1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы



бет129/202
Дата07.12.2022
өлшемі0,58 Mb.
#55509
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   202
Байланысты:
Анатомия сессия

Өкпенің жиектері:
- Өкпенің алдыңғы жиегі, margo anterior, ол өкпенің қабырғалық беті мен, facies costalis көкірекаралық бетінің, facies mediastinalis, аралығында орналасқан. Сол өкпенің алдыңғы жиегі, ойыса келе, жүректік тілікті, incisura cardiaca кұрап, өкпенің төменгі жиегіне жалғасады. Бұл тіліктің төменгі бөлігі, сол өкпенің тілшігімен, lingula pulmonis sinistri, шектелген.
- Өкпенің төменгі жиегі, margo inferior, өкпенің қабырғалық беті, facies costalis, мен көкірекаралык бетін, facies mediastinalis, көкеттік бетінен, facies diaphragmatica, бөледі.
- Өкпенің артқы жиегі, margo posterior, омыртқа бағанасының бүйір қапталында, өкпе ұшынан X II- қабырғаның басына дейінгі аралықта, вертикаль бағытта орналаскан.
Сонымен қатар, екі өкпенін бетінде киғаш саңылау, fissura obligua, мен горизонталді саңылау, fissura horizontal, орналаскан.
Өкпенің қиғаш саңылауы, fissura obligua, екі өкпеде бірдей орналасқан. Ол оң және сол өкпе қакпасының, hilus pulmonis, артқы қапталынан, III - кеуде омыртқанын артқы өсіндісінің тұсынан басталады. Саңылау өкпенің қабырғалық бетімен төмен және алға карай өтіп, ҮІ - қабырғаның тұсында, жоғары және артқа қарай өкпенің көкеттік, одан әрі көкірекаралық бетімен өтіп, өкпе қақпасына барып тұйыкталады. Екі өкпе өкпенің қиғаш саңылауы арқылы жоғарғы, lobus superior, және төменгі бөліктерге, lobus inferior, бөлінеді.
Оң өкпенің кабырғалық бетінің горизонталді санылауы, fissura horizontalis pulmonis dextra. Горизонталді саңылау оң өкпенің қиғаш саңылауынын ортаңғы бөлігінен немесе ортаңғы қолтық сызықтан, linea axillaris media басталады. Ол одан әрі оң өкпенің қабырғалық бетімен горизонталді бағытта алға қарай өтіп, ІҮ - қабырғаның тұсында өкпенің көкірекаралык бетіне өтіп, өкпе қақпасына барып тұйықталады. Өкпенің горизонталді саңылауы арқылы оң өкпенің жоғарғы бөлігі жоғарғы және ортаңғы бөліктерге, lobus superior et medius pulmonis dextri, бөлінеді.
Екі өкпенің көкірекаралық бетінің ортаңғы бөлігінде өкпенің қақпасы, hilus pulmonis, орналасқан. Окпе какпасы арқылы өкпенің терең қабатына өкпенің басты бронхтары, bronchi principalis, мен өкпе артериялары, аа. pulmonales dextra et sinistra, және өкпе нервтері өтіп, өкпе қақпасынан кері бағытта өкпе веналары мен лимфа тамырлары шығады. Өкпе қақпасы арқылы өтетін анатомиялык құрылымдар жиынтығы өкпе түбірі, radix pulmonis, деп аталады. Оң өкпе қакпасы, hilus pulmonis dextra, сол өкпе кақпасына карағанда қысқа және көлемді. Ол V -кеуде омыртқасы мен II - қабырғаның аралығында орналасқан. Оң өкпе кақпасында, жоғарыда оң басты бронх, bronchus principalis dextra, онын астында өкпе артериясы, a. pulmonalis, одан төменірек өкпе веналары vv. pulmonales, орналаскан.
Сол өкпе кақпасының, hilus pulmonis sinistra, жоғарғы жағында өкпе артериясы, a. pulmonalis, төменірек сол басты бронх, bronchus principalis sinistra, одан төменірек өкпе веналары, vv. pulmonales, орналаскан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет