1 Қаржы нарығының экономикалық мазмұны


Қазақстандық сақтандыру нарығының даму үдерістері



бет7/15
Дата27.03.2022
өлшемі0,98 Mb.
#28957
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Байланысты:
stud.kz-20817

2.3 Қазақстандық сақтандыру нарығының даму үдерістері
2011 жылдың 1 ақпандағы жағдай бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тікелей сақтандыру шарттары бойынша қабылдаған сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық көлемі 20 664,1млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың осыған ұқсас кезеңінде жиналған көлемнен 69,0% -ға көп.

Сақтандыру сыйлықақыларының

келіп түсуі



млн. теңге

1.02.2010ж.

1.02.2011ж.

1.02.2010ж. салыстырғандағы өзгерістер,

%-бен


Сомасы

үлесі, %

Сомасы

үлесі, %




Барлығы, оның ішінде мыналар бойынша:

12 228,3

100,0

20 664,1

100,0

69,0

Міндетті сақтандыру

2 889,0

23,6

3 230,3

15,6

11,8

Ерікті жеке сақтандыру

4 070,8

33,3

6 014,9

29,1

47,8

Ерікті мүліктік сақтандыру

5 268,5

43,1

11 419,0

55,3

2,6 есе
Кесте 5 - Сақтандыру сыйлықақыларының келіп түсуі

Ескерту: Кесте ҚҚА мәліметтерінен алынған


Міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі өткен жылдың осындай көрсеткішінен 11,8%-ға артып, ерікті жеке сақтандыру бойынша 47,8%, ерікті мүліктік сақтандыру бойынша ұлғаю 2,6%-ы құрады.

2011 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша сақтандыру сыныптары бойынша келіп түскен сақтандыру сыйлықақыларының құрылымына қатысты мынаны айта кетуге болады:

міндетті сақтандыруда – сақтандыру сыйлықақылары түсімдерінің 63,9% (2 064,2 млн. теңге) көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру бойынша түскен, 29,2% (941,7 млн. теңге) қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде жазатайым жағдайлардан сақтандыру бойынша түскен, 2,6% (83,1 млн. теңге) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жəне басқалар бойынша – 4,3% түскен.

ерікті жеке сақтандыруда – сақтандыру сыйлықақылары түсімдерінің жазатайым жағдайлардан сақтандыру бойынша түскен, ауырған жағдайдан сақтандыру бойынша – 13,1% (787,7 млн. теңге) ауырған жағдайдан сақтандыру бойынша – 59,9% (3 605,4 млн. теңге), өмірді сақтандыру бойынша – 2,7% (160,3 млн. теңге), аннуитеттік сақтандыру бойынша – 24,3% (1 461,5 млн. теңге) болып келеді.

ерікті мүліктік сақтандыруда басқа да қаржылық шығындардан сақтандыру бойынша – 1,9% (215,5 млн. теңге), мүлікті сақтандыру бойынша (автомобиль, əуе, теміржол, су көліктерін жəне жүктерді сақтандыруды қоспағанда) – 86,7% (9 902,7 млн. теңге), азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру бойынша (автомобиль көлігі, əуе көлігі жəне су көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін қоспағанда) – 3,5% (394,6 млн. теңге) жəне басқалар бойынша – 7,9% болды.

Сақтандыру салалары бойынша (life, non-life) жиналған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі былайша көрініс алады:


Кесте 6 – Сақтандыру салалары бойынша сыйлықақыларының келіп түсуі


Сақтандыру салалары

бойынша сақтандыру

сыйлықақыларының келіп түсуі млн. теңге


1.02.2010ж.

1.02.2011ж.

1.02.2010 ж. салыстырғандағы өзгерістер, %-бен

Сомасы

үлесі, %

Сомасы

үлесі, %




Сақтандыру салалары бойынша барлығы

12 228,3

100,0

20 664,1

100,0

69,0

Өмірді сақтандыру

885,4

7,2

3 025,2

14,6

3,4 есе

Жалпы сақтандыру

11 342,9

92,8

17 639,0

85,4

55,5
Еескерту: Кесте ҚҚА мәліметтерінен алынған
"Өмірді сақтандыру" саласы. 2011 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша "өмірді сақтандыру" саласында жиналған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 1 621,8 млн. теңге болды, бұл өткен жылдың осындай күніне қарағанда 99,8 % көп. Жиынтық сыйлықақылардағы "өмірді сақтандыру" саласы бойынша жиналған сақтандыру сыйлықақыларының үлесі есепті күні 2010 жылғы 1 ақпандағы 7,2%-ға қарсы 7,8% болды.

"Жалпы сақтандыру" саласы. "Жалпы сақтандыру" саласы бойынша 2011 жылдың қаңтарда жиналған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 19042,4 млн. теңге болды, бұл 2010 жылғы осындай кезеңге қарағанда 55,5%-ға көп.



Ескерту: ҚҚА-нің есебі


2011 жылғы бір ай ішінде жасалған сақтандыру төлемдерінің жалпы көлемі өткен жылдағы осындай кезеңмен салыстырғанда 53,8 ға өсіп, 2 153,82 млн. теңге болды. Бұл ретте, қайта сақтандыру ұйымдарынан қайта сақтандыру бойынша өтеу есебінен сақтандыру төлемдерінің үлесі 6,0% (129,0 млн. теңге) болып отыр.

2011 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығында 38 сақтандыру ұйымы (оның ішінде: 7 – өмірді сақтандыру бойынша), 14 сақтандыру брокері жəне 70 актуарий өз қызметтерін лицензия негізінде жүзеге асырды. Ол 10-суретте көрсетілген.




Сурет 10 – Институционалдық құрылым.
Бұдан басқа, Қазақстан аймағында ресейлік 3 сақтандыру ұйымдарының өкілдері бар– ОСАО «Ингострах», ОАО «Российское страховое народное общество «Росно» және ОАО «Страховое общество газовой промышленности». Сақтандыру брокерлерінен Аоn Казахстан,

Марш және TOS RISQ Казахстан халықаралық сақтандыру брокерлерінің құрамына кіреді.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында қабылданған коммерциялық сақтандырудың дәстүрлі түрі тұрғындардың барлық талаптары мен мұқтаждықтарын өтей алмайды. Сонымен бірге, Қазақстан халқының көп бөлігі дәстүрлі түрде ислам дінін қабылдаған болса, онда ислам сақтандыруының өнімдері мұсылман халқының тарапынан үлкен сұранысқа ие.

2009 жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасында «Қазақстан Республикасының кейбір ұйымдар мен ислам банкі саласы және ислам қаржыландыру ұйымдары бойынша заңды актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жайында» заң қабылданды. Осының нәтижесінде Қазақстанның қаржы жүйесі аясында толыққанда ислам қаржы жүйесін құру қолға алынды. Ислам банкінің, ислам қаржыландыруының басқа да элементтерінің дамуы ислам сақтандыру жүйесінсіз мүмкін емес.

Такафул немесе исламдық сақтандыру-бұл, қайтарымды көмек принциптеріне және ерікті түрдегі салымға негізделген, тәуекелді ерікті түрде бөлетін жүйе болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет