1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы


Өкпенің сыртқы бетінің көріністері



бет130/202
Дата07.12.2022
өлшемі0,58 Mb.
#55509
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   202
Байланысты:
Анатомия сессия

Өкпенің сыртқы бетінің көріністері:
Өкпенің сыртқы беті жылтыр, тегіс және дымқыл келген өкпенін сірлі қабығының, tunica serosa, висцералді табағы. Терең дем алғанда, inspiratio, өкпенің сыртқы бетінде, көлемі ұсақ 0,5-1,2 мм-дей көпбұрышты бөлшектер, lobuli pulmonales, айқын көрінеді. Өкпенің ұсақ бөлшектері бір-бірінен, аралығында орналаскан дәнекер тіндер мен қантамырлар және ересек адамдарда айқын байқалатын пигменттер арқылы шектелген. Өкпенің сыртқы бетінің түсі жас балаларда кызғылт түсті. Ересек адамдарда өкпенін
түсі күңгірттеле келіп, бірте - бірте қара қошкыл түсті болуы, дем алу кезінде өкпенің майда бөлшектерінің аралығындағы дәнекер тінге қонған шаң тозаңдарға тікелей байланысты. Салмағы тұрақсыз. Ересек ер адамдарда 1000-1300гр, әйел адамдарда 200-300 гр жеңілдеу.
Өкпенің топографиясы:
Өкпеніңұшы, apex pulmonis, алдынан қарағанда бұғана сүйегінен 2 см, бірінші қабырғадан 2-3 см жоғары орналасса, артқы жағы VII- мойын омыртқаның көлденең өсіндісіне тұспалас орналасқан.
Ішкі құрылысы:
Екіге бөлінген:1)Бронхтық; 2)Альвеолалық.
1.Бронхылық ағаш-тыныс алғанда ауаны сыртқа және ішке қарай өткізетін құрылым
Проекциясы: 4-кеуде омыртқасында.
Құрылысы:кеңірдектікіне ұқсас болып келеді.
Бөлімдері: Басты бөлімі: 2-ге бөлінген:оң/солbronchi principales dexter/sinister.
Үлесті бөлімі(bronchi lobares): Оңжақ өкпе: ■bronchus lobaris superior
■bronchus lobaris medius
■bronchus lobaris inferior
Солжақ өкпе: ▼bronchus lobaris superior
▼bronchus lobaris inferior
2.Альвеолалық ағаш-тыныс алу және газ алмасу процесін жүргізеді.
Басты бөлімдері:■альвеоланың кіреберісі vestibulum alveolae
■альвеоланың жолы ductuli alveolae
■альвеоланың қапшықтары sacculi alveolae
Оң өкпенің скелотопиясы:
Оң өкпенің алдынғы жиегі, margo anterior, оң өкпенің кабырғалық беті мен көкірекаралық бетінің бір-біріне ұласкан жерінде өткірлеу болып орналасқан. Ол оң өкпенің ұшынан төс-бұғана буынның, art. sternoclavicularis, артқы бетіне карай қиғаш өтіп, одан әрі вертикал бағытта орталық сызыктың, linea mediana, бойымен төмен бағытта, оң VI-қабырға шеміршегінің тұсында оңөкпенің төменгі жиегіне жалғасады. Оң өкпенің төменгі жиегі, margo inferior, оң өкпенің қабырғалық беті мен көкеттік бетінің өзара бір-бірімен беттескен жерінде өткірлеу келіп, жартылай шеңберлі горизонталді бағытта орналаскан. Ол, оң өкпенің алдыңғы жиегінің тікелей жалғасы, орталық сызықтың бойында, VI-қабырғаның шеміршектік бөлігімен қиылысқан жерінен басталып, төмен және латералді өтіп, алдыңғы қолтықсызығында, linea axillaris anterior, VIIқабырғаны, ортаңғы қолтық сызығында, linea axillaris media, V III-кабырғаны, артқы қолтық сызығында, linea axillaris posterior, IXқабырғаны, жауырын сызығында, linea scapularis, X - қабырғаны кесіп өтіп, омыртқа жанындағы сызықта, linea paravertebralis, XI қабырғанын тұсында оң өкпенің артқы жиегіне жалғасады. Оң өкпенің арткы жиегі, margo posterior, оң өкпенің кабырғалық беті мен көкірекаралық бетінің түйіскен жерінде, оң ІІ-кабырға басының тұсынан ХІ-қабырғаның мойына дейінгі аралықта вертикал бағытта орналаскан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет