1. Анатомия пәні мен оның міндеттері, зерттеу әдісі, түрлері


Ұйқы безінің құрылысы, қызметі



бет57/72
Дата24.04.2023
өлшемі0,49 Mb.
#86134
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   72
Ұйқы безінің құрылысы, қызметі.


Ұйқы безі (лат. pancreas — үйқы безі) — сыртқы және ішкі секреция безі. Сыртқы секреция безі ретінде ол ас қорыту ферменттеріне бай үйқы безі сөлін бөледі. Сонымен қатар, үйқы безі арақашықтарының жасушалары инсулин гормонын қанға бөледі. Сыртқы секреция без бөлігі құрылысы жағынан көпіршікше-түтікше бездерге жатады.
Ұйқы безі - ішкі және сыртқы бездердің ең ірісі. Бұл бас, дене және құйрық бөлімдерден тұрады. Басы ұлтабармен жанасады. Без екі типті клеткалардан тұрады: біреуі гормондарды (инсулин, глюкагон), басқалары ішекке ұйқы сөлін бөледі. Оның құрамына маңызды ас қорыту ферменттері, оның ішінде трипсин, липаза, амилаза және т.б. трипсин белоктар мен пептидтерді аминқышқылдарға дейін ыдыратады, липаза майларды глицеринге және май қыш-қылына, ал амилаза қалған полисахаридтерді глюкозаға дейін ыдыратады.
Ұйқы безінің жүйкелік және гуморальдық реттелу қызметінің механизмі бар.
Сіңірілу күрделі физиологиялық процесс. Аш ішектің ішкі бетінде бүрлер болғандықтан, барқыт секілденіп көрінеді, солардың қатысымен белок, май мен көмірсудың ыдырау өнімдері қанға сіңеді. Бүршіктердің өте көп болуы аш ішектің кілегейлі қабықшасының сіңіру бетін едәуір арттырады. Бүрдің әрқайсысына қан тамырлары мен лимфа тамырлар келеді. Олар қоректік заттардың суда еріген ыдырау өнімдерін өзіне сіңіріп алады. Сіңіру дегеніміз - сүзілу, диффузия секілді таза физикалық процесс қана емес, сонымен қатар ол қоректік заттардың бүрлерден өтуі арқылы жүзеге асатын физиологиялық процесс болып табылады. Бүрлер ішектерде тіршілік ететін микроорга-низмдердің қан лимфаға өтуіне кедергі жасай отырып, қорғану қызметін де атқарады.


  1. Жыныс бездерінің құрылысы, қызметі.


Аталық жыныс бездері — жыныс органының күрделі бөлігі. Мұнда аталық жыныс клеткаларымен бірге аталық жыныс гормондары түзіледі. Аталық безі мезотелий мен ақ кабықшадан тұратын қабықпен қапталған.
Осы қабықтан аталық жыныс безін бөліктерге бөлетін дәнекер ұлпалық бөлмелер тарайды. Бөліктерде 1-2 ирек шәует каналшықтар болады.
Аналық жыныс бездері жұп органдар, құрсақ қуысында жатырдың екі жаныңда жатады. Оны бір қабатты бір қатарлы куб тәрізді эпителий қаптап тұрады. Эпителийдің астында дәнекер ұлпалық ақ қабықша болады. Аналық жыныс безінің қан тамырлары мен нервтерге бай ішкі немесе жұмсақ қабатын және аналық жыныс клеткалары — ооциттер болатын сыртқы немесе қабық қабатын ажыратуға болады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет