1 Қаржы нарығының экономикалық мазмұны


Ұлттық қаржы нарығының болашақтағы перспективалары



бет11/15
Дата27.03.2022
өлшемі0,98 Mb.
#28957
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
stud.kz-20817

3.3 Ұлттық қаржы нарығының болашақтағы перспективалары
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің миссиясы – қаржы нарығының жəне қаржы ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жəне жалпы қаржы жүйесіне деген сенімділікті қолдау, қаржылық қызмет көрсетулерді тұтынушылардың мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету, қаржы нарығында адал бəсекелестікті қолдауға бағытталған қаржы ұйымдарының қызметі үшін бірдей жағдай жасау болып табылады.

Агенттіктің пайымдауы – қаржы институттарының жəне қаржы нарығының тəуекелдердің барынша төменгі деңгейімен жəне 2015 жылға қаржы ұйымдарының капиталдануы деңгейін Еуропа Одағының дамушы жəне дамыған елдерінің деңгейіне дейін жеткізумен тұрақты жəне орнықты дамуы перспективасы.

Жоғарыда атап көрсетілген ҚҚА-нің миссиясы мен болашақты пайымдауы. Менің ойымша, Агенттіктің дәл осылайша алдына мақсат, қойып, болашақты пайымдауынан елдің экономикасының тұрақты дамып келе жатқанын және болашақты нық сеніммен болжай алатынымызды байқауға болады. Бұл, әрине, Агенттіктің дұрыс бағытта қызмет атқарғандығының нәтижесі. Агенттіктің осындай қызметтерінің нақты дәлелі ретінде Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 2010-2014, 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарларын, Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын, Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасын айтуға болады. Бұл тұжырымдамалар негізінде ұлттық қаржы нарығын дамытудың стратегиялық бағыттары көрсетіліп отыр.

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бойынша 5 стратегиялық бағыт бар. Олардың әрқайсысы қаржы нарығының әр секторын қамтиды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет