1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы


Буынның негізгі және қосалқы элементтері



бет35/202
Дата07.12.2022
өлшемі0,58 Mb.
#55509
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   202
Байланысты:
Анатомия сессия

35. Буынның негізгі және қосалқы элементтері.
Буындар (articulatio)- шеміршекпен жабылған буын беттерімен қосылып, буын капсуласына енгізілген және қуысында синовиалды сұйықтық бар үзілісті, қуысты, қозғалмалы байланыстар.
Буындардың негізгі элементтеріне: буын беті, буын капсуласы және буын қуысы жатады.
Буын беті (facies articularis) – гиалинді кейде талшықты, қалыңдығы 0,2 – 0,5 мм болатын буын шеміршегімен жабылған. Үнемі үйкелісте болатындықтан буындық беттің сырғанауын жеңілдету үшін шеміршек жылтырлыққа ие болған. Буын беттерінің пішіндері әр түрлі, бірақ бір-біріне сәйкес, яғни конгруентті болып келеді.
Буын шеміршегі (cartilage articularis)- екі қабаттан тұрады.Шеміршектің тереңқабаты сүйекпен тығыз байланысқан және кальций тұздарымен сіңірілген.Бұл қабатта хондроциттер (шеміршекті жасушалар) дәнекер-тінді талшықтармен қоршалған, олар қатар немесе бағана түрінде беткейге қарай перпендикуляр орналасқан.Шеміршектің беткей қабатында доға түріндегі дәнекер- тінді талшықтар көп , олар тереңқабатта басталып,сонда аяқталады.Бұл талшықтар шеміршектің бетіне қарай параллель бағытталады.Сонымен бірге бұл қабатта көптеген аралық заттар орналасқан, соған байланысты шеміршектің буын беті тегіс,жылтыр.Шеміршектің беткей қабаты буын беттерінің бір –біріне сырғанауын қамтамасыз етеді.
Буын шеміршектерінің маңызы –сүйектердің буын беттерінің бұдырларын тегістеп конгруэнттілігін арттырады және үйкелісін тежейді.Өзінің серпімділік күшініңәсрінен соққылар мен шайқауларды жұмсартады, сондықтан буындардағы буын шеміршектеріне үлкен жүктеме түсетіндіктен , шеміршек қалың болады. Жас ұлғайған сайын буын шеміршегініңқалыңдығы мен тегістігі азаяды.
Буын капсуласы (capcula articularis) –буын қуысын саңылаусыз қоршап, буын беттерінің жиектеріне бекиді. Сыртқы - фиброзды жарғақтан (membrana fibrosa) және ішкі – синовиалды жарғақтан (synovialis) тұрады.
Фиброзды жарғақтыңөзі екі тығыз дәнекер тінді : сыртқы бойлық және қан тамырлар жататын ішкі шеңберлі қабаттардан тұрады.Капсуланы буын ішілік капсулалық жалғамалармен бекітіп, буылтықтар түзеді және олар ауырлық көп түсетін жерлерде орналасады. Қимылы шектеулі буындарда фиброзды жарғаққалыңдау,ал қимылы үлкен буындарда жұқа болады.
Синовиалды жарғақ эндотелий жасушалар қабатымен жабылғандықтан тегіс және жылтыр әрі бүрлер, қатпарлар және жастықтар түзуге қатысады. Ол буын қуысына жабысқақ, мөлдір синовиалды сұйықтық – синовияны (synovia) бөледі, ал ол өз кезегінде буын беттерініңүйкелісін азайтады. Сонымен қатар оныңқұрамына муцин ,мукополисахаридтер және гиалурин қышқылы кіреді. Буын қуысындағы сұйықтық көлемі буынның көлеміне байланысты және 5 мм3 - 5см3 дейін. Синовиалды сұйықтықтыңқызметі: қимыл кезінде үйкелісті тежейді, жүктемені жеңілдетеді, буын шеміршегін қамтамасыз етеді, буын беттерінің беттесуін реттейді, зат алмасуға қатысады.
Буын қуысы ( cavitas articularis) – буын беттерімен және капсуламен шектелген кеңістік. Қалыпты жағдайда ол бос қуыс емес, синовиалды сұйықпен толып тұрады. Сұйықтық алмасуда және буындық беттерін іліктестіру арқылы бекітуде роль атқарады. Беттердің сығылу және соғылуын жұмсартатын буфер қызметін атқарады.
Буындардыңқосалқы элементтері. Буынның, жалғамалардың, буын ішілік шеміршектердің, буын еріндерінің, буын қатпарларының, сесама сүйектерінің және буын қапшықтарыныңқызметін осы элементтер реттейді. Буын капсуласына қатысты капсулалық және капсула сыртылық жалғамалар бар.
Капсула ішілік жалғама – буын қуысында орналасып, буын беттерінің бір-біріне қатынасын реттейді (тізе буыны, қабырға басының буыны және ұршық буыны).
Капсулалық жалғама – буын капсуласы қалыңдығында орналасып, оны бекітеді.
Буын сыртылық жалғамалар – капсуладан тысқары орналасып, буын қимылын шектейді.
Буын шеміршектері (cartilagines intraarticulares) – табақшалар түрінде буын беттерінің арасында орналасатын фиброзды шеміршектер.
Буын еріндері (labrum articulare) – буын шұңқырының жиегін толтыратын білезік пішінді фиброзды шеміршек.
Синовиалды бүрлер (villi synoviales) және синовиалды қатпарлар (plicae synoviales) – синовиалды қабықпен жабылған, қан тамырларға бай дәнекер құрылым.
Сесама сүйектері (ossa sesamoidea) – сүйек қабы жоқ кеуекті сүйектер.
Синовиалды қапшықтар (bursae synoviales) – көбіне буын қуысымен байланысатын, синовиалды жарғақпен көмкерілген кішкене қуыстар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет