Бағдарламасы Шешім қабылдау функциясы



Дата15.04.2023
өлшемі25,61 Kb.
#83096
түріБағдарламасы

Пәні:Педагогикалық менеджмент
Дәріс-11
Дәріс тақырыбы:Жоспарлау жəне шешім қабылдау функциялары
Жоспары:
1.Жоспарлау функциясы
2.Стратегиялық даму бағдарламасы
3.Шешім қабылдау функциясы.


Қазіргі менеджмент жүйесінде басымдықтарды белгілеу арқылы стратегиялық бейнеде өзгерістерді ойластыру маңызды буын. Білім беруді басқару қызметі білім беру ұйымының стратегиясы, миссиясы, көрінісі жəне құндылықтарымен міндетті түрде келісуі тиіс. Білім беру ұйымының басшылығының қабылданатын шешімдері стратегиялық құжаттарымен сəйкес болуы тиіс. Ол білім беру ұйымының бір бағытта дамуы үшін жəне ресурстарының стратегиялық мақсаттарына сай келмейтін мақсаттарға жұмсалмауы жəне қайшы келмеуі үшін қажет. Егер ол орындалмаса білім беру ұйымының дамуы, қызметі тиімсіз болады. Жоспарлау функциясы-алға қойған мақсаттарды тəжірибелік əрекетте жүзеге асыру үрдісі, ол нақты шешімдерді қабылдаудан тұрады жəне олмақсаттарды болжау, таңдау, оларға қол жеткізудің жобасын жасауға негізделетін қызмет түрі. Жоспар құру функциясы басқарудың ұйымдастыру құрылымы шеңберінде міндеткерліктерді бөлу арқылы мақсаттарды қою жəне оған жету жолдарын таңдау. Белгіленген мақсатты жүзеге асыру үшін жоспар құрылады. Жоспар алдағы жəне жақын арадағы жұмысқа нақты бағыт береді жəне оны жүзеге асырудың үздіксіз процесі болып саналады. Жоспарлау ұжымның жұмысына талдау жасау негізінде жүзеге асырылады жəне оны орындау уақыты мен мерзімі, орындау барысы, жауапты адамдар белгіленген жұмыс сызбалары құрылады. Жоспарды жүзеге асыруға барлық ұжым белсенді қатысуы тиіс, бұл функция мектептің өзекті мəселелерін шешуге бағытталған кешендік шаралар жүйесін құрайды. Қазіргі менеджмент талаптарына сай іс –əрекетті жоспарлау – мақсаттар мен міндеттерді қою, табыс критериін анықтау, келісу жəне эволюция əдістерін жоспарлау деген сөз. Табыс критериін анықтауда ескерілетін талаптар: қызмет нəтижелігінің бағалану өлшемдерін, индикаторларын (көрсеткіш) анықтау, даму мақсаттары мен нəтижені айқындау, тəуекелдерді бағалау, талдау, анықтау, тəуекелдердің ықпалын төмендету шараларын белгілеу. Жоспарлау міндеттері: - қоғамдық сұраныс талаптарына сай, атқарылатын қызметтің сапалы болуы; - орындауға жеңіл, ыңғайлы, бастамаларды қолдау, алдын ала болжау; - интеграцияны жүзеге асыру, басқарудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету; - реттеу, бақылауды жүзеге асыру,оқыту мен тəрбиелеуге ықпал ету; - білім беру ұйымын дамытуды жүйелі ұйымдастыру; - педагогикалық ұжым қызметін бөлшектерге бөлу; - нақты іс –шараларды белгілеу, орындаушылар мен орындау мерзімін қою; - педагогикалық ұжым мүшелерін жауапкершілікке тəрбиелеу, бірігіп еңбек ету мен ұжымдық сапаларын қалыптастыру. Жоспарлау кезеңдері: мүмкіндіктерді бағалау; болжау (ұйымның болашақ жағдайын); мақсат, міндеттерді белгілеу;орындайтын іс шаралардың баламаларын (альтернативаларын) анықтау; іс əрекет бағдарламасын құру (жоба); қажетті ресурстарды анықтау;жауаптыларды анықтау, оларды жоспармен таныстыру; негізгі жоспарды құру;жоспарлау нəтижелерін қағаз жүзінде шығару, ұсыну; жоспарды мектеп басшысының бекітуі; жоспардың орындалуына бақылау жасаудан тұрады.Заманауи менеджмент талаптарына сай іске асыру тəсілдерін жоспарлау- іс шаралар кешенін құру жəне эволюция əдістерін жоспарлау – деректер жинау, əдістерді, өзгерістерді бағалау болып табылады. Жоспарлаудың қалыптасуы мектептің жəне мектептегі əрбір жекелеген басқару бөлімдерінің даму барысындағы мақсаттарын нақтылап, негізгі міндеттерді, орындау мерзімін, оған қажетті еңбек, қаржы, материалдық ресурстарды анықтау болып табылады. Жоспарлау қызметі ауқымы бойынша: стратегиялық жоспар, тактикалық жоспар, жедел жоспар, қызмет салалары бойынша: тəрбие жұмысы жоспары, əдістемелік жұмыс жоспары, оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының жоспары т.б. болып бөлінеді. Білім беруді дамыту жоспары- мүдделі тұлғалар, білім алушылар жəне мемлекеттің қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталады. Даму жоспарын əзірлеуге жəне жүзеге асыруға қойылатын талаптар: қызметке ықпал ететін ақпараттарды бағдарламаның барлық мүдделі тұлғаларын тарту арқылы талдау; ішкі жəне сыртқы ортаны талдау, ақпарат жинау; педагогикалық ұжымның жəне білім алушылар жайлы ақпараттарды талдау; қызметкерлердің қанағаттанушылығын талдау; қолжетімді ресурстарды талдау; талдау нəтижелері стратегиялық жоспарлау мақсатында қолданылуы тиіс;даму жоспары мен мақсаттар барлық мүдделі тұлғалар үшін ашық, қолжетімдік қағидаларына сай болуы тиіс; жоспарлау кезінде қызмет түрлеріне қажетті тұлғаларды қамтуы тиіс; даму жоспарын құрастыру үшін негіз болатын тетіктер анықталуы тиіс; барлық қызмет түрлері ҚР заңнамаларына толық сəйкес болуы тиіс;даму жоспарын дайындауда педагогикалық ұжыммен, білім алушылармен, атааналармен сұхбат жүргізіледі, сауалнама алынады; даму жоспары қолда бар ресурстарға (қаржылық, кадрлар құрамы, ақпараттық, материалдық-техникалық база), білім беру саясатына сүйенуі, сəйкестендірілуі тиіс; даму жоспары барлық мүдделі тұлғалардың ашық қатысуымен талқылаудан өтіп, берілген ұсыныстар мен түзетулер негізінде білім беру ұйымының өкілетті алқа органы жобаға өзгертулер енгізуі тиіс; жоспарды бекіту кезінде барлық мүдделі тұлғалар дауыс беруі тиіс;барлық мүдделі тұлғалар даму жоспары мазмұнымен танысып, негізгі ережелерін білуі тиіс;даму жоспарын жүзеге асыру туралы ақпараттар білім беру ұйымының арнайы ақпараттық ресурстарында (стенд, веб сайт т.б.) таратылуы тиіс; даму жоспарын жүзеге асыруда мониторинг тетіктерін анықтау қажет;білім беру ұйымындағы барлық жоспарлау үдерістері (стратегиялық, тактикалық, оперативтік жоспарлау, ресурстарды бөлу) мен шешімдері даму жоспарына сай келуі тиіс; Стратегиялық жоспарлау- оқу орнының басым бағытын нұсқаушы, үлкен, негізгі мақсатқа жетуге бағытталған, ұзақ уақытқа межеленген, жетекшілік əрекеттер бағдарламасы. Стратегиялық менеджмент- мақсатпен келісуді, өнеркəсіптің мүмкіндіктері мен қызметкерлердің қызығушылықтарын қамтамасыз ететін басқару мен ойлау тəсілдерінің бағдарламасы. Стратегиялар арқылы негізгі мақсаттарға жетудің ережелері мен тəсілдері, басқарушылық жəне ұйымдастырушылық əрекеттер жинақталады.Стратегиялық жоспар соңғы жылдардағы мектеп жұмысына терең талдау жасап, білім беру жүйесінің даму беталыстарының негізінде жасалады.Стратегиялық жоспарлаудың негізгі мақсаты: ұйым міндетін, негізгі мақсатын жүзеге асыру. Жоспарлау мерзімі: ұзақ уақытқа арналады, 2-10 жыл. Мəселелер сипаты: сирек қайталанатын мəселелер мен міндеттер шешіледі. Тактика- стратегеияның негізгі мақсатын жүзеге асыру құралы болып табылады. Стратегиялық жоспар үлгісі: жылдар бағыттары 20..-20.. 20..-20.. 20..-20.. 20..-20.. 20..-20.. Мектептің міндеттері Жылдар бойынша білім алушылар контингенті/сыныптар Оқу-тəрбие үрдісін жаңарту болжамдары Педагогикалық жаңашылдықты енгізу Мектептің материалдытехникалық базасы Оқу-əдістемелік қамтамасыз ету Педагогикалық кадрлар қажеттілігі Педагогтардың біліктіліктерін көтеру жұмыстары Педагогтарды əлеуметтік қорғау Білім алушылардың даму перспективалары т.б. Стратегиялық бағдарлама – негізгі бөлімдері миссия, стратегиялық бағыттар, бағдарламалар мен жобалар болып табылатын құжат. 42 Үлгісі Стратегиялық даму бағдарламасы Мазмұны Терминдер жəне анықтамалар- бұл бөлікте жоспарда кездесетін негізгі ұғымдар мен терминдерге түсініктеме беріледі. Кіріспе- бұл бөлімде қазіргі білім беру кеңістігінің жағдайына, өзекті мəселелеріне сипаттама беріледі. Заңнамалық негізі- жоспарды жасауда қандай нормативті құжаттарды басшылыққа алынып жасалғаны көрсетіледі. Миссия, көрінісі, мақсаты мен міндеттері Мақсаттық индикаторлар- бірнеше мақсаттар көрсеткіші. Мақсаттық индикаторларын іске асыру миссиясы – мақсатты жүзеге асыру бағыттары, мүмкіндіктері мен жағдайын сипаттау Қаржыландыру көздері- қандай қаржылық көздер пайдаланылады. Іске асыру мерзімі (жылдар) Жоспар бөлімдері.
1 бөлім. Оқу-тəрбие жəне оқу-əдістемелік жұмыс
2 бөлім. Мектептің материалдық-техникалық базасын жетілдіру жəне инфрақұрылым жүйесін дамыту жұмысы Р/с
Атқарылатын жұмыс мазмұны
Қаржыландыру көзі
Мерзімі
Жауаптылар
Тактикалық жоспарлау – стратегиялық жоспарлаумен тығыз байланысты, стратегияларды нақтылап, түзетулер мен қосымшалар енгізу арқылы стратегиялық мақсаттарға жету тиімділігін нақтылайтын, əр жұмыс түрін жіктеп белгілейтін жоспар түрі. Тактика – өнеркəсіп қызметін дайындау мен жүргізу үрдісінің теориясы мен тəжірибесі. Оған мектептің жылдық жоспары, жарты жылдық жоспар, сабақ кестесі, мектеп ішілік бақылау кестесі жатады. Стратегия мен тактика қатар жүреді, олар ұйымның белгіленген мақсаттарға қол жеткізуіне қажетті құралдарды анықтайды. Тактикалық жоспарлаудың негізгі мақсаты: ұйым қызметін дамыту, жетілдіру. Жоспарлау мерзімі: орта мерзімде. Тактикалық жоспарлау үрдісі екі кезеңнен тұрады: жоспар жасау жəне оны қабылдау. Жоспар жасау мазмұны: білім беру ұйымы қызметі туралы түрлі ақпараттарды жинақтау; алынған мəліметтерді жүйеге келтіру; алынған мəліметтерді талдау; менеджердің жоспарды жасау бойынша жекелеме құрылымдық, қызметкерлерге міндеттерді жүктеуі; жоспарлау шараларын анықтау; қабылданған жоспар міндетті түрде құжаттамалық түрде рəсімделіп, білім беру мекемесі басшылығымен бекітілуі тиіс; Жылдық жоспар тұтас бір жылға жасалады (ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен келесі жылдың 31 тамызына дейін, мамыр айында жасалып, педагогикалық кеңесте бекітіледі), оны дайындау оқу жылының барысында жүзеге асады жəне оның кезеңдері оқу тоқсанына бағытталып құрылады: 1 кезең- мектеп басшысы мен оның орынбасарлары жаңа нормативті құжаттармен, білім беру мен тəрбие үрдісі мəселелеріне қатысты жаңалықтармен, нормативтермен танысады. 2 кезең –ақпарат жинаудың формалары мен көздері анықталады, жоспар құрылымына өзгерістер мен түзетулер енгізіледі (арнайы құрылған шығармашылық топ жасайды). 3 кезең – жинақталған ақпараттар талданады, комиссия мүшелерінің орындалған жұмыстар туралы есебі тыңдалады, кездескен қиыншылықтардың туындау себептері анықталып, оны болашақта жою жолдары қарастырылады. 4 кезең- жоспардың жобасы дайындалады, жоспар бөлімдерін ұжымдық талдау, жаңа оқу жылының бірінші отырысында ол бекітіледі. Жылдық жоспар үлгісі Мазмұны - Мектеп туралы ақпараттық анықтама - Өткен оқу жылына талдау - Жаңа оқу жылындағы мектептің мақсаты мен міндеттері - Педагогикалық ұжымның нəтижеге жетуге бағытталған əрекеттерінің бағыттары р/с жұмыс мазмұны мерзімі жауаптылар Жедел жоспарлау – күнделікті, тез арада орындалатын істерді қамтитын жоспар түрі. Оған аз уақыт ішінде: күнделікті, аптада, ай, тоқсандық көлемінде орындалатын шаралар жатады. Ол білім беру ұйымының стратегиялық жəне тактикалық мақсатына тəуелді. Жедел жоспарлау ең алдымен білім беру ұйымының басқару бөлімдерінде қамтылады: өткізуді жоспарлау, шығын көлемін анықтау, оқушылардың білім сапасы, оқуға түсу көрсеткіштері, қызметкерлердің жұмыс мерзімі, еңбекақысы жəне қаржыны жоспарлау, мұғалімнің сабақ жоспары, сынып жетекшісінің жоспары. Жедел жоспарлау мынадай кезеңдерден тұрады: мəселелерді анықтау; мүмкіндіктерді анықтау; анықталған іс əрекет мүмкіндіктеріне таңдау жасау; туындайтын нəтижелерге талдау жасау; іс əрекеттің соңғы таңдауы. Жедел жоспарлаудың негізгі мақсаты: ұйым қызметінің берік, тұрақты болуы. Жоспарлау мерзімі: қысқа мерзімде. Білім беру ұйымының басшысы ағымдағы сəтті ғана емес, алдағы уақыттағы шешімге ықпал ету мүмкіндіктерін де алдын ала көре білуі тиіс жəне ол стратегиялық, тактикалық жəне жедел жоспарларды жасауды білуі тиіс. Жоспарлау жұмыс тобының құрамына басшылық аппараты, педагогтар, мектеп психологы, əлеуметтік педагог, кітапханашы т.б. енеді. Жоспарлауды жобалау кезеңінде мектептегі істердің жағдайы, қол жеткізген мақсат, міндеттер, шешілмеген мəселелер, мектеп қызметінің бөлімдері, келелі мəселелерді бірыңғай біріктіреді, жауаптыларды белгілейді. Жоспар үлгісі көпшілік талдауына ұсынылады. Көпшілік (педагогтар, білім алушылар, ата-ана) талдау барысында ұсыныс, пікірлер айтылады. Айтылған ұсыныс, пікірлерді ескере отырып, жоспар қайта қаралып, жасалады, бекітуге мектеп басшысына ұсынылады. Жоспарлардың қай түрі болмасын мектеп жұмысын атааналармен қызметін үйлестіруге ықпал етеді. Мектеп жоспарының негізінде педагогтардың жеке əдістемелік жұмыстарының жоспары, сынып жетекшісінің тəрбие жоспары жасалады. Шешім қабылдау функциясы. Шешім қабылдау барлық басқару үрдісінің негізгі бөлігі, себебі басқарушы қызметінің өзегінің өзі де шешім қабылдаудан тұрады. Басқару шешімдері- келелі мəселелерді шешуге бағытталу, оған шығармашылықпен келу, менеджмент жүйесіне сай əдіс, тəсілдерді таңдау жүйесі. Шешім қабылдау- ұйымды басқару бөлігі, ұйымдастырудың жүйелі үрдісі. Шешім қабылдау ұғымы шешімді дайындау жоспарлау яғни альтернативаларды таңдаумен анықталады. Стратегиялық жоспар жасауда «не істеу керек?» деген, ал тактикалық, ағымдағы жоспарлауда «қалай істеу керек?» деген үлгіде шешім қабылдайды. Шешім қабылдау ісінде шешім қабылдау үшін қажетті ақпараттың аздығы, шешім қабылдау тəсілдерінің əлсіздігі, уақыттың қысқалығы, шешім қабылдайтын жақтардың өзара келіспеушіліктерішешімнің сəтсіз қабылдауына ықпал ететін мəселелер. Сол себепті шешім қабылдау ісіне қатысушылардың барлығы жауапкершілік, ортақ мақсатқа бағытталу, жұмыстың уақытында орындалуы, кəсіби құзыреттілік тұрғысынан келуі керек. Г. Я. Гольдштейн басқару саласындағы шешім қабылдау үрдісін бірнеше белгілер бойынша топтастырады:шешім обьектісі бойынша (жағдайға негіз болатын мақсаттар мен құралдарға бағытталатын шешімдер), жоспарлау жүйесіне байланысты (стратегиялық, тактикалық, жедел шешім қабылдау), қайталау жиілігіне қарай (кездейсоқ, қайталанатын, күнделікті, əдеттегі шешім),басшылық бойынша (жеке тұлғалардың, менеджерлердің, орындаушылардың тарапынан шығарылатын шешімдер). Шешім қабылдау үрдісі – басқару субьектілерінің жағдайға баға беріп, ұйымның мəселелерін шешуге бағытталған, ең озық нұсқаларды іріктеп қарап, шешім қабылдау іс əрекеті. Басқарушылық шешім қабылдауға қойылатын талаптар:анық мақсаттар қоя білу, шынайы жəне ғылыми негізделген, шынайы ақпарат пен шынайы жағдайды ескеру, бірнеше баламаларды қарастыру, барлық жағдайды ескеру, шешімнің уақытында қабылдануы, орындау мерзімі мен жауаптылардың болуы, кімдердің ол шешімді, қашан жүзеге асыратыны туралы бағдардың болуы,құқықтық актілерге, нормативті құжаттарға сүйену, орындаушылардың құқықтарын сақтау,тиімді, нақты болу, үздік шешімді табу, қалай, қашан, не істеу керектігіне жауап бере алатындай болу, заманауи, уақытылы болу, қабылданатын шешім белгіленген мақсатқа,күтілетін нəтижеге жеткзуі тиіс.Шешім қабылдау үрдісінің құрылымдық бөліктері: мақсат- тəуекелдікальтернативалар- күтілетін нəтижелер- шешімдерден тұрады. Шешім қабылдау үрдісінің кезеңдері:мəселелік жағдайды анықтау, талдау;мақсат қою; бірнеше баламалы (альтернативті) нұсқалардың тізбегін жасау;соның ішінен қажетті баламаларды таңдау;баламаларға баға беру;баламаларды сынамадан (эксперимент) өткізу; бір шешімді таңдау;қабылданған шешімді орындау мерзімін, орындауға жауаптыларды анықтау;шешімді орындау жұмысын қамтамасыз ету;шешімдердің орындалуы. Тəуекел- жақсы аяқталуға үміттенетін, сəттілікке жасалатын іс-əрекет, ресурстар мен пайданы жоғалтып алу қаупі; белгісіздік жағдайында менеджердің жайы, немесе нəтижесінде болатын сəтсіздікке сандық баға беру. Барлық шешім қабылдау барысы тəуекелмен байланысты, себебі болашақта не болатыны, нəтижеге жете ала ма, жоқ па оның бəрі белгісіз, тек болжамды нұсқадан ғана тұратыны белгілі, осы бағытта тəуекелділіктің орны ерекше.Тəуекелділік- негізгі мəселелерге (қаржылық, əлеуметтік, білім беру жағдайы, ортасы т.б.) байланысты шешім қабылдау үрдісі. Тəуекелді басқару – тəуекел факторларын бейтараптандыру, басқаруда қате шешім қабылдау қаупін азайту, алдын ала болжау шараларын іске асыру үрдісі. Тəуекелді басқару сатылары: мақсатты анықтау, даму болашағын болжау;тəуекелді, табысты айқындау;тəуекелді бағалау, сақтандыру жүйесін құру;тəуекелді басқару əдістерін таңдау арқылы тəуекелді жағдайлардың теріс салдарын жою шараларын дайындау; таңдалған əдісті қолдану, табысты жұмысты қамтамасыз ету; нəтижелерді бағалау. Тəуекелді басқару кезінде басшылыққа алынатын ережелер: тəуекел салдары туралы алдын ала ойлау, шешімнің бірнеше нұсқаларын қарастыру, тəуекелге баруда сенімділік тұрғысынан қарау, тəуекелді шешім қабылдауға ықпал ететін ішкі жəне сыртқы ортаның жағдайына талдау жасап барып, тəуекел ету керек.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Болашақ ұйым басшысы ретінде ұйымның миссиясын анықтаңыз.
2. Үлгіні басшылыққа алып мектеп жоспарының жобасын жасаңыз.
3. Жоспарлауда қандай қағидаларды басшылыққа алар едіңіз? Неге? Ойыңызды тұжырымдаңыз.
4. Төмендегі тұжырымдарды оқып, өзіңізге ұнаған тұжырымға талдау жасаңыз.  П. Друкер: «Нəтижелі ұйым құру үшін билікті жауапкершілікпен алмастыру керек»  У. Джеймс: «Кез келген жобада маңызды фактор жетістікке деген сенім. Сенімсіз жетістік те болмайды»  Билл Гейтс: «Жұмысты бірнеше жеке бөлімдерге бөлу жəне оларды көптеген жеке қызметкерлерге тағайындау арқылы, сіздің алысқа кетуіңіз сондай ешкім ешқашан процесті тұтастай елестете алмайды, сосын дөңгелектер бос айнала бастайды»  Чак Таннер: «Басқарудың үш құпиясы бар. Бірінші құпия-шыдамды меңгеру, екінші- шыдамды болу, үшінші, ең басты құпия- ол шыдамдылық»

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет