1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы


Несепағар, құрылысы, бөлімдері, ішастарға қатынасы



бет145/202
Дата07.12.2022
өлшемі0,58 Mb.
#55509
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   202
Байланысты:
Анатомия сессия

136.Несепағар, құрылысы, бөлімдері, ішастарға қатынасы. Несепағардыңтарылужерлері, практикалықмаңызы.
НЕСЕПАҒАР (ureter), бүйрек қақпасынан шығып несепқуыққа ашылады. Несепқуықтың қызметі бүйректен шығарылған несепті несепқуыққа жеткізу. Несепағар орташа ұзындығы 30 см. диаметрі 8 мм шамасында, сонымен қоса ішкі саңылауының диаметрі 4 мм. Несепағардың өне бойында үш физиологиялық тарылу ажыратылады: бүйректен шыға бере, іш бөлігінен жамбас бөлігіне өткенде және несепқуыққа кіргенде. Несепағарлар бүйректердей ішастар артында орналасқан.Несепағар (ureter) -несептің бүйрек түбегінен несепкуыкка өтуін қамтамасыз ететін жұп ағза.Несепағардың ұзындығы ерлерде- 30-32 см, әйелдерде -27-29 см.
Ол iш куысында және кіші жамбас астауында орналасады; Несепағарлардың іштің алдыңғы кабырғасына проекциясы - кіндік тұсында іштін тік бұлшыкетерінің латералді жиегіне сәйкеседі.Несепағарлардың іштін арткы кабырғасына проекциясы- омырткалардың көлденен өсінділерінін ұштарын қосатын вертикалді сызыктын бойына сәйкеседі.Несепағар L2-S4,яғни бел омыртқа мен сегізкөз аралығында денгейінде орналаскан.Несепағарлар ішастар артында (ретроперитонеалді) орналаскан, несепағарлар ішастардың париеталык табакшасымен дәнекертінді жіпшелер аркылы байланысып бекиді, сол себеті ішастарды ажыратканда несепағарлар барлық уакытта iшастардын артқы бетінде калып бірге ажырайды;
Несепағар топографиялық орналасуына байланысты 3 бөлікке бөлінеді: іштік, жамбас астау, қабырғаішкі. Несепағардың іштік бөлігі, parsabdominalis, белдің үлкен бұлшықетінің, m. psoas major алдыңғы бетінде орналасқан.Оң несепағардын жамбас астау болігі оң ішкі мықын артериясы мен венасының, a. et v. iliacae internae, алдынан, сол-жалпы мыкын артериясы мен венасының алдынан отеді.
Макроскопиялык кұрылысы:
1. Несепағар үлестері:
-іштiк бөлігі (раrs abdominalis);
-жамбастык бөлігі (рars pelvina):
-қабырғаішілік бөлігі (рars intrаmuralis) (несепқуықтын кабырғасында орналаскан).
2. Несепагардын тарылулары:
-бүйректік тарылу- несепағардың бүйрек түбегінен басталатын жерінде;
-жамбастық- несепағардың кіші жамбас астауынан өткен жерінде (linea terminalis денгейінде);
-қабырғаішілік- (рars intrаmuralis) (несепқуықтын кабырғасында орналаскан).
Несепағардың 3 тарылуы бар:
-бүйрек түбегінен несепағардың басталған жерінде;
-несепағардың іштік бөлігінің жамбас астау болігіне өткен жерінде (жамбас астауының шекаралық сызығы тұсында);
-несепағардың несепқуыкка ашылған жерінде. Несепағар ішастар артында, ретроперитонеалді орналасқан.
Микроскопиялық құрылысы:
1.Cілемейлік кабык (tunica muсоsa): -
көпкабатты, өтпелі эпителиймен жабылған;
-бойлық қатпарлары (plicae longitudinales) болады;
2. Бұлшыкеттік кабық:
-ішкі қабат-бойлық(stratum longitudinale)
-сырткы кабат циркулярлы (stratum circulare)
-төменгі үштен бір белігінде сыртынан оларға үшінші кабат косылады - бойлық (stratum longitudinale);
3. Сырткы кабық: адвентиция (арткы, медиалді және латералді жактарында) және сірлі кабык (алдынғы жағында).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет