1. Қарым-қатынас туралы түсiнiк


Ұжымдағы өзара тұлғалық қатынастардың этикалық нормаларын басқару



бет8/29
Дата06.01.2022
өлшемі0,52 Mb.
#11724
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29
2.Ұжымдағы өзара тұлғалық қатынастардың этикалық нормаларын басқару.
Ұжым (collectives –лат. «жинақтық») қоғамдық маңызды мақсаттар, ортақ құндылықты бағалау және бірігіп дасайтын қызметтер мен қарым-қатынас негізінде адамдардың әлеуметтік біріккен қоғамы деп қарастырылады.
Ұжымға псхологиялық-педагогикалық құбылыс ретінде ғылыми және әдістемелік әдебиеттерде әртүрлі трактовкалар беріледі: солардың бірінде ұжым кез келген адамдардың ұйымдастырылған тобы, екінші жағдайда ұжым – ол топтардың ең жоғары дамыған сатысы. Ұжым жеке индивидтің де жалпы қоғамның да немесе индивидтің және әлеуметтік қауымның қызығушылықтарын қамтиды. Жеке индивидтердің ұжымға қосылуы оның мақсаттық бірлігіне, қажеттіліктерінің құндылықты бағалаулары, қызметтерінің мотивтері тәртіптеріне негізделеді.Ұжымның негізгі белгілері - қоғамның маңызды мақсаттардың болуы, олардың кезекпен дамуы, оқушылардың жүйелі түрде әртүрлі әлеуметтік істерге араластыру және бірлескен қызметтерді ұйымдастыру. Ұжымның дамуына ең үлкен маңызы бар нәрселер қалыпты дәстүр мен бір-біріне көмек көрсету атмосферасының болуы, сенімділік пен талап, сын және өзін - өзі сынаудың дамуы, саналы дисцеплинаның болуы. Профессионалды білім алу саласында ұжымдық бірлестік үшін маңызды ролді оқушыларға деген нақты талап жүйесі мен олардың жүріс – тұрысын иеленеді. Қоғамға пайдасы тиер азаматты тәрбиелеп шығаруды мақсат етіп қойған педагог бірінші күннен бастап-ақ барлығына ортақ талап қоюуы тиіс. Бұл талаптардың қойылуы уақытына емес, әрбір педагогтың жалпы ұжымның үздіксіз әреккеті болуға тиіс. Егер оқушыларға мақсатқа бағытталған талапты ұжым емес бір ғана педагог ұсынса бұл нәтижесіз болмақ. Оқушылар ұжымына деген жоғарғы талап – бұл тек қана олардың әрқайсысы үшін норма болып қалыптасуға тиісті ережелерді орындау ғана емес, осыған қажет шарттар да болып табылады. Осындай шарттардың бірі – педагогикалық ұжымның өзіндегі жоғарғы талап: педагогикалық жұмыскерлерге - админстрация, әр педагогты – жолдастарына, ал ең басты - өз -өзіне. Тек осылай ғана тәрбие жұмысында біріккен, ортақ, ұжымдық методиканы жасап шығаруға болады. Біріккен талаптардың жүзеге асу маңыздылығы білім орындарының педагогикалық кеңесіне қарайды. Оқу және тәрбиелеу процесіндегі біріккен педагогикалық талаптардың мағынасын түсіндіру, олардың мазмұнын нықтау мен әдістеменің және оның жүзеге асуын қадағалау олардың, яғни кеңестің басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Әрбір педагог оқушылар ұжымына немесе оның бір мүшесіне қойылатын талаптардың нақтыланған, сарапталған болуы керектігін жақсы біледі. Ал оқушылар болса мұндай жағдайда өздерін қалай ұстау керектігін өте жақсы білуі тиіс. Педагог оқушыдан не талап

ету керектігін, ал оқушы өзіне қойылған талаптың қандай екенін түсінгенде ғана ұжымдағы талаптылық бекілген.


Ең мақсаты деп табылатын талаптар қатарына мыналар жатады:

  • жалпы талаптар

  • теориялық оқу сабағындағы оқушылардың өзін - өзі ұстауына қойылатын талаптар.

  • шығармашылық оқудағы оқушыларға қойылатын талаптар.

  • Жатаханадағы жүріс- тұрысына қойылатын талаптар.

Аталмыш талаптарды орындау оқушыларға оның мән-мағынасын, мазмұнын, жүйелік дайындығы мен бақылауын түсінуге көмектеседі. Түсіндіру немесе анықтау талаппен жүргізіліп отыру тиіс, оны алмастырудың қажеттігі жоқ . Талаптың міндеті орындалуын талап ете алатын және сол талаптарды категориялық формада ұсынып білетін оқытушылар мен шеберлер ғана мұндай біріккен, ортақ талаптардың орындалуына қол жеткізе алады. Оқушының бұл талаптарды орындау маңыздылығы мен пеагогтың қатаң талабын түсіну өте қажет. Жүріс – тұрыс ережелерін орындау талабы оқушының бұйрығы түрінде де жүзеге асуы тиіс. Қойылар талаптардың орындалуына оқушылардың еркін араласуы, яғни оқу орнындағы кезекшілік арқылы тәртіп сақтаулары да үлкен орынды иеленеді. Бұзылған тәртіп ережелері өз уақытында көңіл бөлінуі тиіс. Бірақ, бұл дифференциалды түрде, жүріс – тұрыс мотивтарын ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс. Бұл жағдайда индивидуалды әдіс ең маңызды педагогикалық жағдайлардың бірі болмақ . Барлық талаптарды орындау жұмыстары тек оларды жүйелі бақылауға алғанда ғана жүзеге асады. Бақылау әсері оның үнемі жүргізіліп отыруына байланысты әрі оқушылар шығарылған қорытындыларды біліп отыруы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет