Вербалды тiлдесуде таңбалық жүйе ретiнде сөз (сөйлеу) қабылданған. Мұндайда сөйлеу лексикалық және синтаксистiк екi принциптi қамтыған дыбысты тiл, яғни фонетикалық белгiлер жүйесiн түсiнемiз. Сөйлеу тiлдестiк байланыстың ең өнiмдi әмбебап құралы, себебi мұның жәрдемiмен берiлген ақпарат мағыналық толықтығын жоғалтпайды. Сөз бен сөйлеу арқылы ақпарат таңбалық бекiмiн тауып, қажет кезде мағыналық шешiмге келедi (кодирование, декодирование). Әңгiмелесудiң ерекше түрi ретiнде диалогтық сөйлеуде хабарлаушылар рөлi бiр iздi алмасып отырады, осыған орай бiз не жөнiнде әңгiме болып жатқанын түсiнемiз.
Сөйлеу арқылы тек қана ақпарат «жүрiсi» орындалып қалмастан, әңгiмелесушiлер арасындағы бiр бiрiне деген ықпал да жасалады, яғни өзара бағыт бағдар көрсете отырып, олар бiрбiрiнiң iсәрекет қылықтарын үйлестiруге не өзгертуге тырысады.
Әңгiме мағынасын жеткiзу мен қабылдау барысындағы адамдардың сөз саптау сипаты әртүрлi. Хабарлаушы үшiн ақпарат мағынасы сөйлеуден бұрын келедi, себебi ол алдымен мақсат қойып, кейiн оны сөзбен баламалайды. Ал тыңдаушы үшiн қабылданатын ақпараттың мәнi, оны сөзге келтiрумен бiрге ұғылады (Я. Яноушек).
Хабарлаушының айтқан ой мағынасының тыңдаушыға түсiнiктi болғандығы тыңдаушы хабарлаушы ролiне енiп, өз сөзiмен қабылданған ақпараттың түсiнiктi екендiгi жайлы белгi бергенде ғана айқындалады.
Тiлдесудiң мазмұндылығы, оның барысындағы әңгiмелесушiлердiң бiрбiрiне ықпал жасауынан көрiнедi. Ал бұл өзара ықпал жасау процесiн айқын түсiну үшiн тiлдестiк қатынас әрекетiнiң құрылымын ғана бiлiп қою жеткiлiксiз, бұл орайда әңгiмелесуге негiз болған түрткiлер, тiлдесу мақсаттары мен ниеттерiн де талдай тану үлкен маңызға ие. Бұл үшiн тiлдесу барысында сөз бен сөйлеуден тыс қолданылатын белгiлердi ажырата алған жөн. Сөзбаян қаншалықты әмбебап болғанымен, оның толық мәнi тiлдестiк әрекет жүйесiнiң сөзден тыс ишара белгiлермен толықтырылғанда ғана ашылады. Осыдан вербалды емес (сөзден тыс) тiлдесу проблемасы туындайды.
Вербалды емес тiлдесуде ең алдымен көру қозғалыс жүйесiне байланысты өз iшiне ым, ишара, пантонима т.б. қамтыған белгiлер тобы өте маңызды. Әрқилы дене мүшелерiнiң (бет, бас, қол ұшы, иық т.б.) жалпы қозғалысқа келуi адамның көңiлкүй көрiнiсiн берiп, тiлдестiк қатынасқа көркемкөрiктiк нәр бередi. Ал бұл ишара белгiлер әртүрлi мәдениет
иелерiнде, яғни әртүрлi ұлт өкiлдерiнде бiрдей емес. Мысалы, қазақ келiспесе басын шайқайды, ал болгарлар басын изейтiн көрiнедi.
Вербалды тiлдесуге «қосымша» ретiнде паралингвистикалық және
Достарыңызбен бөлісу: |