1. Анатомия пәні мен оның міндеттері, зерттеу әдісі, түрлері


Гипофиз, эпифиз, құрылысы



бет54/72
Дата24.04.2023
өлшемі0,49 Mb.
#86134
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   72
Байланысты:
1. Анатомия пәні мен оның міндеттері, зерттеу әдісі, түрлері-melimde.com

Гипофиз, эпифиз, құрылысы.


Гипофиз – аралық мида орналасқан ішкі секреция бездерінің ең негізгі жетекшісі орталығы. Гипофиз – сопақша пішінді, салмағы 0,5 – 0,7г. Гипофиз гармондарының барлығы химиялық құрамы бойынша пептидті (нәруызды). Гипофиз үш бөліктен түрады: алдыңғы, ортаңғы және сыртқы.
Алдыңғы бөліктің гормондары: тиреотропты гормон, адренокортикотропты гормон, гонадотропты гормон, самоторопты гормон, пролактин, лактин гормондары.
Ортаңғы боөлікте меланоцитотропин гормоны бөлінеді.
Сыртқы бөліктің өзі гормон түзбейді, тек гипоталамуста түзілген вазопрессин, оксотоцин гормондары қанмен гипофиздің артқы бөлігіне жиналады. Вазопрессин организмнің бүйректе судың қайта сіңірілуі арқылы зәр шығаруын азайтады. Окситоцин жатыр бұлшық еттерінің жиырылуын күшейтеді.
Гипофиздің гормондары аз бөлінсе, адамның бойы өспей калады. Ер адамның бойының биіктігі 130 см, өйелдерде 100-120 см-ден ас-пайды. Терінің дәнекер ұлпасының нәруыз синтезі бұзылып, тері құрғап, бетке көп әжім түседі.
Бұл безден бөлінетін 25 түрлі гормонның 7-еуі жеке бөлініп алынып, толық зерттелген.
Қызметі:
1) гипофиздің алдыңғы бөлігі құрамы нәруыздан тұратын өсу гормонын (соматотропин) бөледі. Өсу гормоны дененің, өсіресе ұзын сүйектерінің өсуіне әсер етеді;
2) нәруыздың, майдың, көмірсудың алмасуын реттейді;
3) жыныс бездерінің жұмысын қалпына келтіреді;
4) сүт безінен сүттің бөлінуін камтамасыз етеді;
5) бүйрек үсті безі қыртысының өсуіне, одан бірнеше гормондар бөлінуіне, қалқанша бездің дамуына әсер етеді;
6) кандағы темірдің тұрақтылығын сақтайды.
Эпифиз - пішіні домалақша без, салмағы 0,2 г. Ол ортаңғы ми мен аралық мидың ортасында орналасқан. Одан мелатонин гормоны бөлінеді. Ол ағзадағы тәуліктік ырғаққа, басқа ішкі секреция бездерінің және қандағы калий мөлшеріне әсер етеді.
Эпифиз (шишковидная железа); (epiphysis, грек, ері — үстінде, рһуо — өскін, бүр) — аралық ми эпиталамусы құрамына кіретін ішкі секреция бездерінің орталық мүшесі. Эпифиз сыртынан дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Одан без ішіне қарай дәнекер ұлпалық перделіктер таралып, оның паренхимасын бөлікшелерге бөледі. Без паренхимасын екі түрлі жасушалар: ұсақ глиоциттер және ірі пинеалоциттер түзеді. Пинеалоциттер боялу сипатына қарай ашық және күңгірт түсті эндокриноциттерге бөлінеді. Пинеалоциттер жыныс мүшелерінің дамуын бәсендетіп, жыныстық жетілуді тежейтін, қандағы калийдің деңгейін жоғарылататын серотонин және мелатонин гормондарын бөліп шығарады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет