1. Қарым-қатынас туралы түсiнiк



бет23/29
Дата06.01.2022
өлшемі0,52 Mb.
#11724
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   29
Байланысты:
Дәріс-психол.-дел.общ.(1)

Монологтық сөйлеу ұзаққа созылады, ортаға қыстырма сөздер қосылмайды, алдын ала көп дайындықты талап етедi. Әдетте бұл кең көлемдi, күнi бұрын ой желiсiне салынып, қорытылған баян (мысалы, баяндама, шығып сөйлеулер, дәрiсбаяндар т.б.). Дайындық барысында мұндай баяндардың кей жерлерi бiрнеше рет iштен қайталанады, жоспары қайта түзiлiстерге түседi, орынды сөздер, сөз тiркестерi мен сөйлемдер iрiктелiп, таңдалады, көп жағдайда ауызша сөйлеудiң жоспары жазбаша түзiледi. Монологтық сөз құрылымы жағынан күрделi болып, ой толықтығымен көрiнедi, баяндалуы бiр iздi, қатаң логикалық талаптарға бағынады. Монологтық сөйлеу диалогтыққа қарағанда қиындау, сондықтан оның толық формасы адамзат тарихында кейiнiрек қалыптасқан. Ал мұндай сөйлеу түрiн оқушыларда қалыптастыру үшiн мұғалiмдер арнайы мiндеттердi жүзеге келтiре отырып, еркiн әрi мәндi сөйлеу тәрбиесiн бүкiл оқу процесiнде үзбестен жүргiзiп барады.
Бұрын атағанымыздай, қалаған ақпаратты екiншi адамға жеткiзу үшiн таңбалар, не таңбалар жүйесiн қолданамыз. Осыған орай тiлдестiк қатынас процесiнде вербалды (таңба ретiнде сөз, баян) және вербалды емес (таңба ретiнде сөзден тыс белгi, ишаралар) байланыстар қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет