61.Мойынның бұлшықеттері мен шандыр қабықтары. Мойынның беткей бұлшықеттері. Мойынның терең бұлшықеттерi.
Мойын аумағында, regio cervicalis, орналасқан бұлшықеттердімойын бұлшықеттері, тт.colli, деп атайды.
Топографиялық орналасуына қарай мойын бұлшықеттері: беткейжәне терең орналасқанбұлшықеттерге бөлінеді.
1. Мойынның беткей орналасқан бұлшықеттеріне: мойынның теріасты бұлшықеті, m.platysma; төс-бұғана еміздік бұлшықеті, m.sternocleidomastoideus, және тіласты сүйегіне бекитін жоғарғы және төменгі бұлшықеттер жатады.
Мойынның теріасты бұлшықеті, m.platysma,Қызметі: жиырылған кезде мойынның терісін төмен қарай тартып, тері астында орналасқан веналардың қысылуынан қорғап, бас аумағынан жинақталған вена қанын жүрекке қарай өтуін қамтамасыз етумен қатар, ауыздың езуін төмен қарайтартады.
Төс — бұғана — еміздік бұлшықеті, m.sternocleidomastoideus. Қызметі:Тұлғаны берік ұстап тұрып, жиырылған кезде, басты бір жағына қарай иеді. Бұлбұлшық еттің екіжағы бірдей жиырылған кезде,басты артқа қарай, шалқайтады. Соныменқатар, басты тік ұстапжиырылған кезде, кеудеқуысын кеңейтіп, терең дем алуға ықпал етеді.
Мойынның тіласты сүйегінен жоғары орналасқан бұлшықеттері: 1)Екі қарыншалы бұлшықет, m.digastricus.Қызметі: тіласты сүйегін бекемдеп ұстаған жағдайда, томенгі жақ сүйегін төмен қарай тартады. Керісінше, төменгі жақ сүйегін мықтап ұстаған жағдайда, тіласты сүйегін жоғары қарай көтереді. 2) Біз-тіласты бұлшық еті, m.stylohyoideus. Қызметі:жиырылған кезде тіласты сүйегінартқа, жоғары қарайтартады. 3) Жақ-тіластылық бұлшықеті, mm. mylohyoideus.Қызметі:төменгі жақ сүйегін берік ұстаған жағдайда, тіласты сүйегін көтеруі. Керісінше: тіласты сүйегін жылжытпай мықтап ұстаған жағдайда төменгі жақсүйегін төмен тартады. 4) Иек-тіластылық бұлшықеті, m.geniohyoideus.Қызметі:тіласты сүйегін алға және жоғары қарай жылжытса, тіласты сүйегін бекемдеп ұстаған жағдайда төменгі жақ сүйегін төмен бағытта қозғалтады.
Достарыңызбен бөлісу: |