1. Қарым-қатынас туралы түсiнiк



бет22/29
Дата06.01.2022
өлшемі0,52 Mb.
#11724
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   29
Байланысты:
Дәріс-психол.-дел.общ.(1)

Төртiншiден, адамдар өзара сөйлесу барысында ерекше тiл қатынастары кедергiсiне ұшырауы мүмкiн. Бұл, бiр жағынан, әңгiмелесушiлердiң өзара сұхбат өзегiн түсiне

алмауынан, яғни әртүрлi көзқараста, нанымда, пiкiрде болуынан, екiншi жағынан, кедергiлер сөйлесушiлердiң даралық психологиялық бiтiстерiнен немесе екеу арасындағы тiлдесуге мүмкiндiк бермейтiн адам аралық қатынастардың белең алуынан туындайды. Ақпараттың қайсысы болмасын таңбалар жүйесi арқылы берiледi. Бiздiң қолдануымыздағы бұл таңбалар дыбыс, сөз, сөйлеу. Сөйлеу мен ойлау генетикалық байланыста, қоғамдық еңбек желiсiнде, адамзаттың әлеуметтiктарихи дамуында қалыптасты. Сөйлеу процесi санамен реттеледi де, өз кезегiнде, адамдар арасындағы тiлдесуде қалыптасады. Сананың негiзгi қызметi болмысты өрнектермен бейнелесе, сөз бен тiл сол болмысты арнайы қабылданған таңбалармен белгiлейдi. Болмыс бейнесiнiң белгiсi (таңбасы) ретiнде сөйлеу де тiлмен бiрлiктi байланыста. Сөйлеу тiлдесу әрекетi, тiл негiзiнде мағына бiлдiру, ықпал жасау, ақпарат беру, яғни сөйлеу әрекеттегi сана мен ойдың көрiнiс формасы.


Сонымен, сөйлеу тек адамға тән тiл қатынасының ең жетiлген формасы. Бұл қатынас айтушы және тыңдаушының мiндеттi түрде болуымен жасалады. Айтушы ойды жеткiзуге қажет болған сөздердi iрiктеп, грамматика ережелерiне сай оларды байланыстырады, артикуляция ағзаларын iске қосумен дыбыстайды. Тыңдаушы сөздi қабылдап, онымен өрнектелген ойды түсiнуге әрекет жасайды. Айтушы мен тыңдаушы арасындағы сөз түсiнiстiгiмен белгiлi ойды қабылдау үшiн, сол ойды өрнектеуге бағытталған екi тұлғаға да ортақ сөздердi жүйелестiру құралы мен ережелерi болуы шарт. Мұндай құрал және ережелер тобы сипатында көптеген әулеттердiң өмiр барысында өзара сөйлесуден қалыптасқан белгiлi бiр ұлттық тiл қызмет етедi.
Тiл сөйлесу құралдарының қатаң қалыпқа келтiрiлген жүйесi, ал сөйлеу ой мен сезiмдi жеткiзуге арналған тiлдiң екеуара қатынасты әрекеттiк қолданымы. Тiлдiң өзiнде мағынаой болмайды, ол тек ойды өрнектеуге арналған әртүрлi таңбабелгiлердiң жиынтығынан тұрады. Ал осы қордан сөйлеу үшiн қажеттi белгiлi тiлдiк құралдар (дыбыстар, сөздер, ережеге сай сөз тiркестерi мен сөйлемдер, әуен, ырғақ т.б.) iрiктелiп алынған шақта ғана, ой бiлдiру мүмкiндiгiне ие боламыз.
3. Сөз (сөйлеу) қызметтерi
Сөз негiзiнен екi қызметтi атқарады: коммуникативтiк, сигнификативтiк. Осы қызметтерiне орай сөз тiлдесу құралы және ой мен сананың көрiну формасы ретiнде танылады.
Сөздiң негiзгi сипаты оның мағынасында, семантикалық мазмұнында екенi баршаға белгiлi. Баяндалып жатқан сөздi тыңдағанымызда бiздiң назарымыз оның мәндiк мазмұнына аударылады. Адам тiлiнiң әрбiр дара сөзi қандай да бiр затты өрнектейдi, оны атаумен бiздiң санамызда нақты бiр заттың не құбылыстың бейнесi пайда болады. Осынысымен де адам тiлi жануарлардың қысқа мерзiмдi, қылықтық күйiн бiлдiретiн аффектiк «тiлiнен» ажыратылады. Жануарлар «тiлi» ешқашан да нақты бiр затты белгiлi дыбыстық өрнекпен таңбаламайды, таныта алмайды. Сөздiң бұл қызметi сигнификативтiк қызмет деп аталады. Сөздiң белгiлеу қызметi нақты ұлт өкiлiне түсiнiктi сөздерден құралған тiлдiң қызметi. Осы қызмет нәтижесiнде адам әртүрлi заттардың бейнесiн жанама түрде санада тұрғыза алады, заттардың өзi жоқ болған кезде де олармен iсәрекеттiк қатынасқа түсе алады. Осыдан адам танымы еселенiп байиды, яғни адам өзiндiк сана қорында заттың тiкелей бейнесiн сақтап, таниды, оған қоса сол заттың таңбалық баламасымен де байланысқа келедi.
Сөздiң және бiр, күрделiрек қызметi бар. Ол арқылы заттарды талдап, олардың мәндi қасиеттерiн ажыратып, заттарды белгiлi категорияларға топтастыру мүмкiншiлiгiне ие боламыз. Осыдан сөз дерексiздендiру мен нақтылау құралына айналып, қоршаған дүние заттарына байланысты тереңде жатқан байланыстар мен қатынастарды бейнелеуге қолданылады. Сөздiң бұл екiншi қызметi «сөз мағынасы» терминiмен белгiленедi. Сөздi игеру арқылы нақты заттар араласатын адамзаттың көп ғасырлы тарихында қалыптасқан байланыстар мен қатынастарды танимыз, зерттеп, үйренемiз. Сөйлесудiң және бiр қызметi коммуникативтiк өрнектеу құралдары мен ықпал жасау құралдарының

бiрлiгiнен орындалады. өрнекке, яғни дыбыстардың бiрiгiп, сөз және сөйлем формасына келуiнен әлi сөйлеу шықпайды. Сөйлеу заттық негiзi бар мағына болғанда ғана iске асады. Әрқандай сөздiң (сөйлеу) белгiлi зат жөнiнде баяны болып, екiншi бiреуге бағытталса ғана, өзiнiң коммуникативтiк қызметiне сай болады. Сөйлеудiң мағыналық мазмұнының өзегi өрнектеген заты. Бiрақ, нақты белсендi сөйлесу барысында сөз өзiнiң белгiлегенiнен тыс көп хабарды жеткiзе алады, себебi сөз ағымы сезiмдiк әрекеттермен толығады: ым, ишара т.б.


Адам тiлiндегi көңiлкүй көрiнiсi үлкен маңызға ие. Сөздi тек ақылой көрiнiсi деп тану оның өрiсiн өте тарылтып жiбередi. Сөзде, әсiресе оның ауызша түрiнде көңiлкүй танытатын көптеген сөйлеу бiрлiктерi қосылады: iркiнiс, ырғақ, әуен; жазба түрiнде тыныс белгiлерi, сөз орыны т.б. Сөйлеу барысында бiз тек бiлген ақпаратымызды ғана хабарлаумен тынбастан, әңгiме арқауына болған, әңгiме тыңдаушыға болған өз көңiл толғаныс, қатынастарымызды бiлдiремiз. Сөз неғұрлым өрнектi, әсерлi болған сайын, одан сөйлеушiнiң келбетi, болмысы дәл әрi нақты көрiнедi.
Сөз бiр нәрсе жайында баяндаумен бiргеықпал жасау құралы да болып қызмет етедi. Адам тiлiнiң ықпалдық қызметi өте мәндi құбылыстардан. Ол тiкелей әрекетқылықты өзгертпегенiмен, қалайда тыңдаушының ойсанасына, сезiмiне қандай да өзгерiс ендiредi. Сөйлеу әлеуметтiк мiндеттi орындау, тiл қатынасының құралы бола тұрып, саналы ықпал қызметiн орындайды.
Сөйлеу процесiнiң негiзгi тiрегi түсiну, түсiнiсу. Сөз қоғамнан тыс болуы мүмкiн емес, сөйлеу тiлдесуге арналған және тiлдесуде пайда болатын әлеуметтiк өнiм.
Сөйлеу саналы әрекетке айналуы үшiн әңгiме арқылы шешiлетiн мәселе және оның мақсаты анық болуы қажет. Сонымен бiрге, әңгiме барысындағы мiндеттiң шешiмi сол әңгiме жүрiп жатқан жағдайға да байланысты. Бұл жағдай әңгiме өзегi болған зат пен әңгiме бағышталған тыңдаушы қауымының сипатымен анықталады. Әңгiме мақсаттары мен жағдайларын бiрлiкте қарастыра отырып, адам не айту керек, қалай айту керек екендiгiн барластырады, осыдан өз сөзiн алдына қойған мiндетiн шешуге жарайтын саналы әрекетке айналдырады.
4. Сөйлеу түрлерi
Сонымен, сөйлеу тiл көмегiмен түзiлген адам аралық қатынас құралы. Сөйлеудiң келесi түрлерi болады: сыртқы және iшкi сөйлеу. Сыртқы сөйлеу өз кезегiнде ауызша, жазбаша болып, ал ауызша монологтық және диалогтық болып бөлiнедi.
Сөйлеудiң барша түрлерi өзара ықпалды қатынас түзедi. Сөйлеу түрлерiнiң бәрiне бiрдей сипат олардың сөздiк дыбысталуында. Бiрақ олардың әрбiрiнiң өзiндiк ерекшелiктерi бар. Тiл қатысынсыз және заттасқан тiлдiк процесс болмай, ешқандай ой, ойлау болуы мүмкiн емес. Ауызша да, әсiресе жазба сөздiң дайындығы сөйлеудiң iштей, адамның өзiненөзi, күбiрлеп айтып шығуынан басталады, мұны ғылымда iшкi сөйлеу деп атайды.
Жоғарыда атағанымыздай, сыртқы сөйлеу ауызша және жазбаша болады. Жазбаша сөйлеуде тiлдiк қатынас мәтiн арқылы жанама болады. Жазба сөйлеудiң, ауызшаға қарағанда, мазмұны жинақты келедi. Сөйлеудiң жазба түрi жазба белгiлер негiзiнде орындалады. Қазiргi кездегi көп тiлдердiң дыбыстары әрiптермен өрнектеледi. Жазба сөйлеу естумен қабылданатын тiлдiк дыбыстардың, көрумен танылатын әрiптер мен адамның тiлдiк әрекеттерiнiң күрделi байланысынан құралатын процесс. Осыдан, жазба сөйлеудiң ауызша сөйлеуден кейiн пайда болып, әрi соның негiзiнде қалыптасатынын түсiнемiз.
Бiреудiң дыбыстауынан құлағымызға жеткен сөз ауызша сөйлеу деп аталады. Ауызша сөйлеуде кеңiстiк және уақытқа байланысты бiраз шектеулер болады. Әдетте, әңгiмелесушiлер бiрiн бiрi көрiп тұрады немесе дауыс жететiндей алшақтықта болуы мүмкiн. Осы жағдайларға орай сөйлеудiң сипаты өзгерiске түседi. Мысалы, телефонмен сөйлескенде сөз қысқа, жедел сұрақжауап кейпiнде байқалады. Тыңдаушы сұрақ қойып, оған жауап алуы мүмкiн емес телерадиодағы сөйлеу тiптi басқаша.

Ауызша сөйлеу диалогтық және монологтық түрде болады.Диалогтық сөйлеуәңгiмелесушiлердiң өзара қысқа сөз алысуы, түзiлетiн сөйлемнiң құрылымы толық болмауымен ерекшеленедi. өзара түсiнiстiк мұндайда бұрынғы әңгiме желiсiнен, тақырып барысынан және iсәрекет мазмұнына орай жетiледi. Ауызша сөз, әдетте, әңгiмелесуге қосылған адамның ниет ықыласына, болмаса қоршаған орта ықпалдарына орай жасалған жауап ретiнде жүзеге асады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет