1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы



бет158/202
Дата07.12.2022
өлшемі0,58 Mb.
#55509
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   202
Әйел несеп шығаратын өзегі, urethra feminina, қуықтан әйел несеп шығаратын сыртқы тесігімен, ostium urethrae internum, басталып, қынап тесігінен жоғары және алға қарай ашылатын сыртқы тесікпен, ostium urethrae externum, аякталатын тақ мүше.
Әйел несеп шығаратын өзегі ұзындығы 2,5-3,5 см, диаметрі 8- 12 мм, қысқа, сәл иілген және төмпешігімен сыртқа қараған түтік. Өзек қынаптың алдыңғы қабырғасымен бітісе өскен. Төмен бағыттала отырып, несеп шығаратын өзек қасаға симфизінің төменгі шетін астынан айналып, несепжыныс көкетін тесіп өтеді. Әйел несеп шығаратын өзегі қабырғаларының қүрылысы:
Шырышты қабық, tunica mucosa, беткейінде бойлық қатпарлар мен ұңғылдарәйел несеп шығаратын өзегінің шұнкыршақтары, lacunae urethrales, бар. Қабык қалындығында әйелдің несеп шығаратын өзегінің бездері, gll. urethrales, орналасқан.
Шырышты қабықтың сыртына қарай ішкі бойлық және сыртқы дөңгелек қабаттардан құралған бұлшықеттік қабық, tunica muscularis, орналасқан. Дөңгелек қабат қуықтың бұлшықеттік қабығымен бітісіп, ішкі тесігіне еріксіз қысқыш құрайды. Төменгі бөлікте, несеп-жыныс көкеті арқылы өтетін жерде әйел несеп шығаратын өзегі ерікті қысқыш, sphincter urethrae, кұрайтын бұлшықет талшықтарының шоғырларымен капталған.

151.Шатаралық кіші және үлкен мағынада, құрылысы, бөлінуі.
Шат, perineum, -кіші жамбас астауынан шығаберісті толтырып тұратын тері, бұлшықеттер, шандырлар деп аталатын жұмсақ тіндердің жиынтығы.
Шат аймағының шекаралары:алдынан қасаға симфизінің төменгі жиегі, артынанқұйымшақұшы, бүйірінен қасаға және шонданай сүйектерінің тармақтары және шонданай төмпесі.
Егер, соңғы бүйір жиектерін- шонданай төмпелерін, алдынан-қасаға симфизінің төменгі нүктелерін, артынан -құйымшак үшын алатын болсак шаттың пішіні ромбтәрізді.
Шонданай төмпелерін қосатын көлденен сызық, шатты екі үшбұрышқа: алдыңғыжоғарғы-несепжыныс (regio urogenitalia), ал төменгіартқы өтіс аймақтарына (regio analis) бөледі. Несепжыныс аймағы деңгейінде несепжыныс көкеті, ал артқы өтіс аймағында - жамбас астау көкеті орналасады. Екі көкет өзара негіздерімен жанасқан, ал ұштары сәйкес қасаға симфизіне және құйымшаққа бағытталған.
Шат кіші мағынада алдынан сырткы жыныс мүшелері және артынан артқы өтіс аралығындағы, шаттың сіңірлі орталығына, (centrum tendineum perinei), сәйкес аймақ. Әйелдерде бұл аймақ жыныс саңылауының артқы жиегінен артқы өтістің алдыңғы жиегіне дейін, ал ерлерде ұманың артқы жиегінен артқы өтістің алдыңғы жиегіне дейінгі аралық. Шат терісінде алдан-артқа бағытталған кою жолақ-орталық жік, (raphe mediana), өтеді, ол ерлерде ұма жігіне жалғасады.
Несепжыныс және жамбас астау көкеттері терең, беткей қабаттарында орналасқан бұлшықеттермен және шандырлармен құралған бұшықетті-шандырлы табақ. Артқы өтіс аймағында жамбас астау көкетінің бұлшықеттері жоғарғы және төменгі шандырлардың аралығында жатады. Несепжыныс көкетінің терең бұлшықеттері несепжыныс көкетінің жоғарғы және төменгі шандырларының аралығында жатады. Барлық бұлшықетті-шандырлы табақ кіші жамбас астау қуысы жағынан жамбас астау шандырының париеталді табағымен, сыртынан (төменнен) беткей шандырмен жабылған. Несепжыныс көкеті, diaphragma urogenitalis, ұшы қасаға симфизіне қараған, үшбұрыш пішінді, шаттың алдыңғы бөлігі. Оның жиектері касаға және шонданай сүйектерінің тармақтарымен шектелген және негізі шонданай төмпелерін қосатын сызыкқа сәйкес келеді. Ерлерде несепжыныс көкеті арқылы несеп шығаратын өзек, әйелдерде -несеп шығаратын өзек пен қынап өтеді.

152.Аналді үшбұрыштың бұлшықеттері және фасциялары.
Жамбас астау көкеті, diaphragma pelvina, үшбұрыш пішінді, шаттың артқы бөлігінде орналаскан. Оның ұшы құйымшаққа, ал екі басқа бұрышы шонданай төмпелеріне караған.Жамбас астау көкеті аркылы ерлерде де, әйелдерде де тік ішектің соңғы бөлігі өтеді.Жамбас астау көкетінің бұлшықеттері терең және беткей қабаттардан тұрады.

  • Жамбас астау көкетінің беткей бұлшықетіне артқы өтістің сыртқы қысқышы, m. sphincter ani extemus, жатады. Артқы өтістің сырткы қысқышы бірнеше талшықтардан тұрады. Еңбеткейталшықтары теріасты шелмайда аяқталады.

Құйымшақ ұшынан басталатын талшықтар артқы өтісті қапсырып, шаттың сіңірлі орталығында аяқталады. Терең талшықтары тік ішектің төменгі бөлігін қоршап, артқы өтісті көтеретін бұлшықетте жатады. Артқы өтістің сырткы қысқыш бұлшықетінің барлық талшықтары жиырылғанда артқы өтіс тесігін жабады. Жамбас астау көкетінің терең қабатына екі бұлшыкет; артқы өтісті көтеретін және құйымшак бұлшыкетгері жатады.
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет