1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы



бет147/202
Дата07.12.2022
өлшемі0,58 Mb.
#55509
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   202
138.Аталық без құрылысы және қызметі.
Атабез (testis), сперматозоидтар түзетін, гормондарды қанға бөліп шығаратын жұп ағза. Атабездер ұмада орналасып бір-бірінен қалқамен бөлінеді, беті тегіс, сопақша келген. Атабездің салмағы-25гр шамасында, мөлшерлері келесідей: ұзындығы-4см ені-3см-ге дейін,қалыңдығы-2 см шамасында. Атабездің жоғарғы және төменгі ұштарын (extremitas superior et inferior), артқы және алдыңғы жиектерін (margo anterior et posterior) медиальді және дөңестеу латеральді беттерін (facies medialis et lateralis) ажыратады. Жоғарғы ұшында атабез өсіндісін (appendix testis)көруге болады. Атабез сыртынан, астында атабез паренхимасы (parenchyma testis) орналасқан тығыз ақ қабықпен (tunica albuginea) қапталған. Ақ қабықтың артқы бөлігі атабез паренхимасына еніп шағын өсінді, атабез аралығын (mediastinum testis) түзеді. Аралықтан шығатын дәнекертінді жінішке қалқалар (septula testis) атабез пaренхимасын сaны 300-ге дейін жететін үлесшелерге (lobuli testis) бөледі, әр үлесше бірнеше иреленген өзекшелерден (tubuli seminiferi contorti) тұрады. Олар әрі қарай бір-бірімен қосылып тік өзекшелерге (ductuli seminiferi recti) айналады.
Аталық без қабықтары, олардың туындылар:
1) Тері(cutis)-адам денесінің терісінің жалғасы. Жұқа,қоңыр және жақсы созылмалы келеді, тері мен май бездеріне бай және өзіне тән иісі болады;

2) Етті қабық(tunica dartos)- теріастында жатады және теріасты шелмайдың ұқсас туындысы. Құрамында эластикалық талшықтар мен бірыңғайсалалы бұлшықет тіні болады;


-етті қабықтың арқасында ұма терісі біршама жиырыла алады және сыртқы орта температурасы төмендесе аталық безді қасағалық дөңеске тартады, ал жоғарыласа-едәуір созылмалы және аталық бездердің ұмаға түсуіне ықпал етеді,бұл процестер спертогенезге қажетті қолайлы температураны тұрақты ұстап тұру үшін маңызы зор;

3) Сырткы шәует фасциясы (fascia spermatica externa) - іштің алдынғы кабырғасының беткей фасциясының жалғасы;


4) Аталық безді көтеретін бұлшықет фасциясы (fascia cremasterica) - эластикалы талшықтардан тұрады, беткей шап сақинасының (anulus inguinalis superficialis) жиегінен басталады, іштің меншікті фасциясынын жалғасы, дәлірек айтсақ-m.cremaster (атауы сол себепті берілген) жауып жататын аяқша аралык фасцияның (fascia intercruralis) жалғасы;


5) Аталық безді көтеретін бұлшыкет (m. сremaster) - жұқа көлденең жолақты бұлшықет талшыктарынан тұрады, іштің көлденең бұлшыұетінің (m. transversus abdominis) жалғасы; шап каналына (саnalis inguinalis) өтiп шәует шылбырының кұрамына кіреді және аталық безді тор тарізді жауып орналасады; ескеретін жағдай, m.сremaster көлденең жолақты бұлшықет талшықтарынан тұрғанымен, бірыңғайсалалы бұлшықет талшықтарымен бірге біздін еркімізге байланыссыз жиырылып аталық бездерді жоғары тартып көтереді. Ол сырткы температураның өзгеруіне байланысты;


6) Iшкі шаует фасциясы (fascia spermatica interna)-iштің көлденең фасциясының (fascia transversalis) жалғасы; ішкі шәует фасциясы аталық бездің қынапты қабығының (tunica vaginalis testis) париеталық табакшасымен бітісіп орналаскан және аталык бездің артқы жиегінде аталық без бен оның қосыалқысын жабатын висцералық жапырақшаға ауысады. айналады;


7) Аталық бездің қынапты қабығы (tunica vaginalis testis)- іш қуысы iшастардың жалғасы, яғни қынапты өсіндінің (рrocessus vaginalis) туындысы. 2 жапырақшадан тұрады: париеталық (lamina parietalis) және висцералық (lamna visceralis):


-висцералық жапырақша аталық бездің ақ қабығымен бітісіп жатады және аталық без қосалқысына өтіп бітіседі,
-аталық бездің артқы жиегінде висцералық жапырақша париеталық жапырақшаға ауысады,
-париеталық жапырақша аталық безді айналдыра қоршап жатады және ішкі шәует фасциясымен(fascia spermatica interna) тығыз бітісіп орналасады,
-париеталық және висцералық жапырақшалар аралығында- тұйық саңылау тәрізді сірлі қуыс(cavum vaginae) болады.
-cірлі қуыс-қалыпты жағдайда сірлі сұйықтық бөледі, ал патологиялық жағдайда су жиналып аталық бездің шемені пайда болады.

8) Аталық бездің ақ қабығы (tunica albuginea)- аталық безді сыртынан қаптап жататын және ұманың қынапты қабығының висцералық жапырақшасымен бітісіп орналасатын фиброзды қабық.


Аталық бездің 2 беті, 2 жиегі,2 ұшы ажыратылады:
1. Аталық бездің беттері:
-медиалді беті (facies medialis) - тегістеу болады;
-латералді беті (facies lateralis) - дөңестеу келген ;
2. Аталық бездің жиектері:
-алдыңғы жиегі (margo anterior) – бос жатады;
-артқы жиегі (margo posterior) - мұнда аталық без қосалқысы орналасқан, ал оның артында шәует шылбыры( funiculus spermaticus) жатыр.
3. Аталық бездің шеттері:
-жоғарғы шеті (extremitas superior) - аталықбез қосалқысының басымен жанасқан ұшы ;
-төменгі шеті (extremitas inferior), аталықбез қосалқысының құйрығы мен шәует шығарушы өзек орналасқан жер.
139.Аталық бездіңұмағатүсупроцесі, практикалықмаңызы.
Онтогенезде аталық бездердің негізі- іш қуысының бел аймағында қаланады, кейіннен аталық бездер біртіндеп төмен қарай жылжиды және туылар алдында ұмаға түсіп орналасады (descensus testis). Аталық бездердің ұмаға түсу (descensus testis) процесі:
-ұрықтық даму кезеңінің 3-4-ші аптасында жыныс бездерінің негізі іш қуысының бел аймағында қаланады (әрі қарай аталық немесе аналық жыныс безінің дамитындығы эмбриогенездің 7-8-ші апталарында белгілі болады);
-ұрықтық дамудың 3-4-ші айында аталық без жамбастың мықын шұңқырына түседі;
-5-6-шы айында шап түтігінің ішкі тесігіне жақындайды;
-7-8-ші айында шап түтігінде (canalis inguinalis) орналасады;
-9-шы айда аталық бездер бала туылатын кезеңде шап түтігінен ұмаға түседі;
Аталық бездің ұмаға түсінуінің маңызы: ұмадағы температура іш қуысындағы температурадан едәуір төмен бөледі, ал бұл жағдай сперматозоидтардың пісіп жетілуіне қолайлы температура. Сперматозоидтардың жетілуі үшін ұмада температура 35'C болу керек.
Аталык бездердің ұмаға түсуін толық тусіну ушін, осы процестін жүруіне ықпал ететін эмбриондық кұрылымдарды білген жөн:
Олар бағыттаушы жіпше және ішастардың қынаптық өсіндісі.
1) Аталык без жол көрсетішісі немесе өткізгіші (gubernaculum testis ) - бірыңғай салалы бұлшықет талшыктары мен фиброзды тіннен тұратын бағыттаушы жіпше:
-gubernaculum testis эмбриогенездік даму сатысында жоғарғы екі белдік омырткалар денгейінде түзілген аталык бездің төменгі шетінен басталып, iштің алдынғы кабырғасына жетеді, ол жерде кейіннен ұма калыптасады;
-бағыттаушы жіпше дамудың алғашқы кезендерінде ішастардын артында орналасады да, кейіннен ұмаға бағытталады, осылай аталықбез осы жіпшенін өткен жолымен жүріп шап каналы аркылы ұмаға туседі;
2) Ішастардың қынаптык өсіндісі (processus vaginalis рeritonei) iшастардың іш куысынан төмен қарай бағытталған тұйық өсіндісі:
- дамудың 3 айында, болашақ терең шап сакинасының орнында, қынаптык өсіндіні (processus vaginalis peritonei) қалыптастыратын, ішастардың қалташығы пайда болады;
-ұрық денесінің ұзындығының өсуіне байланысты аталық без төмен орналасып, ішастардың артымен жамбас қуысына жылжиды, кейін қынаптық өсіндінің тұсында болашақ сірлі кабықпен жабылып, ұмаға түседі;
-аталык без ұмаға түскеннен кейін ұрық шылбыры (funiculus spermaticus) толық қалыптасады;
-prоcessus vaginalis peritonei іштің алдыңғы кабырғасы аркылыұ мага өткен кезде іштің алдыңғы кабырғасының кабаттарын өзімен бірге ұмаға ала түседі; сол себепті, ұманың кабаттары немесе аталык без жэне ұрык бырының қабықтары іштің алдыңғы кабырғасының кұрылысына ұксас келеді.


140.Аталық безқабықтары, олардыңтуындылары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет