1 Қаржы нарығының экономикалық мазмұны


Қазақстанның қаржы нарығының қазіргі жағдайы



бет5/15
Дата27.03.2022
өлшемі0,98 Mb.
#28957
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
stud.kz-20817

2 Қазақстанның қаржы нарығының қазіргі жағдайы
2.1 Банк секторының көрсеткіштерін ағымды талдау
Ақша нарығының жай-күйі. Банктердің кредиттік белсенділігі төмен болған кезде олардың өтімділіктің жоғары деңгейіне негізделген саясаты барынша төменгі деңгейде өтімділікті тарту құнын тұрақтандыруға себеп болды. ҚРҰБ осындай жағдайда, 2009 жылғы қарашадан бастап ҚҚБ-да кері репо операцияларын жүргізуді тоқтатты, ал 2010 жылғы қыркүйектен бастап (БТА Банкті қайта құрылымдау аяқталғаннан кейін) екінші деңгейдегі банктерге өтімділікті беру бойынша операцияларды жүргізуден толықтай бас тартты.

Банктердің көпшілігі жүргізіп отырған өтімділіктің жоғары деңгейін қолдау саясатының нəтижесі 2009 жылы ол бірте-бірте құлдырағаннан кейін əдеттен тыс төмен деңгейдегі өтімділікті тарту бағасын тұрақтандыру болды. Мəселен, 2009 жылғы ақпан - 2010 жылғы наурыз аралығында KazPrime индикаторының мəні 15%-дан 1,8%-ға дейін құлдырады, ал 2010 жылғы мамырдан бастап осы индикатордың мəні 2% деңгейінде белгіленді. Бұл ретте наурызға дейін автоматты репо сегментінде басымдықпен 2009 жылғы қаңтар-ақпандағы деңгейге дейін репо мəмілелерінің жиынтық көлемдерін қалпына келтіру байқалды, бұл ретте мəмілелердің жиынтық саны азайды.


Сурет 1 – Банкаралық ақша нарығының индикаторлары

Ескерту: KASE
Валюта нарығының жай-күйі. 2010 жылғы қаңтар-қыркүйекте ішкі валюта нарығында жандану көрініс тапты, оған қолайлы сыртқы экономикалық конъюнктура, экономиканың бірқалыпты өсуі жəне айтарлықтай күйзелістердің болмауы себепші болды.

Ішкі валюта нарығында 2010 жылдың басынан бері шетел валютасын (негізінен АҚШ доллары) банктердің сатып алу-сату мəмілелерінің жиынтық көлемінің бірте-бірте өсуі байқалды. Мəселен, банктердің АҚШ долларын сатып алу көлемі қаңтардағы 14,6 млрд. АҚШ долл.-дан шілдеде 24,9 млрд. АҚШ долл. дейін өсті, ал сату көлемі – қаңтардағы 16 млрд.АҚШ долл.-нан шілдеде 23,6 млрд. АҚШ долл. дейін өсті. Валюта нарығының жиынтық айналымының өсуі қазақстандық ірі кəсіпорындардың Қазақстан экономикасының біртіндеп жандануы аясында жəне əлемдік шикізат нарықтарындағы қолайлы конъюнктураға қатысты сыртқы экономикалық белсенділігінің айтарлықтай өсуіне негізделді.


Сурет 2 – Банктердің шетел валютасын сату көлемі



Ескерту: ҚРҰБ
Тұтастай алғанда, 2010 жылғы 9 айдың ішінде биржалық валюта нарығының өтімділігіне өзгеріс енгізуге əкеліп соқтыратын күйзелістер байқалған жоқ, бұл жағдайды өтімділік индексі растайды. Биржалық валюта нарығының асимметрия индекстері нарыққа қатысушылардың тарапынан оған алып-сатарлық қысымның бірқалыпты деңгейі жөнінде куəландырады, оның ішінде сатушылардың тарапынан болатын қысым сатып алушылар тарапынан болатын қысыммен алмасады.

Сурет 3 – Америка долларының биржа нарығының

өтімділік индексі (USD_TOD мәмілелері бойынша)

Ескерту: KASE, ҚРҰБ есептері


Депозит нарығы. Банк жүйесінің сыртқы міндеттемелерінің төмендеуі аясында қорландырудың ішкі көздерінің сенімді өсу және оларды сыртқысына ауыстыру байқалды.

Сурет 4 – Қазақстан банктерінің депозиттік базасы

Ескерту: ҚҚА, ҚРҰБ есептері
Депозиттердің оң өсуі, бірінші кезекте, банктерге өзінің сыртқы берешегіне қызмет көрсетуге және өтімділіктің барабар деңгейін қолдануға ықпал етті.

2010 жылы банк жүйесінің депозиттік базаның өсуі 12% болды. Бұл ретте ірі және орта банктердің тобы бойынша депозиттердің өсуі (2-топ) 15% болды, банктердің арасында осы өсу 8%-дан 62%-ға дейінгі диапазонда ауытқыды. Қайта құрылымдалған банктер бойынша депозиттердіңт (1-топ) осы кезеңде 6% болды.

Жеке тұлғалар тарапынан салымдардың ұлғаюы халықтың қаржы жағдайын жақсарту, салымдарды өтеудің ең төменгі сомасын арттыру және мемлекеттік бюджеттен жалақыларды, зейнетақыларды және әлеуметтік төлемдерді кепілдікпен арттыру аясында болды.

2008 жылдың аяғында қабылданған депозиттерге кепілдік беру сомасын 1 млн. теңгеден 2012 жылға дейін 5 млн. теңгеге дейін арттыру бойынша дағдарысқа қарсы шаралар банк қызмет көрсететін клиенттер санының төмендеуі аясында салым сомасының ұлғаюы есебінен тікелей жеке тұлғалар тарапынан банктердің депозиттік базасының өсуін қамтамасыз етті (Сурет 9).

Алайда, абсолюттік мәндердегі банк салымдарының тұрақты өсуіне қарамастан қайта тартылған депозиттердің көлемі біртіндеп қысқаруда. Мәселен, 2010 жылдың басынан бастап бөлшек, сол сияқты корпоративтік төмендеуі байқалады.

Депозиттер бойынша кірістіліктің төмендеуі және ұзақ мерзімді инвестициялау құралы ретінде жылжымайтын мүлік нарығына қызығушылықты жаңарту депозиттердің жинақтау құралы ретіндегі, атап айтқанда жеке тұлғалар үшін тартылымдылықты төмендетеді. Екінші жағынан, нақты сектордың қаражатты, бірінші кезекте, айналым қаражатын толықтыру көзіне кіруін шектейтін банктердің консервативтік клиенттерді өз қызметін қолдау үшін, оның ішінде депозиттерге салымдардың қысқаруы есебінен қосымша қаражат іздеуге мәжбүр етеді.



Сурет 5 – Жеке тұлғалардың салымдары және

банктердің клиенттерінің саны

Ескерту: ҚДКҚ, ҚРҰБ есептері


Депозиттік база құрылымында 2010 жылдың аяғындағы жағдай бойынша барлық клиенттік салымдардың 68% иеленген заңды тұлғалардың салымдары басым үлеске ие болады және оларда ерекше рөлге банктерге олардың тұрақты жұмыс істеуі үшін бөлінген мемлекеттік қаражат және мемлекетпен байланысты құрылымдардың қаражаты ие болып отыр.осы қаражатқа ҰӘҚ еншілес ұйымдарының депозиттері және нақты сектордың басым салларын қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламалар шеңберіндегі қаражат кіреді.

Отандық депозит нарығының 2011 жылдың қаңтар айындағы жағдайын төмендегі кестеден көруге болады:



Кесте 1 – Депозиттік ұйымдардағы депозиттер

 

01.08 

06.08 

12.08 

01.09 

06.09 

12.09 

01.10 

06.10

12.10 

01.11 

Барлық депозиттер

3 918 743

4 425 553

5 409 359

5 256 263

5 967 543

6 573 863

6 621 493

7 253 982

7 397 893

7 513 821

    оның iшiнде:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ұлттық валютада:

2 577 771

2 908 444

3 492 693

3 033 679

3 261 191

3 699 522

3 806 666

4 376 464

4 807 902

4 884 109

банктік емес заңды тұлғалардың

1 693 977

1 980 497

2 627 786

2 337 560

2 563 287

2 865 073

2 944 985

3 316 516

3 567 475

3 640 816

жеке тұлғалардың

883 794

927 947

864 908

696 120

697 903

834 449

861 681

1 059 947

1 240 427

1 243 293

шетел валютасында:

1 340 972

1 517 109

1 916 666

2 222 584

2 706 353

2 874 341

2 814 827

2 877 518

2 589 990

2 629 712

банктік емес заңды тұлғалардың

790 054

992 714

1 308 598

1 437 879

1 797 551

1 815 327

1 785 224

1 949 446

1 635 512

1 664 124

жеке тұлғалардың

550 918

524 395

608 068

784 704

908 802

1 059 014

1 029 603

928 072

954 478

965 588

ЕСКЕРТУ: ҚРҰБ мәліметтері негізінде құрылған

Несие нарығы. 2010 жыл ішінде қайта құрылымдау жағдайындағы банктердің балансынан тыс үмітсіз кредиттерді есептен шығару есебінен болған банктердің кредиттік портфелінің «тартылғаны» байқалды.Мысалы, 2010 жылдың І-ші жартыжылдығының нәтижелері бойынша банк жүйесінің кредиттік портфелінің жиынтық көлемі 5,3% азайды. Сонымен бір мезгілде үшінші тоқсанның нәтижесі бойынша банктердің кредиттік белсенділігінің өсуі салдарынан осы үрдісте біршама өзгеріс байқалды. 2010 жылғы шілде-қыркүйекте жиынтық кредиттік портфель 1,5% өсті (Сурет 6).


Сурет 6 – Несие портфелінің өзгеруі, кезеңде %-бен

Ескерту: ҚҚА, ҚРҰБ есептері
ҚРҰБ кредиттік нарықтың жай-күйіне тоқсан сайын жүргізетін зерттеулердің нәтижесі көрсетіп отырғанындай, банктердің кредиттік саясатты жұмсарту себептерінің бірі сапалы заемшылардың тапшылығы болып табылады. Екіншіден, қазақстандық ірі банктердің бірі – БТА Банкін қайта құрылымдау – қазақстандық банк жүйесінің болашағына айқындық болмау кезеңінің аяқталғанының белгісі болды және осы арқылы банктердің тәуекелге тәбетін ұлғайтуға ынталандырды.

2010 жылы банктерден алынған ақпарат бойынша кредиттік ресурстарға корпоративтік сектор тарапынан да сұраныстың өскені байқалады. Егер ірі және шағын бизнес тарапынан кредиттік ресурсқа сұраныстың төмендегені байқалса, орташа бизнес тарапынан ұлғаю байқалады. Себебі, ірі кәсіпорындар несие алғаннан көрі, өз қаражаттарын пайдалануды артық санайды.

Бөлшек кредиттеу нарығының жандануы негізінен тұтынушылық кредиттеу сегментінде кейбір банктердің белсенділігінің артуы және халықтың тарапынан тұтынушылық заемдарға сұраныстың ұлғаюы есебінен жүргізіледі. Сонымен қатар, банктердің тарапынан несиелеудің осы түрі бойынша, банк секторындағы бизнес көлемінің бірден бір өсу көзі ретінде осы сегментте банктердің арасында бәсекелестіктің болуына байланысты кредиттік саясаттың жұмсарғанын атап айтуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет