Тік қойнау, sinus rectus, мишық шатырының ми арасында орналасады. Ол жоғарғы сагиталді қойнаумен бірге көлденең қойнауына құйылады.
Үңгірлі койнау, sinus cavernosus, ол өзінің атын көптеген жарғақтарына байланысты, үңгірлі қүрылымның қойнау түріне байланысты беріледі, бұл қойнау түрік ершігінің жанында орналасады. Көлденең бөлігінде ол үшбұрыштәрізді болады, оның үш кабырғасы ажыратылады: жоғарғы, төменгі және ішкі. Жоғарғы қабырғасы көзқимыл нервімен кесіп өтеді. Төмендеу, сыртқы койнаудың кабырғасы, шығыршык нерві мен үшкіл нервтің бірінші тармагы көз нервінен өтеді. Шығыршык пен көз нервінің арасында экететін нерв кіреді. Қойнау арасынан ішкі үйқы артериясы өзінің симпатикалык нерв өрімімен өтеді. Қойнау куысында жоғарғы венасы өтеді. Үңгіраралык койнауы, sinus intercavernosi, арқылы он және сол үңгір қойнау бірбірімен ертоқым диафрагмасының алдыңғы және артқы бөлігімен байланысады. Түрік ершігіндегі гипофиз шұңқырын коршайды.
Сына-тобелік койнау, sinus sphenoparietalis, жүп, сына сүйегінің кіші канатына медиалді түрде бағытталып, үңгір қойнауына кіреді.
Жоғарғы тасты койнау, sinus petrosus superior, ол да үңгір қойнауының бірі болып табылады. Ол самай сүйектің пирамидасының жоғарғы бетінде орналасып, үңгір қойнау мен көлденең қойнауын байланыстырады.
Төменгі тасты койнау, sinus petrosus inferior, үңгір койнауынан шығып, шүйде сүйегі мен сына сүйегінің пирамида жүйесіне өтеді. Ол ішкі мойындырык венаның жоғарғы буылтығына кіреді. Оған лабиринт венасы сай келеді.
Негіздік өрім, plexus basilaris, ол шүйде сүйегінің базилярлы бөлігінде орналасады. Төменгі тасты койнаудың бірнеше дэнекер тінді веналық тамырларының жабылуы арқылы күрылады.
Шүйделік қойнау, sinus occipitalis, ішкі шүйде шодырына кіреді. Ол көлденең койнаудан шығып, 2-ге тармакталады, үлкен шүйде тесігін қоршайды да, сигматәрізді қойнауға құяды. Шүйделік койнау ішкі жүлын веналык өрімімен анастомоз кұрайды. Сол жерде ол көлденең, жоғарғы сагиталді, тік және шүйделік қойнаулармен байланысып, веналық кеңеюін, confluens sinuum, түзеді. Мидың қатты қабығы торлы қабыкка қатты қабықастындағы кеңістікке, spatium subdurale, бөлінеді, капиллярлы саңылау құрып, онда аз мөлшерде ми-жұлын сүйықтығы болады.
181. Жұлын сұйықтығының өнімі және ағу жолдары, оның функционалдық маңызы.
Жұмсақ қабық пен торлы қабықтың аралығында едәуір көлемді торлы қабықастылық қуыс , cavitas subarachnoidalis , орналасқан , оның іші ми – жұлын сұйықтығымен , liquor cerebrospinalis , толған.
Бұл сұйықтықтың организмнің басқа сұйықтарынан ерекше айырмашылығы бар.Ол тек ішкі құлақтың эндолимфасы және перилимфасы мен көздің сулы ылғалдығығана ұқсас. Ми-жұлын сұйықтығы plexus choroidei-ден секрециялану жолымен бөлініп орналасады, оның эпителилі қабығы бездің эпителиіне ұқсас болады. Ағзадағы ликвор мөлшері – 200-400 мл.
Әрбір бүйір қарыншада 15 мл ликвор болады; ІІІ, ІV қарыншада Сильвиев суөзегімен бірге 5 мл ликвор болады; церебральды субарахнойдальды аймақта- 25 мл; жұлында- 75 мл. Нәрестелердегі сұйықтықтың мөдшері ересек адамдарға қарағанда аз болады, нәрестелерде егер 60-80 мл болса, ересек адамдарда- 80-100 мл.
Қызметі: Liquor cerebrospinalis-ті жасап шығаратын аппараттың сұйықтыққа бір заттарға қарсы тосқауылдық қасиеті бар, осыған байланысты, оның миды зиянды әсерлерден қорғауда үлкен маңызы бар. Ми-жұлын сұйықтығы мимен оның негізіндегі тамырлар үшін қорғаныштық қызметті ғана атқармай, нерв жүйесі орталық мүшелерінің дұрыс қызмет атқаруы үшін ішкі орта болып саналады.