2. Жауырын-бұғаналық үшбұрыш,trigonum omoclaviculare.
а) алдыңғы қабырғасы: төс-бұғана-еміздікбұлшықетінің, m.sternocleidomastoideus, артқыбетімен;
ә) төменгі қабырғасы: бұғана сүйегімен,os.clavicula;
б) жоғарғы қабырғасы: жауырын – тіластыбұлшық еттің төменгі қарыншасымен,m.omohyioideus, venter interior шектеледі. Бұлүшбұрыштың бойында бұғана астылық венаөтеді.
Бакенов М.
Анатомия сессия
63-71 билет
63) Мойынның шандыр қабықтары мен қабықаралық кеңістіктері, олардың практикалық маңызы.
Мойын бұлшықеттерінің фасциялық қабықшалары, fascia cervicalis, өте күрделі болып орналасқан. Мойын бұлшықеттерінің фасциялық қабықшасы В.Н. Шевкуненконың тұжырымдамасы бойынша 5 табақшаға бөлінеді.
Бірінші фасциялық табақша немесе мойын бұлшықеттерінің беткей орналасқан фасциялық табақшасы, fascia colli superficalis, ол кеуденің беткей орналасқан фасциялық қабықшасының тікелей жалғасы болып саналады. Бұл фасциялық қабықша мойын аумағына қарай өтіп, тек қана мойынның тері асты бұлшықетінің, m. platysma, фасциялық қабықшасын құрап, желке маңында өзара бір-бірімен айқасып тұйықталынады.
Екінші фасциялық табақша немесе мойынның меншікті фасциялық қабықшасының беткей табақшасы, lamina superficalis fascia colli propriae. Бұл табақша мойынның тіласты сүйегінен жоғары және төмен орналасқан бұлшықеттер мен қан тамырлардың және нервтердің фасциялық қабықшасын құрайды. Фасциялық қабықшасының жоғарғы бөлігі өрлеме бағытта өтіп, төменгі жақ сүйегіне бекіп, одан әрі шайнау бұлшықеттері мен шықшыт безінің фасциялық қабықшасына ұласса, төменгі бөлігі бұғана сүйегі мен төс сүйегінің тұтқасына бекіп, кеуде бұлшықеті мен дельта тәрізді бұлшықетінің фпсциялық қабықшасына ұласады. Меншіктік фасциялық қабықшаның екі жақтық бөлігінің бүйір қапталы мойын омыртқалардың арқа өсіндісіне қарай өтіп, төс-бұғана-емізік бұлшықет пен трапеция тәрізді бұлшықеттің фасциялық қабықшасын құрып, мойынның желкелік байламына, ligomentum nuchae, мен жалғасады. Сонымен қатар бұл фасциялық табақшадан мойын омыртқасының көлденең өсіндісіне қарай өтіп, фронтальды жазықтық бойында орналасқан табақшаны құрайды. Бұл табақша арқылы мойын аумағы, алдыңғы және артқы аймақтарға бөлінеді. Негізгі қызметі: потологиялық іріңделген жағдайда, іріңнің алдыңғы бөлігінен артқы бөлігіне қарай өтуіне тосқауыл жасау.
Үшінші фасциялық табақшасы немесе мойынның меншікті фасциялық қабықшасының терең табақшасы, lamina profunda fascia colli propriae, немесе жауырын-бұғаналық, fascia omoclavicularis, деп аталады. Ол мойынның алдыңғы бөлігінде, төс-бұғана-емізік бұлшықеттің артында трапеция тәрізденіп орналасқан. Бұл фасцияның терең табақшасының жоғарғы жиегі тіласты сүйегімен, төменде бұғана сүйегімен және төс сүйегінің тұтқасымен бүйір қапталы жауырын-тіласты бұлшықетімен, m. omohyioideusшектелген. Табақшаның бүйір қапталы жауырын-тіласты бұлшықеттеріне қарай өтіп, қалыңдап жауырын-бұғана атты апоневрозды табақшаны, aponeurosis omoclavicularis, құрап мойынның тіласты сүйегінен төмен орналасқан бұлшықеттердің қынабын құрайды. Сонымен қатар мойынның меншікті фасциялық қабықшаның беткей табақшасы мен терең табақшасының аралығында апоневроз аралық кеңістік, spatium interaponeuroticum suprasternale, кездеседі.
Төртінші фасциялық табақша немесе мойынның ішкі фасциялық табақшасы, fascia endocervicalis. Бұл фасциялық қабықша мойын маңында орналасқан мүшелердің: көмейдің, қалқанша бездің, жұтқыншақтың, өңештің және ірі қантамырлардың қынабын құрап орналасқандықтан, ішкі мүшелердің фасциялық қабықшасы деп аталуы сол себепті. Топографиялық орналасуына қарай: сыртқы париетальдық, ішкі висцеральдық табақшаға бөлінеді. Париетальдық және висцеральдық табақшаларының аралығында қантамырлар мен нервтер, лимфа түйіндері орналасқан кеңістік, spatium previsceralis, кездеседі. Бұл кеңістіктің ішінде кеңірдектің алдыңғы кеңістігі, spatium pretrahealis, орналасқан. Бұл кеңістіктің аралығында: іркілдеген дәнекер ткандар мен лимфатикалық түйіндер және қалқанша бездің пирамидалық бөлігі оның қан тамырлары орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |