32.Бассүйек шұңқырлары. Олардың шекаралары, құрамы. Бассүйек негізінің ішкі бетін (Basis cranii interna) горизонталды немесе сагиталды аралап кескеннен кейін көре аламыз. Ол 3 шұңқырға бөлінеді: алдыңғысы мен ортаңғысы үлкен мида, артқысы мишықта орналасады.
1.Бас сүйектің алдыңғы шұңқыры (fossa cranii anterior) –маңдай сүйегінің көзұялық бөлігі. Торлы сүйектің торлы табақшасы мен сынатәрізді сүйектің кіші қанатынан түзілген. Алдыңғы шұңқырда ми сыңарының маңдайлықүлесі орналасқан. Бұл шұңқыр саусақтық батыңқылары және милық төмпешіктері бар маңдай сүйектің көз ұя бөліктерімен және торлы сүйектің тесіктелген табақшасының тесіктері арқылы мұрын қуысымен байланысқан. Тесіктелген табақшаның ортасында әтеш қырқасы (crista galli), алдында соқыр тесік (foramen ceccum) және маңдайлыққырқа (crista frontalis) орналасқан. Бұл шұңқыр көру өзегі арқылы көз ұямен байланысады. Көру өзектерінің тесіктері қиылысатын жүлге (sulcus prehiasmatis) арқылы байланысады.
2.Бас сүйектің ортаңғы шұңқыры (fossa cranii media) – алдыңғы шұңқырға қарағанда тереңдеу. Ортаңғы бөлігі түрік ертоқымынан түзілген. Бүйір өліктеріне сына тәрізді сүйектіңүлкен қанаттары, самай сүйектері және пирамиданың алдыңғы беті кіреді. Бас сүйектің ортаңғы шұңқырында түрік ертоқымына сәйкес келетін тақ орталық, оң және сол латералды бөліктерін ажыратады. Орталық бөлігінде гипофиз шұңқыры (fossa hypophisialis) орналасқан. Сына тәрізді сүйек денесінің латералды бетінде ұйқы жүлгесі (sulcus caroticus), ал самай сүйек пирамидасыныңұшында жыртық тесік (foramen lacerum) жақсы көрінген. Жыртық тесік арқылы ішкі ұйқы артериясы, үлкен және кіші тастық жүйкелер, терең тасты жүйкелер өтеді. Бас сүйектің ортаңғы шұңқырын сопақ және қылқанды тесіктер бас сүйектің сыртқы негізіндегі самай асты шұңқырымен байланыстырады. Ортаңғы шұңқыр тесіктері: canalis opticus, fissura orbitalis superior, foramen rotundum, foramen ovale, foramen spinosum, foramen lacerum.
3.Бас сүйектің артқы шұңқыры (fossa cranii posterior) - шұңқырлардың ішіндегі ең тереңі және ең көлемдісі. Құрамына шүйде сүйегі, сына тәрізді сүйек денесінің артқы бөлігі, самай сүйегінің pars petrоsa және төбе сүйегінің төменгі артқы бұрышы енеді.
Шұңқырлардың ортасында үлкен тесік, оның алдында ылди (clivus) орналасқан. Ылдида сопақша ми мен көпір жатады. Тесіктері: foramen magnum, canalis hypoglossalis, foramen jugulare, canalis condilaris(кейде болмайды), foramen mastoideum(тұрақтылау), porus acusticus internus пирамиданың артқы бетінде болады.