1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы



бет68/202
Дата07.12.2022
өлшемі0,58 Mb.
#55509
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   202
4. Ең ұсақ сатылы бұлшықет,m.scalenusminimus. Қызметі:омыртқа бағанасын тіктеп ұстаған кезде, I қабырға мен плевра қапшығының күмбезін көтеру қызметін атқарады.
Мойынның терең бұлшықеттерінің медиальды тобы:
1. Мойынның ұзын бұлшықеті,m.longus colli. Қызметі:омыртқа бағанасының мойын бөлігін алға немесе бүйір қапталына қарай тарту.
2. Бастың ұзын бұлшықеті,т.longus capitis.Қызметі:бас пен мойын омыртқаларын бүгу қызметін атқарады.
3. Бастың алдыңғы тік бұлшықеті, m.rectus capitis anterior.Қызметі:бас пен мойынды алға қарай ию.
4. Бастың латералды тік бұлшықеті, m. rectus lateralis. Қызметі:басты бүйір қапталына қарай ию.
Мойын бұлшық еттерінің фасциялық қабықшасы В.Н. Шевкуненконың тұжырымдауы бойынша 5 табақшаға бөлінеді.
Бірінші фасциялық табақша немесе мойын бұлшықеттерінің беткей орналасқан фасциялық табақшасы, fascia collisuperficialis;
Екінші фасциялық табақша, немесе мойынның меншікті фасциялық қабықшасының беткей табақшасы, lamina superficialisfasciae colli рrорrіае;
Үшінші фасциялық табақшасы немесемойынның меншікті фасциялық қабықшасының терең табақшасы, lamina profundafasciae colli propriae, немесе жауырын-бұғаналық, fascia omoclavicularis деп аталады;
Төртінші фасциялық табақша, немесе мойынның ішкі фасциялық табақшасы,fascia endocervicalis;
Бесінші фасциялық қабықша, немесеалдыңғы омыртқалық фасция, fascia prevertebralis.
Мойын бұлшықетгерінің фасциялық қабықшаларының күрделі болуына байланысты, Париждік анатомиялықатаулардың тізіміне сүйенсек, мойын бұлшықеттерінің фасциялық қабықшасы ажыратылады:
1. Мойын бұлшықеттерінің беткей фасциялық табақшасы, lamina superficialis ол В.Н.Шевкуненко топтастырған мойын бұлшықеттерінің беткей фасциялық қабықшасына, lamina superficialis colli, сәйкес келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет