жетекшілік етуімен құрылған.“Шуро-и-Улема” ұйымы Түркістан өлкесінің жергілікті халқының мүддесін қорғау ислам діні қағидаларымен ұштастырылғанда ғана жүзеге асады деп санады. Соған орай Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінен мұндай ұстанымның жүзеге асуын талап етті. Түркістан өлкесіне Ресей Федерациясы құрамында аумақтық автономия берілуін жақтай отырып, олар ұлттық-діни ой-пікірлерді мерзімді баспасөз арқылы насихаттау күнделікті өмірде талас тудыратын мәселелерді Шариғат арқылы шешу керектігін өз ұйымдарының жарғысына негіз етіп алды. Жарғыға сәйкес ұйым мүшелері үш топқа бөлінді: Жылына 6 сом төлегендер қарапайым мүшелер, ұйымға айрықша қызмет сіңіргендер құрметті мүшелер, ұйымның есепшотына 100 сом көлемінде қаржы салғандар тұрақты мүше саналатын болды. Жергілікті зиялы қауым өкілдерінің біраз бөлігі “Шуро-и-Улема” ұйымының бой көтеріп, қоғамдық өмірге араласуын Уақытша үкімет жағдайында өлкедегі түркі-мұсылман халықтарының талап-тілектерін жүзеге асыруда кедергі келтіреді, осы мақсат жолында ұлттық саяси күштердің бірлесе әрекет етуге деген талпынысының тежелуіне, олардың ара-жігінің ажырай түсуіне әкеліп соқтырады деп санады. 1917 жылы 2 қазанда Түркістан қаласында съезд өткізіп, онда Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына өз алдына бөлек депутаттыққа кандидаттар тізімін жасады. 14 адамнан тұратын бұл кандидаттар тізімі қатарында Лапин, С.Мақмұдқожа, С.Алдабергенов, С.Нұрмұхамедов, Садыққожа ишан, Х.Ибрагимов, Т.Ғалым, О.Мерейов, М.Мабирхан, Ә.Топчибашев, І.Бұралқиев, С.Юсупов, С.Наргелов, Ғ.Махдум болды. 1917 жылы күзде Ташкенттегі жұмысшы-солдат депутаттары кеңесі революциялық комитеттер құруға кірісіп, бар билікті өз қолдарына алуға ұмтылғанда оған “Шуро-и-Улема” ұйымы табанды қарсылық көрсетті. “Шуро-и-Улема” ұйымының мұндай ұсынысына кеңес өкіметі құлақ аспайтындығын 1918 жылы ақпанда Түркістан автономиясын қару күшімен талқандау арқылы көрсетіп берді. Мұның артынша “Шуро-и-Улема” ұйымын тарату туралы шешім қабылданды. “Шуро-и-Улема” ұйымының сол тұста жасаған соңғы қадамы өлкедегі большевиктер үкіметіне қарсы күресу үшін Германиядан көмек сұрауы болды. 1918 жылы қыркүйекте “Шуро-и-Улема” ұйымының жетекшісі Лапин тарапынан білдірілген ондай өтінішке бірінші дүниежүзілік соғыста жеңіліске ұшыраған Германияның көңіл бөлуге мұршасы келмеді.

19.Кеңестік дәуірде республика өңіріндегі ядролық сынақтардың зардаптары.

Қазақстан полигондары. Республика жерінде соғыс полигондары болған аумақтар 30 млн гектардан асады. Мұндағы соғыс техникасының қалдықтары, ракета сынықтары, бақылау обьектілері ешбір көмусіз шашылып жатыр. Олар негізінен – Семей, Нарын(Капустин Яр), Азғыр, Тайсойған, Байқоңыр ғарыш айлағы, Сарышаған сынақ полигондары.

Шығыс Қазақстанның 19 млн гектар жері 40 жыл бойы ядролық сынақтың полигоны болды. Осы жерлерде 1949-1989 жылдары aралығында атмосферада – 27, жер бетінде – 183, қалғандары жер астында ядролық сынақтар болды.

Ядролық қарудан тек атом бомбаларын сынаумен шектелмей, полигондарда соғыс ракеталарын, т.б. техникалары да сынақтан өтіп отырды. Батыс Қазақстан аумағында 1966-1979 жылдары 24 рет ядролық қару сыналған. Соның ішінде Азғыр полигоны ғана 6,1 мың гектар жерді алып жатыр. Мұндай сынақтар 1968-1970 жылдары Үстіртте де жасалған. Сол сияқты ірі полигондар қатарына Атырау облысының Тайсойған, Балқаш көлі маңындағы Сарышаған, Ташкент-4 сынақ алаңдары мен Байқоңыр ғарыш айлағы да жатады. Осы аймақтарда радиоактивті заттардың (кадмий, стронций, қорғасын) шекті мөлшері бірнеше есеге көбейіп кеткен.

Полигондардың ішінде Семей өңірі ең көп зардап шеккен аймақ. Мұнда атом қаруын сынаудың ғылыми орталығы орналасқан. Ол – Курчатов қаласы. Бұрынғы Семей облысының Абай, Бесқарағай, Жаңасемей, Абыралы аудандарының аумақтары атом сынақтарының ордасы аталып, ең көп зардап шеккен экологиялық апатты аймаққа айналды.

Полигондарға пайдаланылған жерлердің ауа, су, топырақ, тіпті өсімдіктер жабыны радионуклеидтермен ластанып, ауа және жер асты сулары арқылы мыңдаған километр жерге тарайтыны белгілі. Қазірдің өзінде Қазақстанда 2,6 млн адам мутагенез ауруымен есепте тұр. Қатерлі ісік, қан аурулары, сәулелік ауру, жүйке ауруларымен ауырғандар санының көрсеткіші бұл аймақта республика бойынша ең жоғары.

20.Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы және қазақ тілінің мәртебесі.


Тіл – халықтың басты қарым-қатынас құралы. «Балық тілсіз болса да, халық тілсіз болмайды» деген Қадыр Мырза атамыздың нақылындағыдай, тілсіз халық түгіл жеке тұлға өмірін елестету қиын. Толыққанды адам ретінде өмір сүрудің негізгі кілті – қоршаған ортамен байланыс болса, бұл байланысты қамтамасыз ететін басты элемент – тіл.


Жалпы, Жер жүзінде 6000-нан астам тіл болса, оның ішінде қолданыстағы мемлекеттік статусы бар тілдер және жойылу алдында тұрған сонымен қатар атауларын тек тарихтың көне ақпараттарынан көз шалып қалатын, бүгінде жер бетінде жоқ тілдер де бар. Сонымен қатар, «мемлекеттік тіл» мәртебесіне ие болғанымен, статусына сәйкес құрметке ие бола алмай келе жатқан тілдер де бар. Тіл тағдыры ел тағдырымен біртұтас болғандықтан, тілдің мәңгі жасауы халықтың ұлттық құндылықтарын жоғарғы дәрежеде дәріптеуімен сипатталады.Дербес еліміздің тарих тамыры тереңге бойлаған, қасиет оты еш сөнбес ұлттық тілі әр қазақ патриотының жүрегінде сөйлеп тұр.
Қасиетті тіліміздің жоспарлы саяси даму, халқымыздың тілдік құқығын қорғау бастамасы, көркем әдебиет пен ісқағаз тілін қалыптастыру жұмыстары Әлихан Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсынов сынды зиялыларымыздың ерен еңбегінен бастау алған. Заман қысымына орай, ұлт болашағы бұлыңғыр тартқан шақта, ұлттық тіліміздің тағдырын шешуде зиялыларымыз ұсынған жол айрықша болды.Сол себептен, тіліміздің бүгіні мен болшағын бағамдау үшін осы жолды сабақ ала жалғастыруымыз қажет.Тіл мәселесіне байланысты зиялыларымызды ұлықтауға себеп қандай?
Тарихтан белгілі, еліміз 250 жылдан астам уақыт Ресей державасының бодандығында болды. Жалпы бодан елдің жай-күйі ежелден белгілі. Тәуелсіздігінен айырылып, тағдыры көлеңкеленген халық жасқаншақ келеді. Осындай қиын шақта, тілдік құқықтың қорғалуын өзекті мәселе етіп көтеріп, ірі державаға талап қоя білген арыстарымыздың әрекеті, бүгінгі тіл тағдырының бастамасы деуге болады. Бұл тұста, 1905жылғы қарашада Ресейде өткен «Жергілікті және қалалық қайраткерлердің » Москвадағы сьезінде: «Ана тілін еркін қолдану қазақтардың таяу арадағы мұқтажы» деп мәлімдеді. Сонымен қатар, тілдер құқығын шектейтін заңдардың жедел түрде қайта қаралуын табанды түрде талап етті. Осы бастаманың жалғасы ретінде, Қарқаралы уезіндегі қазақтардың 11 тармақтан тұратын құзырхатын ұйымдастырып, оны орыс тілінде шығатын «Сын отечества» газетінің 1905 жылғы 4 қыркүйектегі 173-санында өз атынан жариялаған. Бұл тармақтың 2,3,7,8-тармақтарында қазақ тілінің мәселелері көтерілді.
Әлиханың бұл мәселені өзекті етіп көтермесіне болмас еді, себебі, қазақ халқының орыс тілін меңгеру дәрежесіне қарамастан, қызмет көрсетудің барлық тармақтары орыс тілінде жүргізілді. Тіпті балалар мектепте қазақ тілінде білім алмайтын жайттар орын алды. Құзырхатта кеңселердегі іс-қағаздарды да қазақ тілінде жүгізу талабы қойылған. Сайып келгенде, мұның барлығының отарлау саясаты екеніне көз жеткіземіз, бұл тұрғыда Әлихан Бөкейханов: «Орыстандыру саясаты қазақтардың ана тілінде хат тануын тежеудің барлық амал-тәсілдерін қарастыруды талап етті» деп талап етті.
Өткен ғасырдағы тіл тағдырының қиындығын бодандықпен түсіндіруге тырыстық. Ал бүгінде егемен ел Қазақстан ретіндегі тәуелсіздік жағдайындағы мемлекеттік тілдің хал-ахуалы қандай?
Ұлттық тілді құрметтеу әрбір қазақ орындауға тиіс маңызды міндет. Ал Қазақстан азаматтары құрметтеуге тиіс ұлттық тіл- қазақ тілі. Тіліміз «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» статусын 1989 жылы 22 қыркүйекте иеленді сонымен қатар осы жылы « Қазақстан Республикасының тілдер туралы» заңы қабылданды. 1995 жыл 30 тамыздағы референдумда қабылданған жаңа конституцияның 7-бабында ұлттық тілімізге байланысты «мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайтыны» және « Мемлекеттік ұйымдарда және өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады» делінген. Еліміздің барша азаматтарына мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне материалдық, ұйымдастырушылық жағдайлар жасалған. Халықты топтастырудың маңызды факторы – мемлекеттік тіл. Осы ұранды басты назарға ала отырып, Мемлекеттік тілді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, қазақ тілін меңгерген тұрғындар үлесі 2017 жылға қарай-80%, ал биылғы 2020жылы-90% ға жеткізу жоспарланған. Алайда, 2016 жылғы баспасөз беттерінде берілген диаграммаға жүгінсек, еліміз 2017 жылы жетуі керек деп межелеген шамаға екі жыл ерте жетіп қойған екенбіз, яғни, 2015 жылы-80%-ды бағындырдық.{3} Бұл қарқынмен жалғасса, биылғы жыл тіптен түгелдей Республика қазақша сайрап тұр деген сөз емес пе?! Ал 2025 жылы мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындар 95%-ды құрайды деп күтілуде, бұл болжам да межесінен ерте орындалса, тіл саясатын жүргізушілерге үлкен жетістік болар еді.
Бір өкініштісі, бұл диаграммадағы сандар адамды бір марқайтып тастағанымен, көз көріп құлақ еститін қоғам сипаты мүлде бөлек. Сиқырлы цифрлардың жылтырауы шын болса, біздің елде мемлекеттік тілге байланысты ешқандай мәселе жоқ деп аяқты аспанға көтеріп жата берсек те болатындай, дегенмен, шынайы өмір келбеті бұған жол бермейді. Қоғаммен біте қайнасып өмір сүретін кез келген толыққанды адам қазақ тілінің жоғары сұраныста еместігіне көп қарсылық білдіріп жатпайды. Тек тіл саласында қызмет ететін адамдар легі ғана мемлекеттік тіл мәртебесінің жоғарылауын айтып мақтануда, сол мақтаныш тек қағаз бен сиқырлы цифралар түрінде қалып қоймаса болғаны. Бұл мәселе ұлт құндылығына тікелей байланысты.
Ал ұлттық тілдің құндылғын жоғалту ел келешегі үшін үлкен кесел. Кесел демекші, елімізде ұлттық тілдің мәселесі сан жылдар бойы кезек күттірмейтін, кеселі көп мәселе болып келеді. Кезек күттірмейтін дейтін себебіміз,бүгінде, қазақ тілінің хал-ахуалы бірқалыпты жағдайда емес. Мемлекеттік статусы болғанымен, көп жағдайда қолданылу аясының тарылып бара жатқаны да байқалады. Қоғамда ана тілім- қазақ тілі деп айта алғанымен, ана тілінде сөйлеуге шорқақ немесе тіпті де сөйлеу білмейтін қазақ азаматтары бар. Тіпті қарапайым халықты қойып, аты дардай депутаттарымыздың қазақ тілінде жасаған мәлімдемелерін естігенде, жағамызды ұстаймыз, бірақ ана тілімізге шорқақ жандарды қазақша сөйлеуге міндеттейтін заңның да барын ескере кеткен абзал.Қазақ тілінің адамдар арасында тар қолданысқа ие екенін рас. Еліміздің басым тұрғындары қазақ тілінің қолданысына кері әрекеттер жасауда, сондағы ана тілден безіп, тілге тиек ететіндері орыс тілі. Біршама алпауыт компаниялар мен мекемелерге жұмысқа алу кезінде алдымен орыс және ағылшын тілдерін білуі талап етіледі. Мемлекеттік қызмет аясында да қойылатын басты талап осылар.
Тілді құрметтейтін ел ретінде алдымен қазақ тілін біліп, орыс және ағылшын тілдерін белгілі бір мақсатар үшін меңгеруіміз керек. . Еліміздің бәсекеге қабілеттілігі үшін елбасымыз «Үштұғырлы тіл» саясатын енгізді . Ондағы мақсат елімізге ағылшын, орыс тілдерін үйретіп қазақ тілін тереңге көму емес. Дана халқымыздың «өз тілің бірлік үшін, өзге тіл тірлік үшін» деген нақылы қазақ тілінің маңызын нақтылай түсті. Орыс тілінің басымдығын сөз етсек болғаны, «қаншама жыл орыс құрсауында болдық деген» деген сылтаулар айтылады. Ол дәуір өтті, бүгінде егемен елміз, тілді үйренем деушілерге мемлекет тарапынан қолдаулар көрсетіледі. Көп жағдайда, қазақ тіл дәрежесінің төмендігін оның үйретілу сапсынан емес, сұраныстың аздығынан, тиісті дәрежеде қажеттіліктің болмауынан іздеген дұрыс. Қазақ тілін білуге қойылатын талап жайы тіпті әділетсіз.
Веб-баспагер Жәнібек Сүлеевтің «мен қазақ тілін меңгергендердің ғылымды, прогресті, мәдениетті еуропалық түсінікте жылжыта алатынына сенбеймін», деген сөзін сараптасақ, бүгінде, еуропаның заманауи адамына айналғысы келетіндер көп. Олай болса, бұл азаматтар легін қазақ тілін қолданушы жанашырлар есебінен қысқарта берейік.{4}
Қарапайым мысал, ізденіс үстіндегі адамдардың көпшілігі ақпарат іздеу барысында қазақ тіліне қарағанда, орыс тілінде толық ақпараттар легі барын айтып шағынады. Бұл да жалған емес. Ал аудармаларын тұтынайын десең, орыс тілді нұсқасымен салыстырғанда, ақылға қонымсыз жасалған аударманы ұшырастырамыз. Қазақ тілі бай деп мақтанышпен айтқанда, мына аудармалардағы олқылықтарға қарап, тіл байлығына күмән келтіреміз бе әлде аударма ісінің дұрыс жолға қойылмауынан көреміз бе деп ойланып қаламыз.
Қазақстан көпұлтты мемлекет. Ендігі кезекте, барлық мемлекет тұрғындарын қазақ тілде сөйлетуді мәжбүрлі жүзеге асыру қажет деген пікірлер айтылып жатыр. Дегенмен бұл тезистің күмән-күдігі басым.Өйткені өз кәсібін дөңгелетіп отырған қандай да бір диаспоралар үшін, қазақ тілін меңгеру қаншалықты тиімді деген сұрақ туындайды. Себебі олар үшін елімізде орыс тілінде өмір сүру қиын емес те, керісінше қазақтарға өз елінде орысша өмір сүру қиындық туғызады. Бұл этносаралық наразылықтар да тудырып жатады.
Тіл мәселесінің көлеңкелі тұстары қашан күн бетін көрмек?! Бұл сұрақтың жауабын тиісінше, тіл комитеті мен тіл саясатын жүргізушілерден іздейміз. Билік пен тіл мәселесі жайында бір оқиға ойға оралады. Тіл комитeті 90-шы жылдaрдың oртaсындa, тiл тyрaлы бaстaпқы зaң жoбacын тaныстыpу үшiн кeзeкті oтыpыcын өткізді, сонда қатысушылардың бірі Сұлтан Оразалиновтан: «Заң жобасы қай тілде жазылған?»-деп сұрапты. Шенеунік болса, сасқалақтап, нақты жауаптан жалтарған.{5} Демек, жоба алғашында орыс тілде болғаны. Осы оқиғадан соң тіл саясатына күмәнмен қарау қалыптасты. Бірақ бүгінде, қалалық тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мемлекеттік тілдің ахуалын көтеру бағытында бірыңғай шаралар жасауда. Басқарма мемлекеттік мекемелердегі тіл нормаларының сақталуына мониторинг жүргізді. Елдегі біршама көше аттарын қазақша ретке келтіру жұмыстарын жасады. Қазақ тілінде сапалы контентті дамытуда.Осы орайда, әдеттегіше үкіметті кінәләу үрдісіміз жүрмей тұр. Көп жағдайларда орыс тіліне жақындығымызды өткен ғасырлардағы қазақ халқының Ресей державасына бодандығымен түсіндіріп жатады ол да ақылға қонымды себеп тек, бүгінде еліміздің дербестігін еске ала отырып мәселені қайта қарасақ мемлекет бар жағдайын жасаған қазақ тілінде таза сөйлеуге кейбір адамдарда өзіндік құлық жоқ сынды. Қазақша кібіртіктей сөйлеген жандарды көрсек «шала қазаққой» деп жүре береміз. Сонда шалалықтың түбі не болмақ!? Өз тілінде еркін сөйлей білмейтін адамның қазақша ойлап, қазақша өмір сүре алуы екіталай. Сондықтан ана тіліне шорқақ қарау бүкіл болмысына немқұрайлы қарау болып табылады.
Қорытындылай келсек, қазақ тілінің бүгінгі ахуалы күрделі мәселе. Қазақ тілі қолданыста деген сөз тек қағаз жүзінде орындалуға апара жатқанадай. Мемлекет тарапынан жасалған қолдауларды дұрыс пайдаланып, тіл мәртебесін көтеру Республика азаматтарының әрбірінің азаматтық борышы.
«Ұлттың тілі – ұлттың ділі» деп, халық даналары айтқандай, ұлтымызды сақтайық. Ана тіліміздің айбынын асқақтатып, қасиетті қазақ жерінде қаазқ тілінің мәртебесін көтерейік! Төл тілімізден қашпай керісінше төрге сүйрейік сонда ғана Қазақстан түндігі берік ел болмақ!
21) Ұлы Отан соғысындағы тылдағы халықтың ерең еңбегі
Майдандардағы жеңіске тыл еңбеккерлерінің қосқан үлесі зор. 1939 жылғы санақпен салыстырғанда 1942 жылы Қазақстанда ауыл шаруашылығы еңбекшілерінің саны 600000 адамға азайған. Ауыл шаруашылығында еңбектенген ерлердің майданға тартылуымен олардың орнын қариялар, әйелдер мен балалар басты. 1944 жылы қолхоздағы еңбекке жарамды ерлердің сандық үлесі – 20%, әйелдер – 58%, жасөспірімдер – 22% болды. Яғни, майданды азық-түлікпен, шикізатпен іс жүзінде әйелдер, балалар мен қарт адамдар қамтамасыз етті.
Соғыс жылдарында колхоздар мен совхоздар майданға тек азық-түлік емес, сонымен бірге тірі мал, тіпті, ауыл шаруашылық техникасын жіберіп отырды. 1942-1943 жылдар аралығында республика ауыл шаруашылығынан 4111 трактор, 1184 жүк машиналары, 30318 жылқы майданға жіберілді. Сондықтан да соғыс жылдары егін салу жұмысының 50%-ін ірі қара атқарды. Тылдағы еңбекшілер жоғарыдан берілген жоспарды орындау барысында күні-түні еңбек етті. Соғыстың бірінші жылы мемлекетке 100 млн. пұт астық тапсырылды. Бұл көрсеткіш 1940 жылмен салыстырғанда 24 млн. пұтқа артық. Колхозшылар мен совхозшылар өз еркімен еңбек күнін таңғы бестен, кешкі 22.00-ке дейін ұзартқан. Әрбір шаруа 2-3 адамның жұмысын атқарды. Әйелдер балаларын балабақшаға тапсырып, күні-түні жұмыс істеп, колхоз жұмысын белсене атқарды. Мысалы, Алматы облысының 9 ауданының 277 колхозында соғысқа дейін 64369 адам еңбек етсе, соғыс жылдары олардың саны әйелдер, қариялар және балалар есебінен 68598 адамға дейін өскен.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент ауданының Куйбышев атындағы колхозында 74 жастағы қарт ана – Анар Садықова – жұмыс істесе, Семей облысы, Абай ауданының “Шолақ еспе” артелінде 70 жасар қария – Кенебаев еңбектеніп, жоспарды асыра орындады. 1941 жылы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданының “Құрман” колхозының егіншісі Шығанақ Берсиев 1 гектардан 155,8 ц. тары алып, әлемдік рекорд жасаса, ал 1945 жылы – 1 га-дан 202 ц. тары алып, өзінің алғашқы көрсеткішін бірнеше рет өсірді. Шиелі ауданы, “Авангард” колхозының даңқын шығарған күріш егуші Ким Ман Сам 1 га-дан 154,9 ц. күріш өндірді. Күріш өсіруші Ыбырай Жақаев 1943 жылы 1 га-дан 172 ц. күріш өнімін алып әлемдік рекорд жасады. Астық өнімі үшін алған 106000 сомды Ы.Жақаев қорғаныс майданына жіберді. Республикада Ш.Берсиев, Ким Ман Сам, Ы.Жақаевтың жолын қуушылар аз болмады. “Ойыл” ауданы, “Кемерші” совхозының Зауре Баймулдина звеносы, Шелек ауданы “Төңкеріс” колхозынан Малжегерова звенолары 1 га-дан 95-100 ц. тары мен күріш алды. Соғыс жылдарындағы әйелдер ерлігі ерекше. Мыңдаған арулар тіпті тракторға, машина рулдеріне отырды. Мысалы, Ақтөбе облысы, Мартук ауданының Дзержинский атындағы қолхозында Агафья Швалькова соғысқа кеткен күйеуінің комбайынын жүргізіп, 2 күнде 87 гектардан астық жинады.
1942 жылы 450 мың гектар тың және тыңайған жер жыртылып, егін салатын жер ауданы 17%-ке өсті. Осы жылы Қазақстанда 6809 колхоз болды, оларда еңбек етуге жарамды 4912001 ерлер, 593407 әйелдер еңбектенді. Нәтижесінде 1942 жылы Қазақстанда егін жақсы шығып, республика бойынша 84,3 млн. пұт астық жиналды. Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Қарағанды, Семей облыстары астық жинау жоспарын 102,2-тен 114,9-ке асыра орындады. 1943 жылдан бастап республикада егін егісі қысқара бастады. 1940 жылы егістік 6808,6 мың га болса, 1945 жылы 6039,9 гектарға кеміді. Себебі 1943 жылдан бастап жаудан азат етілген жерлерге егін салу жандана бастады. Керісінше, картоп, бау-бақша өнімдерін егетін жер көлемі жылдан-жылға өсті. Бұл өнімдер 1940 жылы 214,2 мың гектар егістікке егілді. Сондықтан 1944 жылы колхоздар мен совхоздар мемлекетке 1943 жылмен салыстырғанда 18,2 млн пұт қант қызылшасын, 7 ц. көкөніс, 150 000 ц. мақта артық өткізді. Бұл жылдары республиканың барлық колхоздары мен совхоздары жоспарларын орындаумен шектелмей, асыра орындауға бар күштерін салды. Мысалы, Қарағанды облысының Осакаровка ауданы 1943 жылы 1944 жылмен салыстырғанда мемлекетке 2 млн. пұт астық артық тапсырды.
Соғыс жылдары бір адам майданға кеткен бірнеше адам орнына жұмыс істеу қозғалысына, жұмыс өнімділігін арттыру барысында мемлекет тарапынан ұйымдастырылған әртүрлі жарыстарға қазақстандық малшылар да көптеп тартылды. Мысалы, 1942 жылы бүкілодақтық малшылар жарысынан қазақстандықтар бірінші орын алды. Сандық көрсеткіш бойынша 1942 жылдың соңында мал басы 1,5 млн. немесе 1942 жылдың басындағы көрсеткіштен 17%-артты. Мал басын өсіруден Қызылорда, Қарағанды, Павлодар облыстары алда болды.
Соғыс жылдары колхозшыларға қарсы тоталитарлық тәртіп тарапынан көптеген шаралар жүзеге асырылады. 1941 жылдан бастап әрбір колхоз-совхоздарда жергілікті саяси бөлімдер құрылып, олар ауыл шарушылық жоспарларының орындалуын қадағалап, жоспарын орындай алмаған шаруаны жазалап отырды. Сонымен бірге 1942 жылдан бастап колхоз-совхоздарда 12-16 жас арасындағы жасөспірімдердің еңбегі заңдастырылып, жұмыс жоспарын орындамаған жасөспірім қылмысты ретінде жазаланды. Осыған қарамастан халықтың патриоттық серпіні тоталитарлық жүйе тәртіптерінен жоғары тұрды.
Қазақстандықтар соғыс жылдары майданға өз қаржысына алынған қару-жарақ, техника да жіберіп тұрды. Мысалы, Шымкент теміржол жүйесінің комсомолдары Москва түбіндегі майданға танк колоннасын жабдықтау үшін қаржы жинауды бастайды. Шымкент комсомолдарының бұл бастамасын бүкіл Қазақстан қолдап, жиналған 11 650 мың сомға жасалған 45 танк 1942 жылдың қыркүйегінде “Қазақстан комсомолы” деген жазумен Сталинград майданына жөнелтілді. Жүздеген оқушылар егіс алаңдарында жұмыс істеп, металл қалдықтарын жинап, “Қазақстан пионері” фондына 4 млн. сом ақша жинады. Бұл ақша “Қазақстан пионері” атты коллонаны жабдықтауға жұмсалды. С.И.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті студенттерінің ұйымдастыруымен жоғарғы оқу орындарының студенттері “Кеңестік студент” деген танк колоннасын жабдықтауға 600 мың сом ақша жинады. Танк колонналары мен ұшақ бөлімдерін жасақтауға Республикада 480 млн. жуық ақша жиналып, Қорғаныс Комитетіне тапсырылды. 1943 жылы Алматы қаласында С.Луганскиймен кездесу ұйымдастырылып, бұл кездесуден кейін Алматы жастары 400 мың ақша жинап, батырға жаңа ұшақ сыйлады. Сондай-ақ, соғыс жылдары жинаған қаржыға И.Павловқа, Н. Добровольскийге, Р.Бекетовке арнайы ұшақтар, Кеңес Одағының батыры Қ.Сыпатав атындағы су асты қайығы жасалынды. Республика тұрғындары өздерінің жеке жинағынан майдан қорына 4,7 млн. сом ақша беріп, 20-дан астам құрамалар мен әскер бөлімдерін шефке алып жауынгерлерге 2 млн. астам жылы киім, 1600 мың сомның сыйлығын жөнелтті.
Сонымен қатар қазақстандықтар қоршауда қалған қалаларға қамқорлық көмек көрсетті. Қазақстан жаудан азат етілген Орал облысының 10 қаласын, 35 ауданын, Лениград облысының 12 қаласын, Калинин облысының аудандарын қалпына келтіруге көмектесті. Сол сияқты Москва, Курск облыстары, Солтүстік Кавказ, Белоруссия, Украина және т.б. республика тұрғындарына көмектесті. Қазақстан комсомолдары қамқорлыққа алған Сталинградта трактор зауыты мен “Красный октябрь” зауытын қалпына келтіру жұмыстарына 1943 жылы 1439 қазақстандық комсомол аттанды. Түрксіб теміржолшылары батыстағы темір жолдарды қалпына келтіру үшін 20000-нан астам мамандарды жіберді.
Жауды жеңуге республиканың зиялы қауым өкілдері де үлкен үлес қосты. Олардың қатары Кеңес Одағының батыс аудандарынан уақытша көшірілген ғылым мен өнер қайраткерлері негізінде толықтырылды. Соғыс жылдары Қазақстанға 20 ірі ғылым институттары көшіп келді. Олардың ішінде КСРО Ғылым Академиясының физиология институты, Украина Ғылым Академиясының физика-механика институты, Москва, Ленинград, Киев институттары болды. Осы жылдары Қазақстанда И.П.Вернадский, В.А.Обручев, И.И.Мешанинов, А.И.Бах, Л.С.Берг, А.Е.Фаворский, Б.Д. Греков, С.Н.Бернштейн және т.б. атақты ғалымдар жұмыс істеді. Қазақстанға Ресей, Украина, Белоруссиядан 100-ден аса жазушылар уақытша көшіп келді. Олардың ішінде А.Толстой, С.Маршак, С.Михалков, К.Паустовский, М.Зощенко, О.Форш, С.Сергеев-Ценский, Л.Квитко сияқты атақты жазушылар болды. Соғыс жылдары партизан-ақын Ж.Саинның топтамасы, Қ.Аманжоловтың “Ақын өлімі туралы аңызы”, М.Әуезовтың “Абай жолы” эпопеясының бірінші кітабы, С.Мұқановтың “Өмір мектебі”, Ғ.Мүсіреповтың “Қазақ солдаты”, Ғ.Мұстафиннің “Шығанақ” повесі, Ж.Жабаевтың “Ленинградтық өренімі” дүниеге келді.
Сонымен бірге Қазақстанға 20-дан аса театрлар мен музыкалық мекемелер, өнер қайраткерлері көшірілді. 1941-1945 жылдары Алматының біріккен орталық киностудиясында кеңес киноматографиясының алтын қорына енген фильмдер түсірілді. Олар: “Секретарь райкома”, “Они защищает Родину”, “Воздушный извозчик”, “Два бойца”, “Фронт”, “Жди меня”, “Парень из нашего городка” т.б. Соғыс жылдары Қазақстанда 500-ге тарта кино қызметкерлері мен әртістер еңбектенді. Мысалға, С.Эйзенштейн, Ф.Эрмлер, Г.Рошаль, Э.Тиссе, Н.Черкасов, Г.Александров, С.Васильев, И.Пырьев, Л.Орлова, Н.Крючков, В,Марецкая және т.б. Орталық киностудия қызметкерлерімен бірігіп, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, А.Тәжібаевтің қатысуымен “8 - ші гвардиялық”, “Абай өлеңдері”, “Жауынгер ұлы”, “Саған, майдан” фильмдері түсірілді.
Соғыс жылдары КСРО Ғылым Академиясының Қазақстандық бөлімінде астрономиялық обсерватория, тіл, әдебиет пен тарих, химия-металлургия, топырақтану мен ботаника, зоология және өлкетану институттары ашылды. Қ.И.Сәтпаев бастаған қазақстандық ғалымдар қара, түсті және жиі кездесетін металдарды, тау пайдалы қазбаларын, су және гидроэнергетикалық ресурстарды соғыс қажетіне қолдану бағытындағы ғылыми жұмыстар жүргізді.
Соғыс жылдары Қазақстанға жоғарғы оқу орындары көшіріліп, көптеген орыс - қазақ, қазақ-украина мектептері, балалар үйі мен интернаттар ашылды. Олардың ішінде – Москва авиация институты, Москва түсті металл және алтын институты, біріккен Украина мемлекеттік университеті болды. Сонымен бірге соғыс жылдары Алматы мемлекеттік шет тілдер институты, Шымкент технологиялық институты, Қазақ мемлекеттік консерваториясы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты ашылды.
Кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы жеңісі адамзатты фашизм қаупінен құтқарды. Қазақ халқының бұл жеңіске қосқан үлесі зор. Соғыстың ауыртпалығын көтеріп, бостандықты қорғаған қазақстандық батырлардың есімі әрқашан ел есінде сақталады. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап “Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін!” деген ұранмен соғысқа аттанған ерлердің орнын әйелдер, қариялар мен балалар алмастырды. Тыл еңбеккерлерінің де жауды жеңудегі рөлі жоғары. Олар соғыс күндерінің барлық ауыртпалықтарын қажырлылықпен көтеріп, патриотизм үлгісін танытты.

22) Қазақстандағы тоталитарлық жүйе әлеуметтік-экономикалық негіздерінің жасалуы


Қазақстанда ірі байларды тәркілеу мәселесі 1923ж. наурыз айында облыстық ІІІ партия конференциясында қойылды. Алайда ол кезде экономикалық және саяси дағдарыстан шығуға бағытталған жаңа экономикалық саясат стратегиясы коммунистерді тежеп ұстап тұрды. Алдағы экономикалық аласапран мен идеологиялық догманың біреуін таңдауға тура келді. 20жж. дағдарыстан күйзелген жүйе біріншісін таңдап алды. 1927ж. қараша айында Қазақстанның IV партия конференциясы байларды экспроприациалау идеясына қайта оралды, “олардан мал мен құрал-жабдықтың бір бөлігін тартып алуды мүмкін” деп есептеді, жергілікті партиялық “теорияшылдардың” пікірінше, бұл — “ауылды орташаландыруға және оның өндіргіш күштерін дамытуға апарып жеткізуге, сөйтіп пролетариаттың ауыл еңбекшілерімен одақ құруы линиясын бұрынғыдан бетер бекітуге тиіс” болды.
1927ж. желтоқсан айында Республика өкіметінің жоғарғы буындарында ірі байлар шаруашылығын тәркіге салу жөніндегі заң жобасын әзірлеу үшін комиссия құрылды. 1928ж. наурыз айында Қазақстан өлкелік Комитетінің Бюросы заң жобасын бірнеше рет қарап, нақтылай түсті және онымен бірге БК(б)П ОК мен БОАК-ты таныстырды. Осы жылы тамыз айында Өлкелік Комитет науқанға тікелей басшылық ететін комиссияны құрды. Комиссия төрағасы болып Е.Ерназаров тағайындалды, оның құрамына О.Исаев, Н.Нұрмақов, Ғ.Тоғжанов, О.Жандосов және басқалар кірді. 1928ж. 27 тамызында Орталық Атқару Комитеті мен Республика Халық Комиссарлары Кеңесінің мәжілісінде тәркілеу жөніндегі Заң жобасы қабылданып, жарлық қаулы түріндегі құжатқа айналды. Республика округтерінде тәркілеуді өткізу жөніндегі өкілдер тағайындалды. Ауылдарға тікелей мыңнан аса өкілдер жіберілді, демеу комиссияларында 4700 адам жұмыс атқарды.
Қаулыға сәйкес Республика бойынша көшпелі аудандарда 400-ден аса малы бар (ірі қараға шаққанда) жартылай көшпелі аудандарда 300 және отырықшы аудандарда 150 аса малы бар шаруашылықты тәркіге салу белгіленді. Науқанды 1928ж. 1 қарашасында аяқтау жоспарланды (кейін ол 10 күнге ұзартылды).
Науқан қорытындысы туралы құжаттарда, іс жүзінде 696 шаруашылық тәркіге салынды, оның 619 тұрған округтерінен тыс жерге жер аударылды. Олардан ірі қара малға шаққанда 145 мыңдай мал тартып алынды.
Алайда жарияланған статистикалық құжаттарды талдаған кезде, тәркіленіп алынып “тең” бөліске түскен мал саны, шаруашылықты бір қалыпты жүргізу тұрғысынан қараған кезде, кедей жарлылардың шаруашылығын көтермелеуге жетпеді. Мысалы, Қарқаралы округінде тәркіленген малды 198 малсыз шаруашылық, қарауында 1-ден 5-ке дейін малы бар 1374 және қолдарында 6—7-ден малы бар 27 шаруашылық алды. Шамамен есептегеннің өзінде, бұл шаруашылықтардың халыққа ең аз мөлшермен алғанда, барлығы 12.139 мал қажет еді. Ал, оларға барлығы 2065 мал ғана берілді, яғни 5 мың мал жетпей қалған. Қызылорда округінде жетпеген мал саны 9 мың бас болды. Басқа округтерде де жағдай тура осындай болды.
Бұл санақ тек бір нәрсені байқатады: шаруашылықтардың кейбір бөлігінде шаруаны жүргізуге қажетті мал саны ең төменгі мөлшердің өзіне де жетпеді. Қарауына бірнеше мал тиген осындай шаруашылықтар қауымға кіргенде тепе-тең жағдайда болғандықтан, өзінің әлеуметтік жағдайын жақсарту үмітінен айырылды, “ұзамай тәркіден алған малы сатылды, не сойылды”, қағаз жүзінде мұндай шаруашылық орташа деп есептелсе де, шындығында бұрынғыша қауымның кіріптар мүшесі болып қала берді, сөйтіп енді басқа деңгейде қаналатын болды. Уақытында Т.Рысқұлов нұсқау беруші орындар назарын осы жағдайға аударған болатын.
Тәркілеу тек оң іс деп танылды, себебі қаулы бойынша, ол ауылды “қансорғыш-қанаушылардан” азат ету мақсатын көздеді деп көрсетті. Бірақ, тәркілеуді өткізу барысында қол үшін берушілер комиссиясы дейтіндер жиі-жиі жазылған нұсқаулар шегінен шығып кете берді, сөйтіп қауымдық кооперациядан тыс күн көре алмайтын, қарауында 300—400 қоралы қойы бар, орта дәулетті адамдарды да есепке алды. Тап күресі мен әлеуметтік әділет үшін күресушілерге бұл мал соншалықты байлық болып көрінді, оны тез арада тәркіге салып, қолма-қол жарлы-кедейлерге берілуі қажет деп санады.
Осындай “ауыл байларын” жойып, мал-мүлкінен айыру салдарынан көптеген қауымдастықтар өндіріс құралдарын ұдайы өндіруге және малды жинастырып, керекті өнімді өндіруге міндетті түрде қажет малдан айрылып қалды да, ұзамай мүшелері жалаңаш-жалпы жарлылар қатарын толықтырды. Ал, өте байлар малы тартылып алынып, кезінде өздеріне сауынға берген малы тәркіге тағы да түсіп азып-тозды. Барлығының нәтижесі бірдей болды.
2. Қазақстан ұжымдастыруда негізінен 1932ж. көктемінде (көшпелі және жартылай көшпелі аудандардан басқасы) аяқтауға тиісті аймақтық топқа жатқызылды. Республикалық партия, кеңес орындарында осы тым қысқа мерзімнің өзі қайткен күнде де “секіріп өтілуге тиіс” кедергі ретінде қабылданды.
Мұның соңы тез арада қоғам денінің процент қуалаушылық дертіне шалдығып, жазылмайтын дертіне ұрындырды. Аудандар мен округтер жеңіске жеткені жайлы, жарысқа түсіп, газеттер “колхоз майданынан” күн сайы түскен ақпараттар беруге үлгермей жатты.
Егер 1928ж. Қазақстанда барлық шаруашылықтың 20% ғана ұжымдастырылса, 1930 сәуіріне дейін 50,5%, ал 1931ж. қазан айында 65% жуығы ұжымдастырылды. 1931ж. Күздің басында республикада барлық үйлер 70% тен 100% дейін ұжымдасу ісімен қамтыған 78 аудан (барлығы 122) болды.
Ұжымдастырудың төтенше сипаты осы шара бай-кулакты құртудың мемлекеттік бағытын жүзеге асыру кең жайылған жерде өте күшпен жүргізілді. Жергілікті орындарға жеткізілген нұсқауларда жойылуға тиісті бай-кулактар шаңырақтары барлық шаруашылықтың жалпы санының 3—5% аспауы керек деген жағдай ерекше ескертілді. Осы себептерге байланысты тәркіге салынғандар саны кез келген жерде ең жоғарғы көрсеткішке “жеткізеді”.
Қазақстандағы бай-кулактарды тәркілеу мөлшері дәл, толық айту қиын, тек 1930—1931жж. республикадан тыс жерге бай кулак деп “жер аударылып” жіберілген шаруалар саны 6,765 адамға жетті. Ондаған мың шаруа жайы тұрған округтен республика ішіндегі басқа жерге көтерілді. Сонымен қатар Қазақстан аумағы елдің басқа аудандарынан жіберілген ондаған мың шаруа үшін “ауып келетін” жері болды. Республикаға 46091 отбасы, яғни 180015 адам ауып келіп қоныстанды.
3. Қазақстан, Москва билеушілерінің ойлары бойынша индустриялық жеделдетудің негізі бір аудандары болуға тиіс деп есептелінді. Орталықтың саяси бағытын белсенді жүргізушілер қатарындағы Ф.Голощекин республикада кенді сыртқа шығару үшін кен өндіру мен темір жол транспортын ұсынды.
Осы мақсатта КСРО-ның өндірісі дамыған региондар үшін, Қазақстанды шикізат көзіне айналдыру қарастылды. Жергілікті саяси қайраткерлермен бірге басшы ретінде С.Садуақасов бұған қарсы шықты, ол орталық өнеркәсіп үшін негізінен шикізат көзі деп саналған саясатты тоқтатып, Қазақстанда жедел қарқынмен индустрияландыру саясаты республика мүддесі үшін де қолданылуды көздеді. Алайда, Голощекиннің көзқарасының негізінде Қазақстандағы индустриялизация отаршылдық формаға ие болды.
Ең ірі құрылыс қатарына 1931ж. аяқталған Түркістан-Сібір темір жолы яғни Алматыдан Семейге дейін жүргізілген құрылыс болды. 1927ж. Петропавловск-Көкшетау, ал 1931ж. Ақмолаға дейін жеткен жол құрылысы салынды. 1939ж. Қазақстаннан шикізат байлығын шығару үшін Ақмола-Қарағанды, Имск-Орал, Рубцовск-Риддер, 1940ж. Қарағанды-Жезқазған жол құрылысы салынды.
Пайдалы қазба байлықтарының аса бай кеніштерінің болуы Қазақстанда ауыр индустрияны, әсіресе оның кен шығару, мұнай, көмір, түсті металлургия саласын дамыту үшін негіз болды. Бұл салалар республиканың индустриялық бейнесін, оның өнеркәсібінің шикізаттық бағытын ұзақ уақытқа белгілеп берді. Риддер полиметалл комбинаты, Қарсақпай мыс комбинаты, Ертіс мыс қорыту заводы және басқа қайта құрылған кәсіпорындар базасында жұмыс істеді. Шымкент қорғасын заводы, Балхаш мыс қорыту және Ащысай полиметалл комбинаттары салынды. Жезқазған мыс қорыту комбинаттары, Өскемен қорғасын — мырыш заводы салынды. Негізінен Қазақстанда индустриализация екінші дүние жүзілік соғыс қарсаңына дейін жүргізілді
23) Голощекиннің Кіші Қазан идеясы
Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және оның қатерлі мазмұны (1925-1933жж.)
1927 жылы ақпанда Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитеті төралқасы көшпелі, жартылай көшпелі қазақтарды жерге орналастыру туралы шешім қабылдады. Ұлы дала еліне тұтқа болмаққа жіберілген Голощёкин Филипп Исаевич жеріміздегі тарихтың бағытын демде бұрып жіберді. Солақай саясатшыл Қазақстандағы егістікке жарамды жерлерге орыс шаруаларын қоныстандыру мақсатын бірінші кезекке қоюға тырысты.
Алайда, қазақ жеріне келіп әлі де рулық бөлініс, байдың билігіне куә болған Голощекин ауылды кеңестендіру жұмысы әлі де әлсіз, оны күшейту керек деген тоқтамға келіп, "кіші қазан" идеясын ұсынды. Яғни, сонау 1917 жылы кеңестер билік басына келген кезде, қазақ даласына жетпей қалған идеологияны орнатып, бай мен кедейдің теңсізідгін жойып, ұжымшарды орнату мүддесі көзделді. Ал анығын айтқанда, бұның мәні көшпелілерлің ежелден келе жатқан шаруашылығын, тұрмыс-салтын тұншықтырып, отарлауды күшейтіп, қанау саясатын бүркемелеу еді.
Жаппай ұжымдастыру да жоғарыдан берілетін бұйрықтар мен нұсқаулар арқылы жүргізілді. 1930 жылы 5 каңтардағы БК(б)П ОК-нің «Ұжымдастырудың қарқыны және мемлекеттің ұжымшар құрылысына көмектесу шаралары туралы» қаулысында Қазақстанда жаппай ұжымдастыруды, негізінен, 1931 жылдың күзінде немесе 1932 жылдың көктемінде аяқтау міндеті қойылды. Осылайша тағы да жергілікті ерекшеліктерді ескерместен, жоғарыдан кысым жасау басталды. Шаш ал десе бас алуға дайын тұрған Голощекин ұжымдастыру ісін барынша тездетуге тырысты. Жаппай ұжымдастыру айлықтарын өткізді. 1932 жылдың 1 каңтарында отырықшы аудандардың көпшілігіндегі ұжымдастыру 60—80%-ға дейін жеткізілді. Ал көшпелі қазақ ауылдарын ұжымдастыру қарқыны бүдан да тез жүргізілді. Ол көп жағдайда күштеу, корқыту, жазыксыз жазалау әрекеттері арқылы іске асырылып отырды.
1920 жылдардың соңында Қазақстанда күштеп астық пен ет жинау кең етек алды.
Елдің тұрмыс-тіршілігінен хабарсыз Голощекин тіптен егіншілікпен айналыспайтын көшпелі малшылардан астық өткізуді талап етті. Ал етке өткізілуге тиіс мал басы саны қолда бар мал басынан анағұрлым асып түсіп жатты.
Ауыл шаруашылығында егіншілік көлемі күрт азайып кетті. Мал шаруашылығы терең күйзеліске ұшырады. Ұжымдастыру қарсаңында Қазақстанда 40,5 млн бас мал болды, ал 1933 жылдың 1 қаңтарында олардан қалғаны бар болганы 4,5 млн бас еді. Малы, астығы жоқ халық қырғынға ұшырады. 1931—1933 жылдары бүкіл Қазақстанды құшағына алған аштықтан 6,2 млн республика халқының 2,1 млн-ы қырылды.
Осыны көріп отырып қазағым деп қабырғасы қайысқан интеллегенция өкілдеріне де Голощекин өртінің жалыны жетіп барды. Жоғарғы басшылықтың құрамындағы «ұлтшылдарды» қызметтен аластай отырып, Ф.Голощекин 1927 жылдың күзінен бастап Мәскеудің қолдауына сүйеніп, ұлт-азаттық козғалыс қайраткерлерін соттау шараларын іске асырды. 1928 жылы қазанда Қызылорда абақтысында А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Х.Ғаббасов бастаған 44 Алаш зиялылары қамауда отырды. Олардың төртеуі атылды, біреуі конц-лагерьде өлді, қалғандары он жыл түрмеге камау жазасына кесілді. 1930 жылы М.Тынышпаев, Х.Досмұхамедов, Ж.Ақбаев және басқалар бар 40 Алаш қайраткерлері қамауға алынып, олардың он бесі бес жылға Воронежге жер аударылды. М.Әуезов, Ә.Ермеков және М.Жұмабаев «ұлтшылдық» идеологиясынан бас тартатындықтары жөнінде баспасөз арқылы мәлімдеді.
Жалпы Голощекиннің кіші қазан идеясының мазмұнын түйіндесек: келді, ұжымдастыру деп байбалам салды, малды тәркілеп байларды конфескациялады, малы жоқ халыққа еттен салық салды, төрт-түлікпен көшіп жүргендерден қап-қап астық өткізуді талап етті, 1931-1932 жылдары қайғысы ауыр ашаршылықты қолдан жасап, халықты қырды. Саясаткер ретінде емес, қазақты қанауға келген қанішер ретінде есте қалған оның "Кіші қазан" идеясы расымен мемлекеттік құрылымға әсер етіп, үлкен бұрылыс жасады. Алайда, миллиондаған халықтың қазасына әкелген саясатты қалай жақтасақ та ақтауға келмейді. Даттамасақ та, солақай саясаттың, жазықсыз қалың қазақтың қанының иісі шығып тұрады бұл тақырыптан. Міне, Голощекиннің "кіші қазанының" тарихи мазмұны осылай ұмытылмас ақтаңдақтармен қалып қойды.

24) 20 ғасырдың 20-40 жылдарындағы білім беру мен мәдениет саласындағы қиыншылықтар мен жетістіктер


Кеңес өкіметі орнағаннан кейін, шаруашылықты дамытып, жақсы өмір сүру үшін, ең алдымен халықтар арасында сауатсыздықты жою және ағарту ісін дамыту міндеті тұрды. Ең алдымен ересектер арасында «Сауатсыздықты жою» көзделінді. Халық арасында сауатсыздықты жою үшін арнайы мемлекет тарапынан қаражат бөлінді. Мектептер оқу құралдары және ұстаздармен қамтамасыз етілді. 1924 жылы Қазақстанда «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы құрылды. Оның мүшелері жер-жерлерді аралап, халықтың арасында сауатсыздықты жоюға зор үлес қосты.
1921-1927 жылдар аралығында Қазақстанда 200 мыңға жуық адам әр түрлі жерде оқыды. 1926 жылы Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесі «Қазақ АКСР біртұтас еңбек мектептерінің жарғысын» қабылдады. Көптеген қалаларда арнаулы білім беретін және соның ішінде қазақ қыздарын оқытатын мектептер ашылды. Білім беру ісіне тек Қазақстанда 1921-1927 жылдары бір адамға шаққанда 68,9 тиын жұмсалды.
1928 жылы Қазақстанда барлық халықтың 28% сауатты болды. Ал қазақтар арасындағы бұл көрсеткіш 10 пайыз ғана болды. Мұнда айта кететін мәселе, араб тілінде жазып, оқи білетін қазақтар бұл тізімге ілікпеді. 1930-1931 жылдары Қазақстан халықтарының арасында жалпыға бірдей оқу міндеті енгізілді. Жалпыға бірдей білім беру ісіне үкімет жан-жақты қолдау көрсете бастады. 1931 жылы Қазақстанда 15-50 жас аралығындағы барлық адамдардың сауатын ашу, яғни оларға міндетті білім беру жүйесі енгізілді. Сауатсыздықты жою мақсатында республикада ағарту ісіне жұмсалатын қаржының мөлшері көбейді. Мысалы, 1928 жылы ағарту ісіне 12 млн сом жұмсалса, 1940 жылы бұл көрсеткіш 682 млн сомға дейін жетті.
Сауатсыздықты жою ісі бойынша Қазақстан одақ құрамындағы басқа мемлекеттерден артта қалды. Бұның себебі әміршіл-әкімшіл жүйенің бюрократтық саясаты. Сауатсыздықты жою ісінде ең алдымен комсомол ұйымы белсенділік танытты. 1936 жылы жер-жерде ашылған сауатсыздықты жою мекемелерінде 500 мыңнан астам адам оқыды.
Республикада ересектер арасында сауатсыздықты жою ісіне сол кездегі «Ауыл мұғалімі» журналы мен «Төте жол» газеті әдістемелік құрал ретінде көмегін тигізді. 1939 жылы Қазақстандағы сауатты адамдардың үлесі 65% болды, қазақ халқының арасында бұл көрсеткіш 40% жетті. Республикадағы ірі қалалар, негізінен, Алматы, Шымкент, Тараз, Қарағанды, Орал, Лениногорск және тағы басқа қалалар сауатты қалаға айналды.
Білім беру ісін дамыту бағытында ана тіліндегі оқулықтарды жасаған қазақтың ұлттық зиялылары үлкен үлес қосты. Мысалы, А.Байтұрсынов суретті әліппе, Ж.Аймауытов ана тілі оқулықтарын жазды.
Қазақ мектептеріне арналған оқулықтарды жасау бағытында Ғ.Мүсірепов, С.Сейфуллин, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Қ.Кемеңгеров, Ә.Бөкейханов, С.Сәдуақасов, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов көп еңбек сіңірді. Мысалы, Қ.И.Сәтбаев орта мектепке арнап алгебра оқулығын, Ә.Бөкейханов география оқулығын жазды. Республика жерінде орыс, қазақ, өзбек, татар тілдерінде оқытатын мектептер жұмыс істей бастады.
Соғыстың алдында республика мектептерінде 44 мың мұғалім жұмыс істеді. С.Ақышев, С.Көбеев, А.Ақатов, Ш.Сарыбаев, Л.И.Довранская, Н.В.Волков тағы басқа білім беру ісінің үздіктері «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі» деген атаққа ие болды. Сауатсыздықты жою, жалпыға бірдей оқу міндетінің енгізілуі индустрия мен аграрлық салаға қажетті мамандардың көбеюіне ықпал етті.
1928 жылы Қазақстанда тұңғыш жоғары оқу орны Алматы педагогика институты ашылды. Бұл институт Абайдың есімімен аталды. Ал 1929 жылы Алматы зоотехникалық мал дәрігерлік институт ашылды. 1930 жылы Алматыда Қазақ ауыл шаруашылық институты ашылды. 1931 жылы Ленинград әскери медицина академиясының қамқорлығымен Алматы медицина институты ашылды. Сондай-ақ, 1934 жылы Қазақстандағы тұңғыш университет С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті ашылды. Осы жылы Алматыда Қазақ кен металлургия институты ашылды. Кейін политехникалық институт аталған бұл оқу орны инженер-техник кадрларын даярлайтын іргелі оқу орны болды.
1931-1932 жылдары Қызылорда, Орал қалаларында педагогика институты ашылды. Семей, Петропавл, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Шымкент қалаларында мұғалімдер институттары ашылды. Соғыстың алдындағы жылдарда Қазақстанда ағарту, денсаулық сақтау, өнеркәсіп, ауыл шаруашылық салаларында ұлттық зиялылар қалыптасты. Сонымен қатар, Қазақ КСР-де жоғары оқу орындары саны 20-ға, арнаулы оқу орындарының саны 118-ге жетті. Кәсіптік білім беретін бұл оқу орындарында 40000-ға жуық жастар білім алды.
Кәсіптік білім беретін оқу орындарының көбеюі Қазақстан зиялыларының қалыптасуына үлкен ықпал етті. Жаңадан ашылған жоғары оқу орындарында М.Әуезов, О.Жандосов, Қ.Жұбанов, С.Сейфуллин, А.Байтұрсынов, Т.Жүргенов, С.Аспандияров тағы басқа қазақтың зиялы қауымдарының өкілдері қызмет атқарды.
ХХ ғасырдың 30 жылдарында Қазақстан ғылымы қалыптасып, дами бастады. Қазақстанды ғылыми тұрғыдан зерттеу ісіне 1920 жылы құрылған «Қазақстанды зерттеу» қоғамы көп үлес қосты. Бұл қоғамда Қ.Жұбанов, С.Аспандияров, Ж.Аймауытов, А.В.Затаевич, А.Байтұрсынов, Ә.Диваев, А.П.Чулошников сияқты ғалымдар еңбек етті. 1926 жылы М.Е.Массон Тараз қаласының орнында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді.
1932 жылы КСРО Ғылым академиясының қазақстандық базасы құрылды. Бұл базаның құрамында 1935 жылы тарих және геология секторы, Қазақ ұлттық өнер ғылыми-зерттеу институты құрылды.
1935 жылы профессор С.Аспандияровтың еліміздің тарихы жөнінде «Қазақстанның көне заманнан бері тарихы» атты ғылыми еңбегі жарық көрді. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында қазақ әдебиетінде Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, М.Дулатов, М.Жұмабаев бастаған ақындар мен жазушылардың орны ерекше болды.
С.Сейфуллин — «Қазақ жастарының марсельезасы», «Көкшетау», «Советстан» шығармаларының авторы. 1927 жылы Қазан революциясы, азамат соғысы жайында «тар жол тайғақ кешу» атты тарихи романын жазды. М.Жұмабаев «Батыр Баян», «Жүсіп хан», «Қойлыбайдың қобызы», «Ертегі» дастандарын жазды.
С.Мұқанов «Сұлушаш» поэмасын, «Ботагөз» романын жазды. І.Жансүгіров «Құлагер», Б.Майлин «Азамат Азаматыч», И.Байзақов «Құралай сұлу», Ғ.Мұстафин «Өмір мен өлім», Ж.Аймауытов «Қартқожа» туындыларын осы кезде жазды.
Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу», «Қыз Жібек», Ж.Аймауытовтың «Ел қорғаны», «Мансапқорлар», Б.Майлиннің «Жалбыр», М.Әуезовтің «Түнгі сарын», «Айман-Шолпан» сияқты туындылары қазақ драматургиясының ірі табыстары ретінде белгілі болды.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында Алматы, Орал, Петропавл, Семей, Ақмола, Қостанай қалаларында түрлі деңгейдегі мәдениет мекемелері жұмыс істеді. А.В.Затаевич «Қазақ халқының 1000 әні» (1925 ж.), «Қазақ халқының 500 ән мен күйі» (1931 ж.) деген еңбектерін жазып, қазақ музыкасын зерттеу ісіне үлкен үлес қосты. А.В.Затаевичке 1932 жылы Қазақ АКСР-ның халық артисі атағы берілді. Қазақ әншісі Әміре Қашаубаев 1925 жылы Германияның Майндағы Франкфурт қаласындағы, 1927 жылы Францияның астанасы Париждегі концерттерге қатысып, Батысқа қазақ әнінің құдіретін танытты.
1926 жылы Қазақстанда алғашқы ұлттық қазақ театры сол кездегі астана Қызылорда қаласында ашылды. Театрдың алғашқы директоры актер, режиссер Жұмат Шанин болды. 1937 жылы бұл театр қазақ академиялық драма театры аталды. 1930 жылы Қарағанды, Шымкент, Петропавл, Ақтөбе қалаларында театрлар ашылды. 1933 жылы Алматы қаласында ұйғыр музыкалық драма театры ашылды. 1934 жылы Абай атындағы Қазақ академиялық опера және балет театры ашылды. Дәл осы жылы А.Жұбановтың жетекшілігімен Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік оркестрі құрылды. Сондай-ақ, Алматыда кітапхана техникумы, Орал, Семей, Өскемендегі педагогикалық техникумдар жанынан кітапхана бөлімдері ашылды. 1939 жылы республикада 3304 кітапхана жұмыс істеді. 1936 жылы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы құрылды. 1937 жылы Қызылорда қаласында корей театры ашылды. 1938 жылы республикадағы алғашқы дыбысты фильм «Амангелді» фильмі қойылды. Бұл фильмді «Ленфильм» киностудиясы түсірді. Соғыс қарсаңында республикадағы мәдениет үйлерінің саны 5237-ге жетті. Соғысқа дейінгі жылдарда Қазақстан мәдениеті осындай зор жетістіктерге жеткенімен, сталиндік бюрократиялық жүйе мәдени рухани салаға орны толмас шығын әкелді.
25. Жер-су реформасының мақсаты. Оны жүзеге асырудағы ауытқулар
Тарих беттеріне көз жүгіртсек, патшалық биліктің жүргізген саясаты нəтижесінде Қазақстанда жер мəселесі өте күрделі көрініс тапқаны дәлел. Сталиндік реформа кезінде қазақ жеріне көптеп орыс шаруалары қоныс аударылды. Нәтижесінде оларға иесіз қалған жерлердің берілуі, орасан зор егістік жерлерді қорқытып-үркіту тәсілімен тартып алу көптеп орын алғандықтан, қазақ шаруылары арасында наразылықтар туындай бастады.
Кейінгі жылдары осы жер мәселесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатының зардаптарын жою мақсатында бірнеше іс-шаралар жүзеге асырылды. 1921 жылы Жер комитеті қазақтарға Орал және Ертіс өзені бойындағы жерлерді қайтару жөнінде декрет қабылдады. Дәл осы жылы Қазақстанның оңтүстігінде Жер-су реформасы атты науқан жүрып жатты. Осы өңірде қазақ шаруылары мен коныс аударушылар арасындағы теңсіздік, әділетсіздің нық көрініс тапты. Айта кетсек, кедей қырғыз(қазақ) шаруасына егістік жері 15 есеге кем бөлінген. Осындай жағдайда ол адамдарға «интернационализмнің жақсы екендігін және кеңестік билікті қолдау керек екендігін» айту, насихаттау бекер іс болатын. Сондықтан жоғарыда айтылған меселелерді ескеру барысында жер-су реформасын жүргізу туралы директива жасалып, қабылданады. Реформа нәтижесінде, жергілікті халықтан тартып алынған 233 мың десятина жер қазақтар мен қырғыздарға қайтарылды. Осылайша Оңтүстік өңірлерде жер-су реформасы 1922 жылдың жазында аяқталды.
Әрине, бұл реформа Қазақстандағы түйінді аграрлық мәселелердің бәрін шеше алған жоқ. Оны жүзеге асыру барысында бірнеше қателіктер мен асыра сілтеулер орын алады. Айта кетсек, осы жылдары тек 7000 отбасы ғана орыс кулактары тартып алған жерге ие болды. Келесі жылдары жерге орналастыруға байланысты жұмыстар бұрынғы қарқымен жүргізіле берді.

1921-1922 жылдардығы Түркістан мен Қазақстанда жүргізілген жер-су реформасы едәуір кемшіліктеріне қарамастан жағымды жақтарынан айырылған жоқ. Бұл оқиға патша үкіметінің саясатындағы әділетсіздіктерге қарсы тұру, Қазақстан жеріндегі халықтардың жерге деген құқығын қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралардың бастамасы болды. Келесі жылдардағы оқиғалардың алдыңғы мақсаты ретінде аграрлық мәселені шығаруға ықпал етті.


26. Қазақ зиялыларының ұжымдастыру саясатына қарсы көзқарастары. «Т.Рысқұловтың хаты», «Бесеудің хаты».
Тұрар Рысқұловтың Сталинге хаты АСТАНА. ҚазАқпарат - ХХ ғасырдың 20-30 жылдары қазақ халқының азаттық жолында күрескен зиялы азаматтардың бірі - Тұрар Рысқұлов. 20-шы жылдардың аяқ шенінде ауыл шаруашылығын ұжымдастыру науқанын бастап, зорлық күштеумен қазақ халқын отырықшыландыруға кірісті. Зорлап отырықшыландыру барысында бұрмалаушылық, асыра сілтеушілік орын алып, өрескел қателіктер жіберілді. Ұжымдастыру нәтижесінде Қазақстандағы 40 млн мал саны 4,1 млн-ға дейін кемиді. Елді аштық жайлап, жұқпалы аурулар тарады. Елдегі қалыптасқан жағдайды, үкімет тарпынан жіберіліп жатқан өрескел қателіктерді айтып Тұрар Рысқұлов И.В.Сталинге, қазақ өлкелік комитеттерінің бірінші хатшысы Л.Мирзоянға бірнеше хат жолдайды.

27. 1917 ж. Қазан төңкерісінің Қазақстанның қоғамдық саяси өміріне әсері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет