1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы



бет168/202
Дата07.12.2022
өлшемі0,58 Mb.
#55509
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   202
Байланысты:
Анатомия сессия

Сүйелді дененің ортаңғы бөлімі,сүйелді дене сабауы, truncus corporis callosi, бойлық бағытта шығыңқы түзіп, мидың үлкен дәнекерінің ең ұзын бөлігі болып
саналады.
Артқы бөлімі, сүйелді дене буылтығы, splenium corporis callosi, мидың жоғарғы қосалқысы, epiphysis cerebri, және төбе табақшасының, lamina tecti, үстінде бос салбырап тұрады.
Сүйелді дененің жоғарғы бетінде сұр заттың жіңішке қабаты – сүйелді дененің сұр жамылғысы, indusium griseum corporis callosi, жатады, ол кейбір учаскелерде бойлық бағытта жүретін жолақ түрінде төрт кішкене буылтық түзеді. Жолақтар орталық жүлгенің - сүйелді дене жіктерінің жан-жағында екеуден орналасады. Екі медиалді бойлықжолақты, striae longitudinales mediales, және екі латералді бойлық жолақты, striae longitudinales lateralis, ажыратады.
Сүйелді дене сұр затының бөлігі алдыңғы бөлімінде кұстұмсық аймағында самай маңындағы катпарға, gyrus paraterminalis, немесе сүйеласты қатпарға, gyrus subcallosusөтеді; латералді бойлық жолақ артқы бөлімдерінде сүйелді дене буылтығының төменгі бетін орап, сұр жолаққа - таспалық жолаққа, gyrusfasciolaris, жалғасып, тістік қатпарға, gyrus dentatus, өтеді. Сүйелді дененің жоғарғы бетінде бойлық жолақтардан басқа бірнеше қатар сүйелді дененің көлденең жолақтары бар, олар латералді және медиалді бойлық жолақтардың
арасында айкын көрінеді.
Сүйелді дененің жоғарғы беті деңгейінде жүргізілген ми сыңарларының көлденең
кесінділерінде ми сыңарларының ақ затының орналасуы жақсы көрсетілген. Әрбір ми сыңарларында ақ зат жартылай сопақшалық орталык, centrum semiovale, атауын алады.
Ақ зат шеткері үлкен ми кыртысын, cortex cerebri, кұрайтын сұр заттың, substantia grisea, қабатымен көмкерілген. Сүйелді денеден кететін ақ талшықтар әрбір ми сыңарының қалыңдығында радиалді тарамдалып, сүйелді дене тарамдарын, radiatio corporis callosi, түзеді, онда ми сыңарлары үлестеріне сәйкес маңдайлық,төбелік, самайлык жэне щүйделік бөліктерді, pars frontalis,parietalis, temporalis et occipitalis radiationis corporis callosi,ажыратады.
Сүйелді дене тарамдарының артқы бөлімдері шүйделік бөлік аймағында жіңішкеріп, бүйір карыншалардың төменгі және артқы мүйіздерінің төбесі жоғарғы қабырғасы, cornu inferius et cornu posterius ventriculi lateralis, саналып, жамылғы, tapetum, атауын алады.

Ми күмбезі, бойлык талшықтардан кұралған өте иірімді иілген және ұзартылған пішінді тартпа. Оның күмбез денесін, corpus fornicis, күмбез аяқшаларын, crura fomicis, жэне күмбез бағаналарын, columnae fomicis,ажыратады.
Күмбез денесі, corpus fomicis, өзінің ортаңғы қалыңдаған бөлігімен сүйелді дене астында жатады. Ол мидың фронталді кесіндісінде үшжақты призма пішінді. Оныңжоғарғы беті мөлдір қалканың, septum реіlucidum, арткы бөлімдерімен жэне сүйелді дененің төменгі бетінің артқы бөлімдерімен тұтасып кетеді.
Күмбез денесінің латералді жиегінде бүйір қарыншаның тамырлы өрімі, plexuschorioideus ventriculi lateralis жатады, оның эпителиалді жапыракшасымен түтасып,күмбез таспасын, tenia fomicis, түзеді. Күмбез таспасы күмбез аякшалары жэне төменгі мүйізде шашақ таспасына өтеді. Күмбез денесінің киғаш томен караған латералді беттері көз төмпесіне, thalami optici, жартылай оның жоғарғы беттеріне,жартылай медиалді жоғарғы жиектеріне жанасады. Күмбез денесінің жоғарғы бетінің мұкал жиегі үшінші карыншанын,тамырлы табақшасының, tela chorioidea venti-ісціі tertii, үстінде жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет