1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы


centralis, орталықөзектіқоршапжатады. Латералды аралық зат,substantia intermedia lateralis



бет161/202
Дата07.12.2022
өлшемі0,58 Mb.
#55509
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   202
centralis, орталықөзектіқоршапжатады.
Латералды аралық зат,substantia intermedia lateralis , орталық аралық заттың жалғасыболып табылады да, жұлынның СVIII -LII-III сегменттеріндебүйірлік дөңесті- латералды мүйізді, cornu laterale, құрайды.
Substantia intermedialateralis – вегетативтік нерв жүйесінің симпатикалық бөлігініңорталағы болып табылады.
Артқы мүйізде ендірме нейрондар орналасқан, олар ядроларқұрап, сезімталдықтың әр түрлерін қабылдайды.Артқы мүйіздеменшікті ядроны, nucleus proprius, кеуделік ядроны, nucleus thoracicus,(Кларк-Штиллинг ядросы ) сілікпе тәрізді затты,substantiagelatinosa және басқа да ядроларды ажыратады. Оларда жұлынтүйінінде орналасқан сезімтал нейрондардың орталық өсінділерікеліп аяқталады. Орталық өсінділер жұлынға артқытүбіршіктер арқылы енеді.
Жұлынның алдыңғы мүйізінде қозғалтқыш нейрондарорналасқан.Олар бес: латералды-алдыңғы,латералды-артқы,медиалды-алдыңғы, медиалды-артқы және орталық ядроларды түзеді.Бұл нейрондардың аксондары жұлыннан алдыңғы түбіршіктің құрамында шығып, жұлын нервісін түзуге қатысады.

Жұлынның ақ заты,substantia alba, сұр затты қоршай орналасып,оң және сол жақтарында үш жіпшеге бөлінеді. Алдыңғы жіпше,funiculus anterior, алдыңғы орталық саңылау мен алдыңғытүбіршіктің аралығында; бүйір жіпше, funiculus lateralis, алдыңғы және артқы түбіршіктердің аралығында; ал артқы жіпше, funiculus posterior, артқы орталық жүлге мен артқы түбіршіктердің аралығында орналасқан. Жіпшелер нерв талшықтарының будаларынантүзілген. Будалардыңүштүріажыратылады:


1. Ассоциативтікбудалар
2. Жоғарылаған (сезімтал) өткізгішжолдар
3. Төмендеген ( қозғалтқыш) өткізгішжолдар

Артқы жіпшеде – жоғарылаған өткізгіш жолдар, бүйір жіпшеде –жоғарылаған және төмендеген өткізгіш жолдар, алдыңғы жіпшеде,негізінен, төмендеген өткізгіш жолдар орналасады.Артқы жіпше, артқы аралық жүлге арқылы, медиалды орналасқан жіңішке будаға, fasciculus gracilis, (Голль будасы) және латералды орналасқан сынатәрізді будаға, fasciculus cuneatus, (Бурдах будасы) бөлінген. Аталған екі буда арқылы саналы проприоцептивтік сезімнің өткізгіш жолы және жанасу, қысым сезімінің өткізгіш жолының бір бөлігі өтеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет