Рим тарихынкезеңдеу Рим тарихын біз 3 кезеңге бөлеміз. Ол 1) Патшалық дәуірдегі Рим (б.д.д. VІІІ-VІ ғғ.) 2) Республика кезеңіндегі Рим мемлекеті (б.д. VІ-І ғғ.) 3) Рим империясы (І –V ғғ.) Патшалық дәуірдегі Рим. Патшалық кезеңдегі Римнің ең маңызды істерін сенат жүргізді. Сенат– ақсақалдар кеңесі, әрбір рудың өкілінен өалыптасқан үш жүз адамнан тұрады. Рим қауымының өміріне қатысты жа- уапты мәселелер ең алдымен сенатта қаралады. Маңызды істер – қызмет адамдарын сайлау, сот шешімдері, соғыс және бейбітшілік мәселелері халық жиналысында – куриаттық коми- цияларда қаралатын болған. Куриаттық комициялар рулық округ – куриялар бойынша шақырылды. Курияның жұмысына тек жа- уынгер еркектер қатысты. Ерте Рим қауымының басында патша тұрды, оны куриаттық комицияларда сайлады. Рим патшалары гомер кезеңіндегі басилейлерге ұқсас болған. Олардың билігі деспотиялық сипатта болған жоқ, жоғарғы әскербасшы, сот, заң шығарушы қызметін бірге алып жүрді.
«Рим халқының» құрамына алғашқы кезде рулық ұйымның толық қанды мүшелері кірді. Оларды патрицийлер деп атады. Біртіндеп патрицийлер тұрғындардың артықшылық иеленген то- бына айналды. Рулық байланыстарын жоғалтқан, немесе басқа жақтан қоныс аударып келгендер ру құрамына кірген жоқ және бағынышты жағдайда болды. Патшалық Римнің тұрғындарының бұндай категориясы плебейлер деп аталды, олардың саяси өмірге араласуға, патрицилер өкілдерімен некеге тұруға құқығы болма- ды. Плебейлердің қоғамдық жер қорынан жер үлесін алуға құқығы болмады, бұндай жерлер тек патрицийлерге ғана берілді. Бұндай жағдай плебейлердің өз құқығы үшін күресіне алып келді, ол бірнеше ғасырға созылып, патшалық дәуірдің соңы мен ерте рес- публика кезеңіндегі Ежелгі Рим тарихының сипатын анықтады.
Республика кезеңіндегі Рим Б. э. дейінгі V—IV ғасырлар бойында партицийлік аристократиялық республика конституциясының бірте-бірте қалыптасып, даму процесі жүріп жатады. Тек патрицийлерден ғана сайланған барлық магистраттар (қызмет бабы адамдары) сенатқа бағынды. Ақсақалдар кеңесінен сенат бірте-бірте өзінін құрамы жағынан патрицийлік, үнемі жұмыс істейтін мемлекеттік органға айналады. Сөйтіп, кұрылып отырған республикада саяси өкіметтің барлық органдары патрийцийлердің қолында болып шығады. Рим
плебсі патша кезіндегідей экономикалық және саяси жағынан
правосыз болып қала береді. Патрицийлік құл иеленуші республиканың жариялануы қоғамдық құрылысты елеулі өзгерістерге жеткізбеді. Рим ерте республикалық кезеңде полис, яғни еркін құл иеленушілерден тұратын азаматтық қауым болып қалды. Құрамына туысқандық тораптармен байланысқан адамдар және құлдар кіретін семьялардың Рим қауымының өміріне зор қоғамдық және шаруашылық маңызы болды.
Рим халқы егіншілікпен, мал шаруашылығымен және қол-өнермен шүғұлданды. Римдіктер астық дақылдарын, жүзімдерді, зәйтүндерді егіп өсірді, бақша шаруашылығымен шұғылданды. Диқаншылар темір еңбек қаруларын қолданды. Олар ірі және ұсақ қара мал, шошқалар өсірді. Патшалық басқару кезінің өзінде-ақ басталған қолөнердің ауыл шаруашылығының бөлінуі б. э. дейінгі V—IV ғасырларда жалғаса түсті. Музыканттардың, алтын істері шеберлерінің, құрылысшылардың, былғарышылардың, етікшілердің, жезшілердің, қышшылардың және қолөнер коллегиялық мекемелерінің құрылуы қолөнер дамуы туралы дәлелдейді. Сауданың дамуы қолөнердің ауыл шаруашылығынан бөлінуінің салдары еді. Форум — Римнің басты алаңы апта сайынғы
базар орнына айналды. Қалада мал және құлдар сататын арнаулы орындар пайда болды. Жыл сайын діни мерекелер күндерінде жәрмеңкелер ұйымдастырылды