Бақылауға арналған сұрақтар:
Этика дегеніміз не?
Этика бойынша ізгіліктің қандай түрлері бар?
Антикалық этикада неше мұрат анықталған?
Әдеп дегеніміз не?
5.
Тақырып 3. Басшы қызметінің этикасы Негізгі сұрақтары:
Ұйымның этикалық нормалары және басшы этикасы.
Ұжымдағы өзара тұлғалық қатынастардың этикалық нормаларын басқару.
Басшының этикалық мінез-құлық нормалары. «Қиын» басшымен өзара қарым-қатынас этикасы.
1. Ұйымның этикалық нормалары және басшы этикасы.Бүгінгі қоғам талабына сай елімізде туындап жатқан әлеуметтік-экономикалық, мәдени өзгерістер білім мен тәрбие мәселесіне жаңа көзқарас қалыптастыруды қажет етеді. «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясында: «Адамгершілік» – адам бойындағы гуманистік кұндылык, әдеп ұғымы. «Кісілік», «ізгілік», «имандылық» тәрізді ұғымдармен мәндес. Халықтың дүниетанымында мінез-кұлықтың әртүрлі жағымды жақтары осы ұғымнан таралады. Мінез-құлық пен іс-әрекеттерде көзге түсетін төмендегідей адамгершілік белгілерін атауға болады: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау, имандылық пен рахымдылық, ізеттілік пен кішіпейілділік, әділдік, қанағатшылдық» – деген анықтама берілген.Адамгершілік принциптері әлеуметтік-мәдени дамудың жемісі. Адам тумысында жақсылыққа да, жамандыққа да үйір емес. Адамгершілік белгілердің қалыптасуына ерекше әсер ететін факторлар бар.Адамның тәрбиелілігі барлық жағдайда адамның өмір шындығына қарым-қатынасынан байқалады. Адам бойында кездесетін сыйластық, әдептілік, әділдік, шыншылдық, жауапкершілік, түсіністік, тіл табысу, келісім, кешірімділік, кішіпейілділік, татулық сияқты қасиеттер қарым-қатынас жасауға үйренудің негізі болып табылады. Адам баласы шынайы махаббатпен туған елін, өскен жерін, отбасын, Отанын сүйеді, аялап, құрметтейді, оның
жақсаруына, көркейіп-гүлденуіне тікелей әрекет жасайды. Адамның тәрбиелілігі махаббат, достық, абырой, ар-намыс, білім, әдеп, салт-дәстүр, табиғат, яғни қоршаған дүниеге адами қарым-қатынасынан көрінеді.Адамға қатысты өмірлік қандай да бір мәселені алсақ та қарым-қатынас ұғымы бар. Адамгершілік тұрғыдан тәрбиелілік жақсы, жағымды қарым-катынаспен, ал адамгершілікке жат қылық, тәрбиесіздікпен, яғни жағымсыз қарым-қатынаспен астасатыны белгілі. Сондықтан да адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасау кезінде адамдық қасиеттерді құрметтеуі, қарым-қатынастың адамгершілік нормаларын сақтауы және оны қалтқысыз орындауы, ешуақытта ренжітпеуі, дөрекілік көрсетпеуі, ыңғайсыз жағдайға қалдырмауы, жылатпауы адамгершілік белгісін танытады.Тәрбиенің мәнін түсіну – қарым-қатынасты ажырата білуге байланысты. Баланы үйлесімді жеке тұлға ретінде қалыптастыруды мақсат ету – қарым-қатынасты шындық, мейірім, сұлулық тұрғысынан бағалай білуде. Мұның өзі бір-бірімен өзара байланысты, жеке тұлға, әрекет, қарым-қатынас сияқты тәрбиенің бөлінбес үш тірегін теңдей ұстау керектігін көрсетеді. Балалар әрекеттерін байыту қарым-қатынасты байытуға әкеледі. Ал бұл өз кезегінде тұлғаның прогрессивті дамуына жол ашады. Жағымсыз әрекеттер адамгершілікке жат нәрсеге үйрететіні белгілі. Сондықтан да балаларды жағымды қарым-қатынасқа бағыттап, үйрету жөн болады.
Достарыңызбен бөлісу: |