1. Анатомия пәні мен оның міндеттері, зерттеу әдісі, түрлері


Иммунды жүйе ағзаларының құрылысы



бет53/72
Дата24.04.2023
өлшемі0,49 Mb.
#86134
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   72
Байланысты:
1. Анатомия пәні мен оның міндеттері, зерттеу әдісі, түрлері-melimde.com

Иммунды жүйе ағзаларының құрылысы.


Иммундық жүйе - организмнің генетикалық дамуында қалыптасқан клеткалық және гуморалдық иммунитет құрамының тұрақтылығын сапалы қадағалайтын жүйе
Иммундық жүйе мақсаты:
- бөгде клеткалардың организмге кіруінен және генетикалық өзгерген клеткалардың пайда болуынан қорғайды;
- ескірген (кәрі) ақаулы өз клеткаларын және дәл сол сәттегі организмнің ерекшелігіне сай келмейтін бұзылған клеткаларды жойып отырады;
- генотипі бөтен жоғары молекулалы биологиялық заттарды бейтараптайды.
Иммундық жүйе - көпкомпоненті, бірақ барлығы тұтас жұмыс істейтін кешен. Иммундық жүйеге эволюциялық дамуында ерте қалыптасқан бейспецификалық қорғаныс компоненттері және кейін пайда болған спецификалық қасиеті өте жоғары иммундық реакциялар қатысады.
Иммундық жүйенің негізгі клеткасы - лейкоцит, оның әр түрлі популяциясы және субпопуляциясы бар.
Иммундық жүйе мүшелері орталық және шеткі болып екіге бөлінеді. Орталық иммунитет жүйесіне айырша без, фабрициус қалтасы (құстарда), сүйек миы кіреді.
Шеткі иммунды жүйе мүшелеріне көкбауыр, лимфа бездері, басқадай лимфалық құрылыстар жатады.



  1. Ішкі секреция бездеріне сипаттама, гормон туралы түсінік.


Ішкі секреция бездері немесе эндокриндік мүшелер жүйесі (гр.«endon» - ішкі, «сrino» - бөлемін) биологиялық белсенді заттар бөлетін мүшелерге жатады. Ішкі секреция бездерінің жасушаларын ұсақ қантамырлар мен лимфа қылтамырлары торлайды. Бұл бездерде бөлінетін сұйықтықты шығаратын өзек болмағандықтан, сұйыктық бірден қанға өтеді. Сондықтан мұндай бездерді ішкі секреция бездері деп атайды.
Ішкі секреция бездеріне жататындар: гипофиз, қалқанша без, қалқанша маңы безі, тимус, эпифиз, бүйрек үсті бездері және т. б. Ұйқыбез бен жыныс бездері - аралас бездер. Олар әрі ішкі, әрі сыртқы секрециялық қызмет аткарады. Бұл бездерден бөлінетін заттар канға да және басқа мүшелерге де өтеді. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтықты гормондар дейді.
Гормондар (гр. «һоrmae» - қоздырамын, козғалыска келтіремін) - ішкі секреция бездерінен бөлінетін ұлпалар мен мүшелерге әсер ететін биологиялық белсенді заттар. Гормондардың барлығы ағзалық заттар, себебі, олардың біреуі нәруыздан, екіншісі аминқышкылдарынан, үшіншісі май тектес заттардан құралған. Гормондар ішкі секреция бездерінен бөлінін, қан, лимфа, ұлпа сұйыктығы арқылы басқа мүшелерге жеткізіледі. ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық - аралық дағы гипоталамус (гр. «һуро» - асты, төменгі жағы, «tаlаmое» - бөлме). Оны көру төмпешік асты бөлімі деп те атайды. Гипоталамус пен гипофиздің қызметі бірімен-бірі тығыз байланысып, гипоталамустен гипофиздік жүйе құралады. Жүйке ұлпасынан бөлінетін гормондар - нейрогор-явтт аталады. Олар қан құрамының тұрақтылығын және зат алмасудың қажетті деңгейін қамтамасыз етеді. Осы арқылы ағза кызметінің әрі рефлекстік, әрі гуморальдық реттелуі жүзеге асады
Қызметі:
1. Гормондар денедегі зат алмасу қарқындылығын өзгертеді;
2. Ағзаның тіршілік ету ортасына бейімделушілігін арттырады;
3. Өсу мен көбеюді реттейді;
4. Ағзадағы физиологиялық үдерістерді үдетеді (күшейтеді) немесе бәсеңдетеді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет