1 Қаржы нарығының экономикалық мазмұны



бет1/15
Дата27.03.2022
өлшемі0,98 Mb.
#28957
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
stud.kz-20817


Мазмұны
Кіріспе..................................................................................................................... 3
1 Қаржы нарығының экономикалық мазмұны

1.1 Қаржының мазмұны мен мәні ........................................................................ 5

1.2 Қаржы нарығы құрылымы, түрлері ............................................................... 8

1.3 Қаржы нарығының қалыптасуы…………………………………………… 11


2 Қазақстанның қаржы нарығының қазіргі жағдайы

2.1 Банк жүйесінің дамуын ағымды талдау........................................................ 17

2.2Бағалы қағаздар нарығы жағдайының соңғы 5 жылдағы өзгерісіне талдау................................................................................................................... 22

2.3 Қазақстандық сақтандыру нарығының даму үрдістері................................. 25

2.4 Зейнетақы нарығының бүгінгі таңдағы жағдайы........................................... 28
3 Ұлттық қаржы нарығының жүйелі өзгертудің өзекті мәселелері мен даму болашағы

3.1 Ұлттық қаржы нарығын аймақтық және дүниежүзілік қаржы орталықтарына айналдыру болашағы............................................................................................... 32

3.2 Халықаралық қаржы орталығының қажетті элементтері.............................. 35

3.3 Алматы - халықаралық қаржы орталығы ретінде........................................... 40


Қорытынды ........................................................................................................... 43
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................... 44

Кіріспе
Курстық жұмыста қаржы нарығының құрылымын, түрлерін, сонымен қатар, қаржы нарығының жұмыс істеуінің алғы шарттарына және әлемдік қаржы нарығына кеңінен қарастырылады.

Қаржы нарығы – дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асырып, кәсіп орындардың, фирмалардың, банктердің жинақтаушы зейнетақы қорларының, мемлекеттің және халықтың ауқытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтың қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтың қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, несие, сақтық валюта және басқа нарықтармен (капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, жер алтын және т.б. нарықтармен) етене тығыз байланысты.

Қаржы нарығы - бұл капиталға деген сұраныс пен ұсынысты қалыптастыру шеңберінде делдалдардың көмегімен несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы капиталды қайта бөлу механизімінің жүйесі. Тәжірибеде ол ақша қаражаттары ағымын меншік иелерінен қарыз алушыларға және олардан кері бағыттайтын қаржы-несие институттарының жиынтығын білдіреді. Қаржы нарығының негізгі функциялары мыналар:


  • реттеушілік - оның көмегімен мемлекеттік басқару органдарының және өзін-өзі реттеу ұйымдарының тарапынан нарықты реттеу жүзеге асырылады;

  • ақпараттық - қаржы нарығына қатысушылардың барлығын ақпараттармен толық және теңдей қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

  • бөлу - қаржы нарығы құралдарының айналысы ақша қаражаттарының экономиканың бір саласынан екіншісіңе, нарықтың бір қатысушысынан екіншісіне, бір аймағынан екіншісіне өтуін қамтамасыз етеді және сонымен бірге қаржы ресурстарының бөлінуіне әсер етеді;

  • коммерциялық - қаржы нарығындағы жүзеге асырылатын операциялар мәмілеге қатысушылардың барлығына қандайда бір табыс әкеледі;

  • баға белгілеу - қаржылық құралдардың бағасы нарықта еркін бәсекелестік жағдайындағы сұраныс пен ұсыныстың әсерімен қалыптасады.

Қаржы нарығы – қаржы активтері мен осы активтердің сатып алушысы және сатушысы арасында пайда болатын экономикалық қарым-қатынас аясы.

Актив – шаруашылық субъект пен азаматқа тиесілі мүліктік құқықтар жиынтығы.

Қаржы активі – ол қаржы нарығының тауары. Оларға: ақша, бағалы қағаздар, зейнетақы полистері, медициналық полис, сақтандыру куәлігі, құймадағы аса құнды металдар (зергерлік және тұрмыстағы заттардан басқа).

Курстық жұмысының өзектілігі қазір біздің елімізде қаржы нарығы енді-енді ғана қалыптасып келе жатқандығымен байланысты. Бұл үшін экономикалық, құқықтық және ұйымдастырушылық себептер бар. Қазақстанның қаржы нарығының ары қарай дамуы мақсатында институционалдық құрылымға, шетелдерде танымал болған және кеңінен қолданылатын түрлі қаржылық құралдардың енгізілуіне, қаржы нарығының қызметін талдау әдістемесіне ерекше мән беру қажет. Сондықтан, Қазақстанның қаржы нарығының құрамдас бөліктері ретінде банктік қызметтер нарығы, бағалы қағаздар нарығы, зейнетақы нарығы мен сақтандыру нарықтарының қазіргі таңдағы даму деңгейі және болашақтағы перспективалары курстық жұмыстың зерттеу объектілері болып табылады. Бағалы қағаздар нарығы қаржы нарығының ерекше маңызды құрамдас бөлігі болып саналады. Себебі, қаржы нарығындағы қатынастар тікелей бағалы қағаздармен байланысты және елдегі бағалы қағаздар нарығының даму деңгейі елдің қаржы нарығының даму деңгейін көрсете алады. Сақтандыру нарығы қаржы нарығың маңызды сегменті болып табылады. Сақтандыру - бұл тәуекелді бөлу туралы келісім. Қаржы нарығы әрқашанда тәуекелге бейім болғандықтан, сақтандыру нарығы да қаржы нарығының ажырамас бөлігі ретінде қарастырылады. Жоғарыда аталған себептерді ескере отырып, курстық жұмысты жазуда мынандай міндеттер қойылады: - қаржы нарығының құрамдас бөліктері ретінде банктік қызметтер нарығын, бағалы қағаздар нарығын, сақтандыру нарығы мен зейнетақы нарығының қызмет ету ерекшеліктерін қарастыру; - банктік жүйенің дамуына әсер ететін факторларды айқындау; - валютан нарығының экономикалық көрсеткііштерін талдау; - сақтандыру нарығының дамуына кедергі болатын себептерді анықтау; - зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жетілдіру механизмін зерттеу; - ұлттық қаржы нарығының даму болашағын анықтау. Кустық жумыстың міндеті: - қаржының мазмұны мен мәні ашу; - қаржының нарығының құрылымы мен түрлерін көрсету; - қаржы нарығының қалыптасуына тоқталу; - банк жүйесінің дамуын ағымды талдау; - валюта нарығының экономикалық көрсеткіштерін бағалау; - Қазақстандық сақтандыру нарығының даму үрдістерімен танысу;; - Зейнетақы нарығының бүгінгі таңдағы жағдайын талдау: - Ұлттық қаржы нарығын аймақтық және дүниежүзілік қаржы орталықтарына айналдыру болашағын айқындау; - Халықаралық қаржы орталығының қажетті элементтерін көрсету; - Алматыны халықаралық қаржы орталығы ретінде қарастыру.

Курстық жұмыстың құрылымы үш негізгі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде қаржы нарығының мәні мен мазмұны, құрылымы қарастырылды. Екінші бөлімде Қазақстанның қаржы нарығын ағымды талдауы жасалынды. Үшінші бөлімде Ұлттық қаржы нарығының негізгі мәселелері мен даму болашағы қарастырылды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет