1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы



бет160/202
Дата07.12.2022
өлшемі0,58 Mb.
#55509
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   202
Байланысты:
Анатомия сессия

Сомалық нерв жүйесі организмнің сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз етеді. Ол теріні, көлденең жолақты бұлшықеттерді және сезім ағзаларын нервтендіреді, яғни, қызметі біздің еркімізге (санамызға) бағынатын ағзаларды нервтендіреді. Сонымен сомалық нерв жүйесі қоршаған ортадан ақпаратты қабылдап, оған организмнің жауабын қамтамасыз етеді.
Автономдық ( вегетативтік) нерв жүйесі ішкі ағзаларды, тамырларды, жүректі, бездерді, құрамында бірыңғай (тегіс) салалы бұлшықеттер бар ағзаларды, яғни, қызметі біздің еркімізге бағынбайтын ағзаларды нервтендіреді. Сондықтан да автономдық нерв жүйесі деп аталып кеткен. Бірақ бұл жүйенің дербестілігі толық емес, ол ми қыртысының сұр затына белгілі бір дәрежеде бағынады: адам ұялғанда қызарып кетеді, қорыққанда – бозарады, қатты қобалжығанда жүрек соғысы жиілейді (тахинардия) т.с.с. Автономдық нерв жүйесі организмді тұтас бір жүйеге біріктіріп, ішкі ағзалардың қызметін реттеп, үйлестіріп отырады. Ішкі ағзаларға әсеріне байланысты ол парасимпатикалық және симпатикалық бөліктерге бөлінеді.

156.Нерв жүйесініңқұрылымдық-қызметтікбірлігі–нейрон.
Нерв жүйесі екі түрлі қызмет атқарады: біріншісі- организмнің сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз етеді; екіншісі- организмдегі барлық ағзалардың қызметін басқарады. Яғни, нерв жүйесі сыртқы және ішкі ортадан түскен ақпаратты қабылдап, талдап, оған организмнің жауабын қамтамасыз етеді. Осы қызметтері рефлекстер арқылы жүзеге асады. Нерв жүйесі барлық ағзалар мен тіндерге таралып организмнің барлық бөліктерін байланыстырып тұрады. Нерв жүйесінің анатомиялық құрылымдық-қызметтік бірлігі нейрон (нерв жасушасы,нейроцит) деп аталады.
Нейронның денесі және өсінділері болады.Өсінділерінің дендрит және аксон деп аталатын екі түрі болады. Дендриттер нервтік импульсті тек нейроннің денесіне қарай өткізсе, ал аксон импульсті нейронның денесінен тек ары қарай (басқа нейронға немесе ағзаға) өткізеді. Нервтік импульс бір нейроннан екінші нейронға – нейронаралық синапс арқылы беріледі.
Қызметіне байланысты нейрондардың: сезімтал, аралық (ендірме) және қозғалтқыш деп үш түрі ажыратылады.
1.Сезімтал (афференттік, рецепторлық) нейрон. Бұл нейрондардың ерекшеліктері – олардың денелері орталық нерв жүйесінен тыс орналасқан және дендриттері аксонына қарағанда ұзын болады. Сезімтал нейрондардың өсінділері әдетте дендрит және аксон деп аталмайды, дендриті – шеткі өсіндісі, аксоны – орталық өсіндісі деп аталады. Сезімтал нейронның шеткі өсіндісі рецептордан басталып, орталық өсіндісі жұлында немесе мида аяқталады. Рецепторлар сыртқы немесе ішкі ортада әсер ететін тітіркендіргіштерді ( ақпаратты ) нервтік импульске айналдырады. Орналасқан жеріне байланысты рецепторлардың үш түрін ажыратады.
1.Экстероцепторлар сыртқы орта тітіркендіргіштерін қабылдайды. Олар теріде және ауыз, мұрын қуыстарының шырышты қабықтарында, сезім ағзаларында орналасып - жанасу, температуралық және ауырсыну сезімдерін қабылдайды.
2.Интероцепторлар ішкі ағзаларда орналасқан. Олар ішкі ортаның химиялық және механикалық әсерлерін қабылдайды.
3.Проприоцепторлар тірек-қимыл мүшелерінде (бұлшықеттерде, сіңірлерде, шандырларда, байламдарда сүйекқапта және буын қапшықтарында) орналасқан.
2. Аралық (ендірме, ассоциативтік) нейрон нервтік импульсті сезімтал нейроннан қозғалтқыш нейронға жеткізеді.
3. Қозғалтқыш (эфферентті, эффекторлы) нейрон. Бұл нейронның аксондары нервтердің құрамында ағзаларға барады.
Нерв жүйесінің қызметі рефлекстер арқылы іске асады. Рефлекс - организмнің сыртқы және ішкі ақпараттарға (тітіркендіргіштерге) жауабы. Рефлекстер шартсыз және шартты болып екіге бөлінеді.
Туа біткен, тұқым қуалаушы рефлекстер шартсыз рефлекстер деп аталады. Олар жұлын және ми сабауы арқылы іске асады ( төменгі нервтік қызмет).
Жеке өмір сүру барысында организмнің қоршаған ортамен уақытша байланыстар түріндегі арақатынасы шартты рефлекстер арқылы іске асады. Шартты рефлекстер, жоғары нервтік қызметті қамтамасыз ететін үлкен ми қыртысының қатынасуымен жүреді. Бұл рефлекстер арқылы организм өте күрделі қызметтер атқарады.
157.Орталық нерв жүйесі. Жұлынныңэмбриогенезі, нерв түтігініңқалыптасуы.
Орталық нерв жүйесі, systema nervosum centrale, омыртқа бағанасыныңөзегіндеорналасатынфилогенетикалық көне жұлыннан жәнебассүйек қуысында жататынжастау мидан, encephalon, тұрады.Олар екеуі генетикалық, морфологиялық және функциялық өзарабайланысқан.
Нерв жүйесі, systema nervosum, сыртқы ұрықтық табақтан,эктодермадан,ectodermaдамиды. Нерв жүйесініңқалыптасуыалғашындатұлғаныңдорсалдібетіндегіэктодерманыңбуылтығындай нерв пластинкасытүрінде басталады.Кейінненнерв пластинкасының жиектері қалыңдап, өзара жақындасады,албұл кезде нерв пластинкасы тереңдей түсіп, нерв жүйесін түзейді.Пластинканың жиектері нерв буылтығы тәрізді өзара қосылып, нерв түтігінқұрайды. Нерв түтігі тереңге батырылып,одан түзілген эктодермадан бөлініп шығады.Түзілген нерв түтігімен және жасушалардан түзілген эктодермашекараларында осылармен бір уақытта түйіндік(ганглиоздық) пластинкаларқалыптасады, кейін олар екіге айырылады: олардың бір бөлігі буылтық түрінде нерв түтігінің бүйірінде, оның дорсалді бөліміне жақын орналасып,омыртқааралық түйіндер, ganglia intervertebralia; нерв жасушасының қалғанбөлігішеткері орналасып, симпатикалық нерв жүйесінің нерв-түйіндік тобын түзеді.
Нерв түтігінің жасушалары нейрон түзетін нейробластыға және нейроглияэлементтерін беретін спонгиобластыға бөлінеді.Нерв түтігінің кеңейген краниалді бөлімінен ми, encephalon, ал қалғанбөлігінен жұлын, medulla spinalis, дамиды.
Дамудағы нерв жүйесінің кұрамына кіретін нейрондар, өздерініңөсінділері арқылы ми немесе жұлынның әртүрлі бөлімдерінің арасында байланыстар орнатады, оларды тұйыкталған (ассоциативті) нейрондар деп атайды немесе нерв жүйесімен басқа ағзалар арасында байланыстарды жүзегеасырып,рецепторлық-сезімтал немесе аффекторлы және эффекторлы нейрондартүзеді.
Ми мен жұлыннан тармақталатын нервтердің, nervi, кұрамынааффекторлыжәне эффекторлы нейрондар аксондары кіреді.Орталық нерв жүйесі ми және жұлын, сұр заттан, substantia grisea,және ақзаттан, substantia alba, құралған.Сұр зат нерв жасушаларыденелеріжиынтығынан, ақ зат нерв жасушаларыаксондарынан
тұрады.
Нерв түтігініңжұлынқалыптасатынбөлігінде нерв жасушалары қуыстыайналаорналасып, жұлынныңсұрзатын, substantiagriseamedullaespinalis,түзеді.
Сұрзаттыңдорсалді, артқымүйізі, cornuposterius, вентралді,алдыңғымүйізі, cornuanteriusжәнелатералді, бүйірмүйізі,cornulaterale,ажыратылады. Осы жасушалардыңөсінділерітүтіккабырғасыныңперифериясындаорналасып, жұлынның ақ затының, substantiaalbamedullaespinalis, пайдаболуына қатысады.Жұлынныңдамуынабайланысты нерв куысытарылып,жұлынныңорталықөзегіне, canaliscentralismedullaespinalis,айналады.Өзекжұлынсұйықтығымен, liquorсеrеbrospinalis,толтырылған. Минервтүтігініңкеңейгенкраниалдібөлімінендамиды.Нервтүтігінендамығанжүлынменмибөліктеріжэнеолардантармақталғаннервтербірігіп, анатомиялық, функционалдібіртұтастықдепсаналады.


158.Жұлынның сыртқы,ішкі,сегменттік құрылысы.
Жұлын, medullaspinalis, омыртқабағанасыөзегіндеорналасқан.
Пішініалдынанартынақарайаздапқысыңқы, цилиндртәріздіболыпкеледі. Оныңмойындық, кеуделікжәнетбелдік бөліктерінажыратады. Ұзындығыеркектердеорта есеппен 45 см,әйелдерде 42см шамасында,жуандығы 8 мм-ден( кеуделік бөлігінде) 14 мм- ге(мойындықжәнебелдік бөліктерінде) дейінболады . Жоғарғы
жағында, шүйдесүйектіңүлкентесігініңдеңгейіндежұлынсопақшамиғажалғасады. Бұлжердежұлыннанбіріншіжұпжұлыннервтерішығады. Жұлынның төменгішетісүйірленемилықконус,conusmedullaris, 257 түріндеI-II бел омыртқаларыдеңгейіндеаяқталады. Милық конус жіңішкесоңғыжіпке, filumterminale,жалғасады, ол II құйымшақомыртқаныңартқыбетінебекиді.
Жұлынныңжуандағанмойындықбуылтығы, intumescentiacervicalisжәне бел – сегізкөздікбуылтығы, intumescentialumbosacralis, бар,оларданқолжәнеаяқнервтеледі, сондықтанаталғанбуылтықтарданейрондар көп орналасқан.
Жұлынныңалдыңғыбетіндеалдыңғыорталықсаңылау, fissuramedianaanterior, артқыбетіндеартқыорталықжүлге, sulcusmedianusposterior,орналасқан, оларжұлындысимметриялықекібөліккебөледі. Жұлынныңәрбіржартысындаалдыңғылатералдыжүлге, sulcusanterolateralisжәнеартқылатералдыжүлге, sulcusposterolateralis, өтеді. Артқылатералдыжүлгегеартқытүбіршік,radixposterior (сезімтал),енеді. Бұлтүбіршіктіңалдыңғытүбіршікпенқосылатынжеріндежұлынтүйіні, ganglionspinale,орналасқан, олжалғанбірөсінділі (жалғануниполярлы) сезімталнейрондардантүзілген. Осы нейрондардыңорталықөсінділері(аксондары) артқытүбіршіктіқұрайды. Алдыңғылатералды
жүлгеденалдыңғытүбіршік, radixanterior (қозғалтқыш), шығады.Бұлтүбіршікжұлынныңалдыңғымүйізіндеорналасқанқозғалтқышнейрондардыңаксондарынантүзілген. Алдыңғыжәнеартқытүбіршіктержұлынныңбүйіржақтарындаомыртқааралықтесіктіңмедиалдыжиегіндебір-біріменқосылып - жұлыннервісін,nervusspinalis,түзеді.

Метамердің құрамына бір дерматом мен миотомнан дамыған терінің бөлігі және қаңқа бұлшықеттері енеді.Жұлын ішкі жағында орналасқан сұр заттан, substantia gris , және сыртқы жағында орналасқан ақ заттан, substantia alba, түзілген. Сұр


зат негізінен нейрондардың денелерінен, ақ зат нерв талшықтарынан (нейрондардың өсінділерінен) түзілген.
Сұр зат, substantia grisea, жұлынның оң және сол жартыларында,бір-бірімен аралық сұр затпен қосылған алдыңғы және артқыбағаналарды, columna anterior et columna posterior , құрайды.
Аралық сұр зат VIII мойындық сегменттен II- III белдік сегменттераралығында бүйірлік дөңесті- латералды бағананы, columna lateralis,түзеді. Жұлынның ортасында орталық өзек , canaliscentralis, орналасқан. ­Өзектің жоғарғы шеті IV қарыншаменқатынасады, ал төменгі шеті милық конус аймағында біраз кеңейіпсоңғы қарыншаны, ventriculus terminalis, түзеді. ­Өзек нерв түтігініңқалдығы болып табылады, оны ми-жұлын сұйықтығы толтырып
тұрады.
Жұлынныңкөлденеңкесіндісіндесұрзаттыңпішінікөбелеккенемесе «H» әрпінеұқсасболыпкеледі. Сұрзаттыңалдыңғымүйізін, cornu anterius , жәнеартқымүйізін, cornu posterius,ажыратады. Олардыңарасындаорталықаралықжәнебүйіраралықзаттарорналасқан. Орталықаралықзат , substantia intermedia


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет