1 Қаржы нарығының экономикалық мазмұны


Бағалы қағаздар нарығы жағдайының соңғы 5 жылдағы өзгерісіне талдау



бет6/15
Дата27.03.2022
өлшемі0,98 Mb.
#28957
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
stud.kz-20817

2.2 Бағалы қағаздар нарығы жағдайының соңғы 5 жылдағы өзгерісіне талдау
Отандық бағалы қағаздар нарығының қазіргі таңда қандай жағдайда екенін және қаншалықты дамығанын талдау үшін осы қор нарығының институтционалдық инфрақұрылымының соңғы 5 жылда қалай өзгергеніннен бастаған дұрыс болар. Соңғы 5 жыл бойынша қор нарығындағы брокер-диллерлердің, тіркеуші ұйымдардың, кастодиандардың, зейнетақы активтерін инвестициялық басқарушылардың және т.б. БҚН-ның қатысушыларының саны қалай өзгергендігі туралы төмендегі кестеде мәліметтер берілген.
Кесте 2 – Қор нарығының институционалды инфрақұрылымы




01.01.2006

01.01.2007

01.01.2008

01.01.2009

01.01.2010

01.01.2011

Брокер-дилерлердің барлығы

оның ішінде:



62

69

106

104

83

76

Банктер

25

24

24

24

24

24

оның ішінде І санатты

22

21

23

22

22

22

банктік емес ұйымдар

37

45

63

60

53

47

оның ішінде І санатты

29

36

54

51

44

39

АӨҚО қатысушылары

-

-

19

20

6

5

Тіркеушілер

18

16

17

15

12

10

Кастодиандар

11

9

10

11

11

10

ЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін

Инвестициялық басқарушылар



10

13

11

13

14

15

Инвестициялық портфельді басқарушылар оның ішінде

28

37

61

66

49

39

инвестициялық компаниялар

-

-

4

4

2

2

ӨРҰ (СРО)

2

2

2

2

2

2

Трансфер-агенттер

0

2

3

4

3

3

Бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұймдастырушы

-

1

1

1

1

1

Ескерту: Кесте ҚҚА-нің статистикалық материалдары негізінде автормен құрастырылған
Брокерлер мен дилерлер БҚН-дағы негізгі қатысушылар болғандықтан, қор нарығындағы брокер-дилерлердің соңғы бес жыл ішіндегі өзгерісін график арқылы көрсетуге болады.(Сурет 7)

Көріп отырғанымыздай 2008 жылдың 1 қаңтарына дейін БҚН-ның басты дамытушылары саны өсумен болған, ал одан кейін бүгінгі күнге дейін жалпы брокер-дилерлер саны 2008 жылғы 106-дан 78-ге төмендеген. Бұған бірден бір себеп – бұл әлемдік дағдарыс. Бірақ дағдарыс болды екен деп, экономикалық өсіміміздің бір факторы болып табылатын БҚН-ның қазіргі жағдайына бей-жай қарауға болмайды.



Сурет 7- Қор нарығындағы 2006-11ж.ж. брокер-дилерлер саны

Ескерту: График ҚҚА-нің мәліметтері негізінде автормен құрастырылған
Бағалы қағаздар нарығының айрықша тауары бағалы қағаздардың шығарылым және сатылым жағдайына келетін болсақ, соңғы 5 жыл ішінде мемлекеттік бағалы қағаздардың шығарылу көлемі мен саны жайлы мәліметтер №3 кестеде берілген.

Ал, мемлекеттік емес бағалы қағаздардың шығарылымы мен көлемі келесідей:

Кесте 3 – Қолданыстағы облигациялар мен акциялар шығарылымы

туралы деректер






10.2005

10.2006.

10.2007

10.2008

10.2009

10.2010

Акциялар шығарылымы саны

2550

2304

2325

2233

-

-

Облигациялар




Шығарылымдар саны

146

216

277

335

387

387

Шығарылымдар көлемі, млн. теңгемен

597632

875892

1392278

1901656

4935108

5860836

Ескерту: ҚҚА-нің деректері негізінде автормен құрастырылған

«-» - мәліметтер жоқ



Сурет 8 - Қолданыстағы облигациялар шығарылымдарының саны мен көлемінің өзгеріс динамикасы

8-суреттегі графиктен көріп отырғанымыздай Қор нарығына шығарылған мемлекеттік емес облигациялар көлемі мен саны 2005 жыл мен 2010 жыл аралығында айтарлықтай өскен. Мысалы, шығарылымдар саны 146-дан 387-ге, ал көлемі 597632 млн теңгеден 5860836 млн теңгеге өскен. Мұндай жағдай , әрине бағалы қағаздар нарығының дамуын, сонымен қатар экономиканың дамуына үлесін көбірек қосып жатқанын білдіреді.

2010 жылдың 1 қазанындағы деректер бойынша ҚР-ның корпоротивтік облигацияларының 75,4%-ы кәсіби емес инвесторлар үлесіне тиесілі. Институционалды инвесторлар-облигацияларды ұстаушылардың ҚР-ның аумағында шығарылған облигациялардың жалпы көлеміндегі үлесі 10,24%-ды құрайды, ал қалған үлес сауда ұйымдарына, ЕДБ-ға және өзге де қаржы ұйымдарына тиесілі. Мұндай жағдай отандық қор нарығының басты жетіспеушілігі болып отыр.

Қазақстандағы қор нарығының жай-күйінің негізігі индикаторы болып – KASE қор биржасы ұсынған ұйымдасқан нарығы болып табылады.

Ағымдағы жылдағы бағалы қағаздардың KASE cауда-саттығына жіберілген қазақстандық эмитенттер туралы ақпарат төмендегі кестеде берілген.





|Шығарылымдар

саны


Эмитенттер

саны


"Акциялар" секторы

98

72

"Борыштық бағалы қағаздар" секторы

255

81

"Инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары"

секторы


2

2

"Депозитарлық қолхаттар" секторы

0

0

"Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы

1

1

"Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы

165

3

"Туынды бағалы қағаздар" секторы

0

0

"Баламалы алаң"

0

0

Ескерту: ҚҚА-нің бағалы қағаздар нарығының 2010 ж. 1 қазандағы ағымдағы жағдайынан алынған
KASE айналымын жіберілген бағалы қағаздардың негізгі үлес салмағы борыштық бағалы қағаздарға – 48,9% (255 шығарылым) келеді. Акциялар жəне мемлекеттік бағалы қағаздары секторы бойынша 18,8% (98 шығарылым) жəне тиісінше 31,7% (165 шығарылым) болып келеді. Инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарының үлесі 0,4%-ды (2 шығарылым) құрайды. Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарының үлесіне 0,2% (1 шығарылым) келеді.

KASE жалпы капиталдандыру 10 958 072 млн. теңгені немесе ЖІӨ-ден 56,8% құрады. 2010 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша осындай көрсеткіш 11 081 475 млн. теңгені немесе ЖІӨ-ден 57,4% құрады. Осылайша, қор нарығын капиталдандырудың абсолюттік көріністегі көбеюі де, сондай ЖІӨ-ге қатысты қор нарығын капиталдандыру көрсеткішінің көбеюі де байқалады.



ЖІӨ-ге KASE-нің капиталдандыруын төмендегі 9-суреттен көре аламыз.

Сурет 9 – ЖІӨ-ге KASE-нің капиталдандыруы

Ескерту: ҚҚА бағалы қағаздар нарығының ағымдағы жағдайы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет