3 Ұлттық қаржы нарығын жүйелі өзгертудің өзекті мәселелері мен даму болашағы
3.1 Қаржы нарығының негізі ретіндегі қор нарығының инвестициялық мәселелері және оларды шешу жолдары
Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының қызметіне арналған нормативтік құқықтық база құрылған және қор биржасы, орталық дипозитарий және басқа да кәсіпқой қатысушылар ретіндегі қатысушылар айқындалған. Бағалы қағаздар нарығы инфрақұрылымының элементтерінің және нормативтік құқықтық база өңірлік қаржы орталығын одан әрі дамытуда негізгі орын алады. Әлемде Нью-Йорк, Токио, Лондон, Франкфурт, Гонконг және т.б. қалаларының қаржы орталықтарында орналасқан өте ірі NYSE Euronext; Токио қор биржасы; NASDAQ; Лондон қор биржасы; Гонконг қор биржасы; Торонто қор биржасы; Франкфурт қор биржасы (Deutsche Börse); Шанхай қор биржасы; Мадрид қор биржасы (BME Spanish Exchanges); Австралия қор биржасы; SWX Швейцария қор биржасы және т.б. қор биржалары бар.
Орта Азия және ТМД елдерінің арасында Қазақстан ерекше орын алады. Шетелдік инвесторлар осында көп орналасқандықтан Алматы қаласы орталық болып таңдап алынды.Онда Ұлттық банк және 32-33 екінші деңгейдегі банк, 17 жинақтаушы зейнетақы қоры, 24 сақтандыру ұйымы, Қаржылық қадағалау агенттігі мен жақында құрылған Алматы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі бар. Алматы қаласы қор орталығы мен мәдени, рухани орталық, Қазақстандағы өте үлкен қала және екінші астана ретінде мәртебесі бар. Алматы қаласы- бір жарым миллион тұрғын тұратын үлкен мегаполис. Алматы қаласы дамуының макроэкономикалық жағдайын талдау, оң тенденциялардың басым екенін көрсетті, инвестициялық рейтингтің деңгейі айтарлықтай жоғары «ВВ+ жоғары» деңгейінде тұр, бірақ күзде ағылшындық Fitch Ratings агенттігі қазақстандық коммерциялық банктерді соңғы кездегі дағдарыстарға сәйкес бір балға төмендеткен болатын. Қазақстан қор биржасы ТМД елдерінің ішінде тұрақты және инвестициялық климаты жайлы болғандықтан көшбасшы болуға мүмкіндік бар. Қазақстанда «KASE» («Қазақстан қор биржасы» АҚ) 1996 жылы құрылған және қор биржасын дамыту мақсатында мемлекет тарапынан Қазақстан Республикасы Алматы қалалық өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі құрылды. Сөйтіп Алматы өңірлік қаржы орталығында арнайы сауда алаңы (бұдан әрі АӨҚО АСА) құрылды. Биржаның коммерциялық емес мәртебесі жойылып, орнына қызығушы тұлғаларға акциясын сатып алуға мүмкіндіктер берілді.
Қазақстандық қор биржасы Дубай мен Сингапур сияқты биржалармен бәсекелесе алмайды. Алматыда орналасқан АӨҚО арнайы сауда алаңы ТМД және Орта Азия мемлекеттерінің арасында аймақтық көшбасшы. Қазақстан қор биржасы аймақтағы көрші ел Қырғыз қор биржасының жарғылық капиталының 10% үлесін иемденген және бұл көрсеткіш болашақта өсуі мүмкін.Себебі Қырғызстан Республикасында Ыстықкөл туристік орталығы бар және ол су қорларына, энергетикаға бай болғанмен, экономикасы әлсіз мемлекет. Бірақ, Қазақстан Республикасымен экономикалық одақтас ел. Ал, Тәжікстан болса онда қазір экономикалық жағдай төмен. Аймақта, Қазақстан Республикасын қызықтырып отырған мемлекеттер Өзбекстан мен Түркменстан. Оларда халық көп тұрады, экономикасы мықты, пайдалы қазбалары (мұнай, газ, алтын) көп, ауыл шаруашылығы дамушы мемлекет. Бірақ, саяси мәселелерге байланысты бұл мемлекеттердің Қазақстанмен экономикалық байланысы өте төмен.Ешқандай экономикалық одақтастығымыз жоқ. Қазақстанның Кавказ мемлекеттерімен (Әзірбайжан, Армения, Грузия) экономикалық байланысы жақсы. Қазақстан Республикасы Кавказ елдеріне көптеген инвестициялар құйған. АӨҚО үшін ең болашағы зор эмитенттер Қырғызстан мен Әзірбайжан болып табылады. Басымдығы жағынан екінші орындағы топқа Ресей, Украина және Өзбекстан жатқызылса, үшінші топқа Тәжікстан, Қытай, Грузия, Түркменстан және Белоруссия мемлекеттері жатқызылады. Қазақстан рыногына шығуына біраз кедергілер бар. Қырғызстанның бұл тұрғыдағы басты қиындығы - елдегі кредиттік рейтингтің жоқтығы, ал Әзірбайжан компаниялары шетелде эмитент атану үшін мемлекеттік органдардан рұқсат алуы керек. Ресейде , Ресейден тыс жерде құнды қағаз орналастыруды жоспарлап отырған эмитенттерге мемлекеттік органның - Қаржы рыноктары жөніндегі федералдық қызметтің рұқсаты қажет.Сондай-ақ кем дегенде бір ресейлік қор биржасының баға белгіленімі тізіміне қосылған құнды қағаз шығарылымының мемлекеттік тіркеуінде болуы тиіс. Бірақ эмитент орналасқан 30% Ресей аймағында орналасуы тиіс.
Отандық ірі кәсіпорындар өз бағалы қағаздарын шетелдік биржаларда орналастырып келеді. Мысалы: Қазақстан Алюминийі, Қазақмыс, Қазхром, Соколов-Сарыбай, Қазцинк компаниялары және Қазақстанда өте ірі кәсіпорын «ENRC» өз бағалы қағаздарын Лондон қор биржасында орналастырған. Болашақта «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Қазақстан темір жолы» АҚ, «Қазатомпром» АҚ, «КЕГОК» АҚ, «Қазақстан инжиниринг» АҚ, «Қазтеңізтрансфлот» АҚ, «Майқайын алтын» АҚ, «Эйр Астана» АҚ және т.б. компаниялардың өз бағалы қағаздарын АӨҚО арнайы сауда алаңына орналастыруына Үкімет қолғабыс жасап жатыр. Осындай өте үлкен ұлттық деңгейдегі компаниялармен «Самұрық-Қазына» мемлекеттік холдингі өз операцияларын қазақстандық қор биржасында жүргізу туралы көпжақты меморандумдар арқылы келісімдерге келді. Дегенмен, ірі кәсіпорындар өз акцияларын шетелдік рынокта орналастырып сатуды немесе сатып алуды тиімді санайды. Жеке меншік компаниялар пайда табу мақсатында заңнамалық ережелерді бұзбай, кез-келген операцияларды жүргізу арқылы пайда табады. Мысалы: Оңтүстік Корея Республикасында бағалы қағаздар операциясын шетелдік биржаларға шығару қажет болса, онда отандық биржаға да сондай мөлшерде бағалы қағаздарды орналастыруды міндеттейтін заңнамалық ережелер бар. Қазіргі уақытта қор рыногының дамуында тепе-теңдіктің жоқтығы сақталып отыр: инвесторлардың жоғары сұраныстары эмитенттердің ұсыныстарымен қанағаттандырылмай отыр. Соған қоса шетел эмитенттері үшін тартымды болмай отыр. Қазақстан 2006 жылдары ірі отандық компаниялар мен банктердің шет елдерде өз акцияларын жариялы түрде орналастыру динамикасы орын алды. Осылайша, Kazakhmys PLK, «Разведка Добыча» ҚазМұнайГаз» АҚ, «Казахголд»АҚ, «Қазкоммерцбанк» АҚ бастапқы акцияларын орналастыруды жүзеге асырды. Аталған орналастыру шарасы сәтті болып, шет ел капиталының Қазақстан активтеріне қызығушылығын тудырды. АӨҚО Қазақстанның қор рыногына халықаралық стандарттар енгізуде, соған байланысты оның инфрақұрылымын жетілдірумен айналысуда.
Акциялардың орташа күндік сатылымы бойынша Қазақстан қор биржасы ТМД елдері арасында екінші орынды иеленгенімен, ол Мәскеу банкаралық валюта биржасымен салыстырғанда 164 есе кем. Бүгінгі күні Қазақстан -өте дамып келе жатқан жас мемлекет. Қазақстан Республикасы Алматы қаласы қаржы орталығын дамыту үшін әлемдегі өте жас және жылдам дамып келе жатқан қалалардың, олардың ішінде Азия континентіндегі Дубай қаласы (Біріккен Араб Әмірлігі); Сингапур қаласы (Сингапур мемлекеті) және Лабуан қаласының(Малайзия Федерациясы) тәжірибелерін үлгіге алды.
Дағдарысты сылтауратып бағалы қағаздар операциясының тоқтап қалуына жол бермеу керек, Қазақстан Республикасы Қаржылық тұрақтандыру бағдарламасын қабылдап, бес бағытқа қаржы бөлді: қаржы секторын тұрақтандыру; жылжымайтын мүлік рыногындағы кейбір мәселелерді шешу; шағын және орта бизнесті қолдау; агроөнеркәсіптік кешенді дамыту; индустриалдық, инновациялық, инфрақұрылымдық жобаларды дамыту. Осыған байланысты эмитенттерді ынталандыру шаралары жасалды: - 2008 жылы 1 маусымынан бастап, жаңа листинг талаптары өз күшіне енді, олардың ең негізгі жаңалығы еркін айналымдағы (free-float) акциялар санына қойылатын талаптарды қолдану болып табылады, бұл нарықта еркін айнылымда жүрген акциялардың жеткілікті көлемін қамтамасыз етеді және Қазақстан қор рыногы өтімділігінің өсуіне ықпал етеді. - Салық мөлшерлемелерін төмендету мен қор рыногы үшін мамандар дайындау. - Халықтың қаржы рыногындағы инвестициялық белсенділік деңгейін арттыру. Бұл мәселені шешу және халыққа қаржы аспаптарын инвестициялауға қажетті білім беру, жинақтарын қаржы аспаптарына салумен байланысты қауіпті бағалай білуге үйретуді қамтамасыз етуге бағытталған шараларды іске асыру бүгінгі таңда өзекті мәселе болып отыр. - Алматы қаласының инфрақұрылымын арттыру. Көлік инфрақұрылымы, қонақүй кешендері, медициналық сақтандыру, қаланы көркейту, туризмді дамыту, виза режимін жеңілдету және шетелдіктерге ағылшын тілі қолданысын жеңілдету және тағы басқалары. - Қор рыногының өтімділігін арттыру, оны әртараптандыру мен шетел инвесторларымен қатар қор рыногына қызығушылық білдіретін барлық қатысушылар үшін ең тиімді және қолайлы жағдайларды жасауды жандандыру мақсатында Қазақстанда диревативтер, жылжымайтын мүлік қорларының бағалы қағаздары (REIT), ислам банкингі мен секъюритизацияланған активтер сияқты жаңа қаржы аспаптарын шығаруды жалғастырады.
Қол жеткізген жетістіктерге қарамастан қор рыногында объективті сипатқа ие бірқатар мәселелер бар. Біріншіден, қор рыногы инфрақұрылымы дамуының төмен деңгейі. Қазақстан қор рыногының бәсекелестікке қабілетсіздігі, орталық депозитарийдің капитализациясы мен автоматизация деңгейінің төмендігі, клиринг палатасының жоқтығы, телекоммуникация қызметтерінің қымбаттығы, отандық кәсіпорындар мен жергілікті атқарушы органдарға рейтинг бағаларын берудің тиімді жүйесінің жоқтығы. Екіншіден, эмитенттер мен инвесторлардың қор рыногына шығарда кездестіретін кедергілері. Корпоративтік басқарудың төмен деңгейі, компания іс-әрекетінің ашық болмауы (ақпаратты жеткіліксіз көлемде беру), институционалдық инвесторлар үшін инвестициялау бойынша талаптардың жоғарылығы, қауіп-қатерлерді сақтандыру мүмкіндіктерінің әлсіздігі, дербес айналымдағы акциялардың аздығы, инвесторларды қорғаудың нашар болуы. Үшіншіден, ұсынылатын қаржы инструменттерінің спектрінің аздығы. Бүгінгі таңда акциялар мен облигациялар негізгі қаржы аспаптары болып отыр, ал туынды бағалы қағаздар, ислам банкингі, қысқа сатылымдар әлеуеті өз деңгейінде пайдаланылып отырған жоқ. Төртіншіден, жеке инвесторлардың бағалы қағаздар рыногына қатысуының төмендігі.
Халықтың бағалы қағаздар рыногына сенімінің төмен деңгейі, халықтың инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауатының төмендігі жинақтауларды қаржы рыногына инвестициялау артықшылықтарын пайдалануға мүмкіндік бермей отыр. Мемлекеттік қызметкер және оларға теңестірілген түлғалардың ЖИҚ пайларын сатып алуы бойынша заңнамалық шектеулер, Интернет қызметінің қымбаттығы, қор нарығына инвестициялаудың артықшылықтарын түсіндіру әлсіздігі сияқты себептер бағалы қағаздар рыногындағы жеке инвесторлар санының өсуін шектеп отыр. Бесіншіден, заңсыз жолмен алынған табыстарды заңдастыруға (жылыстыруға) қарсы тұру бойынша нормативтік-құқықтық базаның жетілмегендігі.
Достарыңызбен бөлісу: |